Тіл мәртебесі - ел мерейі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Тіл мәртебесі -  ел мерейі 02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Түркістан қаласында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI құрылтайы өтті. Алқалы жиынға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Ұйымның өңірдегі филиалының төрағасы Асыл Әбіш бастаған павлодарлық делегация да құрылтайдан ой түйіп қайтты.

 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Vl құрылтайына өңірлерден 60-қа жуық делегат шақырылды. Араға 10 жыл салып тіл жана-шырларының басын қайта қосқан маңызды шарада қоғамның жаңа бағдарламасы мен жарғысы қабылданды. Жиынға қатысушы делегаттардың ашық дауыс беруі арқылы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы сайланды. Ал оның вице-президенттері қызметіне Максим Рожин мен Анар Фазылжанова лайық деп танылды. Құрылтай барысында өңірлерде қоғам филиалдарының жұмысы күшейтіліп, бас кеңсе Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшірілетіні айтылды. Сондай-ақ, жаңа төраға мемлекеттік тілді тұғырына қондыру бағытында жұмыс күшейетінін жеткізді. Осы орайда, ұйымның Павлодар облысы филиалының төрағасы Асыл Әбішті әңгімеге тарттық. Қоғам өкілі өңіріміздегі мемлекеттік тілдің мәселесіне қатысты сұрақтарымызға жауап берді. Оның айтуынша, облысымызда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жолында мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде.

- Қазір қоғамның облыстық филиалында 300-ден астам мүшелері бар. Бұқаралық ұйым негізгі екі бағытта жұмыс істеп жатыр. Оның біріншісі – мемлекеттік тілде халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру. Яғни, әлеуметтік маңызы бар мекемелер мен сауда үйлерінде тұтынушылардың қазақ тілінде еркін сөйлесе алуына мүмкіндік жасау. Бүгінгі таңда үлгі ретінде шаһарымыздағы «Batyr mаll» сауда үйін «қазақыландырудамыз». Екінші бағытымыз – білім саласы. Балабақшадан бастап, ЖОО-на дейін мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, жас ұрпақтың санасына сіңірудеміз, - деді ол. Ел Тәуелсіздігі қарсаңында дүниеге келіп, елімізбен бірге елеулі қызмет етіп келетін бұқаралық ұйымның басты мақсаты - мемле-кеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Осы бағытта қоғамның көтеріп жүрген мәселелерін мемлекеттің өзі қолға алып, әрбір облыста, қалада, аудандарда мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын арнаулы ресми мекемелер ашылып, тілдік, ономастика, терминология мәселелерімен жүйелі түрде айналыса бастады. Осының арқасында тілдік инфрақұрылым қалыптасты. Мемлекеттік бағдарламалар қабыл-данды. Сонымен қатар қоғам «Тіл комитетінің» дүниеге келуіне бастамашы болды. Бүкілқоғамдық, бүкілұлттық қозғалыс қалыптастырды. Жер бетіндегі бар қазақты қамтып, ана тілі мен ата жолын ұстауларына жол сілтеді. Дүниежүзі қазақтарының Құрыл-тайын өткізу идеясын көтергендердің бірі де «Қазақ тілі» қоғамы болатын. Тәуелсіздік алған кезде қазақтың елдегі үлесі 39 пайыз еді. Қазір 73 пайызға жетті. Этнодемографиялық жағдай түбегейлі өзгерді. Бірақ елдегі тілдік саясат, тіл туралы заң әлі де сол күйі қалып қойғаны шындық. Бүгінгі таңда еліміздің әр аймағында мемлекеттік тіл үшін қарусыз майдан жүргізілуде. Облыс орталықтарында арнайы бағдарламалар аясында насихат жұмыстары мен бекітілген жоспарлар жүзеге асуда. Тіл мәселесі тек бізді ғана алаңдатып отырған мәселе емес. Олай болмаса, Францияда тіл қорғайтын арнайы полиция құрылмас еді. Түркия мемлекеті мемлекеттік тілді қолдау мақсатында қарқынды жұмыс жасауда. Еуропа елдерінде де тіл саясатын жүзеге асыратын жүздеген ұйымдар бар. Алайда, «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек Кеңес Одағынан бөлініп шыққан елдердің ішінде тіл жағынан ең артта қалған ел Қазақстан екенін айтты. Сондай-ақ, ол мемлекеттік тілді білмейтін мемлекеттік қызметшілер барда мемлекеттік тілдің өрісі кеңейеді деп айта алмаймын деді. Елімізде мемлекеттік тілді оқытатын орталықтардың саны күн санап артып келеді. Оқимын дейтін адамға арнайы курстар бар. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге де қазақ тілін үйрететін бағдарламалар жеткілікті. Бижомарт Қапалбектің сөзінше, қазір мемлекеттік тілге қажеттілік жоқ. Мәселе осында жатыр. Мемлекеттік тілсіз Қазақстан аумағында өмір сүру, тіршілік ету мүмкін болмаған жағдайда ғана қазақ тілін үйрену басталады. Кез келген ТМД мемлекетінде солай.

 

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

 


Количество показов: 686

Возврат к списку