Тіл мерейі - ел мерейі

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  295

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  452

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  369

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  367

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  337

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  427

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  419

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  398

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  510

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  416

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  354

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  309

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  376

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  383

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  465

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  676

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  589

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  430

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  423

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  642

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  427

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  723

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1084

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1043

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1030

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1033

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1229

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  999

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1019

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  977

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1061

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1034

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  817

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1146

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1272

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  737

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  955

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  530

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  686

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  599

11 медаль!
11:05 24.01.2023  972

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  866

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  922

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1003

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1184

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  943

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  832

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  991

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1032

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  930

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3192

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2904

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2860

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3159

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3184

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3296

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3379

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2814

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2830

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3137

Тіл мерейі -   ел мерейі 11.11.2021

Тіл мерейі - ел мерейі

Алаш ардақтыларының қан-терімен келген тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болуы үшін ең алдымен мемлекеттік тілді лайықты тұғырға қондыру қажет. Азаттықтың ақ таңы атқан күннен бастап елжанды азаматтарды алаңдатқан түйінді мәселе мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру болды. Бодандықтың бұғауынан жаңа ғана босаған еліміздің ертеңі үшін алаңдаған өңіріміздің ұлтжанды азаматтары ана тіліміздің қолданылу аясын кеңейту мақсатында көптеген жұмыстарды қолға алды. Тіл жанашырларының бірі Ульян Мақұл ресми іс қағаздарын қазақша сөйлетуге барын салып, аянбай тер төкті. Сексеннің сеңгеріне шықса да, қоғамдық жұмыстардан бір сәт қол үзбеген қайраткер ақсақалмен әңгімелесудің сәті түсті.

 

- Ульян аға, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, оның қолдану аясын кеңейтуге көп атсалыстыңыз. Іс қағаздарын қазақ тіліне аударуда қандай қиыншылықтар болды?

- Жетпіс жыл бойы барымыздан айырып, тәубемізден жаңылдырған кеңестік дәурен келмеске кетіп, тәуелсіз ел атанғанымызға биыл – 30 жыл. Алғаш Қазақстан Республика-сының Тіл туралы заңы шыққан сәттен бастап мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға өзіндік үлесімді қосуға тырыстым. Әрине, отыз жыл бұрын мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарын қазақ тіліне көшіруде айтарлықтай қиыншылықтар болды. Оның ең бастысы кеңселерде қазақ қаріптері бар жазу машинкалары болмауы еді. Ұстаханаларда қазақ қаріптерін қолдан құйғызып, қолданыстағы жазу машинкаларына орнату арқылы тығырықтан шығуға тырыстық. Оның өзінде, баспа қаріптерінің кіші түрін жасау мүмкін болмағандықтан, сөз ортасында да, сөз соңында да үлкен қаріптермен басуға тура келді. Кейін «Ромашка» деп аталатын қазақ қаріпті жазу машинкасы шыққан соң, мемлекеттік тілде құжат толтырудағы қиын-қыстау кезеңдер бірте-бірте артта қалды.

- Ресми іс қағаздарын толтыруға арналған әдістемелік құралдар шығарғаныңызды білеміз. Осы бастамаңыз қаншалықты нәтижелі болды?

- Мемлекеттік мекемелерде ресми іс қағаздарын жүргізуге арналған әдістемелік құралдар шығарып, тіл үйренудегі көмекші құралдардың әрбір мемлекеттік мекемеге таралуын тікелей қадағаладым. Атап айтқанда, 2003-2004 жылдары «Іс қағаздарын мемле-кеттік тілде жүргізу мәселелері», 2005 жылы «Мемлекеттік тіл – іс қағаздарын жүргізу тілі», 2006 жылы «Ана тілімізде іс қағаздарын сауатты жүргізейік!», 2007 жылы «Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде рәсімдеу» секілді әдістемелік көмекші құралдарым облыс қалалары мен аудандарының ісқағазын жүргізетін мемлекеттік ұйымдар мен оқу орындарына таратылды. Осы әдістемелер басшылыққа алына отырып, өңірімізде ресми іс қағаздар кезең-кезеңімен қазақ тіліне көшірілді.

- Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді дамыту жұмысына көңіліңіз тола ма? Тіл тазалығын сақтап, ана тілін дамыту үшін нақты қандай шаралар қолға алынуы керек?

- Тіл – ұлттық болмысымызды айшықтап, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау құралы. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ деген қайсар халықтың ұрпақтары алдымен ана тілінде сөйлеп, оның қадір-қасиетін бағалауы, ұлттық құндылықтарды санаға сіңіруі керек. Әрбір қазақ азаматы ана тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, оның беделін арттыру мәселесіне қызмет етуі тиіс. Мемлекеттік тілді біліп, ана тілін құрметтеуі қажет және қазақша сөйлеуге міндетті. Ғылым мен техника қарыштаған қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, оны жан-жақты дамытуға мүмкіндік мол. Бойында қазақтың қаны бар азаматтардың ұлттық намысы оянып, «ана тілімді дамытсам» деген адал ниеті болса жеткілікті. Жалпы, ана тіліне деген құрмет отбасынан басталуы керек. Әрбір ата-ана үйдегі баласымен қазақша сөйлессе, балаларын тек қана қазақ бақшаларына беріп, қазақ мектептерінде оқытса, ана тіліміздің көсегесі көгерер еді. Әжелер орысша шүлдірлеген немере-шөберелерінің ығына жығылмай, ұрпақтарына ұлттық тәрбие беруде табандылық танытқаны жөн. Қазақстанда тұрып, несібесін осы елден тауып отырғандықтан, әрбір қазақстандық мемлекеттік тіліміздің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыруға мүдделі болуы керек. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселесіне де баса назар аудару қажет.

- Көп жылғы еңбегіңіз қалай бағаланды?

- Әрбір азамат қызметіне деген жауап-кершілігі мен адалдығының арқасында ғана абырой-беделге ие болары анық. Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне тамшыдай болсын үлесімді қоссам деп қызмет етіп келе жатқан отаншыл азаматтардың бірі ретінде еңбегім еленіп келеді. Көп жылғы еңбегімнің арқасында көптеген марапаттарға ие болып, өңіріме құрмет белгілерін қададым. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатына, «Еңбек ардагері» медаліне, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» және «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілеріне, облыс әкімінің Құрмет грамотасына және т.б. марапаттарға ие болдым.

- Құрметті демалысқа шыққаныңызбен қоғамдағы белсенділігіңіз кемімеген сыңайлы...

- 2005 жылы зейнеттік демалысқа шықтым. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының сол кездегі ректоры Жасұлан Шаймардановтың шақыртуымен еңбек
жолымды одан ары жалғастырдым. 2005-2007 жылдары осы оқу орнының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің, 2007 жылдан бастап іс қағаздарын мемлекеттік тілдер жүргізу бөлімінің басшысы болып еңбек еттім. Өкшелеп ізімді басқан іні-бауырға, соңымнан ерген жастарға барынша жол көрсетіп, ағалық қамқорлық танытуға тырыстым.

- Өзіңіз уығын қадап, негізін қалаған «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық қорының жұмысына тоқталып өтсеңіз...

- Біз, аға буын өкілдері, егемен елдің болашағы – жасампаз жастарды тәрбиелеуге үлес қосуға тиіспіз. Екі жарым жыл бұрын қоғамның әр саласында лауазымды қызмет атқарып, ел құрметіне бөленген азаматтардың басын біріктіріп, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігін құрдық. Бірлестік облыс орталығындағы мектеп оқушылары мен оқу орындарының студент-теріне халқымыздың ұлттық құндылықтарын барынша насихаттап келеді. «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің құрамында кезінде қоғамның әр саласында лауазымды қызметтер атқарып, халықтың құрметіне бөленген отыз шақты ақсақал бар. Бірлестік алдына қойылған мақсатты орындау үшін оның мүшелері жеті топқа бөлінді. Жастарға ел-жер тарихын, тәуелсіздік жолында құрбан болған оғлан-дардың ерлігін баяндап, олардың санасын жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Қала мектептерінде «Қазақ халқының ұлттық құндылықтары», «Жас ұрпақ, сен қазақ болғаныңа мақтана аласың ба?», «Қазақ жүректі жастар қандай болуы керек?», «Халқымыздың салт-дәстүрі – мақтанышымыз», «Есіңде болсын, жас буын, кітап – алтын қазына» және тағы басқа тақырыптарда тәрбие сағаттарын өткізу дәстүрге айналды. Қоғамдық ұйым жастардың тілін дамытуға, поэзияға деген құштарлықтарын арттыруға баса назар аударады. Бірлестік құрамындағы Бақытжамал Тұманқызы жетекшілік ететін «Сағым жылдар» ансамблінің мүшелері өнерлерімен жұртшылықты тәнті етіп қана қоймай, қайырымдылық көрсету, қыз балаларды тәрбиелеу мәселелеріне үлес қосып келеді.

- Қоғамдық бірлестіктің өңірдегі тарихи жер-су атауларын қайтаруда үлесі қандай?

- Бірлестік өңіріміздің ономастика мәсе-лесіне де араласып, үн қосып келеді. Ұйым мүшелері облыс атауын өзгерту, жеке тұлғаларға көше атауын беру жөніндегі ұсыныстарын облыстық және республикалық баспасөзде көтеріп жүр. Айталық, бір әулеттен Ұлы Отан соғысына аттанып, елге оралмаған ағайынды жеті боздақтың есімдерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі мәселе оң шешімін тапты. Қалалық мәслихаттың шешімімен «Ағайынды Дүйсенбиновтер» атына облыс орталығынан бір көше берілді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Егемендік алғанда елдің тұтқасын ұстаған азаматтар, бүгінде зейнетке шықса да, «ел болашағы үшін еңбек сіңіре түссем» деп жастардың тәрбиесіне үлес қосуда. «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлес-тігінің тәуелсіз елдің ұлтжанды ұландарын тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан - Торғын ОРАЗАЛЫ.

 


Количество показов: 870

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  295

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  452

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  369

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  367

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  337

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  427

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  419

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  398

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  510

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  416

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  354

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  309

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  376

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  383

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  465

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  676

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  589

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  430

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  423

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  642

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  427

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  723

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1084

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1043

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1030

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1033

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1229

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  999

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1019

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  977

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1061

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1034

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  817

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1146

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1272

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  737

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  955

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  530

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  686

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  599

11 медаль!
11:05 24.01.2023  972

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  866

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  922

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1003

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1184

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  943

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  832

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  991

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1032

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  930

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3192

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2904

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2860

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3159

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3184

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3296

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3379

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2814

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2830

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3137