Тіл үйрету курстары жұмыс істейді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді 21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту - өте маңызды мәселе. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарының бірі - қазақ тілін үйрену курстарын ұйымдастыру. Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тілдерді дамыту және латын графикасына көшіру бөлімінің басшысы Ержан Төкеновпен тіл үйрену курсының бағыт-бағдары туралы әңгімелескен едік.

 

- Өңірімізде ашылған қазақ тілі курсының тыңдаушылары мемлекеттік тілді қандай дәрежеде біліп шыға алады?

- Облысымызда мемлекеттік тілді меңгеруге қажетті барлық жағдай жасалып отыр. Қазіргі таңда барлық санаттағы азаматтарға арналған тегін қазақ тілі курстарының төртінші кезеңі жүргізілуде. Аталмыш курсқа қатысушылар қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық және лексикалық нормаларын меңгеріп шығады. Оқыту барысында тыңдау-шылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолданудан бастап қарапайым мәтін-дерді аударуды, суретке қарап сөйлемдер құрастыруды үйренеді. Сонымен қатар өзінің тұрғылықты жері, жұмыс орны мен таныс адамдар туралы жай сөйлемдер құрастыруды меңгеріп шығады. Курстың соңында тыңдаушыларға арнайы сертификаттар беріледі.

- Тіл үйрену курстарына қатысушылар қалай іріктеледі?

- Бұл курсқа барлық мекеме-лердің қызметкерлері қатыса алады. Негізінен, халықпен етене жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкер-лерін көбірек қамтуға тырысамыз. «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, халыққа қызмет көрсету орталығы секілді мекемелерге хат жолданып, қазақ тілін үйрену курстары ұйымдастырылатыны туралы алдын ала хабарланады. Оны республика көлемінде танымал білікті маман Шолпан Кинжикова еліміздегі білім беру стандартына сай жасалған өзінің авторлық методикасы негізінде жүргізеді. Курсқа қатысушылар тілді білу деңгейіне қарай бастауыш, жалғастырушы, жоғарғы деңгей топтарына бөлініп оқиды. Сонымен қатар тіл үйрену курсының салалық топтарында ресми стильді меңгеруге және кәсіби лексикалық қорды молайтуға мүмкіндік мол. Атап өтерлігі, жөн, шағын және орта бизнес өкілдері, өзге ұлт өкілдері қазақ тілін меңгеруге ынталы.

- Биыл қазақ тілін үйрену курстарында қанша адам қамтылып отыр?

- Облыстық тіл саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жылдың соңына дейін барлық санаттағы 440 азаматты оқыту жоспарланған болатын. Яғни, әр кезеңде 120 адамнан қамтылып отыр. Еліміздегі COVID-19 індетінің таралуына байланысты тіл курсына қатысушылар қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Тыңдаушылар «ZOOM» қосымшасы арқылы курстарға онлайн түрде қатысып, мемлекеттік тілді меңгеріп жүр. Биыл қазақ тілін үйрену курсына қатысып үлгермегендер келесі жылы ұйымдастырылатын курстарға алдын ала жазыла алады. Тегін қазақ тілі курстарына жазылу үшін Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115-үй мекенжайына келуге немесе
8 (7182) 61-84-88 телефон нөміріне хабарласуға болады.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелескен - Торғын ОРАЗАЛЫ.

 


Количество показов: 509

Возврат к списку