Тозған автобустар қашан жаңарады?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  97

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  92

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  99

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  125

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  91

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  96

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  93

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  104

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  205

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  227

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  252

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  209

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  197

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  221

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  241

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  246

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  303

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  298

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  307

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  329

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  303

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  293

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  322

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  321

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  301

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  340

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  326

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  416

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  402

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  398

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  391

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  414

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  395

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  412

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  495

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  538

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  490

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  543

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  512

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  487

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  535

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  498

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  507

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  579

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  639

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  565

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  586

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  592

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  562

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  572

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  539

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  565

Алтын аға
10:30 04.08.2022  615

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  628

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  638

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  819

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  622

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  651

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  632

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  650

23.06.2022

Тозған автобустар қашан жаңарады?

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында жолаушылар тасымалына қатысты мәселе талқыланды. Облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкировтың айтуынша, пандемияға дейін өңірде 173 бағытта қатынайтын халықаралық, облысаралық, облысішілік және ауданішілік маршруттар болған. Сол арқылы 317 ауылдың тұрғындары діттеген жерге автобуспен жетіп жүрді. Ал бүгінде оның тек 140-ы қалды. Бұл бағытта қатынайтын қоғамдық көліктер 247 ауылды ғана қамтиды. Жолаушылар ағыны да бірден 50 пайызға төмендеді. Айталық, 2019 жылы автобустармен жүретін тұрғындар саны 1 миллионнан асса, былтыр тек 578 мыңнан астам тұрғын қоғамдық көлік қызметін пайдаланды.
- Мәселені шешу үшін жыл басынан бері облыс ішінде 4 және аудан арасында 6 жаңа бағыт ашылды. Жыл соңына дейін тағы 13 бағытты қосу жоспарда бар. Соның нәтижесінде автобуспен қамтылған ауылдар саны 300-ге жетеді, - дейді Қ.Қашкиров.
Жаңа автобус бағыттары қарас-тырылғанымен, бұл саладағы қордаланып қалған мәселелер түбегейлі жойылмайды. Себебі өңірдегі қоғамдық көліктердің жартысына жуығы ескірген. Нақтысын айтсақ, 762 автобустың 383-і 12 жылдан астам уақыттан бері тұрғындарды тасымалдап келеді. Қанат Шаймарданұлының сөзінше, автобус парктері осы айда 16, шілдеде 30 және тамыз-қазан айлары аралығында 54 жаңа көлікпен толығады. Бұл ретте мәселенің тағы бір шеті шығады. Жаңа автобустарды кімдер жүргізеді? Себебі өңірде «D» санаты бар жүргізушілер тапшы.
- Қазіргі кезде тиісті санаты бар жүргізушілердің тапшылығы 15 пайызды құрап отыр. Сондықтан жергілікті әкімдіктерге жұмыспен қамту курстары аясында тұрғындарды «D» категориялы жүргізуші қызметіне тегін оқытуды ұсынамыз, - деді басқарма басшысы.
Осы орайда аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов жолаушылар тасымалын уақыт оздырмай реттеу керек екенін қадап айтты. Себебі бұл – тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін ТОП-3 мәселенің қата-рына кіретін өзекті жайттардың бірі.
- «Жүргізушілер жоқ» деген мәселенің көтерілгеніне біраз болды. «Мамандар жетпейді» деп айта бергеннен жағдай өздігінен шешілмейді. Сөзден іске көшіп, жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындардан білікті кадрларды дайындауды талап ететін кез келді. Әйтпегенде, жаңа автобустарды жүргізетін адам болмай қалады, - деді Ә.Сқақов.
Жаңа автобустар демекші, аудан-қала басшыларының бұл бағыттағы жұмысы сылбыр жүріп жатқанын да сынға алды. Мәселен, Шарбақты, Ақтоғай және Тереңкөл аудандарында ескі автобустар көп. Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы жағдай да мәз емес. Биыл тек Ақсу қаласындағы екі кәсіпорын бұл бағытта қарышты қадам жасап, кезең-кезеңмен жаңарту жұмыстарын қолға алды. Айталық, мамырда алты автобус келсе, осы айдың соңына дейін тағы 5 көлік жеткізіледі. Ал Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев кеншілер шаһарындағы автопарктің нақты қай уақытта жаңаратынын дөп басып айта алмады. Қала әкімінің сөзінше, 20 автобус Қытай мен Қазақстан шекарасында тұр. Олар алдағы бір-екі айдың дересінде ғана шаһарға жетуі мүмкін. Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов та автобустарды сатып алуда қиындықтар барын алға тартты. Соған қарамастан, жақында қоғамдық көлік желісі 10 жаңа автобуспен толықты. Осы аптада тағы 10, айдың соңына дейін 20 автобус жеткізілуі тиіс.
- Облыс орталығында жүргізуші-лермен қатар, автобустар тапшы екені рас. Қазіргі таңда №1 автобус паркінен күн сайын 70 автобус жолға шығуы керек болса, оның тек 40-ы тұрғындарды тасымалдайды. «Автокомбинат» кәсіп-орнында 52 автобустың орнына 32 көлікті шығаруға мүмкіндік бар. Бұл жағдай жаңа қоғамдық көліктердің есебінен шешілуі тиіс. Сол кезде олардың интервалдары қысқарып, тұрғындар қазіргідей автобусты көп күтпейтін болады, - деді Павлодар қаласының әкімі А.Байханов.
Әбілқайыр Бақтыбайұлы жергілікті жердегі басшылардың жұмысына жұртшылықтың көңілі толмайтынын алға тартып, әкімдерге қызметтік көліктерден автобусқа ауысуды ұсынды.
- Осыдан біршама уақыт бұрын Павлодар қаласындағы қоғамдық көліктермен жүріп, жолаушылармен тілдесіп, проблемалардың барын нақты айттым. Бірақ содан өзгерген ештеңені көрген жоқпын. Бұдан басқа аудан-қала әкімдері де сабақ алған жоқ. Сондықтан күнделікті жүретін қызметтік көліктеріңізден түсіп, бір уақыт көмекшілерсіз, қол астындағы қызметкерлерсіз басқа да тұрғындар сияқты автобустармен жүріп көріңіздер. Бәлкім, сол кезде мәселенің қанша-лықты өзекті екенін жақсы түсінерсіздер. Бұл – бір. Екіншіден, әкімдік тарапынан жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар алдында ешқандай қарыз жоқ. Керісінше, қаржылай қолдау артып отыр. Алайда одан сапа жақсарып жатқан жоқ. Жолаушыларға қызмет көрсету деңгейінің артқаны мүлде байқалмайды. Жаңашылдықтардан ешқандай өзгерістер болмаса, тұрғындар көлік карталарын алу үшін неге сағаттап ұзын-сонар кезекте тұрды?! Осы мәселелердің барлығын күзге дейін реттеуді тапсырамын. Әйтпегенде, жағдайдың одан сайын қиындай түсетін түрі бар, - деді Ә.Сқақов.
Сонымен қатар, аймақ басшысы жолаушылар тасымалына қатысты үш жылдық кешенді жоспар дайындап, бекітуді тапсырды.
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Количество показов: 467

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  97

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  92

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  99

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  125

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  91

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  96

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  93

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  104

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  205

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  227

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  252

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  209

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  197

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  221

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  241

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  246

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  303

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  298

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  307

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  329

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  303

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  293

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  322

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  321

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  301

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  340

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  326

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  416

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  402

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  398

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  391

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  414

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  395

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  412

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  495

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  538

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  490

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  543

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  512

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  487

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  535

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  498

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  507

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  579

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  639

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  565

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  586

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  592

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  562

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  572

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  539

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  565

Алтын аға
10:30 04.08.2022  615

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  628

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  638

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  819

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  622

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  651

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  632

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  650