«Тыңдарманның талғамы өзгерді...»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

«Тыңдарманның   талғамы  өзгерді...» 25.12.2021

«Тыңдарманның талғамы өзгерді...»

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлы-ғының иегері, танымал эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева жақында Ертіс-Баян өңіріне ат басын бұрды. Қазіргі таңда музыкамен қатар кино әлемін бағындырып жүрген әртісті алаңдататын мәселе қандай? «Қимай сені барамын» әнімен жұлдызы жарқыраған әншінің «хит» туындысы секілді лирикалық әндердің жарыққа шықпауына не себеп? Шығармашылықта орын алып жатқан өзгерістер қандай? Осы және өзге де сауалдар жөнінде жерлесіміз Меруерт Балғабайқызы облыстық «Saryarqa samaly» газетінің оқырмандарына сұхбат берді.

- Меруерт Балғабайқызы, Ертіс-Баян өңіріне қош келдіңіз! Сұхбат беруге көп келісе бермейді екенсіз. Себебі неде?

- Сұхбат беруге келісе бермейтінім - шындық. Себебі, сұхбат алған адамдар сөзімді бұрмалап, басым дауға қалған сәттер болған еді. Сондықтан, ұсыныстар түскен уақытта біраз ойланып, кейіннен шешім қабылдаймын. Қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы сүйікті тыңдармандармен сөйлесуге, өз ойыңды ашық жеткізуге мүмкіндік бар. Мүмкін, осы себептерден кейін сұхбатқа келісе бермейтін шығармын. Дегенмен, облысымыздың басты басылымы - «Saryarqa samaly» газетінің оқырмандарына сұхбат беруге бірден келістім. Жерлестеріме жалынды сәлем!

- Әрбір әніңіз хит болды. Меруерт десе, «Қимай сені барамын» әні еске түседі. Қазіргі кезде мұндай әндердің шықпауына не кедергі? Композитор жоқ па, сұраныс азайды ма?

- Бүгінде халықтың сұранысы мен талғамы тым өзгерді. Мысалы, Роза Рымбаеваның «Атамекен» әнін алып қарар болсақ, сол уақытта қазақ халқына дәл мұндай форматтағы дүние керек болды. Тәуелсіздік жылдары патриоттық тақырыптағы әндерге белсенділік артты. Ал одан кейінгі кезең-дерде қазақ ән өнері лирикалық бағыттағы әндермен толыға бастады. Бұл халықтың сұранысы арқылы жарыққа шықты. Қазіргі күні халқымыздың сұранысы – той әндері. Қарапайым өлең жолы мен грузин, әзербайжан, түрік, тіпті орыс сазы қосылған әуендер қазақ сахнасында қанатын кеңге жайып жатыр. Біздің сахнамызда жеңіл әрі мағынасыз әндер бірден «хит» болып кеткенімен, ғұмыры ұзаққа бармайтындығы белгілі. Өйткені, ұлттық болмысымызды, ұлттық әнімізді көрсететін кешегі «Дайдидау», «Қара торғай» сынды қазақ әндері нағыз талғамы биік тыңдарманның қоржынында мәңгі сақтаулы. Сондықтан да, бұл мәселе композитор немесе әншінің дұрыс дүние ұсынбағандығында емес, талғамның өзгеруінде деп ойлаймын.

- Бұрын қазақ эстрадасының өнер жұлдыздары ауыл мен ауданды, қалаларды аралап жиі концерт беретін еді. Бүгінде тыңдарман мен әнші арасында байланыс үзілгендей-ақ. Бұған не себеп болып жатыр?

- Иә, расымен Тәуелсіздікке дейін және кейінгі уақыттарда ауыл аралап, аудан орталықтарында өнер көрсетіп, тұрғындармен жүзбе-жүз ұйымдастырылған концерт мүлдем өзгеше еді. Бүгінгі себеп – індет. Бірақ, қазіргі уақытта ауыл, аудан, қала аралап, шығармашылық кешін берген әріптестерімді білемін. Дегенмен 2-3 жылдың көлемінде әлемдік пандемияның салдарынан концерттің өткізілмеуі орынды деп санаймын. Себебі, барлығымыз көзі ашық, көкірегі ояу азаматтармыз. Қаншама жандар дүниеден өтіп жатыр. Әлі де сақтану керек.

- Өнер адамы болсаңыз да, қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге бейжай қарамайсыз. Осы тұста сізді қоғамдағы қандай мәселе толғандырады?

- Ашығын айтар болсам, біздің қоғамның қотыры өте көп. Қазақ жұртшылығын алаңдатып отырған ақ пен қарасы ақтарылмаған мәселе жетерлік. Қазіргі кезде мені алаңдатып жүрген мәселенің бірі – балалар вакцинасы. Денсаулық – зор байлық демекші, мұның болашақтағы әсеріне қатты алаң-даймын.

- Еліміздің жас әрі талантты әншілері әуелі шетел сахнасын мойындатып жүр. Ал Қазақстанда кейін танылып, қолдауға ие болады. Мұның себебі неде?

- Өзімізді жамандаған дұрыс нәрсе емес шығар. Дегенмен, әлі күнге дейін барымызды бағалай алмай келе жатқандығымыз жасырын емес. Бір ғана мысал. Дүниеден өткен Берік Исмайловқа жұмыс бабымен барған уақытта «Димаш деген әнші байқауға қатысқалы жатыр екен. Ақтөбе қаласынан келуге мүмкіндігі жоқ сияқты. «Славянский базар» байқауында еліміздің атынан бақ сынамақ. Киімінің өлшемін хабарласып алдық» деген әңгімесі есімде. Осы байқаудан соң бәріміз «біздің Димаш» деп бөркімізді аспанға аттық. «Бір ғасырда бір туатын әнші» деп әлем мойындаған әншінің жағдайынан хабарсыз болдық. Бұл, оның тұрмыс жағдайы төмен болды дегенім емес. Осындай уақытта керекті қолдауды бере алмағандығымызда болып отыр. Міне, біздің кемшілік. Қазір елімізде небір талантты азаматтар бар. Оларға қолдау ауадай қажет. Басты себеп осы деп ойламын.

- Қазіргі әнші Меруерт Түсіпбаева қандай? Не өзгерді?

- Бүгінде Меруерт - елудің үстіндегі әртіс. Өмірге деген көзқарасы өзгерген. Себебі, қазіргі аты жаман індет адам санасын толықтай өзгертіп, жаңа сатыға көтерді. Қанша ақшаң болса да, атақты болсаң да, халық әртісі болсаң да, сені тақ та, бақ та құтқара алмайтындығына көз жеткізді. Әсіресе, өмір мен уақыттың, бауыр мен жақынның, жақсы мен жаманның қадірін түсіндірді. Жер бетіндегі адамдардың деңгейін теңестірді. Өзімді жұлдыз деп санаған емеспін.

- Шығармашылықта қандай жаңа-лықтарыңыз бар?

- Музыкалық театр актері мамандығын бітірдім. Бұл шығармашылық жолда көптеген мүмкіндікке жол ашты. Кино, театр және сахнада кәсіби деңгейде шыңдалуыма септігін тигізді. Биылғы жылы екі бірдей киноға түстім. Бірі – «Самалмен сырласу» атты фильм Қазақстан ұлттық арнасында жарыққа шығатын болса, енді бірі - «Тұмар» атты телесериалға басты рөлдердің біріне шақырту алған едім. Бұл сериал жақында «Хабар» арнасында жарыққа шықты. Сондай-ақ, Назар Серік есімді жас әншімен бейнеклип түсірдік.

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбаттасқан – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

 


Количество показов: 828

Возврат к списку