Әулиелердің шарапаты

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  319

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  286

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  302

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  355

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  403

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  234

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  263

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  219

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  270

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  263

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  293

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  622

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  478

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  495

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  238

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  239

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  445

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  357

11 медаль!
11:05 24.01.2023  286

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  316

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  306

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  304

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  485

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  360

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  268

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  286

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  297

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  326

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2767

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2665

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2642

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2681

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2599

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2629

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2747

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2604

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2580

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2659

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2616

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  2700

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  2714

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  2683

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  2868

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  2760

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  2833

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  2735

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  2855

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  2977

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  2627

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  2793

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  2850

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  2625

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  2784

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  2661

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  2964

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  2857

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  2856

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  2885

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  2894

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  3110

Әулиелердің шарапаты 27.03.2021

Әулиелердің шарапаты

«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің 2014 жылғы 26 қарашасындағы санында жарық көрген, қаламгер Смағұл Елубайдың «Әулиелер әлемі» деген көлемді еңбегінде әулиелерге жан-жақты анықтама, түсінік берген екен. Сонымен, әулиелер кімдер?

Әулиелер - Алладан қасиет дарыған ерекше жандар; пайғамбардың жолын жалғастырып, жүрген жерлерінде иман нұрын таратушылар; адамзат қауымын жақсылыққа, рухани тазалыққа, мейірім-ділікке, имандылыққа үндеушілер; жүрген жерлерін қатыгездіктен, қаныпезерліктен, ашкөздіктен, қылмыстан тазартушылар; адам баласын ауру-сырқаудан айықтырушылар, яғни, таңғажайып емшілер...
Біздің Ертіс ауданында да осындай ерекше қасиетке ие әулиелер өте көп болған. Бір ғана «Қараөткел» елді мекенінде зер салсақ, жеті әулие жатыр. Бұлар – Қожа Ахмет Яссауидың ұрпақтары.
Адамзат қоғамының соңғы пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.) бақиға аттанарында халқын, сахабалары мен әулие-әмбиелерін шақырып, кешушілік алады, өсиетін айтады, мұсылман қауымының болашағын болжап, айтып кетеді:
«Көзім менің жұмылса да, салған жолым өлмейді, 
Мұсылмандар өсе түсіп, өркен 
жайып, өрлейді.
500 жылдан соң дүниеге 
 Қожа Ахмет келеді, 
Сол Ахмет дін Исламды әрі 
жалғай береді» - дейді.
Қожа Ахмет ежелгі Иасы (қазіргі Түркістан) шаһарында дүние есігін ашып, мұсылман дінінің алтын діңгегіне айналды. Халқы әулиені туған қаласының атауымен Қожа Ахмет Яссауи деп атап кетті. Қазақ халқының тарихында, Арқада Абылайды ақ кигізде отырғызып, Үш жүзге хан сайлағанда, ұлы дүбірлі тойдың барлық шығынын Ерейментау өлкесін мекендеген Қанжығалы руынан шыққан Абыз бен Шомақ деген ер азаматтар көтерген екен. Хан сайлауы салтанатының соңында Абыз бен Шомаққа риза болған Абылай хан Бұқар жырауға: «Қос Жомартқа бата беріңіз», - деп өтініпті. Содан кейін Хан екеуіне бұрылып: «Не тілектерің бар, айтыңдар!» - дейді. Сонда, 15 мың жылқы айдаған Абыз бен Шомақ мал тебінгісіне жерінің тарлығын айта келе: «Мал жайылымына Ертіс өңірінен жер берсеңіз» - деп тілек білдіреді. Міне, сөйтіп, Қанжығалы руы жаз жайлауы Ерейменге дейін, қыс-қыстағы малға жайлы, сулы-нулы жер – Ертіс өзенінің бойына қоныстанып, Қызылағаш болысын мекендеген. Атақты Абыз бен Шомақтан 4 сопы, 16 қажы шыққан екен. XVIII ғасырдың бас кезінде Түркістан маңында бір әулиеге ас беру рәсімі өткізіл-мекші болып, қазақтың Үш жүзіне хабар жібереді, сауын жинайды, балуан күресін, ат бәйгесін өткізбекші болады. Осы асқа Арқаның Ертіс өңірінен Қанжығалы руынан Шомақтың баласы Боқты (шын аты - Бақты) да қатысады. Боқты бабамыз бай, көсем, сөз зергері шешен, жамбасы жерге тимеген атақты балуан болған, жүйрік ат ұстаған, 104 жасқа келген. Осы аста бабамыздың бағы жанып, күресте бас жүлдеге ие болады. Ал, аламан бәйгеде Қарала аты бірінші келіп, бас бәйгені алады. Бас бәйгеге төрт түліктен тоғыз-тоғыздан сыйлық беріліп, біздің елге жеткізу үшін ат басына 12-13 жасар бір жетім баланы отырғызады. Боқты бабамыз аман-есен елге оралғаннан кейін жетім балаға Азан шақырып «Сұңқар» деп ат қояды. Сосын Толғанай бәйбішесін шақырып алып: «Мына баланы тәрбиелеп күт, түбінде осы Сұңқарымнан бір Тұлпар туады» - деп, көрегендікпен айтқан екен. Ақыры, бұл ақиқатқа айналды. Шын мәнінде Сұңқар қажы әулиенің немересі – Бейсембай қажы, шөбересі-Сәлмен қажылар Сарыарқаға атағы шыққан әулиелер болды. Ал, неменесі-Зейнолла (Зейніш) молла Алладан ерекше қасиет дарыған көріпкел, Халық емшісі болып, басқалар дауасын таба алмаған сырқаттарды емдеп, құлан-таза айықтырып отырған. «Сұңқар бабамыз нағыз Қожа тұқымынан, дәлірек айтсақ – Қожа Ахмет Яссауидың ұрпағы. Қайткенде де бүгінгі, әсіресе, келер ұрпақтарымыздың бұл ақиқатты білгені дұрыс» - деп, Ұлы Отан соғысының ардагері Молдақасов Сатқан қария айтқан еді. 
Бейсембай әулие бабамыз қажылыққа бірнеше рет барған. Екінші рет барғанда көктен жұмақтың тамағы – өрік, мейіз, құрмалар табақпен түскен екен. Сонда бабамыз қасында отырған серігі Бікіш қажыға: «Ешкімге айтпай-ақ қояйық, басқалар түсінбейді, қорқады», - деген екен. Одан бертін, соғыс кезі болса керек. Елде ашаршылық. Сәлмен қажы бабамыз өзінің атқосшысы, көмекшісі болған бала Төлеубайға: «Әйнектің алдында бір балық жатыр, алып келіңдерші» - дейді. Расында да, биік шөптесін жерде үлкен ақ балық жатыр екен. Бірнеше кісі әзер көтеріп, үйге алып келіп, асып жеп, ауыл-аймақ бір кенеліп қалса керек. Міне, әулиелердің осындай кереметтерін тізе берсек, таусылмайтын дастан  дерсің. Әрине, қазіргі жастар бұған сене қоймас, оларға аңыз-ертегі сияқты әсер етуі мүмкін. Бабаларымыз қажылыққа барған кезеңде Қағба дұғалар жазылған қара жібек матамен жабулы тұрған. Қажылық сапардың соңында әр рудан барған әулие адамдарға сол дұғалы жабудан бөліп берген екен. Бейсенбай қажы әкелген сол жабу осы күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, Мұрат қажының ордасында ораулы тұр. Ниетханаға келген кейбір сырқат адамдарды осы Қағбаның жабуымен ұшықтап, емдейді. Алладан ерекше қасиет дарыған әулие Бейсенбай қажы, Сәлмен қажы бабаларымыз шын мәнінде халық арасында Ислам дінін дәріптеуші, насихаттаушылар болды. Елді бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақырды. Ислам діні ең дұрыс дін екеніне көз жеткізді.
Ол кезеңде сағат деген жоқ, халық күннің көзімен бағдарлайтын. Намаз уақыты болған кезде Сәлмен қажы ата үйінің төбесіне шығып, азан шақырып, халықты намазға ұйытқан. Рамазан айы туғанда Ораза ұстауға шақырған. Сол кезеңдегі қауіп-қатерлі қуғын-сүргінге қарамастан, халық арасында имани тәрбие басым болды. Яғни, әулиелердің өмірі, тұрмыс-тіршілігі халқына үлгі-өнеге болды. Әулиелер тоқшылықта тасымаған, жоқшылықта жасымаған. 1920 жылдан бастап жаппай қудалауға ұшыраған қасиетті, діндар, әулие адамдардың арасында Сәлмен қажы атамыз да бар екен. Қариялар қашып, «Қараөткелдің» тоғайын паналаса керек. «Шаш ал десе бас алатын» елдің шолақ белсенділері (өз ұлтымыздан) күні-түні іздеп, тоғайды сүзіп шығады екен. Таба алмай, ашу-ызаларына мініп: «Қайда тығып қойдыңдар?!» - деп, ел ішіне әңгір-таяқ ойнатады. Бір түні жасырын үйіне келген Сәлмен қажы атаны ұстамақшы болады. Осыны сезген қажы ата Дүрия келініне: «Қорықпаңдар, қазір мені алып кетеді» - дейді. Көп кешікпей, үйге сау етіп, бір топ адам кіріп келеді де, қажы атаны байлап-матап алып кетеді. Кейін Сәлмен қажы айтқан екен: «Түрмеде халық өте көп екен. Жер сыз, іші лас, иісі жаман. Бәрі мен сияқты қария-ақсақалдар, ауырып, ыңқылдап әзер отырғандары да бар. Бәріміздің де ешқандай кінәміз жоқ, не үшін қамауға алғандарын да айтпайды, тек, зекіп, ұрсып сөйлейді, жазықсыз ұрып-соғып кетеді. Бізге зәбір көрсеткендер - өзіміздің қазақтар».
Көп тұтқынның үстіне әкеп Сәлмен қажымен бірге бірнеше адамды қамаған күзетші темір есікті құлыптап, енді қайта келсе, түрменің есігі ашық тұрғанын көреді. «Есікті кім ашты?» - деп, қарияларды ұрып-соғады. «Есік өзінен-өзі ашылды» десе, сенбейді. Сөйтіп, тағы жауып кетеді; есік тағы да ашылып қалады. Содан, күзетшілер есікті құлыптайды да, өздері анадай жерге барып, аңдып, байқап отырса, есіктің құлпы өз-өзінен сарт етіп ашылады да, жерге ұшып түседі. Бұл кереметті өз көздерімен көрген күзетшілер: «Бұлардың ішінде бір қасиетті адам болуы мүмкін, соны біліп алу керек» - деп, тұтқындарды бір-бірлеп, шығара бастайды. Сонда, Сәлмен қажы атаны алып кеткенде ғана құлыптың жабық болатынын анықтайды. Содан кейін қолынан «Ешқайда кетпеймін» деген қолхат алып, қажы атаны үйіне босатады. Сәлмен қажының діндарлығы, көріпкел-дігімен бірге емшілігі де өз алдына. Әсіресе, мал болсын, жан болсын, көзіне ақ түссе, атамыз дұға оқып, алақанын көзіне басқан кезде ағы жиырылып, уысына түседі екен. Халық арасында бұрын да қан қысымының көтерілуі болған екен. Қажы атамыз шипасын іздеп келген кісінің шекесін орамалмен бұрап қысқан кезде самайдың тамырлары білеуленіп, сыртқа тебеді екен. Осы кезде кішкене ғана өткір бәкісінің ұшымен шекіп қалады. Сонда, көпке дейін қою, қарақошқыл қан ағады. Қызыл қан көрінген кезде бұраған орамалды босатып жіберіп, қан аққан жерге жапырақты немесе қағазды түкіріктеп, жапсыра салады екен.
Бейсенбай қажы мен Сәлмен қажы әулиелердің ең бір кереметі - жын мен шайтанды бағындырғаны. Бейсембай қажыны суреттегендер түсінен жын сескенетін қара кісі еді дейтін.
Кеңес дәуірінде қазақ халқында, әсіресе, әйел адамдар арасында «жын» ауруы басым болған. Бес-алты ер адамға бой бермей, көтерілген әйел адамды қол-аяғын байлап-матап әзер жеткізгенде, әулиенің алдына келгенде жуасып, есін жиып, құлан-таза айығып кетеді екен. Сәлмен қажы ата қарттығы жетіп, соғыстан кейін, 1947 жылы дүние салған. Дүниеден өтер шағында жалғыз ұлы Зейнішті шақырып алып: «Келші, балам, қасиетім дарысын!» - деп батасын беріпті. Ата-бабасынан ерекше қасиет дарыған көріпкел, Халық емшісі Зейніш ата Дүрияға үйленгеннен кейін ескертіп, алдағы өміріне анықтама берген екен: «Дүниеге түсі сары сәбилер келеді, бірақ, бәрі шетіней берер, сен жылама, қайырын күт. Ең соңында бір қара бала келеді, Бейсенбай бабасына тартқан. Ол сені асырайды. Сол жалғыздан ұл-қыз тарайды, қызығын сен көресің. Ең алдымен, төбесі жалпақ, сықси көз сары ер бала дүниеге келеді, атын Хамзада - деп қой, менің қасиетім соған қонады, діннің оқуына бер», - дейді. Сонда Дүрия апа: «Мен дін оқуын қайдан табам?!» - дейді. Сонда Зейніш ата: «Ол кезде мұсылман діні көтеріледі, оны сен көресің» деген екен. Одан кейін қыз бала келер, соңынан бір сасқалақ сары ер бала келер, ол да менің қасиетімнен құр қалмас» - деп, жарық дүниеге келетін немерелерін сипаттап айтып, ең соңғы ер баланы Мешітке ие болатын бала деп, жарты ғасыр бұрын көрегендікпен айтып кеткен екен. «Расында да, аталарының айтқаны дәл келді. Менің сары үкідей он перзентім жерде жатыр. Алла берген Мұратжаным - сол он бірінші қара бала» деген еді Дүрия апа. Бұрынғы заманда халық медицина дегенді білмеді. Әулие ата-бабасынан ерекше қасиет дарыған Зейніш атамыз ғұмыр бойы халық үшін еңбек еткен емші болды. Ол дұғамен үшкіріп дем салатын, шөптерді ашытып, дәрі жасайтын. Емші ата осының бәрін қарапайым халыққа Алланың ризашылығы үшін тегін жасады. «Ұрпағыма сауабы мен рахметі тисе болды», - деді. Әулиелердің ұрпағы Зейніш атам - менің әкемнің туған бөлесі. Исабай қажының бір ұлы, екі қызы болған. Нұрғали деген ұлынан  - Балташ ата, Әлипа деген қызынан - Зейніш ата, Шәрипа деген қызынан менің әкем Хамза туған. Әкемнің көзі тірісінде Зейніш атам біздің үйге жиі келетін. Ауыл ақсақалдарының бәрі біздің үйге жиналып, әңгіме-дүкен құратын. Қариялар тәрбиелік мәні зор діни уағыздар айтатын. Сосын бір уақ бізге кітап оқытатын. Мен қарияларға «Абай жолының» екі томы мен «Рүстем-Дастанды» оқыған едім. «Әулие, халық емшісі келді» деп естігеннен кейін ауыл адамдары мен көрші ауылдардан біздің үйге емге жиналатын... Зейніш ата ордасының дастарханы өмір бойы жиналмаған, ырысы мол берекелі болды. Бұл шаңырақта күні-түні кісі үзілмейтін. Бәрі де Дүрия ананың қолынан дәм татқан еді. Дүрия ана ұсақ ас жасауға ерінбейтін. Келген кісілерді дәм татқызбай, нан ауыз тигізбей жібермейтін.Көріпкел, халық емшісін қажылардың ұрпағы болғандықтан, Зейніш атаны да қуғындап, Новосібір жаққа жер аударғанын білеміз. Зейніш атаны ол жақта ағаш дайындауға салған екен. Демалыс сәттерінде қалаға шығып, базар аралап келеді екен. Бірде, атамыз назар аударса, бір адам өтірік құмалақ ашып, жұртты алдап отыр екен. Зейніш ата шыдай алмай жетіп барып, құмалақты уыстап шашып жіберіп, шындықты айтып береді. Осыдан кейін халықтың бәрі жапырлап келіп, атамызға құмалақ аштыратын болыпты. Кейінірек, Зейніш атам біздің үйге келгенде әкеме қарап: «Дертің асқынып кетіпті ғой, пышаққа түссең өзің біл» - деді. Әкем көптен бері тамақ іше алмай, жүдеп қалған еді, ешқайда да бармайтынын айтты. Көп ұзамай, 1963 жылы наурыз айының 23-інде, 68 жасында қайтыс болды. Ол кезде мен 5-сыныпта оқып жүр едім. Әкем, Сталинград майданына қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері, бір аяғы жоқ, II топтың мүгедегі болатын.Келесі жылы келгенде Зейніш атам шешеме қарап: «Аты жоқ ауру сенде де басталып қалыпты ғой, кел, емдейін, құстың сорпасын дайындай бер!» - деді де, қамзолының өңірін ашып жіберіп, ішкі-сыртқы қалталарынан керек-жарақтарын шығарып, ағаш тостаған мен ағаш қасық алдырды да, дәрі жасады. Көріп, естіп білгенім - күшала мен сынапты өлтіріп, алмас (ақ ұнтақ) қосып, сумен араластырып, бірнеше шөптерді қосып, түрі жасыл, қоймалжың дәрі жасады. Сосын шешемді шақырып алып: «Күнде ашқарында ағаш қасықтың сыртымен мына дәріні жала да, құстың сорпасын ішіп жібер. Бұл дәрі-у, егер сорпа ішпесең, өліп кетесің, әзірше, қиын қорытылатын тағамдарды жеме!» - деді.Шешем емшінің айтқанын бұлжытпай орындады да, асқазандағы ісік ауруынан құлан-таза айығып кетті. Ораза ұстап, намазын қаза қылмай тағы 44 жыл өмір сүрді де, 2008 жылы 100-ден 3 ай асқанда, ораза айында, жұма күні қайтыс болды.Зейніш атаның өмірінің соңғы сәтін Дүрия апа көзіне жас ала отырып айтып берген еді. Бұл 1977 жылдың қыркүйек айы болатын. Зейніш ата: «Мен бақилық болған соң, ас беруге бірінші пісірген бауырсақтың біреуін алып, сақтап қойыңдар, босағадан ырыс үзілмесін!» - деп өсиет айтқан екен. Арада 43 жыл өтсе де, сол бауырсақ кепкен күйі сандықтың бір бұрышында тұрғанын көрдім.Бүгін де, қасиетті орданың отын өшірмей, шамшырағын жағып отырған, Бейсембай қажы бабасына тартқан молла, халық емшісі Мұрат қажы Зейнішұлы құдай қосқан қосағы Әсия Айдарханқызымен көріпкел ата болжап айтып кеткен ұл-қыздарынан немере, жиен сүйіп, тәрбиелеп, қызықтай отыра, халқына мінсіз діни қызмет көрсетіп отыр. Біздің Мұрат діни білімді, Меккедегі үлкен қажылыққа екі рет барып келіп, мұсыл-манның бес парызын толық өтеп жүрген жан. Сондай-ақ, алдына келген жанды қасиетімен емдеп, дертінен айықтыруға септесіп келеді. «Алла сәтін салғанда Мұрат қажының үшкіріп, сипағаны ем болып, сәбиіміз құлан-таза айығып кетті. Әулиенің ұрпағына айтар алғысымыз шексіз», дейді «Үлгілі» ауылынан келген Нұргүл. Бүгінде қасиетті жерде ұрпақтары өздері қолға алып, халықтың игілігі үшін ниетхана тұрғызды. Шырақшысы – әулиелердің ұрпағы Мұрат қажы. Ниетханада діни рәсімдер өткізіледі. Мамыр айының соңында аштық құрбандарына, қуғын-сүргін құрбандарына, тәуелсіздікті әперген Желтоқсан құрбан-дарына дұға оқылып, ас беріледі.

Бақытжамал ХАМЗАҚЫЗЫ,
зейнеткер ұстаз, тарихшы.

Количество показов: 2311

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  319

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  286

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  302

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  355

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  403

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  234

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  263

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  219

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  270

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  263

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  293

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  622

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  478

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  495

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  238

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  239

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  445

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  357

11 медаль!
11:05 24.01.2023  286

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  316

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  306

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  304

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  485

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  360

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  268

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  286

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  297

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  326

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2767

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2665

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2642

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2681

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2599

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2629

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2747

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2604

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2580

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2659

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2616

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  2700

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  2714

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  2683

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  2868

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  2760

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  2833

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  2735

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  2855

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  2977

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  2627

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  2793

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  2850

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  2625

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  2784

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  2661

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  2964

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  2857

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  2856

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  2885

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  2894

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  3110