Әйелдің бақыты – отбасында

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Әйелдің бақыты –  отбасында 27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында

Облыста балалар мен әйелдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында акция басталды. Учаскелік инспекторлар есепте тұрған жанұяларды аралап, қоғамдық көліктерде, адам көп жиналатын орындарда LED-экрандар арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Отбасылық жанжалдан көз ашпайтын әйелдер кез келген уақытта 102 нөміріне қоңырау шалып, тәртіп сақшыларынан көмек сұрай алады. Акцияның негізгі мақсаты – осы.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Павлодар қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Бақытжан Турсаринова өңірде отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі өзекті болып отырғанын айтады. Өткен жылы жанұяда 28 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 34-ке жетіп отыр. Яғни, 34 әйел ауыр дене жарақатын алған.

- Республика деңгейінде 10 желтоқсанға дейін акция өткізіледі. Бірақ біздің жұмыс осы шарамен шектелмейді. Отбасында жәбір көрген әйелдер полицияға қоңырау шалып, көмек сұрауы керек. Себебі жанұяда ешбір бала мен ананың қорлық көруіне жол берілмейді. Осы мәселені жұртқа жеткізуде үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылады, - дейді Б.Турсаринова. Бақытжан Ескендірқызының сөзінше, биыл күйеуінен соққы көрген 1635 әйел полициядан көмек сұраған. Оның ішінде 89-ы түрлі дене жарақатын алған. Отбасының шырқын бұзған ер адамдар әкімшілік жазаға тартылған.

- Жанұядағы жанжалдың негізгі себебі – ішімдік және қызғаныш. Әлеуметтік жағдай мен түсініспеушіліктің салдарынан да ұрыс-керіс орын алады. Биыл облыста 34 қылмыс тіркелді. Ер азамат-
тар әйелдерін пышақпен жарақаттаған фактілер де көп. Оның 19-ы маскүнемдік салдарынан тіркелген. Тағы 4 қылмысқа қызғаныш себеп. Қалғаны түсініспеушіліктен орын алды. Өкінішке қарай, полициядан көмек сұрамай, күйеуінің тепкісіне шыдап жүрген азаматшалар бар. Олар үшін көп жағдайда көршілері араша түседі. Бірақ көк ала қойдай сабалған әйелдер арыз жазудан бас тартып жатады. Бұл әрекетін баратын жерінің жоқтығымен, бала өсіріп отырғандарымен түсіндіреді. Күн сайын қаскүнемнің қас-қабағына қарап тәрбиеленетін ұл-қыздың болашағы не болмақ? Аналар осы мәселені тысқары қалдырып жатады, - дейді Б.Турсаринова. Бақытжан Ескендірқызы барар жері жоқ әйелдер үшін «Дағдарыс орталығы» жұмыс істейтінін айтады. Мамандар әйелдерді күйеуінен арашалап қана қоймай, баспанамен қамтып, жұмыс істеп, еңбек табуына жағдай жасайды. Балаларын мектепте оқытып, құжаттарын қайта рәсімдеуге де жәрдемдеседі. Үйінің берекесін алған ер азаматтарды жөнге салып, әйелімен татуластыруға көмектеседі екен. Қазіргі уақытта облыс орталығындағы Қамзин көшесінде орналасқан орталықты 15 әйел мен 22 бала паналауда. Мамандар отбасындағы тыныштықты қалыптастыруда тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақырады. Жанұядағы берекені қоғам болып қалыптастыру керектігін айтады.


Количество показов: 543

Возврат к списку