Үйіңізде пошта жәшігі бар ма?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Үйіңізде пошта жәшігі бар ма? 14.10.2021

Үйіңізде пошта жәшігі бар ма?

Бүгінде көпқабатты үйлердің кіре берісінен пошта жәшігін кездестіру қиын. Болса да бұрынғыдан қалған темір жәшіктерге газет-журнал немесе хат-хабар қалдырудың өзі қорқынышты. Бұл мәселеге кім жауапты? Тиісті мекеме-лерге хабарласып, мән-жайды анықтауға тырыстық.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Жалғыз құрал

 

Пошташылардың әрбір мекенжайға тиесілі газет пен хатты жеткізуі - оңай шаруа емес. Қолайсыз ауа райын былай қойғанда, діттеген жеріне жеткен кезде, арнайы кодпен ашылатын есіктерге сәлемхатты қалдыру қиын. Адамдардың көбі үйінде бола бермейді, ал есігіне қыстырып кеткен хат пен газетті алатын-алмайтынына сенім жоқ. Редакциямызға бірнеше тұрғын хабарласып, пошта жәшігінің жоқтығынан басылымдардан қол үзіп қалғанын айтты. Тұрғын-дардың шағымына орай «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Ерік Әліпұлымен байланысқа шықтық.

- Пошта жәшігі – тұрғындардың хаттарымызды алуын қамтамасыз ететін жалғыз құрал. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабы 14-тармағына сәйкес, пошта жәшігі кіреберіс, баспалдақ, лифт, шатыр, инженерлік жүйелер сияқты кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жатады. Ал 5-баптың 32-тармағына көз жүгіртсек, жалпы мүлікті (пошта жәшігімен қоса) пайдалану мен жөндеуге жұмсалатын шығындарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері көтеретіні айтылған. Осылайша, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, пошта жәшіктерін орнатуды ПИК немесе үй иелері жүргізуі тиіс, - дейді Е.Әліпұлы.

 

Зейнеткерлерге қиын

 

Павлодар қаласындағы бірнеше ПИК өкілдеріне хабарласқанымызда, қазір жылу мәселесімен бас ауыртып жүргендерін, пошта жәшігі туралы әңгіме де қозғалмайтынын алға тартты. ПИК-тердің тағдыры белгілі. Бүгінде жаңа жүйе - мүлік иелері бірлестіктері құрылып жатқанын ескерсек, пошта жәшігін реттеуге тұрғындардың өздері әрекет етуі керек сияқты. Ерік Әліпұлы тұрғындар тарапынан басылымдардың немесе хаттардың уақытылы келмеуі туралы шағым аз түсетінін айтады. Себебі, пошта жәшігі болмаған яки бұзылған жағдайда тұрғындарға тиесілі заттарын пошта бөлімшелерінен алуға мүмкіндік бар.

- Бұрынғы салынған үйлердің барлығында дерлік пошта жәшіктері кездеседі. Кейінгі салынып жатқан үйлерде табылуы қиын. Бұл ретте, тиісті органдарға жиі байланысқа шығып, тұрғын үйлерді жобалау кезінде бұл мәселеге мән беру керектігін айтып келеміз. Бүгінде облыс орталығында 22 пошта бөлімшесі бар. Кейбір тұрғындар денсаулығына байланысты жүріп-тұра алмайды. Осындай жағдайларда үйде пошта жәшігінің жоқтығы тұтынушыларға қиындық тудырады. Бөлімшелерден газет, хат алу ұзаққа созылып кетеді. Әр тұрғынмен байланысқа шығудың өзі салмақ салады. Сол себепті, әр үйде пошта жәшігі болғаны дұрыс, - дейді Е. Әліпұлы.

 

Ақсудағы оң тәжірибе

 

Білуімізше, облыс орталығындағы жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің кейбірінің жобасында пошта жәшігі қарастырылмаған. Керісінше, Ақсу қаласындағы үйлерде бұл мәселе оң шешімін тапқан. Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қанат Желдібаевтың айтуынша, әр тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалған уақытта пошта жәшігін орнату да жоспарланады екен.

- Бұл шаруа бір жолға қойылған. Әр тұрғын үй бой көтермес бұрын тұрғындарға қажетті заттардың барлығы есепке алынады. Жалғыз пошта жәшігі ғана емес, өзге де қажеттіліктерді қамтамасыз етуге тырысамыз. Әйтпесе, дер кезінде қолға алынбаған істің ұзаққа созылып кететінін көріп жүрміз ғой. Пошта жәшігі бойынша ақсулықтардың шағымы жоқ, - дейді Қ.Желдібаев.

 

Біздерде мынадай бар, мынадай бар...

 

Пошта жәшігін орнату неше теңге тұрады? Мұны білмекке облыс орталығындағы «МеталлМебель» дүкеніне бас сұқтық. Сауда орнының басшысы Ольганың (тегін көрсетпеуді сұрады) айтуынша, пошта жәшігіне деген сұраныс көп.

- Пошта жәшігін сатумен айналысуымыз тегін емес. Осыдан 13 жыл бұрын «Қазақтелеком» ұйымының хат-хабарын жеткізуді тендер арқылы жеңіп алдық. Сол уақытта көптеген тұрғын үйлерде пошта жәшігінің жоқтығын аңғардық. Содан бері кәсібімізді осы бағытта жалғастырудамыз. Цифрландыруға аяқ басқанымызбен, әлі де пошта жәшіктерінің қажеттілігі байқалады. Әсіресе, зейнеткерлер коммуналдық төлемді түбіртек арқылы төлеуге дағдыланған. Күніне жоқ дегенде 2 сұраныс түседі. Тапсырыс берушілердің 90 проценті - қарапайым тұрғындар, қалғаны ПИК өкілдері. Құрылыс компаниялары да байланысқа шығады. Облыс аумағынан бөлек, еліміздің өзге өңірлерінен де тапсырыс қабылдаймыз, - дейді Ольга. Мұнда көпқабатты тұрғын үйлерге арналған 2 түрлі пошта жәшігі бар екен. Айтарлықтай айырмашылық жоқ. Тек үйдің қабырғасына қарай құрастырылуы бөлек. Бір ұяшықтың бағасы – 3200 теңге, енді бірі 2800 теңгеден сатылуда. Жеңілдіктер де қарастырылған. Егер 11-30 ұяшыққа тапсырыс берсеңіз 3200 теңгенің пошта жәшігі 3100 теңгеге арзандайды. Ал 100 ұяшықты 2800 теңгеге ала аласыз. Бағасы 2800 теңге тұратын жәшіктің 100 данасына тапсырыс берсеңіз әрқайсына 2400 теңге ғана шығындайсыз. Айтпақшы, екі көрші бірігіп, 1 ұяшықты пайдалануға болады екен. Арзаны сол. Ұяшықтарды нөмірлеу материалына байланысты 100-200 теңге тұрады. Пошта жәшіктерін орнатуға тапсырыс берсеңіз, 3000 теңгеңіз дайын болсын. Ұяшықтың саны есепке алынбайды. Бір баға (3 мың теңге). Қорыта айтсақ, жаңа үйлерді жобалаған уақытта пандус орнату ісі сияқты пошта жәшіктерін құруды да міндеттеген дұрыс. Әйтпесе, зейнеткерлердің пошта бөлімшелерін жағалауға шамасы келе бермейді. Бұл да - қарттарға деген қамқорлықтың белгісі. Не десек те, тұтынушыға газет-журнал, хат-хабар уақытылы жетуі тиіс.


Количество показов: 383

Возврат к списку