Қысқы кезеңге дайынбыз!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз! 04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!

Қыс мезгілінде тұрғындарды алаңдататын негізгі мәселенің бірі – қауіпсіздік. Бұл уақытта бет қаратпас суық пен қалың қардың салдарынан жолда қалған жолаушылардың саны көбейетіні рас. Қақаған қыста жолда тұрып қалған жүргізушілер мен жолау-шыларды кім құтқарады? Олар қайда хабарласуы керек? Өңірде құтқарушылар мен техника саны жеткілікті ме? Осы орайда, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Мейрамбек Батырқұловпен әңгімелескен болатынбыз.

 

- Мейрамбек Қажымаханұлы, қыс мезгілінде құтқару қызметіне жүктелетін міндет еселене түсетінін білеміз. Мамандардың қысқы кезеңге дайындығы қандай деңгейде?

- Облыс әкімінің бірінші орынбасарының басшылығымен қысқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде 2021-2022 жылдарға арналған арнайы жоспар бекітілді. Оған сәйкес, облыстық және республикалық маңыздағы жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын алу, жұртшылыққа ауа райы жөнінде дер уақытында хабар беру мәселесі назарға алынады. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жеке құрамнан 1262 адам құтқару қызметімен айналысатын болады. Сонымен қатар, қар тазалайтын 338 бірлік техника сақадай сай тұр. Жолаушыларды оқшаулауға арналған 71 техника әзірленсе, қиын жолдарда 134 техника жүре алады. Сонымен қатар, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы орган
27 мердігер ұйыммен келісім жасаған. Сол себепті қақаған аязда, ақ түтек боранда жолда қалған жолаушыларды құтқаруға дайынбыз.

- Жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларды орналастыруға арналған жылыту бекеттерінің әзірлігі қандай?

- Далада қалған жолаушылар үшін жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, 181 жылыту бекеті дайындалды. Бұдан бөлек, үш мобильді бөлімше, екі жолдағы медициналық-құтқару қызметі және 13 жолда құтқару бөлімшесі жұмыс істейді. Жалпы алғанда 199 жылыту орны бар. Олар 15 мың адамды орналастыра алады. Жылыту бекетінде жолаушыларға ыстық тамақ беріледі, жатын орын да қарастырылған.

- Қақаған аязда, ақ түтек боранда жолға шығып кеткен жолаушылар кімнен көмек сұрай алады?

- Ең бірінші кезекте «102» нөміріне қоңырау шалып, құтқарушыларға қандай бағыттағы жолда келе жатқанын айтуы керек. Өзіне жақын жердегі елдімекенді білсе, жақын маңдағы құтқару қызметі жіберіледі. Көліктегі адам саны мен жанармай мөлшерін де айтуы тиіс. Ұялы телефоны үнемі қосулы болуы тиіс. Құтқарушыларың оқиға орнына жету мүмкіндігі жолдың жағдайы мен ауа райына байланысты. Мәселен, Екібастұздан Шідертіге жету уақыты 1-1,5 сағатқа созылуы мүмкін. Десе де, мамандар жедел жетуге тырысады. Ұялы байланыстан ажыратылған елді мекендер бар. Егер аязды күні көлік тоқтап қалса, жол-жөнекей кездесетін өзге техникалардан көмек сұрау керек. Салон ішінде отыра бермей, үсік шалмас үшін үнемі қозғалыста болып, жаттығу жасау маңызды. Кез келген жүргізуші өзімен бірге жылы киім, майшам, сіріңке, азық-түлік алып жүргені дұрыс. Қандай бағыт бойынша жолға шыққанын туыстарына айтуы керек. Бұл әрекет оқыс жағдайдан қорғайды. Жалпы, құтқару қызметі ауа райы туралы хабарламаны тәуліктің кез келген уақытында жолдап, ескертіп отырады. Тұрғындар СМС-хабарламаға мән берсе екен дейміз.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан - Айдана ҚУАНЫШЕВА.

 


Количество показов: 722

Возврат к списку