«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
88
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
87
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
92
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
93
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
89
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
93
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
87
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
82
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
89
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
97
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
86
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
80
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
79
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
80
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
85
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
92
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
171
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
80
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
77
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
81
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
84
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
89
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
79
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
197
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
77
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
82
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
74
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
80
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
79
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
71
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
80
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
78
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
81
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
73
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
77
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
116
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
468
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
344
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
586
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
677
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
526
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
571
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
537
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
523
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
590
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
523
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
552
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
565
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
517
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
533
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
649
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
668
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
650
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
629
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
665
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
728
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
643
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
623
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
630
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
647
Осыдан 27 жыл бұрын жалпыреспубликалық референдумнан соң қабылданған Конституцияға биыл өзгерістер енгізілмек. Атап айтқанда, Ата Заңдағы 99 баптың үштен бір бөлігін жаңарту ұсынылып отыр. Кәмелеттік жасқа толған азаматтардың ендігі міндеті – 5 маусым күні сайлау учаскелеріне барып, бастамаларды қолдау немесе қолдамауға қатысты дауыс беру. Ал еліміздің басты құжатына қандай өзгерістер мен толықтырулар қосу көзделіп отыр? Жалпы, референдумның мән-маңызы қандай? Осы мәселе төңірегінде газетіміздің Instagram желісіндегі ресми парақшасында «Онлайн желі» өтті. Шараның қонағы – «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, республикалық референдумды өткізуге қатысты облыста жасақталған азаматтық штабтың мүшесі Еркеғали Жанғазы тілші мен оқырман қауым сұрақтарына жауап берді.
Тілші сауалы:
- Еркеғали Жұмабайұлы, алдымен референдум өткізудің мақсат-міндеті туралы айтып өтсеңіз...
Е.ЖАНҒАЗЫ:
- 2022 жыл қазақ халқы үшін қасіретті қаңтармен басталғаны баршаға мәлім. Жер-жерде тұрғындар билікке өз талаптарын қойып, ашық диалогқа шақырды. Жалақыны арттырып, газ, жанар-жағармай, азық-түлік, баспана сынды негізгі қажеттіліктердің бағасын реттеуді сұрады. Соның негізінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен сараптамалық топ құрылып, оның мүшелері бүгінгі қоғамның сұранысын саралай бастады. Нәтижесінде елдің әл-ауқатын жақсарту үшін алдымен Ата Заңға өзгерістер енгізу керек дегенге саятын ұйғарым шығарылды. Себебі Конституция – мемлекеттегі барлық заңдардың «атасы». Оны жаңартқан соң ғана басқа да заңнамалық құжаттарға өзгерістер мүмкіндігі қарастырылады. Ал елдегі басты құжатты қалай өзгертеміз? 1995 жылы республикалық референдумнан соң Конституция қабылданғалы оған тек Парламент депутаттары өзгерістер мен толықтырулар енгізіп келді. Бұған дейінгі осы тәжірибені пайдаланып, биыл да бұл істі Парламенттің еншісіне беруге болатын еді. Десе де, Ата Заңды жаңартуға халық қойған талаптар түрткі болғандықтан, соңғы сөзді де халық айтуы керек. Сол себепті 5 маусым күні Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыреспубликалық референдум өткізу туралы шешім қабылданды. Меніңше бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асуының нақты көрінісі. Бірден 33 баптың талаптарын ауыстыру елді ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанын білдіреді.
- Сіздің ойыңызша, ұсынылған жоба-дағы негізгі өзгерістер қандай?
- Жалпы алғанда, оларды бөліп-жарып айтуға келмес. Өйткені әр ұсыныстың өз салмағы бар. Дегенмен, оларды үлкен үш топқа бөлетін едім.
Біріншіден, суперпрезиденттік биліктен жауапкершілігі жоғары Парламентке, есеп беретін Үкіметке көшу. Жаңа жобада Президенттік өкілеттіліктері, міндеті, оған қойылатын талаптар мен шектеулер нақты көрсетілген. Айталық, Мемлекет басшысының қандай да бір саяси ұйымның мүшесі болуға тыйым салынбақ. Демек, бұған дейінгі партиялық монополия жойылып, осы уақытқа дейін «Билік партиясы» аталып келген «AMANAT» партиясының өзге саяси ұйымдармен терезесі теңеседі. Бұл – басқа партиялардың жұмыс істеуіне, бағдарламаларын дайындап, оларды орындауға жасалған мүмкіндік. Яғни, партиялардың барлығы тең болады. Сондай-ақ, Президент аудан, қала, облыс әкімдері шығарған шешімдердің күшін жою құзіретінен айырылады. Бір жағынан сол арқылы өкілеттілігі азайса, екінші жағынан жергілікті жердегі басшылардың жауапкершілігі артады. Екінші блок – сот жүйесі билігінің күшеюі. Конституциялық кеңестен Конституциялық сотқа көшу маңызды қадамдардыңбірі деп білемін. Сол арқылы оның құзіреттілігі күшейіп, заңдардың қарама-қайшылығы деген «аурудан» құтыламыз. Үшінші блок – Парламент пен мәслихаттар құрамының жаңа жүйе бойынша жасақталуы. Енді пропорционалдық-мажоритарлық сайлау жүйесі енгізіледі. Бұл да - демократияның көрінісі деп ойлаймын. Бұған дейін депутат болу үшін үміткер міндетті түрде қандай да бір партия қатарында болуы керек еді. Бұдан былай ешқандай саяси ұйым қатарында жоқ, бірақ азаматтық ұстанымы нық тұрғындар да мәслихаттар құрамында ел мүддесін қорғай алады. Бұл ретте атап өтер тағы бір жайт – жобада «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі» деп тайға таңба басқандай жазылған. Осы өзгеріс көңіліме майдай жақты. Көпшіліктің де күткені осы шығар.
- Жоғарыда аталған өзгерістер жергі-лікті атқарушы билік пен депутаттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған сияқты. Солай ма?
- Иә, бұған дейін көп жағдайда жауап-кершіліктің негізгі жүгі Президентке артылып келді. Ал алдағы уақытта жергілікті жердегі басшылар мен мәслихат мүшелері де әр сөзі мен әрекеті үшін есеп беруі керек екенін тереңінен ұғынатын болады. Айталық, Ата Заңның редакциялауға ұсынылған нұсқасында мәслихаттардың рөлін күшейтуге басымдық берілген. Пропорционалдық-мажоритарлық сайлау жүйесіне көшумен қатар, олардың шешім қабылдау, таңдау жасау құзіреттілігі артады. Бұдан былай Мемлекет басшысы облыс әкімдерін тағайындар алдында облыстық мәслихат депутаттарына кемінде екі кандидатты ұсынады. Қайсысы депутаттардың басым даусына ие болса, сол аймақ басшысы атанады. Демек, өңірге білімді, білікті әрі тәжірибелі жетекшінің тағайындалуына енді депутаттар да жауапты. Сонымен қатар, сайлаушыларға өз уәдесін орындамаған, бағдарламада көрсетілген тетіктерді жүзеге асырмаған депутаттардың мандатын қайтарып алу құқығы болады. Бұл да мәслихат өкілдерінің міндетін арттыра түсері анық.
- Аталмыш өзгерістер сайлаушы-лардың да жауапкершілігін арттыратын болар...
- Ол да бар. Өкінішке қарай, бізде әлі күнге дейін сайлау мәдениеті кемшін қалып жатыр. Салыстырмалы түрде алып қарар болсақ, АҚШ-тағы демократтар мен республикалықтар қалай тартысып жатса да бірінің жеңісін бірі мойындап, мемлекеттік тұрғыдағы саясатын қолдайды. Ал қазақстандық қоғамда партия мен сайлаушылар арасындағы байланыс, дауыс берушілердің депутаттармен бірге жұмыс істеп, олардан талап ету жүйесі қалыптаспаған. Мәселен, біз мемлекеттен өзгерістерді талап еттік. Мемлекет талап-тілекке құлақ асып, Ата Заңға өзгерістер енгізу туралы істі қолға алды. Енді қоғам да оған жауап ретінде референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы тиіс. Мемлекет тек биліктің емес, билік пен бұқараның берік байланысының есебінен дамиды. Осыны қаперден шығармау керек.
Айжан САЯНОВА:
- Конституциялық Кеңес пен Соттың ара-жігін ажыратып берсеңіз. Ата Заңға сәйкес, Кеңестің орнын Сот басса, қандай өзгерістер болады?
- Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған Заңдарға баға берумен және ұсыныс айтумен ғана шектеледі. Ал Соттың басым тұсы сол, оның адам құқығын қорғауға қайшы келетін заңдардың, тіпті Президент Жарлықтарының күшін жоятын қауқары
бар. Яғни, сол арқылы сөзден іске көшетін кез келеді.
Мейрамбек:
- Жобада адам құқықтары жөніндегі уәкіл деген лауазымды көзім шалып қалды. Ол кім? Оның міндеті қандай болады?
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қазір де бар. Тек оған конституциялық тұрғыдан ешқандай мәртебе берілмеген. Ал жоба көпшілік тарапынан қолдау тапса, оның негізгі жұмыс бағыты, міндеті Ата Заңда айқын жазылады. Мәселен, уәкіл азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге көмектеседі. Саяси тұтқындар, құқық қорғау органдары өкілдері тарапынан қысым көрген тұрғындар, соттың шешімімен бас бостандығынан айырылған жазықсыз жандар оған жүгіне алады. Басқаша айтсақ, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі қызметкерлерінің орнын басады деуге болады. Бастысы, ол тәуелсіз болады әрі мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға есеп бермейді.
Мақпал БАЙБОЛАТОВА:
- Егер 33 өзгерістің тек бір бөлігіне келісетін болсам, бюллетеньді қалай толтырамын?
- Бұл – Орталық сайлау комиссиясы құзіретіндегі мәселе. Сайлау учаскелеріндегі жұмыс, бюллетеньдерді толтыруға қатысты ақпараттарды осы мекеме өкілдері хабарлайды. Азаматтық штаб үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарымен ғана айналысады.
Тілші сауалы:
- Осы орайда республикалық референдумның облыстық азаматтық штабының жұмыс барысы туралы тоқталып өтсеңіз...
- Мен 2017 жылдан бері қоғамдық жұмыстармен айналысып жүрмін. Соңғы төрт-бес жыл дересінде жемқорлыққа қарсы күрес бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл-ауылды араладық. Сондықтан азаматтық штабтың жұмысы – мен үшін таңсық дүние емес. Республикалық референдумның тәртібін, Ата Заңға енгізілуі ұсынылған өзгерістерді түсіндіру азаматтық борышым деп білемін. Қазіргі уақытта біздің штаб өкілдері аудан-қалаларды аралап, көпшілікпен кездесуді бастады. Оның құрамында 40-қа жуық қоғам белсендісі бар. Жұртшылықпен жүздесу барысында бастамаларды талқылап, олардың мән-маңыздылығы туралы ой қозғаймыз. Біздің тұрғындарға айтарымыз – өз консти-туциялық құқығыңызды пайдаланып, өміріңізді өзгертуге қатысты дауыс беріңіз. Ұсыныстарды қолдау немесе қолдамау – өз еркіңіз.
- Өкінішке қарай, қоғамда «Менің дауысым маңызды емес» деп жаңсақ ойлап, сайлау учаскелеріне бармайтын тұрғындар бар. Олардың санасын қалай сілкінтсек болады?
- Саяси науқанға қатыспаған адам, әрине, ештеңені шеше алмайды. Дауыс маңызды болу үшін әр адам өз таңдауын жасау керек. Әйтпегенде, басқалар сіздің және сіздің балаларыңыздың болашағына қатысты шешім қабылдайды. Осы мәселені штаб өкілдері тұрғындармен кездесу барысында айтып келеді.
Оразбек:
- Келесі референдум қашан өтеді деп ойлайсыз?
- Уақыт ағысы бізге беймәлім. Айталық, осыдан бес ай бұрын, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлап жатқан тұста келесі жылы Ата Заңның бірден 33 бабы өзгереді деп ойладық па? Жоқ. Сол сияқты жаңартылған Конституция келесі жылы да, бес жылдан соң да қайта өзгеруі мүмкін. Оның барлығы заман мен қоғам талабына байланысты.
Алмат МҰРАТОВ:
- Республикалық референдумды өткізу үшін бюджеттен 16 млрд теңге бөлінеді екен. Көп емес пе?
- Бір қарағанда қыруар қаржы болып көрінуі мүмкін. Десе де, ұйымдастыру шаралары үшін бұл сома көп те, аз да емес деп ойлаймын. Өзгерістерді қабылдайтын болсақ, есеп комитетінің орнына Жоғары аудит палатасы құрылады. Осы мекеме әр теңгенің тиімді жұмсалғанын жіті тексереді деген сенім мол.
Тілші сауалы:
- «Қағандық» қоғамдық бірлестігі қалаған, бірақ жобаға енбей қалған өзгерістер бар ма?
- Біз 7-баптың екінші тармағындағы тілге қатысты талапты алып тастауды қалаған едік. Онда «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылған. Бірақ сарапшылар, саясаткерлер тарапынан қазіргі геосаяси ахуалға байланысты бұл ұсынысты сәл кейінге шегерген жөн болар деген ой айтылды. Түптеп келгенде, мемлекеттік тілді білу өзімізден басталады. Қазақстандықтардың басым бөлігі қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізе білу – парыз.
Қазақстандықтарды алда жауапты кезең күтіп тұр. Азаматтардың республикалық референдумдағы белсенділігі еліміздің ертеңгі күнін айқындайды. «Онлайн желі» шарасы барысында негізгі өзгертулер мен толықтырулар қаузалды. Енді бұл бастамаларды қолдау немесе қолдамау – сайлаушылардың еркіндегі іс. Бастысы, 5 маусым күні барлығымыз өз таңдауымызды жасасақ болғаны.
«Онлайн желіні» жүргізген – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.
Суретті түсірген – Есенжол Исабек.
«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
88
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
87
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
92
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
93
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
89
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
93
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
87
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
82
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
89
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
97
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
86
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
80
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
79
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
80
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
85
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
92
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
171
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
80
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
77
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
81
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
84
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
89
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
79
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
197
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
77
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
82
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
74
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
80
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
79
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
71
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
80
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
78
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
81
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
73
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
77
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
116
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
468
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
344
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
586
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
677
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
526
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
571
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
537
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
523
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
590
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
523
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
552
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
565
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
517
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
533
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
649
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
668
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
650
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
629
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
665
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
728
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
643
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
623
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
630
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
647