Заманауи кітапхана

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Заманауи кітапхана 05.10.2021

Заманауи кітапхана

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана – өңіріміздегі көне мәдени орталықтардың бірі. Тарихы тереңнен бастау алатын, кітап қоры бай кітапхана өз саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, оқырмандарға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын автоматтандыру секілді бүгінгі күннің жаңа белестерін меңгерген.

Облыстық кітапханада кітаптардың электронды нұсқалары цифрланып, E-KITAP.KZ бірыңғай онлайн кітапханасы және QR-кітапханада орналастырылып отырады. Оның негізінде оқырмандар іздеген кітаптарын онлайн түрде оқуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар тегін «Wi-fi» желісі, жоғары жылдамдықтағы интернет, заманауи компьютерлермен жабдықталған «Сoworking» орталығы жеке жұмыс аймағы ретінде оқырмандарға пайдалануға берілген. Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсетудің дәстүрлі түрімен қатар электрондық жүйеге негізделген қызмет түрлері қатар көрсетіледі.

рухани 2.jpg

- Қазіргі таңда «оқырмандар кітапханаға тек кітап алу үшін барады» деген жаңсақ пікірді естіп қалып жатамыз. Бұл – ескірген көзқарас. Себебі бүгінгі оқырман жан-жақтылықты талап етеді. Кітапханамызда түрлі салаға бағытталған әдеби, мәдени-сазды, шахмат, қолөнер, кәсіптік бағыттағы үйірмелер, клубтар жұмысын жүргізуде. Әсіресе, тіл үйрену және «Компьютер қолдану» курстары ерекше сұранысқа ие, – дейді кітапхана басшысының орынбасары Баршагүл Байжанова.

Оқырмандарды тарту мақсатында кітапханада түрлі сипаттағы кездесулер, тренингтер, пікірталастар мен іс-шаралар көптеп ұйымдастырылады. Биыл қолға алынған жұмысшы мамандықтардың оң имиджін қалыптастыру бағытындағы «Менің мамандығым – менің таңдауым» атты жоба барысында мамандардың мектеп оқушыларымен кездесулері ұйымдастырылды.

«Айна» галереясында жас суретшілер жұмыстары насихатталса, «Өркен» жас ақындар клубы жастардың ойын ортаға салатын, жан-жақты дамуға септігін тигізетін орталыққа айналды. Әлем әдебиеттері секторында оқырмандар деңгейлік тіл үйрену курстарымен қатар үстел ойындары, дебат, сөйлеу клубтары жұмыс жүргізуде. «Абонемент», «Оқу залдары», «Өндірістік әдебиеттер» бөлімдері де жұмыстарын жаңа бағытта жандандыруда.

– Рухани мұра ретінде кітап қорын бүтін қалпында сақтап, келер ұрпаққа табыс ету – кітапханашылардың қасиетті борышы. Кітапхана ұжымы ақпараттық қорын үнемі кеңейтіп, зағип және нашар көретін оқырмандарға қызмет көрсету деңгейін көтерді, кітапхана қорын толықтыру жұмыстарын бір ізге қойған. Денсаулығына байланысты кітапханаға келе алмайтын оқырмандар үшін «Үйге кітап жеткізу» қызметі іске қосылды. Кітапхана жанынан құрылған «Жанашыр» орталығы нүктелі-бедерлі қаріппен басылған кітаптарын оқырмандарына ұсынуда. Арнайы мектеп-интернаттарымен және арнайы ұйымдармен тығыз серіктестік байланыс орнатылды. Орталық қызметкері Бақтыгүл Әубәкірова дефектология бағытында білім алып жүрген студенттерге шеберлік сабақтарын өткізеді.

- Биыл «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында оқуға ұсынылған кітаптар сөресін жасақтап, арнайы көрмелер ұйымдастырылды. Аталмыш акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Аталған акцияның мән-мағынасын оқырмандарға түсіндіріп, насихат жұмысын жүргіземіз, – дейді «Абонемент» бөлімі басшысы Сәуле Дайырбекова.

Облыстық кітапхана өлкетану бағытында да жемісті еңбек етуде. Павлодар облысының атаулы күндер күнтізбесін, мультимедиялық құралдар шығару, облыс кітапханаларына өлкетану қызметіне әдістемелік көмек көрсету, мәліметтер базасын қалыптастыру, деректердің мұрағаттық және резервтік көшірмелерін жасау, т.б. жұмыстар іске асырылуда. Тұрақты түрде Павлодар өңірінің көркем табиғаты, тарихы, мәдениеті, белгілі тұлғалары және бірегей орындары жайында «PRO Павлодар» подкастарнасы мәлімет таратады.

рухани 3.jpg

«Адалдық алаңы» жобасының шеңберінде кітапханада «Парасат жолы» орталығы жұмыс істейді. Орталықта Мәшһүр Жүсіп мешіті Жастармен жұмыс бөлімімен бірлесе отырып «Өнеге сабақтары» атты тың жоба жүзеге асырылды. Мұнда мешіт имамдары өскелең ұрпақтың бойында парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында дәрістер оқиды.

Ғылым мен техниканың ерекше алға басқан қазіргі кезеңінде кітапханада ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Оқырмандарға қызмет көрсетудің жаңа формаларын жасап, жаңа тенденция-лармен жұмыс істеуге талпынады. Оқырманның мәліметтер базасына тіркелуі, электронды билетке қол жеткізуі аз уақытта жүзеге асады. Мұнда электронды каталогтың, автоматтандырылған кітапханалық бағдарламалардың болуы көптеген процестерді жеңілдетеді. Себебі оқырманның уақытын қадірлейтін кітапхана қызметкерлері сапалы қызметтер ұсынады. Бұл – ұйымшылдықтың, жүйелі басқарудың нәтижесінде жеткен табыс.


Қарлығаш ҚАШҚЫНБАЙ, С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпарат, тіркеу және бақылау бөлімі, қоғаммен байланыс менеджері.

 


Количество показов: 796

Возврат к списку