Үздік 30 ауылдың қатарында

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында 18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында

Нұр-Сұлтан қаласында «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомы жарыққа шығып, оқырман қолына тиген болатын. Жоба, аты айтып тұрғандай, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойының құрметіне жүзеге асырылған. Еліміз бойынша үздік отыздыққа енген елді мекендер қатарында Ақсу қаласының Евгеньевка ауылы мен Шарбақты ауданының Орловка ауылы да бар.

 

Мақсаты – үздік ауылды үлгі ету

Жинақ авторы, ақын, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқанның сөзінше, ең үздік 30 ауылды анықтау мақса-тында еліміздің бүкіл облысын аралап, дамыған ауылдарда өз көзімен көріп қайтқан.

- Ауыл – қазақтың қасиетті мекені, алтын бесігі. Ауылдың орны қашанда бөлек. Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай осы альбомды шығаруды жөн көрдім. Бұл кітапта еліміздің әр облысында ең үздік саналатын ауылдардың тыныс-тіршілігі сипатталған. Басты мақсат – осы альбом арқылы сол үздік ауылдарды өзге ауылдарға үлгі ету, сонымен қатар, ауылын көркейтуге өлшеусіз үлес қосып жүрген іскер азаматтарды дәріптеу. Әрі осы жоба арқылы кәсіпкер азаматтардың, жастардың назарын туған ауылына бұру, – дейді Мұратхан Шоқан.

Евгеньевка несімен ерекшеленді?

Евгеньевка - ежелден бері көп ұлттың өкілдері шоғырланып, олар бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешіп жатқан тарихы терең елді мекен. Қарттарының сөзі баталы, жастарының ісі сапалы, тұрғындары татулық пен тұрақтылықты берік ұстаған, өзгеге паш етер өнегесі мол, өркенді ауыл. Міне, ауылдың көркеюіне, елдің өркендеуіне осы қасиеттер де жеткілікті. Онымен қоса, ауылда егін шаруашылығымен айналысатын 14 ірі аграрлық кәсіпорын бар. Соның нәтижесінде Евгеньевка ауылы облыстың көкөніс белдеуіне айналды. Яғни, осы елді мекен өнімі бүгінде «Гагариннің картобы» деген брендтік атаумен танымал. Ауыл әкімі Аршат Халықовтың сөзінше, елді мекенде 2000 нан астам тұрғын бар. Мұнда 1 орта мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 кітапхана, 1 мәдени-сауық орталығы, 6 дүкен, 1 жанармай құю бекеті, 14 шаруа қожалығы бар. Өткен жылы ауылдық кітапхана ішінен «Коворкинг орталығы» ашылды. Мұнда шалғайдан келген құрметті меймандармен және ауылдың үлкендерімен кездесулер, әртүрлі мерекелік шаралар өтіп тұрады. Бір сөзбен айтқанда аулылдың мәдени-рухани және демалыс орнына айналып үлгерген.

- Ауылдағы еңбекке жарамды адамдардың 60 пайыздан астамы елді мекендегі шаруа қожалықтары мен серіктестіктерде жұмыс істейді. Сонымен қатар, Ақсудағы зауыттарда еңбек ететіндер де бар. Тұрғындардың 10 пайызы әртүрлі саладағы жеке кәсіппен шұғыл-данып, өзін өзі жұмыспен қамтып отыр, - дейді Аршат Саржанұлы.

Тазалық – зор байлық

Бұл ауылдың өзге ауылдардан тағы бір артықшылығы – тазалығы мен реттілігінде. Яғни, көшесінен құлап жатқан қоршау, шашылып жатқан қоқыс байқамайсыз. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар нысандардың ауласы да тап-тұйнақтай, есік алдына кеспетастар төселіп, қоршаулары сырланған. Мектеп, мәдениет үйі, емхана және спорттық алаң сынды мекемелердің ауласындағы көрініске көз тояды.

- Мектепте 400-ге жуық бала білім алса, 50-ден астам мұғалім жұмыс істейді. Оқушының сапалы білім алып, өнер-ғылыммен шұғылдануына барлық жағдай бар. Талапты балалардың ізденістерін шыңдайтын 3 зертхана жұмыс істейді. Сонымен қатар, компьютермен, интерактивті тақтамен және проекторлармен қажетті деңгейде жабдықталған. Одан бөлек,
23 мың қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Мектепте тоғызқұмалақ, асық ату, ән-би, домбыра, шахмат, волейбол, «Жас сарбаз» үйірмелері жас жеткіншектердің өнерін шыңдауда, - дейді ауыл әкімі Аршат Саржанұлы. Көптеген ауылдарға арман болған шағын емхана 2017 жылы Евгеньевкаға салынды. Мұнда медициналық қызметкерлер де жеткілікті. Тұрғындарға ақысыз медициналық көмек көрсету бойынша 100 пайыздық көрсет-кішке қол жеткізді. «Достық» мәдени–сауық орталығында жастарды өнерге баулу жұмысы жақсы жолға қойылған. Мәдениет үйінде 10 үйірме жұмыс істеп, 142 адамды қамтып отыр. Мысалы, «Надежда», «Компанелла» вокал топтары, «Жұлдыздар», «Экшен» би топтары, «Магия рукоделия» қолөнер үйірмесі, «Очарование» сән театры, «Динамит» көңілді тапқырлар клубы, «Балауса» домбыра ансамблі, «Блог Фактор» бейнеблогинг мектебі және бильярд үйірмесі бар. «Достық» мәдени-сауық орталығында әр сала бойынша маманданған 14 қызметкер жұмыс істейді.

- Евгеньевканың осы деңгейге жетуі жеке шаруашылықтардың көмегінің арқасы. Яғни, жеке кәсіпкерлер ауылдың дамуына жиі атсалысып, әртүрлі әлеуметтік жобаларға демеушілік жасап келеді. Олар қайырымдылық жұмы-сымен де айналысады. Бүгінде тұрғындардың басым көпшілігі ауылдағы шаруа қожалықтарында еңбек етеді. Жазда егін алаңына шықса, қыста көкөніс қоймаларында жұмыс істейді. Айлық табыстары да жоғары мөлшерде. Тұрақты жұмыскерлер үймен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың да береке-бірлігі мығым. Үлкендер мен жастар арасында жақсы байланыс пен сыйластық қалыптасқан. Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылда футбол алаңына толығымен күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, тұрғын-дардың спортпен тұрақты шұғыл-дануына жағдай жасалды. Округке қарасты Үштерек ауылының жолдары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, бұқаралық жаттығу алаңдары орнатылған. Алдағы уақытта да ауылда дамыту, көркейту, көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізіле бермек.

Тілеуберді САХАБА, Ақсу қаласы.

 

 


Количество показов: 486

Возврат к списку