Үздіктер марапатталды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Үздіктер  марапатталды 25.12.2021

Үздіктер марапатталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай өңіріміздегі білікті ұстаздар мен ең үздік оқушылар марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Салтанатты шара М.Катаев атындағы оқушылар сарайында өтті. Білім беру саласында жыл бойы жоғары жетістікке жеткен 10 мұғалімге «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі тағайындалып, оларға 2,9 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Ал оқушылар арасында өткен «Тәуелсіздік ұланы» байқауының жеңімпазы атанған 300 оқушыға арнайы грант табысталды. Жеңімпаз оқушыларға 145 мың теңге көлемінде көтерме сыйақы ұсынылды. Марапаттау шарасына облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысып, жеңімпаз ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, білімге деген құштарлықтары үшін алғысын жеткізді.

- Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі құрметіне алғаш рет білім және ғылым, спорт және өнер саласындағы үздік оқушыларға «Тәуелсіздік ұланы» сыйақысын тағайындадық. Бұл - алғашқы қадамымыз, сондықтан осы байқауға қатысушы балалардың саны жылдан-жылға өсе береді деп сенеміз. Яғни, оқушыларымыз өз білімдерін әлі де жетілдіріп, ерекше қасиеттерімен қуанта береді деп ойлаймыз. Сонымен қатар, өткен жылдан бастап үздік ұстаздарға «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін тағайындап келеміз. Аталған жоба биыл да жалғасын тапты. Ардақты ұстаздар, сіздерге жас ұрпақ тәрбиесі мен білімі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, - деді Әбілқайыр Бақтыбайұлы. Биыл басталған «Тәуелсіздік ұланы» байқауына әрбір қала, аудан және ауыл мектептерінен 1500 оқушы қатысып, соның 300-і аталған сыйлыққа лайық деп танылған. Салтанатты марапаттау рәсіміне 50 оқушы шақырылыпты. Естеріңізде болса, өткен жылы облыс әкімі Ә.Сқақовтың қолдауымен 50 мұғалімге «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі тағылып, әрқайсысына 2,7 млн теңгенің сертификаты берілген болатын.

 

Айзере ЗЕЙНОЛЛА, Баянауыл ауданы Б.Хайдаров орта мектебінің оқушысы:

- Мен биыл 11-сыныпта оқимын. Осы күнге дейін көптеген сайыстарға қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрініп келдім. Яғни, үстел теннисімен шұғылданып, аудандық, қалалық және облыстық байқауларға қатысудамын. Мен үшін ең үлкен жетістік – осы сайыстарда мектебіміздің және ауданымыздың атын шығару. Бүгін «Тәуелсіздік ұланы» сыйлыған алып отырмын. Осы дәрежеге дейін жетуіме қолдау білдірген ұстаздарыма зор алғыс айтамын.

 

Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 835

Возврат к списку