Жұмыртқа бағасы тағы «ұшты»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Жұмыртқа бағасы тағы «ұшты» 09.10.2021

Жұмыртқа бағасы тағы «ұшты»

Соңғы уақытта дүкен сөрелеріндегі тауық жұмыртқасының айтар-лықтай қымбаттағаны байқалады. Тіпті, кейбір сауда орындарында бір аптаның аралығында жұмыртқа ондығының бағасы бірден 40-50 теңгеге өсті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің тізіміне кіретін өнім бағасының бұлайша құбылуына не себеп? Бұған қатысты өндірушілер мен жергілікті билік не дейді?

Статистикалық деректерге сүйенер болсақ, облыс тұрғындары күніне 550 мың дана жұмыртқаны тұтынады. Өңірдегі екі ірі өндіруші - «Павлодар-Құс» пен «Шарбақты-Құс» фабрикалары бұл сұранысты толығымен өтеп отыр. Жергілікті кәсіпорындарда тәулігіне 600-650 мың дана жұмыртқа шығарылып, облыстағы дүкен сөрелерінен орын алады. Десе де, соңғы уақытта өзімізде өндірілген өнім бағасы өскенін аңғару қиын емес. Айталық, қыркүйек айының соңғы күндері бірінші санатты жұмыртқаның ондығы орта есеппен 400 теңге болса, бүгінгі баға - 450 теңге. Кейбір әлеуметтік дүкендерде 445 теңгеден сатылады. «Small», «Лидер» супермаркеттері мен «Greenwich» гипермаркетінде қағаз қаптамаға салынған, бірінші санатқа жататын жұмырт-қаның он данасының бағасы 485 теңгеден басталып, 530 теңгеге дейін жетеді. Ал облыс әкімінің қаулысымен бекітілген құжатта төртінші тоқсанда, яғни қазан айынан бастап аймақтағы сауда орындарындағы жұмырт-қаның бағасы 369 теңгеден аспауы тиіс еді. Тауар өндірушілер жергілікті билік белгілеген шекті баға мен дүкен сөрелеріндегі бағаның арасында айтарлықтай айырмашылықтың болуын жем-азықтың қымбаттауымен байланыстырады. Жұмыртқаның өзіндік құнын қалыптастыруда бидай бағасы 60 пайызды құрайды. Өткен жылы оның бір тоннасы 90-100 мың теңге аралығында болса, биыл 110-115 мың теңгеге сатылуда. Яғни, бидай бағасы 20 пайызға өскендіктен, жұмырт-қаның өзіндік құны да артты. Ал «Павлодар-Құс» ЖШС бас директоры Ербол Досыбаев «жұмыртқа бағасы қымбаттады деу - дұрыс емес» дегенді алға тартады. Кәсіпорын басшы-сының пайымынша, өнімнің құны былтырғы бағасына қайтып келді.

- Сатып алушылардың басым бөлігі кез келген тауар бағасының өскенін байқап, арзандағанына назар аудара қоймайды. Мәселен, жазда жұмыртқа бағасының төмендеуі - жыл сайын қайталанатын қалыпты жағдай. Себебі бұл уақытта тұрғындар тарапынан сұраныс азаяды, жеке аулалар өнімді сатылымға шығарады және Ресейдің, еліміздің өзге облыстарынан жұмыртқа жеткізіледі. Сәйкесінше, баға да түседі. Күзде керісінше сұраныс артып, өнім көлемі азаяды. Бұл жұмыртқаның маусымаралық жағдайға дейінгі бағамен қайта сатылуына әсер етеді, - дейді Е.Досыбаев. Бұл ретте атап өтер жайт, жергілікті билік тұтынушылар тарапынан зор сұранысқа ие бірінші санаттағы жұмыртқа бағасын ғана реттеп, бақылауға құқылы. Бүгінде 540-560 теңге тұратын, қағаз қаптамаларға салынған, іріктелген, жоғары санатты өнім әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне кірмейді. Демек, құзырлы органдар олардың бағасын белгілеу ісіне араласа алмайды. Есесіне аймақтағы өндіру-шілермен, сауда орталықтарымен меморандумдар жасау арқылы бірінші санаттағы жұмыртқа бағасын реттеуге мүмкіндік бар. Мәселен, «Шарбақты Құс» кәсіпорнына мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие берілді. Өз кезегінде аталмыш фабрика әлеуметтік дүкендерге жұмыртқа ондығын 285 теңгеден жеткізуі тиіс. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, қыркүйек айында «Шарбақты Құс» 93,2 мың дана жұмыртқаны осындай бағамен босатты. Сол сияқты «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алған «iNmart» сауда желісінің дүкендері жұмыртқа бағасын өсірмеуі шарт. Қазіргі таңда бұл сауда орындарында бірінші санаттағы жұмыртқаның ондығы 355 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, жергілікті билік нарықтағы жағдайды реттеу үшін қараша, желтоқсан айларында тұрақтан-дыру қорына 4 млн дана жұмыртқа сатып алуды жоспарлап отыр. Мұндай шаралардың қолға алынғаны жақсы-ақ, әрине. Бірақ қарапайым тұрғындар тұрақтандыру қорына арзан жұмыртқаның түсер уақытын күтіп отыра алмайды. Сондықтан өнімнің бағасын құжатта белгіленген шекті бағаға дейін төмендетудің амалдарын уақыт оздырмай қолға алған жөн.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 431

Возврат к списку