Жаңа инвесторлар жарылқай ма?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Жаңа инвесторлар жарылқай ма? 05.08.2021

Жаңа инвесторлар жарылқай ма?

Қаржы нарығы тұрақсыз кезеңде инвестор табу да оңай шаруа емес. Аймағымызда биылғы жылдың алғашқы жартысында негізгі капиталға 217 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 процентке артық.

 

Штаб шындап кіріссе...

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өткен аппараттық жиында инвестиция мәселесі талқыланды. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сағыныш Нүркімбаевтың айтуынша, инвестиция тарту бойынша кешенді жоспар құрылған.

- Біз алдымызға екі міндет қойдық. Біріншіден, қолда бар инвестициялық жобаларды соңына дейін жеткізіп, іске асыру қажет. Екінші міндетіміз - жаңа инвес-торларды тарту. Бірінші міндетті орындау үшін инвестициялық штаб 2021-2025 жылдарға арналған жобалар пулын қалыптастырды. Пулға жалпы сомасы 1,9 триллион теңгені құрайтын 174 жоба енгізілді. Екінші міндетті іске асыру үшін Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп салалық жобаларды анықтау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, Екібастұз қаласындағы индустриялық аймақты және «Павлодар» арнайы экономикалық аймағындағы жобаларды дамытудамыз. Жыл басынан бері жалпы сомасы 112 миллиард теңгені құрайтын 9 жаңа жоба жүзеге асырылды, - дейді С.Нүркімбаев. Бұл бағытта проблемалар да жоқ емес. Мәселен, көп жағдайда инвесторлар өз жобасына қажетті техникалық шарттарды орындауға құлықсыз екен. Бұл ретте, аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов осы және басқа да проблемаларды шешу өңірлік инвестициялық штабтың міндеттерінің бірі екендігін еске салды.

- Біздің міндетіміз – инвестицияларды тартуға байланысты бизнес үдерістерді оңтайландыру. Өңірге келген инвестор жобаны жүзеге асыру үшін дайындық жұмыстарын көруі қажет. Жыл сайын техникалық шарттарды алу, жер мәселесі және басқа да қиындықтарға тап боламыз. Инвестицияларды тарту үдерісінің әрбір қатысушысы рұқсаттар мен шешімдер беру кезінде бұл рәсімдерді жеңілдетуге тырысуы қажет, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Көмір бағасы өспесін!

Жиында облыс бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары да сөз болды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Салхановтың мәліметінше, биыл өңірде жылу желілерінің 12,4 шақырымы жөндеуден өтуі қажет. Бүгінде 5,6 километр жылу желілері жаңартылған.

- Облыс орталығында салынып жатқан №42 жылу магистралі мен №6 сорғы станциясының құрылысы 15-інші қыркүйекте аяқталуы тиіс. Аталған жобалар қысқы маусымда жылу мәселелерінің азаюына мүмкіндік беретіні сөзсіз, - деді Ержан Салханов. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өткен қысқы маусымда аймақта жылыту жүйесі төмен деңгейде жүргізілгенін айтты.

- Сапалы дайындық жұмыстарын жүргізіп, коммуналдық қызметтермен бірлесіп жұмыс атқару аса маңызды. Олардың апаттық бригадалары алдағы жылыту маусымына сақадай сай болуы керек, - деді Ә.Сқақов. Өткен қыста жылу мөлшері аз болған облыс орталығын-дағы көпқабатты 319 үйге биыл «Павлодар жылу желілері» ЖШС қызмет көрсетеді. Шаһар басшысы Асайын Байхановтың айтуынша, кәсіпорын проблемалы үйлердің үйішілік желілерімен де айналыспақ.

- «Тиісті кесте бекітіліп, аталған үйлердің тұрғындарымен жиналыстар өткізілді. Жылыту маусымына дейін үйлердің үштен екі бөлігін орталық жылыту жүйесіне қосу және әзірлігін тексеру үшін барлық үдерістердің мерзімін барынша қысқарттық», деді А.Байханов. Әбілқайыр Сқақов қыс мезгіліне қалалар ғана емес, ауылдық аймақтар да әзір болуы қажеттігін еске салды. Бірінші кезекте мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандарға көмір жеткізілуі тиіс. Сонымен бірге, әкім қатты отынның бағасын қолдан көтеруге тосқауыл қоюды тапсырды. Көмір бағасы өткен жылмен бір деңгейде болуы маңызды.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ


Количество показов: 440

Возврат к списку