«Жаңа кәсіптер атласы» нені көздейді?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

«Жаңа кәсіптер атласы» нені көздейді? 05.10.2021

«Жаңа кәсіптер атласы» нені көздейді?

Заман өзгеріп, қоғам жаңарған сайын бүгін тұтынып жүрген заттарымыз бен айналысатын істеріміз ертең ескіріп қалатыны - айқын құбылыс. Уақыттың өтуіне байланысты өзгеріске ұшырап отыратын құбылыстардың бірі – мамандықтар. Осы ретте, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жаңа кәсіптер атласы» жобасы іске асырылуда. Осы жоба аясында жергілікті колледждердің оқу бағдарламасына 13 түрлі жаңа мамандықты енгізу жұмысы жүргізілуде. Бұл қандай мамандықтар? Жаңа кәсіпті игерген жастар қайда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады? Осы сұрақтарды облыстық білім беру басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Мақсат Нығмановқа қойдық.

- Мақсат Сейіткенұлы, жаңа салаларды үйретуге бағытталған «Жаңа кәсіптер атласы» жобасы қалай жүзеге асырылуда?

- Бұл жоба әр өңірдің экономикасына, еңбек нарығына және жұмыс істейтін кәсіпорындарға ыңғайланып құрылған. Жалпы, біздің өңірдің экономикасына сәйкес 40 түрлі жаңа мамандық енгізілген. Бірінші кезеңінде аталған жаңа кәсіптердің 13 түрін оқыту жоспарланған. Алдымен орта оқу орындарына сынақ ретінде енгізіп, элективті пәндер арқылы оқыту көзделген. Қазір коллдждердің оқыту жоспары қайта қаралуда. Сонымен қатар, осы мамандықтарды меңгерген жас мамандарға қандай құзіреттілік берілетіні нақтылануда. Алдағы уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігінің мамандықтар классификаторына енгізіліп, жеке шифр-коды берілсе, онда оқытқан колледждердің барлығы жеке-жеке диплом бере бастайды.

- Осы ретте оқытылатын жаңа мамандықтардың бағыты мен атауларын атап өтсеңіз...

- Жергілікті үлкен кәсіпорындарға арналған сенімділік менеджері, процестерді автоматтандыру, қалдықтарды өңдеу бойынша технологі, «ақылды» қосымшалар инженері сынды мамандықтар пайда болады. Одан бөлек ақпараттық технология және жаңа медиа саласында SMM-менеджер немесе интернет маркетологі деген мамандықтар оқытылады. Бұған дейін мұндай саланы жастар өз беттерімен үйреніп, табыс табуға көшкенін білесіздер. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында сұранысқа ие агроном-эколог мамандығы да бар. Аталған жаңа кәсіптерді меңгеріп шыққан мамандар өндіріс саласында және өндірістегі құрал-жабдықтарды басқару бағытында, кәсіпорындардың IT технология бөлімдерінде, тамақ өндірісі салаларында қызмет істеуге болады. Түпкі мақсаты - болашақта жұмыс берушілер тарапынан осындай мамандықтарға сұраныс артады деген болжаммен қолға алынған жоба.

- Аталған жаңа мамандықтарды біздің облыста қандай колледждер оқытуы мүмкін?

- Жаңа мамандықтар Павлодар химия-механика колледжі, машина жасау колледжі, ақпараттық технологиялар колледжі, Ақсу қараметаллургия колледжі, Жаяу Мұса атындағы көп профильді колледжі және ИнЕУ-дің жоғары колледжі сынды оқу орындары оқытатын болады. Сонымен қатар, университет бағдарламасына да енгізу жоспарланған. Бірақ, оны жүзеге асыру жұмыстарымен ҚР Білім және ғылым министрлігі айналысады.

- Оқулықтар дайын ба?

- Министрлік бұл жобаны өңірлерге ұсынып, жүзеге асыру жөнінде тапсырма берген кезде осы мәселені бірден көтерген едік. Себебі, оқулық мәселесі қашан да күрделі. Тіпті, оқытатын оқытушылар да жоқ деуге болады. Қазір осы екі мәселені шешу жұмысы жүргізілуде. Яғни, бұрыннан бері сабақ беретін оқытушылар арнайы курстардан өтіп, жаңа мамандықтар бойынша сабақ үйретуге дағдыланады.

- Ақпаратыңызға рахмет!

 

Әңгімелескен – Тілеуберді САХАБА.



Количество показов: 513

Возврат к списку