Жаңа мамандықтарға сұраныс жоғары

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  90

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  92

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  92

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  91

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  103

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  115

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  90

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  91

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  83

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  87

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  89

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  88

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  194

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  219

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  190

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  204

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  243

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  191

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  242

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  189

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  187

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  194

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  220

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  205

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  210

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  192

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  199

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  206

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  223

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  408

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  415

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  449

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  448

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  472

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  441

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  437

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  427

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  391

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  455

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  472

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  547

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  730

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  578

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  488

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  565

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  508

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  650

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  590

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  752

Айлық аз
11:25 12.05.2022  630

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  588

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  628

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  580

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  689

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  559

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  627

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  658

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  785

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  558

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  569

Жаңа мамандықтарға сұраныс жоғары 05.05.2022

Жаңа мамандықтарға сұраныс жоғары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына үлкен міндет қойғаны белгілі. Елімізде автоматтандыру, цифрландыру жүйелерін енгізу үрдісі кең етек алған уақытта заманауи технологиядан ауылшаруашылық саласы да шеткері қалмауы тиіс. Бұл ретте, жастарға кәсіптік-техникалық білім беру, нарық қатынастарын орнықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық саланы жандандыру, білікті кадрлар даярлауда білім беру мекемелері үлкен рөл атқарады. Осындай қабырғалы білім ордасының бірі - «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжіне биыл 55 жыл толып отыр. Мерейтойға орай жарты ғасырдан астам тарихы бар аталмыш колледждің директоры Айгүл Сембайқызымен сұхбаттасуды жөн көрдік.

- Қазіргі таңда колледжде қанша студент білім алуда? Олардың ішінде қанша «серпіндіктер» бар?

- Бүгінгі таңда «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі» КМҚК – «Ветеринария», «Агрономия» сияқты сұранысқа ие ауылшаруашылық мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін өңірдегі жалғыз техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы болып табылады. Колледждегі шәкірттер саны облыстың өзге аграрлық колледждерінің контингентінен асып түседі. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс ұлғаюда. Сонымен қатар, жоғары және бірінші санатты оқытушылар үлесінің ұлғаю үрдісі байқалады. Білім беру ордасының материалдық-техникалық базасы заманауи жабдықтармен жарақталған. Студенттер контингенті 835 адамды құрайды. Оның ішінде күндізгі оқуда – 820, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 703, мемлекеттік тілде 371 студент білім алуда. Дуалды оқыту негізінде «Ветеринария» және «Агрономия» мамандықтары бойынша 114 студент оқиды. Мұнда студенттердің білім алуы мен тұруы үшін барлық жағдай жасалған. Барлық студенттер үшін жайлы жатақханада тегін тұру, асханада тамақтану мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, барлық студенттерге стипендия және жол ақысы төленеді. «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша колледжде «Ветеринария» мамандығы бойынша 25 студент білім алуда.

- Колледждің техникалық базасы қалай?

- Колледждің материалдық-техникалық базасы жоғары білікті кадрларды даярлау үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Колледжде ТМД елдерінің колледждері арасында баламасы жоқ ветеринариялық оқу-зертханалық кешені бар. Онда кез келген ветеринариялық операциялар және жануарларға УДЗ жүргізіледі. Сондай-ақ, жануарларға арналған стоматология жұмыс істейді. «Жас маман» мемлекеттік жобасы аясында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» зертханасы қалпына келтірілді. Зертханаға күрделі жөндеу жүргізіліп, заманауи жабдықтар сатып алынды. Бұдан әрі бұл зертхана «WorldSkills» стандарттары бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіби шеберлік Чемпионаттарын өткізу үшін өңірлік алаңға айналады. Оқу-материалдық базаны жаңғырту «Worldskills» форматында кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін заманауи құзыреттілік орталықтарын құруға мүмкіндік берді.

- Колледж қандай ауылшаруашылық, өнеркәсіптік кешендерімен байланыста?

- Әлеуметтік серіктестік шеңберінде өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарының кәсіпорындары мен колледж арасында кадрларды даярлау, оқытушылардың біліктілігін арттыру, кәсіптік практиканы ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы
140 шарт жасалды. Мысал үшін, «Абай» ЖШС, «Ақтоғай» ЖШС, «БИК» ШҚ, «Галицкое» ЖШС, «КеңеѕАгро» ШҚ, «Киров» ЖШС, «Павлодар ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Дәнекер» ШҚ сынды ірі кәсіпорындармен, шаруа қожалықтарымен келісімшартымыз бар. Одан бөлек, қалалар мен аудандардың ветеринарлық станциялары, қаланың ветеринарлық клиникалары сияқты кәсіпорындармен тығыз байланыстамыз. Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп барлық мамандықтар бойынша оқу процесінің кестелері мен оқу-жұмыс жоспарлары әзірленеді және бекітіледі. Сондай-ақ, біліктілік және аттестаттау комиссиялары өткізіледі. Колледжде білім алушылардың өндірістік оқудан және ақылы кәсіптік практикадан өту мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Студенттердің орташа еңбекақысы 80 мың теңгені құрайды.

- Түлектердің жұмыспен қамтылуы қалай жүзеге асуда?

- Ауыл шаруашылығы саласының кадрларына өңірлік қажеттілікті ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өткен жылдармен салыстырғанда 41 пайызға ұлғайды. Соңғы 3 жылда аграрлық сектор үшін 449 кадр дайындалды. Студенттердің жұмыспен қамтылуы жалпы 84 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз - жұмыспен қамту көрсеткіші 100 пайыз деген сөз. Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап колледжде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 91 студент білім алуда.

- Білім беру ордасында қанша ұстаз бар? Кадрлар жеткілікті ме?

- Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің саны 104 адамды құрайды. Оның ішінде штаттық – 74, жоғары және бірінші санатты – 38 қызметкер бар. Жыл сайын педагогтар кәсіпорын базаларында тағылымдамадан өтеді.

- Студенттердің бос уақыты қалай қамтылады?

- Колледжде студенттердің «Агрономия», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша жеке оқу жер алқаптары бар. Онда студенттер дәнді дақылдарды өсіру технологиясы бойынша практикалық дағдылар алады. Сондай-ақ, ашық топырақта көкөніс дақылдарын өсіреді. Сонымен қатар, студенттерге тәрбие жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Колледжде студенттер түрлі спорт секцияларына белсенді түрде қатысады. Оқу кезеңінде колледж базасында спорттық іс-шаралардан жарыс өткізу дәстүрге айналған. Студенттер волейболдан, баскетболдан, тоғызқұмалақтан, футболдан жүлделі орындарға ие. Білім беру ордасында 2 республикалық дебат турнирі өткізілді. Сондай-ақ, колледжде құрылған студенттердің ерікті бірлестігі, дебат клубы, құқықтық білімді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау үшін түрлі үйірмелер бар. Оқу қабырғасында 80 ерікті студенттен тұратын еріктілер клубы жұмыс істейді.

- Колледждің тарихына тоқтала кетсек...

- Колледж 1967 жылы Красноармейка ауылшаруашылық техникумы ретінде құрылған. Ол тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінен басталады. Красноармейка бекетінің маңында тың игеру жылдары «Кубан» совхозы бар-тын. Одан кейін бұл жерде топырақты эрозиядан қорғау бойынша Павлодар тәжірибе станциясы ұйымдастырылды. Директоры болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Лениндік сыйлықтардың лауреаты Георгий Берестовский тағайындалды. Оның ұсынысы бойынша Красноармейка ауылында агрономдар даярлау үшін ауыл шаруашылығы техникумын құру туралы мәселе қаралды. Техникумның бірінші директоры Амен Елубаев болды. Бүгінгі таңда Павлодар облысында ауыл шаруашылығын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, еңбек нарығында белсенді шараларды іске асыруға, білікті кадрлар даярлауға аталмыш колледж орасан зор еңбек етуде. Павлодар облысы білім беру басқармасының бұйрығы бойынша колледж агроөнеркәсіптік кешен мен кәсіпорындарды білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстың барлық аграрлық колледждері үшін әдістемелік база болып белгіленді. Ал, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша Павлодар облысының 29 колледжі арасында «ERTIS» жоғары инновациялық аграрлық колледжі» КМҚК рейтинг бойынша 4-орынды, аграрлық колледждер арасында 1-орынды иеленді.

- Студенттер аграрлық саладан бөлек қандай мамандықтар бойынша білім ала алады?

- Қазіргі таңда студенттер «Ветеринария», «Агрономия», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», сондай-ақ, бағдарламалық қамтамасыз ету, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, дәнекерлеу ісі, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша білім алуда. Әлемдік тәжірибені зерделеу және пайдалану мақсатында Павлодар облысының әкімдігі мен «DEULA-Nienburg» неміс ауыл шаруашылығы академиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Оның шеңберінде студент-тердің өндірістік практикаларын өткізуді, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен тағылымдамаларын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделген. 2021 жылдан бастап колледж агроном-эколог мамандығын енгізу бойынша «Жаңа кәсіптер атласы» жобасына қатысады.

- Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз...

- «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ветеринария» мамандықтары бойынша «AgroErtis» құзыреттілік орталықтарын ашу жоспарымызда бар. Сондай-ақ, студенттердің жобаларын, стартаптарын әзірлеу мақсатында «Аgrohab» қолдау орталығын құрмақпыз. Ол жерде студенттерге өзін–өзі жетілдіруді жүзеге асыруы үшін, сондай-ақ, бизнесті дамыту бойынша шеберлік-кластар өткізілетін болады. Сонымен қатар, орта білімнен кейінгі білім беру лицензиясына қосымшаны алу жоспарлануда. Атап айтқанда, «Ветеринария» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат енгізілмек.

- Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан - Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

 


Количество показов: 641

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  90

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  92

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  92

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  91

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  103

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  115

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  90

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  91

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  83

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  87

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  89

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  88

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  194

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  219

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  190

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  204

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  243

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  191

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  242

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  189

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  187

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  194

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  220

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  205

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  210

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  192

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  199

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  206

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  223

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  408

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  415

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  449

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  448

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  472

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  441

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  437

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  427

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  391

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  455

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  472

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  547

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  730

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  578

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  488

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  565

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  508

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  650

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  590

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  752

Айлық аз
11:25 12.05.2022  630

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  588

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  628

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  580

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  689

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  559

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  627

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  658

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  785

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  558

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  569

Раздел не найден.