Жаңа оқу жылына әзірлік

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  38

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  38

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  262

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  301

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  320

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  401

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  374

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  398

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  421

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498

Жаңа оқу жылына әзірлік 13.08.2022

Жаңа оқу жылына әзірлік

Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Ата-аналардың басым бөлігі дүкен аралап, балаларына мектеп формасын, кеңсе тауарларын алуға әзірлікті әлдеқашан бастап кетті. Ал облысымыздағы білім беру нысандарының дайындығы қандай? Оқу бағдарламасында жаңашылдықтар бар ма? ҚР Үкіметінің №64 Қаулысында не өзгерді? «Мектепке жол» акциясы аясында көмекті қалай алуға болады? Осы және оқырмандардан түскен өзге де сауалдарды ескере отырып, «Saryarqa samaly»-ның Instagram-дағы парақшасында «Онлайн желі» ұйымдастырдық. Тікелей желі қонағы - облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина.

- Самал Оспанқызы, жаңа оқу жылына дайындық қалай жүріп жатыр?

- Жалпы, 25 мамырдан соң барлық білім мекемелерінде жаңа оқу жылына дайындық науқаны басталады. Қазіргі күні оқу жылына әзірлік өзінің тәртіп, реттілігімен жүріп жатыр. Бүгінгі таңда күрделі жөндеу, мектептерге оқулықтарды тасымалдауға қатысты жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде әлеумет-
тік осал топтағы балаларға көмек беріліп келеді. Мұғалімдердің дайындығына келер болсақ, өңіріміздің педагогтары дәстүрлі Тамыз конференциясындағы секциялық жобаларға қатысуда. Бұл өткен оқу жылы мен алдағы оқу жылындағы жаңа міндеттерге бағытталып отыр.

- Білім саласына енгізілген өзгерістер туралы айтып өтсеңіз...

- Оқу науқанына дайындық барысында өткен аптада «Мектепке жол» акциясын бастап кеттік. Мұның бастамасы ретінде Павлодар қаласындағы Оқушылар сарайының алдында үлкен жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл тек қана кәсіпкерлер тарапынан төмен бағадағы киімдер, оқуға қажетті құралдарды сату емес, балалар мен олардың ата-анасы логопедтардан, психолог мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Тұрғындардың барлығы облыс, аудан орталықтарына келіп, сауда жасай алмайды. Сол себепті, білім басқармасының бастамасымен арнайы автобус жолға шығып, ауылдық аймақтарда да жәрмеңке өткізу жоспарлануда. Аталған жобалар оқу жылына арналған ірі жұмыстар болып табылады. Сонымен қатар, дәстүрге сай күнделікті жұмыстар да ретімен орындалып жатыр. Сондай-ақ, 19 тамыздан бастап білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу қағидаларына өзгерістер енеді. Енді ата-аналар баланы мектепке дайындау үшін қажетті тауарларды өз бетінше сатып ала алады. ҚР Үкіметінің №64 Қаулысына сәйкес әлеуметтік қорғалмаған, жан басына шаққандағы табысы төмен отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балақайларға материалдық көмек беріледі. Бұл көмекті алуға өтінімдер оқу жылына бір рет қабылданады. Жаңа ережелер бойынша материалдық көмек бірреттік ыстық тамақ түрінде, мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға ақшалай беру арқылы көрсетілетін болады. Еске салайық, ата-аналар оқу орнына көмек аударылатын кез келген банктің шотының болуы туралы анықтама ұсынуы қажет. Бірақ, 19 тамызға дейін күтпеу үшін ата-аналар жергілікті мектепке барып, басшылығына немесе әлеуметтік педагогтарға жүгінуіне болады. Атап өтер болсам, қаулыға өзгеріс енгізілмеген уақытқа дейін көмекті киім-кешек, құрал-жабдықтармен алған оқушылар бар. Оларға екі рет бірдей көмек көрсетілмейтінін ескерген жөн. Егер бір отбасының баласына кеңсе тауарларын беріп, белгіленген қаражат артылған болса, ата-ана сол артылған қаражатқа арнайы өтініш жазып, қандай көмек қажет екенін жаза алады. Сондықтан, мұны әр балаға жеке талдап жазу қажет. Негізінен, осыған қатысты республикада бекітілген күнкөріс шегі бар. Қазіргі уақытта ол 43616 теңгені құрайды. Шотқа ақша түскен соң, ата-аналар 145 жұмыс күні ішінде мектепке түбіртектерді, төлем туралы чекті және сатып алынған тауарлардың фотосуреттерін ұсынады. Яғни, қаражаттың мақсатты түрде пайдаланылғанын құжатпен растау керек. Ал оқу мазмұнына келер болсақ, көркем еңбек сабағы екіге жіктеліп отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде білім беретін мектептерде 1-сынып үшін орыс және ағылшын пәндері оқытылмайды. Жоғары сыныптар үшін құзыреттілік сынды сағаттар енгізіледі. Бұл әлемде орын алып жатқан жаңалықтар, медиасауаттылық және оқушылардың өзін-өзі ұстауы сынды тақырыптарды қамтиды. Міне, осындай жаңашылдықтармен жаңа оқу жылын бастамақпыз.

- Биыл қанша бала 1-сыныпқа қадам баспақ?

- Бүгінгі күні облысымызда 112 мыңға тарта оқушы білім алуда. Оның ішінде 11 400 баланы 1-сыныпқа қабылдауды жоспарлаған болатынбыз. Қазіргі кезде толық 6 жасқа толған және ағымдағы жылы 6 жасқа толатын 10 994 бала қабылданды. Бұл 96,4 пайызды құрайды. Өздеріңізге белгілі болғандай, бірнеше жыл қатарынан 1-сыныпқа қабылдау egov.kz жүйесі арқылы өткізілуде. Өтініштер 1 сәуір мен
1 тамыз аралығында қабылданды. Осы уақыт аралығында өңіріміздегі 355 жалпы білім беру мектептеріне балғындар тіркелді. 10 994 баланың 4 676-сы мемлекеттік тілде білім аламыз деп ниет білдірді. Әрине, бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жалғасатыратын боламыз.

- Биыл «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша неше білім мекемесі жөндеуден өтті?

- Бүгінде облысымызда мектептердің жөндеуі «Заманауи мектеп» бағдарламасымен ғана емес, «Ауыл – ел бесігі» бойынша да жүруде. Жалпы, 46 нысанда күрделі жөндеу жүргізілуде. Ал нақты «Заманауи мектеп» өңірлік жобасы шеңберінде Павлодар қаласында №9 гимназия, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп, Ақсу қаласындағы №4 мектеп пен Екібастұз қаласындағы №24 мектепте жөндеу өтуде. Бұл ғимараттағы белгілі бір аймақты ғана жөндеу емес, толық құрылысты қамтиды. Мердігер ұйымдар құрылыс уақытын ұзартуды сұраған. Біз қыркүйек айына дейін аяқтауды талап еттік. Жөндеулер өткен оқу жылының 4-тоқсанынан басталған болатын. Сәйкесінше, облысымыздағы ірі білім беру мекемелерінің арасынан жөндеуді қажет етіп тұрған мектептерді таңдауға тырыстық.

- Мұғалімдер белгілі бір уақыт сайын біліктілік сынағынан өтеді. Сынақтан өтіп жатқан педагогтардың нәтижесі қандай?

- Жалпы, мұғалімдер өтетін бірнеше тестің түрлері бар. Ол қатарда біліктілік санатын арттыруға қатысты, мектепке қабылдау алдында педагог ретінде сынақтан өтуі, жоғары оқу орнын енді тәмамдаған жас мамандарға арналған тестері де бар. Педагогтар тарапынан нәтижелерге байланысты олқылық жоқ деп есептеймін. Қазіргі өзгермелі уақытта заманға сай маман болуымыз шарт. Мұның барлығы дамуға, ізденуге, қосымша дүниелерді меңгеруге әкеледі. Қазіргі күні облыс көлемінде
773 педагог аттестациядан өтті.

Алтынбек, Павлодар қаласы:

- Мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстарына деп ата-аналардан қаражат жинау қаншалықты заңды?

- Өте орынды әрі жиі қойылатын сұрақ. Ата-аналар тарапынан қаражат мүлдем жиналмауы қажет. Мұндай жағдай орын алса, жергілікті білім беру ұйымы басшылығына немесе облыстық білім басқармасына жүгінулеріңізге болады. Атап өтер болсам, әр сәрсенбі күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін жеке қабылдау өткіземін. Тұрғындар тарапынан жеке сұрақтар немесе жаңағыдай өтініш-ұсыныстарыңыз болса, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32 мекенжайында орналасқан 314-кабинетке келулеріңізге болады.

- Сіздің қабылдауыңызға қандай сауалдар бойынша жиі жүгінеді?

- Облыстық білім беру басқармасына басшы болып келгеніме 3 аптадай уақыт өтті. Осы уақыт аралығында байқағаным, мұғалімдер тарапынан жұмысқа орналасу конкурсы, одан өту, талаптарды жете түсіндіру бойынша сұрақтар көп. Сондай-ақ, әлеуметтік осал топтан шыққан балаларға атаулы көмек көрсету жөнінде де сауалдар түсіп жатыр.

- Өңірде кадр тапшылығы байқала ма?

- Жаңа оқу жылына балаларды қарсы алатын педагогтардың сақадай сай болуы - маңызды дүние. Бірақ, бұл тұста үлкен мәселе бар. Бірнеше жылдан бері орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мамандары жетіспейді. Орыс мектептеріндегі бастауыш сынып мұғалімдері мен математика, физика пәндерінің педагогтары тапшы. Бүгінде білім беру басқармасы Павлодар педагогикалық университетімен тікелей жұмыс істейді. Өңір студенттерінің өзге аймаққа ауыспауы, оларды облысымыздағы білім мекемелеріне жұмысқа орналастыру, таныстыру бойынша шаралар ұйымдастырылады. Сәйкесінше, олар Ұлттық тестілеу орталығында біліктілік санатын арттыру бойынша сынақтан өтеді. Одан өзге «Серпін», «Көші-қон» бағдарламалары аясында келіп жатқан педагогтар да бар.

- Мектептерде кәсіби бағдар беру мамандарының жұмысы қалай жүруде?

- Биылдан бастап өзін-өзі тану пәні мектеп бағдарламасынан алынды. Оның орнын кәсіби бағдар беретін ұстаздар алмастырмақ. Осыған байланысты ERG компаниясымен меморандумға отырып, бүгінде мұғалімдерді оқытудамыз. Кейбір мектептерде бұл профориентатор міндетін педагог-психологтар, ал жалпы орта білім беру мектептерінде, гимназия-лицейлерінде өзін-өзі тану маманы жүргізетін болады. Оған қоса, кәсіптік және техникалық оқу білім бөлімдерінде «Мамандықтар атласы» жасалған. Арнайы бағдарлама көмегімен 7-сыныптан бастап оқушылар бүгінде заманауи әрі сұранысқа, жоғары талапқа ие болатын мамандықтар тізімімен таныса алады.

- Өткен оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері қандай? ҰБТ бойынша үздік көрсеткіштер бар ма?

- Былтыр облысымызда 4333 түлек мектеп бітірді. Оның 3698-і ҰБТ тапсырды. Жалпы, 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу, орташа ұпай сандары, әрбір мектептегі оқушы қандай деңгейде деген сынды талаптардан арылдық. Бүгінгі таңда балаларға оқу дербестігі берілді. Олар өздігінен ҰБТ тапсырады. Негізінен, жылдан жылға ҰБТ тапсыруға ниетті үміткерлер саны артып келеді. ҰБТ-ға оқу-
шылар өздері баратын болғандықтан, біз білім беруші ретінде кеңес айтып, бағыттаушы қызметінде боламыз. Бірнеше жылдан бері ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізі-
ліп жатқаны белгілі. Мұғалімдеріміз де осы қағидат бойынша сынақтан өтеді. Яғни, педагогтар да, оқушылар да тесте ашық түрде білімін тексереді. Биыл Баянауыл ауданының екі түлегі 134 ұпай жинап, жоғары көрсеткіш көрсетті. Алғашында 1 мәрте тапсыру құқығы болды. Қазір ҰБТ-ны 4 рет тапсыра алады. Олар бұрынғы психологиялық кедергіні жеңіп, өзін-өзі жаттықтырып, аудиторияны сезіне отырып, тестке дайындықтан да өте алады. Бұл өте дұрыс жасалған шешім деп білемін.

Сәнім, Май ауданы:

- Оқу жылының ұзаруы мүмкін бе? Мектеп формасында өзгеріс бар ма?

- Жоғарыда білім саласындағы негізгі өзгешеліктерді атап өттім. Аталған тәртіппен жұмыстар жалғасатын болады. Қазіргі кезде қомақты өзгерістер жоқ. Оқу жылының ұзақтығы туралы мәселе әлі де талқыланып жатыр. Біз бес күндік оқыту жүйесіне көштік. Аптаның алтыншы күні баланың қосымша білім алуына, мектепішілік не болмаса ақылы үйірмелеріне бару үшін бағдарланған. Сол себепті, бір күннің қысқару нәтижесінде сабақ саны ұлғайды. Сондықтан, оқу жылын ұзарту әлі де талқыланады. Бүгін не ертең қабылданады деген шешім жоқ. Тағы бір мәселені атап өтуім керек. Мектепке дейінгі мекемелерді лицензия-
дан өткізу, ваучерлік қаржыландыруға байланысты сауалдар көп түсуде. Бұған қыркүйектен бастап ауысу талабы қойылып отырған жоқ. Бұл да жыл бойы сарапталады. Мектеп формасына қатысты арнайы ереже бекітілмеген. Жылдағыдай қою көк түсті форма. Мектептің эмблемасын тағу міндетті болып табылмайды. Яғни, бұрынғы мектеп формасына қатысты талаптар сақталады.

«Онлайн желіні» жүргізген – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.


Количество показов: 683

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  38

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  38

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  262

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  301

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  320

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  401

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  374

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  398

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  421

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498