Жаңа қоныс қуанышы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Жаңа қоныс қуанышы 21.12.2021

Жаңа қоныс қуанышы

Майқайың кентінің тұрғындары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесін ерекше қуанышпен қарсы алды. Ұлық мерекеге орай ұйымдастырылған мерекелік шара барысында үй кезегінде тұрған 10 отбасыға жаңа баспананың кілті табыс етілді.

Шараға Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов қатысып, тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстап, оларды отбасылық қуаныштарымен құттықтады. Жаңа салынған, әрқайсысы екі пәтерлі бес тұрғын үйге бұрыннан үй кезегінде тұрған азаматтар қоныстанды. Олардың қатарында аз қамтылған, көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, жалғыз-басты аналар бар.

- Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесін жаңа үйде қарсы алу өлшеусіз қуаныш екені белгілі. Міне, осы көңіл-күйді Майқайың кентінде үйлі болған тұрғындардың көздерінен көріп отырмыз. Жаңа үйлердің іргетасы өткен жылы құйыла бастаған. Құрылыс жұмыстарын мамандандырылған құрылыс фирмасы – «ПромТехСтрой-ПВ» ЖШС жүргізгендіктен, сапасында кемшілік болмайды деп сенеміз. Тұрғындар жаңа үйге қоныстанған күні қоршауын орнататын болады. Себебі, бұған дейін иен тұрғандықтан, қоршауын тартқан жоқ. Еліміздің ең ұлық мерекесі қарсаңында үйлі болған тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтаймын, - деді Қанат Сәрсенұлы. Аудан әкімінің сөзінше, ауданда кезекте тұрған отбасыларды баспанамен қамту мақсатында бюджеттен 168 млн теңге бөлінген. Осы қаржыға аудан орталығы мен Майқайың кентінде және Ақсаң, Бірлік ауылдарында 23 пәтер салынып, кезек күткен тұрғындарға үлестірілді. Қазіргі таңда Баянауыл, Торайғыр, Ұзынбұлақ сынды ауылдарда жаңа пәтерлер бой көтеруде. Майқайыңда пайдалануға берілген жаңа пәтерлердің әрқайсысы үш бөлмелі. Үйлер қаланың сәулет үлгісімен салынып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Есіктері мен терезелері, су және жылу құбырлары пласти-калық материалдарынан қойылған. Тұрғындарға жалдамалы баспана ретінде берілген, бес жылдан кейін жекешелендіріп алуға болады. Тәуелсіздік мерекесімен қатар қоныс тойын тойлағандардың қатарында көпбалалы Гүлнәр Әбжанованың отбасы да бар.

- Біз көпбалалы отбасы ретінде үй кезегіне тұрған едік. Себебі, бұған дейін пәтер жалдап жүрдік. Отбасымызда жолдасым ғана жұмыс істейді. Мен бала күтіміндемін. Үй алу кезегіміз де көп кешіккен жоқ, бүгін баспана кілті қолымызға тиді. Негізі, жаңа қонысқа тұп-тура Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында көшеміз деп ойлаған жоқ едік. Қуанышымызда шек жоқ. Әсіресе, балаларымның көптен күткен арманы орындалды. Аудан және кент басшылығына алғыс айтамыз, - деді жаңа қоныс иесі Гүлнәр Әбжанова. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты. Еске сала кетейік, биыл Баянауылдың сегіз ауылына су құбыры тартылды. Бірлік, Алексеевка және Жаңажол ауылдарының жолы жөнделді. Ауданның кейбір ауылдарында ұялы байланыс сапасы сын көтермейтін еді. Биылғы жылдың соңында байланысқа қосылмаған жалғыз ауыл – Ақсаң елді мекені ғана қалып отыр. Ал келесі жылы Майқайың кенті 90 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Тілеуберді САХАБА, Баянауыл ауданы.


Количество показов: 884

Возврат к списку