Жаңа жүйе жетістікке жетелейді

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  423

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  410

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  419

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  406

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  417

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  400

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  467

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  438

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  437

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  483

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  452

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  485

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  449

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  493

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  510

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  569

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  534

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  541

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  639

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  649

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  560

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  640

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  629

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  568

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  642

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  567

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  815

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  720

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  730

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  708

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  715

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  735

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  630

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  702

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  728

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  839

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  732

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  833

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  825

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  825

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  803

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  818

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  781

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  891

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  932

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  932

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  874

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  867

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  880

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  884

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1142

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1113

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1010

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  872

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1018

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  880

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  938

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1174

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1163

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1127

Жаңа жүйе  жетістікке жетелейді 23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жақында іске қосылған ахуалдық-сараптамалық орталықтың жұмысын таныстырды. Бұл жүйе облыс аумағындағы тұрғындардың кез келген шағымын қабылдап, өзекті мәселелерді шешу және барлық саланы талдау мақсатында құрылған. Сондай-ақ, аймақ басшысы журналистермен жүздесіп, сауалдарына жауап берді.

 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Аймақтың айнасы

 

Облыс әкімдігінің бірінші қаба-тында ашылған орталық Павлодар облысының сараптамалық алаңына айналды. Мұнда 24 басқарманың мамандары өз салалары бойынша өңірдегі қалыптасқан жағдайды електен өткізіп, болжамдар мен талдауларды басшылыққа ұсынады. Бұл өз кезегінде облыстық деңгейде маңызды шешімдерді қабылдауға әсер етеді. Бастысы, аталмыш орталық тұрғындардың өтініш-шағымдарын дер кезінде өңдеп, оларға нақты жауап беруге бағытталған. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың сөзінше, жергілікті атқару органдарына өте көп ақпарат түседі. Олардың әрқайсысын қағаз жүзінде қабылдап, тиісті органдарға жіберу, қарастыру, талдау, шешім қабылдау айтарлықтай уақыт пен күшті қажет етеді. Осының барлығын бір ізге келтіру мақсатында ахуалдық-сараптамалық орталық құрылды.

- Біз жыл басында бірнеше ақпараттық жүйеге, соның ішінде 109 бірыңғай қызметіне қосылдық. Солардың бірі – «e-Otinish» жүйесі. Бастапқыда біздің облыста пилоттық режимде іске қосылып, кейін бүкіл ел көлемінде тараған бұл тәжірибе өз жемісін беруде. Атап айтқанда, тұрғындар аймақтың кез келген жерінен осы қосымша арқылы шағымын жолдай алады. Оны қарастыру қай маманға жүктелгені, қазір қай деңгейде қарастырылып жатқаны басшылықтың жіті назарында болады. Бұл жүйеге облыстық, аудандық, ауылдық әкімдіктер, басқармалар – барлығы 803 ұйым қосылған. Шағым оларға автоматты түрде түседі. Соның нәтижесінде өтініштерді қарау мерзімі үш есеге дейін қысқарды, - деді Ә.Сқақов. Сонымен қатар, ахуалдық-сараптамалық орталық мамандар әлеуметтік желілер арқылы түскен хат-хабарларды да назардан тыс қалдырмайды. Айталық, осы уақытқа дейін әлеуметтік желілерде жарияланған 9200 өтініш өңделді. Ал түптеп келгенде, жергілікті билік ғаламтордағы топтарда жарияланған арыз-шағымдарды қарастыруға міндетті емес. Себебі олар ресми түрде түскен өтініш болып саналмайды.

- Десе де, біз тұрғындардың басым бөлігі проблемаларын әлеуметтік желілерде жариялайтынын жақсы түсінеміз. Сондықтан мұнда көтерілген мәселелерден «бұл ресми шағым емес» деп сырт айналып кете алмаймыз, - деді Ә.Сқақов. Жаңадан құрылған орталық барлық салаға қатысты ақпаратты нақты уақыт режимінде қарап, соған қатысты ұсыныстар жасай алады. Мәселен, бүгінде Павлодар қаласындағы 10 мектепте үш ауысымдық оқыту мәселесі өзекті болып тұр. Облыс орталығында 8690 оқушы орнының тапшылығы байқалады. Жаңа мектептер мен білім беру орындарына қосымша ғимараттар салу арқылы биыл 1675, келесі жылы 2955 орын тапшылығы жойылады. 2025 жылға қарай бұл мәселе түбегейлі шешілуі тиіс.

- Біз үшін мектептердегі қауіпсіздік мәселесі өте маңызды. Сол себепті биыл облыс орталығындағы 49 мектепте бейнебақылау камералары қойылды. Жыл соңына дейін балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелері де бақылау камераларымен толық қамтылады. Кейін саяжайлар мен көше қиылыстары да жүйеге қосылады, - деді аймақ басшысы. Жалпы, статистикалық көрсеткіштер бойынша, бүгінде 1 бейнебақылау камерасына 1 мың адамнан келеді. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтілген соң 1 мың адамға 22 камера болады. Бұл құралдардағы бейнелер мен оған қатысты ақпараттың барлығы да ахуалдық-сараптамалық орталыққа түседі.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын бекітіп, соның аясында билік пен бұқараның арасы жақындай түскені белгілі. Енді ахуалдық-сараптамалық жұмыс арқылы біз азаматтарды тыңдап қана қоймай, оларды толғандыратын мәселелерді іс жүзінде көре алатын болдық. Бұл жұмысты жүйелендіруге оң әсерін берер деген сенім мол, - деді Ә.Сқақов.

Білікті мамандар аз

 

VNB_7457.jpg

Аймақ басшысы орталық таныс-тырылымынан соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен үстел басында кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Бұл ретте мемлекеттік аппаратты трансформациялау мәселесіне айрықша тоқталды. Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, 2023 жылдың соңына дейін өңірде мемлекеттік қызметшілердің 25 пайызы қысқартылады. Биылдың өзінде мемлекеттік органдарда еңбек ететін 321 қызметкер орнын босатуы тиіс.

- Бүгінде барлық дерлік салада еңбек ете алатын маман бар. Бірақ олардың қатарында кез келген мәселені шеше алатын білікті қызметкерлер аз. Өмірлік тәжірибем мемлекеттік қызметте, өндіріс орындарында, басқа да бағыттарда мықты маман атану үшін бірнеше жыл жұмсауға тура келетінін көрсетті. Біз тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін қызметтердің денін электронды форматқа ауыстырып жатырмыз. Десе де, жекелеген жағдайларда техника адам еңбегінің орнын баса алмайды, - деді Ә.Сқақов. Бұл ретте аймақ басшысы кейбір кәсіпорындардың жұмысын кадр тапшылығы мәселесі тежеп тұрғанын тілге тиек етті.

- Мен бизнес өкілдерімен жиі кездесіп, кәсіпорындарды аралаймын. Сол тұста кәсіпкерлердің барлығы мемлекет тарапынан қаржылай, басқа да қолдаудың барын алға тартады. Тек жеке ісін одан әрі дамыту үшін кадр жетпейтінін айтады. Өкінішке қарай, бұл – шындық. Сондықтан алдағы уақытта мұндай мәселелер қолбайлау болмас үшін «Жаңа мамандықтар атласын»
әзірледік. Бұл жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты таңдауға мүмкіндік береді. Сол сияқты жоғары оқу орындары жергілікті жердегі сұранысқа байланысты мамандарды дайындай алады, - деді облыс әкімі. Білікті мамандар туралы сөз қозғалған тұста биыл бірінші рет өткен ауыл әкімдерін сайлауға қатысты да пікір білдірді.

- Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – 30 жылда орын алған үлкен саяси реформа. Қазіргі таңда ауыл әкімдерінің алдында зор міндеттер тұр. Бұрынғыдай кабинетте отырып, құжаттарға қол қоятын уақыт келмеске кетті. Облыстағы сайланған ауыл әкімдері жұмысқа кіріскен соң бірден олармен онлайн-кездесу өткізіп, ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесіп, ортақ мәселелерді бірге талқылауды тапсырдым. Ахуалдық-сараптамалық орталықтың жұмысымен алғашқылардың бірі болып осы ауыл әкімдері танысты. Енді олар жыл соңына дейін елді мекенді дамытудың Жол картасын әзірлеуі тиіс. Соған қарап жұмысын бағалаймыз, - деді Ә.Сқақов.

 

Жүйелі жұмыс жалғасады

3.jpg

Ақпараттық жүйелерді пайдаланып, ахуалдық-сараптамалық орталыққа хабарларды жолдау үшін ұялы байланыс пен интернет желісі жақсы болуы тиіс. Бірақ әлі күнге дейін облыстың кей ауылдарында ғаламтор байланысының сапасы төмен. Кейбір елді мекендер жаһандық желіден мүлде жырақ қалған. Мұнда тұрғындардың саны 250 адамнан аз болғандықтан, мемлекеттік бағдарламалар арқылы желілерді жүргізу де қиын. Әбілқайыр Бақтыбайұлының айтуынша, бұл мәселе – жергілікті биліктің назарында. Қазіргі уақытта ауылдардың 97 пайызында интернет бар. Қалған 3 пайызында ғаламторды пайдалануға мүмкіндік жасап, сапаны жақсарту үшін құзырлы министрлікпен бірге тиісті жұмыстар атқарылуда. Алдағы бірнеше жыл дересінде ауылдардың бәрі бірдей жаһандық желімен қамтылуы қажет. Күн тәртібіндегі өзекті мәселе – жылумен қамту жағдайы да талқыланды. Аймақ басшысының айтуынша, бұл ретте монополист мекемелермен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Келесі жылы тұрғындар жаз бойы ыстық сусыз қалмас үшін да бірқатар шара қолға алынбақ. Арнайы құрылған комиссия энергия көздерін модернизациялау, жылу магистральдерін қалпына келтіру және аулаішілік желілерді жаңғырту бойынша жұмыс істейтін болады.

- Павлодардың жылумен қамту жүйесіне техникалық аудит жүргізілгенде көптеген сын-пікірлер айтылған болатын. Түптеп келгенде, бұл шара бізге станциялар мен жылу желілеріндегі кезек күттірмейтін проблемаларды анық-тауға және осы мәселе бойынша міндеттерді белгілеуге мүмкіндік берді. Мәселен, келесі жылдан бастап қала тұрғындарының көбі ыстық сусыз қалмауы үшін жөндеу бригадаларының санын арттыру арқылы желілердегі жұмыс мерзімдерін қысқарту жоспарда бар. Одан бөлек, «Павлодар жылу желілері» компаниясы жылу
параметрлері төмен көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсе-туге көшті. Алдағы уақытта орта-лықтандырылған жылумен қамту жүйесінің мәселелерін шешу үшін Үкімет пен монополистер арасында стратегиялық келісім жасауға мүдделіміз, - деді өңір басшысы. Бұл ретте құрылыс мәселесіне де мән берілді. Бүгінде Сарыарқа шағын ауданында тұрғын үйлерді салу ісі аяқталуға таяу. Одан соң Достық ауданын тұрғызуға баса мән беріледі. Әбілқайыр Бақтыбайұлының сөзінше, жаңа ауданда 10 мыңнан астам тұрғынға арналған пәтерлер, 500 орындық емхана, 2 мың балаға арналған оқу кешені (балабақша, мектеп пен қосымша білім беру мекемесі), оңалту орталығы, мұз сарайы, спорттық-сауықтыру кешен бой көтереді. Спорт демекші, кездесу барысында бұқаралық және кәсіби спорт, «Ақсу» футбол клубының жетістікке жету жолы мен «Ertis» командасының ендігі «тағдыры» да сөз болды.

- Біз барлық салаға талдау жүргізетінімізді жоғарыда атап өттім. Сол сияқты спорт мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Бүгінде 120 мың жеткіншектің 30 мыңы ғана спортпен тұрақты түрде айналысады. Егер 1 млрд 200 млн теңгеге қандай да бір кешен, нысан салар болсақ, мұнда тек 300 бала жаттығады. Сондықтан дәл осы соманы жан басына шаққандағы қаржыландыруға бағыттауды жөн деп шештік. Сол кезде 1,5-2 мың бала секцияларға тегін бару мүмкіндігіне ие болады. Футбол мәселесіне келер болсақ, бұған дейін 45 мың тұрғыны бар шағын қаладан бірінші лига чемпионы болған емес. Бұл – үлкен жетістік. Енді осы қалыптан таймай, жеңісті жолды жалғастыруымыз керек. Ал «Ertis» клубын мәжбүрлі түрде банкрот қылу, оны жабу мүлде жоспарда жоқ. Жанкүйер ретінде мені де аталмыш клуб мәселесі алаңдатады. Біз арнайы жоспар құрып, бір-екі жылдың дересінде оңалту шараларын жүргіземіз деген ойдамын, - деді облыс әкімі. Екі сағаттан астам уақытқа жалғасқан жүздесу барысында мемлекеттік қызмет, шағын және орта бизнес, өндіріс орындары мен тұрғын үйлер құрылысы, коммуналдық шаруашылыққа қатысты көптеген мәселе қозғалды.

- Пандемия – әлемдегі үлкен дағдарыс. Сондай-ақ, бұл кезең осы уақытқа дейін кеткен олқылықтарды анық көрсетті, жаңа талаптар қойды. Ендігі ретте өмір ағымына икемделіп, жаңа бағыттарды игеруге берілген мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалана білуіміз керек. Сонымен қатар, жаңа даму бағытын айқындап, елдің әл-ауқатын жақсартуға қолайлы жағдай жасау қажет. Бұл ретте жергілікті билік пен тұрғындар бірлесе әрекет етеді деп ойлаймын, -
деп сөзін түйіндеді Ә.Сқақов.

 

 


Количество показов: 630

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  423

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  410

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  419

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  406

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  417

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  400

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  467

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  438

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  437

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  483

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  452

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  485

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  449

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  493

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  510

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  569

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  534

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  541

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  639

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  649

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  560

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  640

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  629

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  568

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  642

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  567

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  815

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  720

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  730

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  708

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  715

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  735

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  630

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  702

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  728

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  839

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  732

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  833

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  825

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  825

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  803

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  818

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  781

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  891

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  932

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  932

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  874

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  867

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  880

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  884

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1142

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1113

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1010

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  872

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1018

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  880

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  938

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1174

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1163

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1127