Жаңарған мектеп - келешек мүмкіндігі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Жаңарған мектеп - келешек мүмкіндігі 25.12.2021

Жаңарған мектеп - келешек мүмкіндігі

Облыс орталығында 1963 жылы салынған №7 орта мектеп бүгінде адам танымастай өзгерді. Ұзақ жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген оқу ордасы биыл «Заманауи мектеп» өңірлік бағдарламасы аясында толығымен жаңарды. Енді балалар заманға сай жабдықталған, жайлы әрі жарық мекемеде білім нәрімен сусындауға асық. Бұған ата-аналар да дән риза.

Жайлылық - заман талабы

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың бастамасымен қолға алынған «Заманауи мектеп» өңірлік бағдарламасы бойынша аталған оқу орнына жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұрынғы ескі мектептің қабырғалары ғана қалып, іші толығымен жаңарды. Кіреберістен бастап, спорт, мәжіліс залдары, асхана, оқу кабинеттері, тіпті киім ілетін орын – барлығы да адам танымастай өзгерді. Құдды жаңадан салынған мектеп дерсіз. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы түгілі, былтырғы түлектердің өздері түлеп ұшқан ұясын «танымай» қалатыны анық. Мектеп директоры Халида Бекбосынованың айтуынша, «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына 720 млн теңге бөлінді.

- Бұған дейін мектепте ішінара, ағымдық жөндеу жұмыстары ғана жүргізілген еді. Мұндай ауқымды іс бұрын-соңды қолға алынған емес. Жаңғырту шарасының нәтижесінде мектептің қасбеті, едендері мен терезелері ауыстырылады. Су, электр энергиясы мен кәріз желілері де жаңарды. Қысқасы, білім алу мен еңбек етуге жайлы жағдай жасалды. Жаңарған мектепте оқуға құштар балалардың қызығушылығын, олардың ынта-жігерін көріп, көздеріндегі ұшқынды байқаған кезде біз де бір марқайып қаламыз, - дейді мектеп басшысы. Айта кету керек, оқу жылының соңында басталған жөндеу жұмыстары қараша айына дейін жалғасты. Сондықтан №7 мектептің оқушылары бірінші тоқсанда оқу-өндірістік кешен ғимаратында білім алды. Мердігерлердің ісін мектеп басшылығымен қатар ата-аналар да жүйелі түрде бақылады.

- Жазғы уақытта ата-аналар мұғалімдермен қатар құрылыс алаңында жүріп, мердігерлердің ісін қадағалады. Себебі балалардың жайлы жағдайда білім алуына ұстаздар ғана емес, ата-аналар да мүдделі болуы тиіс. «Жөндеу жұмыстары қараша айына қарай аяқталады» деген хабар жеткен тұста да түсіністік таныттық. Есесіне бүгінде балаларымыз заманауи оқу ордасында білім алып жүр. Сонау кеңестік кезеңнен бері жаңармай келе жатқан ескі құрал-жабдықтардың бәрі келмеске кетті. Соңғы талаптарға сай жабдықталған мектепте балалар өздерін үйдегідей сезінеді. Осындай игі істің бастамашысы болған аймақ басшысы Әбілқайыр Бақтыбайұлына, жұмыстың басы-қасында жүрген мектеп басшылығына айтар алғысымыз зор, - дейді Майра Жарқынбаева есімді тұрғын. Шынымен, шәкірттер атқарылған жұмысқа дән риза. Қазір үзіліс уақытында дәліздердегі жайлы орындықтарға отырып, әңгіме-дүкен құрады. Жаңа үйірмелер мен спорт секцияларына барады. Мәселен, балалардың талап-тілектеріне орай «7 студия» деп аталатын арт-орталық ашылды. Оқушылар осы жерде фото-видео түсірудің қыр-сырын меңгереді. Шағын роликтер түсіруге керек құралдардың бәрі бар. Яғни, бұрын-соңды болмаған арт-орталықта креативті идеяларын іске асыруға мүмкіндіктер жасалған. Айтпақшы, балалар бұрынғыдай ауыр сөмкелер тасымайды. Себебі әр сынып оқушыларына арналған шкафтар қойылды. Дене шынықтыру киімін, артық кітап-дәптерлерді сол жерде сақтауға болады. Бұл да – жаңғыру нәтижесінде келген жайлылық. «Елбасы медалі» мен «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының иегері Аружан Есжанова енді замандастарымен терезелері теңескенін айтады.

- Соңғы жылдары салынған мектептерге, заманауи талаптарға лайықталған лицей-гимназияларға барғанда қатарластарымызға қызыға қарайтын едік. Себебі олардың мектептері мен біздің мектептегі жағдайдың арасы жер мен көктей болды. Ал қазір біз білім алатын мекеме олардан еш кем емес. Ескі ағаш парталардың орнына ыңғайлы үстелдер қойылып, әбден тозығы жеткен қондырғыларды заманауи құралдар алмастырды. Қабырғалар ашық, жарқын түстерге боялып, үзілісте бір сергіп алуымызға оңтайлы орындар жасалды, - дейді ол. Бастауыш сынып мұғалімі Алтынай Зарихан ұстаздарға да қолайлы жағдай жасалғанын алға тартты. Ол осыдан жеті жыл бұрын №7 мектепке қызметке келген кездегі оқу орнының бейнесі мен бүгінгі келбетін салыстыру мүмкін емес екенін айтады. Бүгінде балаларға сапалы білім беру үшін тиімді тетіктер қарастырылған. Осылайша, «Заманауи мектеп» өңірлік бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар мектептің «екінші тынысын» ашты. Ендігі тілек – белгілі академик, жерлесіміз Әбікен Бектұров көшесінің бойында орналасқан мектепке ғалым есімінің берілуі. Бүгін белгілі химия, ғылым докторының туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай №7 орта мектеп басшылығы конференция ұйымдастырып, ғалымның еңбегін өскелең ұрпаққа дәріптеу жолында ауқымды істі қолға алды. Енді бұл білім ордасы Әбікен Бектұровтың есімін арқаласа, мерейтойға жасалған тамаша тарту болар еді.

Жан-жақты қолдау бар

Павлодар қаласындағы №7 мектептің жаңғыруы – білім саласында атқарылған игі істердің жарқын үлгісі. Жалпы, соңғы уақытта балаларды оқыту бағытында баса ден қойылып келеді. Екі жыл аралығында білім беру саласына бюджеттен бөлінген қаражат көлемі екі есеге ұлғайды. Жақында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік желідегі жеке парақшасындағы қомақты қаржының қандай мақсаттарға жұмсалғанын егжей-тегжейлі баяндап берді.

- Қаражаттың едәуір бөлігі құрылыс және жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Өткен жылы менің бастамаммен мектеп ғимараттарын ғана емес, білім ошақтарының құрал-жабдықтары, жиһаздары, стадиондары мен қосалқы аумақтарын жаңартуды көздейтін «Заманауи мектеп» бағдарламасы іске қосылды. Қазіргі таңда Павлодар мен Ақсу қалалары, Ақсу қаласының ауылдық аймағында 12 мектеп жаңғыртудан өтті. Келесі жылы бағдарламаны міндетті түрде жалғастырамыз, - деді Ә.Сқақов. Атап айтқанда, 2025 жылға дейін өңірдегі 85 мектепті заманаға сай жабдықтау көзделіп отыр. Бұл ретте облыс орталығының ғана емес, аудандық мектептердің де қамтылатынын атап өткен жөн. Одан бөлек, облыста оқушы орындарының жетіспеушілігін азайту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Биыл Павлодар мен оған қарасты ауылдық аймақтарда екі жаңа мектеп пен қолданыстағы оқу мекемелерінің екі корпусы салынды. Әбілқайыр Бақтыбайұлының айтуынша, 2025 жылы орын тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі.

- 2020 жылғы тағы бір бастама – еңбегімен көзге түскен ұстаздарға төсбелгінің тағайындалуы. Оған қоса, 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы беріледі. Бұл дегеніңіз – шамамен 3 млн теңге. Мұндай ынталандыру шаралары білім беру жүйесі үдерісінің ажырамас бөлігі болуы тиіс деп есептеймін. Бұл белгі - Павлодар облысының ұстаздары мен оқушыларының әрі қарай да табысты еңбек етуіне қосқан үлесіміз, - деп жазды Ә.Сқақов. Биыл облыс басшылығының бастамасымен оқушыларды жеке марапаттау ісі де қолға алынды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірдің 300 мектеп оқушысы мен колледж студенттеріне «Тәуелсіздік ұланы» белгісі мен 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі (150 мың теңгеге жуық) сертификаттар табысталды. Мектептегі білім беруден бөлек, мектепке дейінгі, қосымша, инклюзивті, техникалық және кәсіби, басқа да білім беру салалары бар. Оларға да тиісті көңіл бөлінуде. Білім берудің барлық салалары өзара байланысты. Сол себепті олардың бәріне бірдей инвестиция салынады.

- Біз инвестицияны қазіргі уақытқа ғана емес, балалардың болашағына да салып жатырмыз. Биыл бюджеттен тыс қаражатқа «Жаңа мамандықтар атласын» іске қостық. Тәуелсіз сарапшылар мен облыс кәсіпорындарының жұмыскерлері зерттеу жүргізіп, жақын кезеңде өңірімізде сұранысқа ие болатын мамандықтардың тізбесін құрастырды. Осы мамандықтарға оқыту үшін колледждерде жаңа бағдарламалар құрастырылды немесе қолданыстағы бағдарламаларға түзетулер енгізілді. Мектептерде кәсіби бағдарлау енгізілді, - деп атап өтті облыс әкімі. Сөз соңында Әбілқайыр Сқақов болашақты жақсы жаққа өзгерту үшін білім беру жүйесін қолдау үздіксіз жалғасатынын айтты.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суреттерді түсірген -
Есенжол Исабек.

 


Количество показов: 855

Возврат к списку