Жағдай тұрақты, бірақ қатер әлі бар

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Жағдай тұрақты, бірақ қатер әлі бар 09.10.2021

Жағдай тұрақты, бірақ қатер әлі бар

Ел Үкіметі коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыс атқаруда. Сондай-ақ вакциналау мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Қазірде ел аумағында екпе алушылар саны азайған. Ендігі жерде америкалық Рfizer вакцинасын төртінші тоқсанда жеткізу, 12-18 жастағы балаларды егу бойынша мәселелер қарастырылуда.

 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. 6 қазанда CОVID-19-ға оң нәтижемен 896 162 науқас және КВИ-ға теріс нәтижемен 76 517 жағдай тіркелді. КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 92 пайызы сауығып шықты. Оның ішінде КВИ оң нәтижесімен - 835 805 науқас және КВИ теріс нәтижесімен - 63 902 науқас анықталған. Оның дерегінше, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, 4 өңір тәуекелі жоғары, яғни «қызыл» аймақта орналасқан. Қыркүйек айы басталғалы күн сайын науқастану деңгейі 2,4 есеге төмендеді. Инфекциялық төсек-орындарға жатқызылушылар саны 39 пайыздан 33%-ға, реанимациядағылар 40-тан до 31%-ға кеміді. Ауыр науқастану жағдайы да азайған. Нашар халдегілер саны соңғы айда 2 есеге азайды. ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, емдеу шарттары бүгінгі вирустың штамдарына байланысты өзгертіліп отырады. «Елімізде коронавирустан емдеу протоколы әлемдік тәжірибелерге байланысты арнайы комиссия шеші-мімен өзгертіліп отырады. Протокол Ұлттық ғылыми денсаулықты дамыту орталығының сайтында бар. Ол өте ауқымды. Қандай дәрімен емдеу керектігін созылмалы аурулардың түріне байланысты дәрігерлер шешеді. Бүгінгі күні штамдарға байланысты КВИ клиникасы да өзгере бастады. Соған қарамастан, КВИ-ден емдейтін екі айлық дәрі-дәрмек қоры «СК-Фармация» қоймаларында бар. Емханалар мен стационарларда дәрі-дәрмек жеткілікті», деп мәлімдеді ол. Лауазымды тұлғалардың сөзінше, елімізде вакцинаны жаппай салдыру нәтижесінде ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Дегенмен, масканы шешуге әлі ерте. Себебі вакцина салынғанмен вирус жұқтыру қаупі әлі де бар. Сонымен қатар ревакцинация кезінде бұған дейін алған вакцинаңызды қайта алу немесе өзге вакцина таңдау туралы сұрақты арнайы комиссия талқылап жатыр. Ал жалпы вакцинаның өзге түрін таңдау үшін әлемде бірыңғай шешім әлі қабылданған жоқ. Қазақстан өз ғалымдарының тұжырымдамасына сүйеніп шешім шығаратын болады». Тағы бір жаңалық, елімізге америкалық вакцинаның жеткізілу мерзімі белгілі болды. « бойынша ақтық келісімшартқа қол қойдық. Рfizer компаниясында келісімнің бірнеше процесі бар. Ақтық келісімшарт бойынша төртінші тоқсанда шамамен 4 млн доза жеткізу жоспарланып отыр. Қазақстанның әр өңірінде тоңазыту жүйесі болады. Ол қажетті -80 градустық режимге сай болуы керек. Вакцинациялау пункттері құрылады. Принципі ұқсас, тек сақтау температурасының режимі ғана өзгеше. Сондықтан өңірлердің бәрінде қосымша қондырғылар орнатылады, деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтқанындай, бұл вакцина 12 жастан бастап балаларға ата-анасының рұқсатымен салынатын болады. Вакцина алмаған бала мектепке кіргізілмейді деген сынды шектеулер әзірге қарастырылмаған. «Биыл оқушыларды офлайн форматқа көшірдік. Мектептерде санитарлық талаптар мен маска режимінің арқасында балалар арасында КВИ көп таралған жоқ. Нақты сандармен айтатын болсақ, 0,06%-ды ғана құрады. Сондықтан да вакцинаның жеткізілуімен біздің балаларымыз мектептеріне қорықпай бара алады деп сенеміз», - деді ол. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова неліктен Pfizer-дің 4 млн дозасы сатып алынатынын түсіндірді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінде келісімі болған жағдайда вакцина ала алатын 12 мен 18 жастағы 1 млн 700 мың бала бар. Ал елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам әйел босанады. Осы сандарды қосқан кезде аталған санатқа кіретін халықты вакциналауға қажетті Pfizer дозасы шығады. «Pfizer ең алдымен, балалар мен жүкті әйелдерге арналғанын бұған дейін де айтқан едік. Өйткені, ол бұл санатқа кіретін адамдарды қорғайтын жалғыз вакцина болып тұр. Яғни, бұл өте әлжуаз топ саналады. Мұның үстіне коронавирус жүкті әйелдерде қаншалықты ауыр өтетіндігін де білеміз. Оны дәлелдейтін мәліметтер де қолымызда бар. Қазір балалар офлайн оқуға көшті. Демек, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі айтарлықтай артып отыр. Сондықтан ең бірінші кезекте балалар мен жүкті әйелдер екпе алады», - деді ол. Жалпы алғанда, елдегі жағдай бірқалыпты. Бірақ мамандар әлі де болса арқаны кеңге салудың, қауіпсіздікті екінші орынға ысырудың реті жоқтығын еске салуда. Себебі күз мезгілінде ауру-сырқау көбейеді. «Өткен жылғы тәжірибе көрсеткендей, күз айларында эпиде-миологиялық жағдай тұрақталады. Биыл вакцинацияның пайдасы және күші бір жылға жетсе, көктемде науқастар саны аз болады деп үміттенеміз. Жалпы, қазіргі кезде эпидемиологиялық жағдайды алдын ала болжау қиын. Министрлік қолда бар ақпараттармен сараптама жасай отыра қазан-қараша айларында жағдай тұрақты болатынын хабарлайды. Сонымен қатар коронавирус инфекциясы күн ыстықта өршіп, күн суытқанда азаяды деген болжамдарды жоққа шығарғым келеді. Вирус жұқтыру температураға байланысты емес» деді М.Шоранов.

Өз тілшіміз.

 


Количество показов: 581

Возврат к списку