Жақсылық жасауға асық еді

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  420

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  407

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  416

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  404

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  414

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  398

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  464

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  436

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  434

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  480

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  450

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  482

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  447

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  490

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  507

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  567

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  532

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  539

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  636

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  646

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  558

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  637

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  626

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  566

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  639

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  565

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  812

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  717

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  727

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  704

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  712

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  732

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  627

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  699

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  725

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  836

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  730

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  830

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  821

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  821

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  800

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  816

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  779

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  888

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  929

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  928

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  871

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  864

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  877

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  882

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1138

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1110

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1007

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  870

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1013

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  878

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  936

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1171

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1160

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1124

Жақсылық жасауға асық еді 08.09.2022

Жақсылық жасауға асық еді

(Ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың рухына тағзым)

Алдыңғы толқын ағалар... Ұлы Абайдың осы бір жол өлеңі кісіге қилы-қилы ой салады. Шығармашылық іс түрлі әсерден бас құрайды. Соның ішінде өмірде кездескен, жолығып жақсы сөзін естіген, қамқорлығын көрген жандар әсер-ықпалы ерекше. Адам жанын жадыратудан жабырқату оңай. Алайда, адам өмірге кісіге жамандық жасау үшін емес, жақсылық жасау үшін келмей ме? Кісілік белгісі – ізгілік. Ағалардан көрген жақсылықты айтып отыру – адалдық, аппақ жүзді кісілік! Жастар жақсы көріп өскен ақын ағаның бірі – Қабдыкәрім Ыдырысов еді. Қабдыкәрім ағаны алғаш қашан, қалай көргенімді еске аламын. 

Арман қуып Алматыға алғаш келгенде аттаған табалдырық – балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев табалдырығы. Қала көрмеген дала баласы бала мінезді жайдары ақын үйінде бірнеше күн жаттым. Оқуға орналасуыма жәрдем етті, әдебиетті сүйген үстіне сүйе түсуге ықпал етті. Өзінің достарын сыртынан мақтан тұтып, әрқайсысының кітабын бір ұсынып, оқып шығуымды өтініп бәйек болды. Сол жылы Қ.Ыдырысов, М.Мақатаев, Ж.Кәрібозин, М.Жаманбалинов, Ж.Смақов, С.Жиенбиев секілді ақындардың жыр-жинақтарын ақын үйінен алғаш рет оқып таныстым. «Балалар әдебиеті» деген әдебиеттің болатынын сол жолы алғаш рет Әнуар аға аузынан естідім. Балаларға арналған өлеңдермен алғаш сол жолы сырластым. Бір түрлі ерке, назды келеді екен. Бала болып қабылдай алмасаң қиындау ма, қалай? Ақындардың бір-біріне кітаптарын қол- таңбамен сыйлайтын әдетіне де сол жолы куә болдым. Ақын ұсынған кітаптардың бәрінің ішкі бетінде Әнуар ағаға деген арнау сөздер бар. Әлгі жинақтардың арасында Қабдыкәрім Ыдырысов кітаптары қолыма көбірек түсті. Алғашқы айқара бетінде әлгіндей қолтаңба. Қолтаңбаны оқып отырып, әралуан ойға кетемін, бала қиял жан-жаққа алып қашады. Ақын болғым келеді, кітап жазғым келеді. «Кітап жазып, ауылдағы достарыма арнап қолтаңба жазып сыйласам ғой, шіркін!» Қабекең қолтаңбалары «Әнеш» болып басталады. Кейде Рәбиға жеңгемнің есімі қосақталып жүреді. «Рәш» аталады ондайда жеңгем. Қолтаңбадағы сөз қолқаңды суырып ала жаздайды, жүрегіңді майдай ерітеді. Ол – жетім өскен жігіттердің бір-біріне махаббаты. Тілек арасында өздерінің ауыр тағдырын айта келіп, Аналарының амандығына шүкіршілік етеді. Жылағың келеді. Сөйтсем, Қабдыкәрім де, Әнуар да атадан ерте айырылған, жесір аналар тәрбиелеген, жалғыз-жалғыз жетімдер екен ғой, жарықтықтар-ай. Жалғыз болғанмен, мен де жетім баламын. Әнуарбек ағаның үлкен басымен менің асты-үстіме түсіп, оқуға ілініп кетуім үшін жүгіріп жүргенінің сырын да осы маңайдан іздеймін. Ал Қабдыкәрім мен Әнуардың бақилық достығы, сөз жоқ, олардың тағдырластығында жатса керек. Ұзамай Әнуар аға үйінде, жайдары жеңгем Рәбиға дастарханы басында әлгі кітап иелерін бірінен кейін бірін кездестіре бастадым. Кітаптағы суретіне қарап, алдын-ала жазбай танып отырамын. Қабдыкәрім, Бек, Сағи, Оспанхан, Әсет, Ермек... Кейде олар топтанып келеді. Дастархан басы әзіл-қалжың, әңгіме, ғажап ән... шаттыққа толы болады ондайда. Осы топтың шырайын келтіріп ән салып отырар азамат – ақын Қабдыкәрім Ыдырысов. Ақындығына шүбәм жоқ, ал бала көңілде Қабекең салған «Бүркітбай» секілді әндері таңғы шықтай тұнып қалды көңілде. Өздерінің достығы өз алдына аталған ақындардың сүйген жар-қосақтарының бір-біріне деген ықыласына тіпті тәнті қалатындай. Әсіресе, Рәбиға, Сафура, Бәтіш жеңгейлер сыйластығы жарасымды-ақ. Ақын ағаларын бір үйдің ынтымақшыл көргенді балалары, ал олардың жарлары бір үйдің ырысын тасытатын тату келіндері секілді. Өзімізде де азды–көпті дос бар. Ал бірақ бұларға жету қайда?! Мойындау керек қой. Қабдыкәрім ағаны алғаш осындай думанды ортада көрген едім. Ол осы топ шоғырдың ажарын ашып тұрған ақ серкесі секілді менің бала көңіліме. Кімде дос болмайды. Бірақ өмір өте келе бір досыңды мансап буы көтеріп кетеді, келесі досыңды жерлестік топ, елдестік ауруы бөлектей алып кетеді, енді бірі қазымыр қатынынан аса алмай қалады. Аралассаң, араңа алгебрадан да ауыр «есеп-қисап» кіріп кетеді. Сөйтіп ай-күннің аманында достарыңнан айырылып, жаңыңды жаралап қала бересің. Ал әлгі алғаш Әнуардай ақын ағаның шаңырағында көрген ағаларым мен аяулы жеңгелерімнің жөні бөлек еді-ау, бөлек. Орайы келгенде айта кету керек. Әнуар аға Рәбиға жеңгей ертерек қайтыс болып, балалары жас қалғанда, Сафура (Бектің жұбайы), Бәтіштей (Қабдыкәрімнің жұбайы) аналық құшағын ашқан, аналарындай қамқорлық жасаған жандарға дән ризамыз. Достық, мансап дегеннен шығады-ау, Қабдыкәрім сонда республикалық деңгейдегі дүрдей бастық. Әрі ақын, әрі хатшы, бір мекеменің директоры. Бірақ, мансаптың достарымен сыйласуына еш кедергісі жоқ. «Ұлық болсаң, кішік бол!» дегендей, Қабдыкәрім - қашанда достарының әрі «пірі», әрі «құлы». «Бетегеден биік, жусаннан аласа» қалпы, көкірегі ашық, жаны жайдары. Оның қызмет мәшинесі – достарының қызметінде. Ал Қабекең отырыстан Бәтіш жеңгейді қолтықтап үйіне жаяу қайтады. Па, шіркін, жігіттің сұлтаны! Дулы топ, думанды орта қызық еді. Бала көзіне жігіт ағасындай ересек көрінетін ағалар ол кезде әлі қырықтың қырқасына да шықпаған жас екен. Ал әңгімелеріне құлақ түрсең – ірі, елдік жайында, ұлт тағдыры, қазақ халқының келешегі хақында. Кейде, үлкен бастарына қарамастан, бала болып кететін. Балалық шақ, ауыр тағдырлары жайында еске алып, «Аһ» дегенде көкіректері қарс айырыла жаздайтын. Сөйтсем, сәби шағында аштық, 1937–нің қасіретін көріп, балалық бал дәурені соғысқа тап келіп кетіліп өскен бейбақтар екен ғой аяулы ағалар! Оны мен Қабдыкәрім Ыдырысовтың «Әке жолы» поэмасын, Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Ана жүрегін» оқығанда барып түсіндім. Әкесін «халық жауы» деп ұстап әкетіпті. Анасының бауырында қалған Қабдыкәрімнің көрмеген қиындығы, кешпеген бейнеті жоқ. Әсіресе, көзтүрткі жаман, жанынды жейді, жүрегіңді шеңгелдейді. Мұның баршасын «Әке жолындағы» Қимаш бейнесі арқылы тереңдей түсіндік қой деймін. Алайда, мен көрген анасы – алдында, Бәтіш жары – жанында, балалары - бауырында, достары – айналасында, Қабекеңнен асқан бақытты жан жоқтай еді. Табиғат берген қабілет шығар, жетім баланың еті тірілігі шығар, әйтеуір Қабекең уыздай жас шағынан бейнетке шегілген еңбегі ақталып, жігіт шағында «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Республикалық кітап палатасының директоры қызметтерін атқарды. «Жалын» баспасын қолымен ұйымдастырып, көз жұмғанша баспа директоры болып өтті. Қай қызметтің құлағын ұстап, қандай мансап биігіне шықса да, дос көбейтпесе, азайтқан жоқ. Ақындық парағын баптай түспесе әлсіреткен жоқ. Ақын ағамен екінші кездесуім – «Жалын» баспасында басшылыққа отырған кезі. Сәбит Мұқанов музейінің қызметкерімін. «Жалын» баспасының «Шығармашылық жастар» бөлімінің меңгерушісі - Әнуарбек Дүйсенбиев телефон шалды.

- Келіп кет, балақай – деді бауырмал аға.

Бардым. Баспаның тақырыптық жоспарын көрсетті. Жуан ортасында «Қ.Ергөбеков. «Жан жылуы», 5 баспа табақ» - деп жазылған.

- Бұл не, Ән-аға?

- Бұл - сенің кітабың...

- Дұрыстап мақала жаза алмай жүргенде... Міңгір-міңгір.

- Жүрші, Қабдыкәрімге барайық.

Әнағаң директордың кабинетіне алып келді.

- Мынау - өзің білетін Құлбек.

- Хал қалай, батыр? – деді Қабекең.

Әнағаң әңгіме сабақтады.

- Сәбит ағайдың музейінде жұмыс істейді.

Мақалаларымен көріне бастады. Сәбеңнің жақсылығын көп көрдік қой, сен де, мен де. Мына Құлбекке С.Мұқановтың жастарға жасаған қамқорлығын кітап етіп жазып бер деп отырмын. Атын «Жан жылуы» деп қойдық. Көлемі 5 баспа...

- Дұрыс қой, тапқансың, Әнеш! Ол шалдың әруағы алдында бәріміз қарыздармыз. Жазсын. Бес баспа табақ аз емес пе? Он баспа табақ берейік тә... Менің зәрем зәр түбіне кетті. Қан-сорпа тер болдым қарап отырып. Кітапша жазудан қорқып отырған басым, енді қалың кітапты мойныма арқалап кеткелі отырмын. Бұдан артық ауыртпалық бола ма?! Жаза аламын ба? Әлі қаламым бастықпаған баламын ғой. Түрлі ой қаумалап мазам кетті. Жұрт жалынып ала алмайтын көлемді қолыма ұстата салып қарап тұр, Қабекең. Әлі атым шықпаған, атақтан аман-сау кезім. Батпан құйрықты құдай бере салды. Менің әбіржіп отырғанымды аңғарған Қабекең жарықтық Сәбең хақында қызықты әңгіме айтып, психологиялық тығырықтан шығарып әкетті. Үлкен жазушы дүниеден қайтар шақта, жазда Балтық жағалауында бірге демалса керек. Тыңдайтын жағдайым жоқ-ты. Әңгіменің қысқасы – директордың кабинетінен үлкен міндет арқалап шықтым. Әнағаң: «Енді шегінуге болмайды. Кіріс. Қабдыкәрімді ұятқа қалдырмайық», - деп шығарып салды. Айтайын деп отырғаным – Қабдыкәрім Ыдырысов осындай жақсылықты маған ғана жасаған жоқ. Алдындағы ағаларына, тұстастарына, іні буынға – бәрі-бәріне де жасады. «Қабдыкәрім кітабымды шығарып берді» - деген риза бейілді көп кісіден көрдік, көп естідік ол жылдары. Баспа саудадан, баспагерлер – саудагерліктен аман кез. Қабдыкәрім баспаны әдебиетке қызмет еткізді. «Жалынның» алғашқы адымында әдебиетке толқын-толқын жастар келді, жаңа буын тұсауы кесілді. Қабекең табиғатында «болмасын» демейтін, үлкен-кіші демей, алаламай-бөлмей, жақсылық жасауға асығатын жан еді. Ақындығын да, азаматтығын да жоғары бағалап, қастерлеген қаламгерлер оның 50 жылдық тойын аса биік деңгейде өткізді. Мақалалар жарыса жазылды, көгілдір экран, радионың жарғақ құлағы жастыққа тимей сөйледі. Ұзамай Қабекең дүние салды. Он жыл өткенде, баяғы жамырап жазатын ағайын төбесі көріне бермеді. «Адам дегенің айнымалы талкүбі»... Енді, міне, ақынның туғанына - 70 жыл. Дүниеден өткеніне - 20 жыл. Ақын дүниеден өткен соң Бәтіш жеңгей еркелікті ерлікке айналдырып, ақын анасын қызындай күтіп шығарып салды, ақынның қауырсын қанат балапандарын шымыр тәрбиелеп, азамат етіп тұғырдан түлетіп шығарды. Қазақ әйелдерінің қайратына қайран қаласың. Әнуардың анасы – Сәндібала шешейді жесір келіні – Рәбиға, Қабдыкәрімнің анасы – Жекен шешейді жесір келіні Бәтіш ақ жауып, арулап көмді. Келіндерге дем берген кезінде жастай ерлерінен айырылып, бір-бір баланы бауырына басып, жалғыздың тілеуін ақ тілеп, қасірет шегіп қалған аяулы аналардың үлгісі шығар. Асылы, қазақтың ерлігі – Анадан! Ақын жайлы сөзді оның отбасына, әдебиет жайлы әңгімені тіршілік түйткілдеріне аударып жібердік пе, қайдам. Оның да жөні бар. Өнер өмірден бастау алады. Әдебиет әдептен басталады. Қаламгер отбасы, азаматтық тұлғасымен қымбат. Әдебиеттің айтары - әдеп, шашары - өнеге. Қабекең отбасы өнегесі үлкен. Қабдыкәрім дүниеден 50 жасында өтті. Елу жас - әдебиет үшін үлкен жас емес. Ақынның жақсы қалыптасып, әдебиетке өнімді төгіп берер шағында өмірден өтуі - өкініш. Дегенмен, Қ.Ыдырысов әдебиетте өз сөзін айтып, соңына бірсыпыра із қалдырып өтті. «Үйелмелі-сүйелмелі», «Ойнайық та ойлайық», «Саяхатта» секілді жинақтарда балаларға арналған небір үздік өлеңдер бар. «Қайдасыңдар, достарым» бастатқан ғұмыры ұзақ ән-өлеңдері қаншама?! Арғы-бергі шет елдерге саяхаттай жүріп жазған «Армысың, арабстан» секілді жыр жинақтарының да айтары аз емес. Заман, замандастары хақында баллада, махаббат тақырыбына лирикалық сазды өлеңдер, қазақ елінің өткен-кеткен тарих-тағдырынан поэма дастан жазды. Ол – ақынның түн ұйқысын төрт бөліп жазған жырлары, қоғамдық қызметпен жағаласа жүріп жазған еңбектері. Еңбектің аты – еңбек. Еңбек - әр азаматтың өмір ескерткіші, елінің рухани қазынасы. Көп еңбектің арасынан «Әке жолы» поэмасымен 37-нің қасіретін, қызыл империяның қатыгездігін замандастарының көбінен ерте, жетпісінші жылдардың басында-ақ айтып үлгеріпті. «Әке жолы» - ақын әкесінің ғана жолы емес, бір ұлт басынан кешкен ауыртпалық. Тағдыр ауыртпалығынан талайлы шығарма туды. Аты - Қабдыкәрімдікі, заты – халықтікі! Өзі халық перзенті атанып өмірден өтсе, халыққа сөзі қалса, қаламгерде басқа қандай мұрат болуға тиісті?!

3.10.1998 жыл.

 

P.S. Мақала газетте жарияланды. Тұмағаң оқыпты. Олар жақсы дос болатын. Арнайы келіп, рахметін айтты мақалаға. Мұңайып отырып, естелік әңгіме маздатты. «Ташкентте жүр едім, - деді ақын әңгімесінің ақырында. – Түнде қонақ үйде жатып түс көрдім. Қабдыкәрім досым «Жалын» баспасының директоры ретінде мініп жүрген қызметтік «Волгасымен» жүйткіп келе жатты да, үлкен апан шұңқырға гүп етіп аударылып құлап түсті. «Ой, Қабдыкәрім, - деген өз дауысымнан өзім оянып кеттім... Таңғы рейспен Алматыға жеттім. Келсем қан қысымы сырқатынан емделіп жүретін Қабдыкәрім қайтыс болыпты. Үйге келдім де, Күлтайды алып Қабдыкәрімдікіне тарттым. Достан солай айырылып едік...» Тұмағаң тұнжырады. Қабдыкәрімнің досы көп еді. Дұшпаны болса, оның мансапты қызметінен болар деп шамалаймын. Сөйткен Тұмағаң да жоқ мынау жарық жалғанда...Ей, дәруіш дүние!


Құлбек ЕРГӨБЕК, филология ғылымдарының докторы, түркітанушы.

Количество показов: 1978

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  420

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  407

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  416

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  404

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  414

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  398

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  464

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  436

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  434

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  480

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  450

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  482

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  447

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  490

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  507

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  567

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  532

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  539

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  636

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  646

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  558

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  637

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  626

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  566

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  639

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  565

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  812

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  717

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  727

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  704

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  712

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  732

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  627

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  699

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  725

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  836

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  730

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  830

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  821

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  821

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  800

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  816

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  779

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  888

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  929

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  928

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  871

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  864

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  877

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  882

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1138

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1110

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1007

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  870

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1013

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  878

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  936

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1171

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1160

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1124