Жағымсыз иіс қашан жойылады?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Жағымсыз иіс қашан  жойылады? 09.12.2021

Жағымсыз иіс қашан жойылады?

Ақсу қаласының шетіндегі бұрынғы автобазаның орнына тауарлы сүт фермасы салынғалы жергілікті жұртшылықтың мазасы кетті. 1000-нан астам ірі қараны ұстайтын кешеннен шығатын қолаңса иіс кең тыныстауға мүмкіндік бермейді. Тұрғындар талай рет шағым айтқанмен, жергілікті биліктің «мұрны иіс сезбей» отыр.

 

Жалпы, шаһар аумағында мал базасын салу – қисынға келмейтін дүние. Бұрынғы автобазаның пайдалану мақсатын өзгертіп, оны тауарлы сүт фермасына айналдыру туралы мәселе бұған дейін талай айтылып, талқыланды. Тіпті, бұл іс сотқа дейін жеткені есімізде. Бірақ бұдан фермадан шығатын иіс азая қойған жоқ. Керісінше, енді кешенге жақын орналасқан үйлерден ары асып, қаланың қақ ортасына дейін жете бастады. Бәрінен бұрын ферманың іргесінде орналасқан Қамзин көшесі, 10 мекенжайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары «тұншығып» отыр. Жергілікті жұртшылықтың айтуынша, жылы әрі желді күндері далада серуендеу, үйдің терезесін ашу мүмкін емес. Көктемде анық байқалған бұл қолайсыздық қыстың суығымен сап тыйылар деген көпшіліктің үміті ақталмай қалды. Осы үйдің тұрғыны Дәлелхан Әбдіхалық далаға шығудан қалдық дегенді айтады. Аудан азаматтары жергілікті биліктен фермаға қатысты қандай да бір шара қолдануды, санитарлық талаптардың сақталуын қатаң қадағалауды талай рет сұраса да, кешен де, әкімдік те «былқ» етпей отыр.

- Қалада ірі мал шаруашылы-ғының кешенінің орналасуы – ойға қонымсыз дүние. «Крон-Агро» басшылығы мәлім еткендей, мұнда жағымсыз иісті шығаруға жол бермейтін, елде жоқ жаңа технология қолданылар болса, неге басқа қалаларда да осы іспетті заманауи ферма салмайды? Менің кәсіпорынның жұмысына еш қарсылығым жоқ. Экономиканы арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін көбейтуге үлес қосып жатыр. Оны жоққа шығара алмаймын. Тек осындай іргелі істі шағын ғана шаһарда емес, иен далада жүргізсе екен деген тілегіміз бар. Онсыз да зауыттар қаумалаған қалалық жерде экологиялық жағдай мәз емес. Оған ірі қаралардан шығатын қолаңса иіс қосылса, өскелең ұрпақтың денсаулығы не болмақ? Өкінішке қарай, бұл мәселе табыс табуға құныққан кәсіпкер мен кейбір шенеуніктерді алаңдатпайтын сияқты, - дейді Д.Әбдіхалық. Естеріңізде болса, осы мәселе бойынша облыстық деңгейде арнайы кеңес те құрылған болатын. Сол тұста кеңес өкілі Владимир Берковский жергілікті әкімдік тұрғындардың шағымына назар аударып, түсіндіру жұмыстарын кең ауқымда жүргізу қажеттігін айтқан-ды.

- Тұрғындар тарапынан қалалық әкімдікке шағым түскен кезде бірден тиісті шаралар қабылдануы керек еді. Жергілікті билік жоғары технологиямен қамтылған кешенге барып, жақын аумақтағы үйлердің тұрғындарын сол жерге шақырып, шаруашылықтың жұмысымен таныстыруы тиіс болатын. Бірақ мұндай қадамдар жасалған жоқ, - деген еді В.Берковский. Содан бері жарты жылдан астам уақыт өтсе де әлі қадамдар жасалмай келеді. Қала билігі мен кәсіпорын басшылығы экскур-сия ұйымдастыруға құлшыныс танытпаған көрінеді.

- Мен де сол кеңестің өкілімін. «Егер кешенде сіздер айтқандай жағдайдың бәрі керемет болса, біз де өз көзімізбен көрейік» деп талай айттық. Бірақ олар түрлі жайтты сылтауратып, тұрғындарды тауарлы сүт фермасының аумағына ақыры кіргізген жоқ, - дейді Д.Әбдіхалық. Айта кетейік, «Крон-Агро» шаруа-шылығындағы 500 сауын сиыр тәулігіне 17 тонна сүт береді. Кейін шикізат облыс орталығындағы өңдеу орындарына жөнелтіледі. Жалпы, мұнда 1200 бас ірі қара ұсталады. Мәселе – солардан шыққан қалдықтарда. Кәсіпорын басшылығы тұрғын-дардың талайдан бері көтеріп келе жатқан мәселесіне бір ауыз сөзбен жауап қайтарайын деді ме, әйтеуір осыдан бірер күн бұрын 43,5 мың оқырманы бар @aksu.ermak инстаграм парақшасында жағымсыз иісті жою мақсатында пайдаланылатын биопрепараттар туралы ақпарат жариялапты.

- Ірі қара мал шаруашылығын жүргізу кезінде қолайсыздықтар туындамас үшін ресейлік «Санвит-К-Форте» және канадалық «Манюр-Про» препараттары қолда-нылады. Алғашқысы органикалық тыңайтқыштардың физикалық-техникалық параметрлерін жақсартып, газдың бөлінуін азайтады. Екіншісі жағымсыз иісті жойып, санитарлық-гигиеналық өңдеуде пайдаланылады. Олар – химиялық препараттар емес. Сондықтан, жануарларға, адамдар мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейді. Керісінше тірі организмдер кешен іші мен оның сыртындағы микроклиматты жақсартуға көмектеседі, - деген жазба қалдырған екен. Бір қызығы, аталмыш жазба астына пікір жазу мүмкіндігін өшіріп қойыпты. Бәлкім, кәсіпорын басшылығы тұрғындар тарапынан толассыз түсуі мүмкін шағымдардан қаймыққан болар. Өзекті өртер тағы бір тұсы - бұл хабардың мемлекеттік тілдегі нұсқасы жоқ. Тек ресми тілде жазылған. Ал бұл ретте жергілікті билік пен құзырлы органдар «тауарлы сүт фермасынан ауаға бөлініп шығатын газды қалдықтар рұқсат етілген санитарлық нормаларға сай» дегеннен танбай отыр. Халықтың мұрны сезетін иісті атқамінерлер сезбейтін болғаны ма, қалай?!

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 1213

Возврат к списку