Жанармай қашанғы қымбаттайды?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Жанармай қашанғы қымбаттайды? 28.10.2021

Жанармай қашанғы қымбаттайды?

Осыдан біраз уақыт бұрын облыста дизель отыны күрт қымбаттап, тапшылық туындап, жұрт әуре-сарсаңға түскен еді. Бұл нарықтағы жағдай әлі де тұрақталған жоқ. Оған қоса, соңғы 10 күн аралығында жанар-жағармайдың бағасы өсті. Ел арасында «Жыл соңына дейін литрі 200 теңгеге дейін жетеді» деген әңгіме желдей есіп жүр. Ірі мұнай өңдеу зауыты орналасқан аймақта мұндай қиындықтың туындауына не себеп? Бағаны реттеудің тетіктері
бар ма?

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Облыс аумағындағы бекеттерде жанармай бағасы ай сайын өзгереді. Айталық, наурызда павлодарлықтар тарапынан сұраныс жоғары АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 154-156 теңге аралығында болды. Қазан айының алғашқы күндері баға 170 теңгеге дейін жетті. Ал қазіргі таңда жанармай сатушылар бір литрі үшін кемінде 173 теңге сұрайды. Иә, бір қарағанда сұйытылған отынның бірнеше теңгеге қымбаттауы бас қатыратын мәселе емес сияқты көрінеді. Десе де, мұның өзі көлік тізгіндегендердің қалтасына кәдімгідей салмақ салады. Оның салқыны көлігі жоқ тұрғындарға да тиеді. Себебі жанармай қымбаттаса, азық-түлік бағасынан бастап, киім-кешек, тұрмыстық заттар, жиһаздар, коммуналдық қызмет - барлығының бағасы бірден өседі. Өйткені аталған салалардың жұмысы тасымалға, яғни бензиннің бағасына тікелей байланысты. Кейбір тұрғындар сұйытылған отынның қымбаттауына жергілікті Павлодар мұнай-химия зауытының жөндеуге тоқтауы себеп болды деп пайымдайды.

- Бізге жанармай сырттан жеткізілмейді. Оны өндіретін кәсіпорын іргемізде тұр. Олай болса, жанармай бағасы неге ай сайын құбылады? Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытының бірі орналасқан Павлодар облысында бағаны реттеуге болмас па? Себебі жанармайдың 1-2 теңгеге қымбаттауының өзі шығындардың көбеюіне әсер ететіні белгілі. Сондықтан жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар, такси қызметтері оның есебін тұрғындардан алады. Электр, жылу энергиясымен қамтитын монополист компаниялар да бағаны көтермей қоймайды. Бастысы, отын құнының құбылуы азық-түлік нарығына кері ықпал етеді. Сондықтан жанар-жағармай бағасы мемлекет тарапынан бақыланса құба-құп. Тым құрығанда жергілікті зауыт өнімінің бағасы тұрақты болса екен, - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Асхат Ысқақов. Павлодар мұнай-химия зауыты қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Анна Гронская кәсіпорын жөндеуге байланысты жұмысын уақытша тоқтатқанмен, жанармай жеткізуге іркіліс болмағанын алға тартады.

- Отандық мұнай өңдеу зауыттары жыл сайын ағымдық, үш жылда бір рет күрделі жөндеуге байланысты жұмысты уақытша тоқтатады. Павлодарлық кәсіпорында 2018 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген еді. Сондықтан биыл барлық технологиялық құрылғыларды қалпына келтіру бойынша істер қолға алынды. Бұл ретте жоспарлы шаралардың ішкі нарықты дизель отынымен қамту мақсатында екі рет кейінге шегерілгенін атап өткен жөн. Қазан айының алғашқы күндері жөндеуге алынған құрылғылар бүгінде кезең-кезеңімен қайта іске қосылуда. Қазан айында тиісті жұмыстардың барлығы аяқталуы тиіс. Зауыт өндірісті уақытша тоқтатқанмен, дизель отыны, жанар-жағармайды жеткізу белгіленген кестеге сәйкес жүргізілді. Тапсырыс берушілерді өніммен қамтуда қиындықтар болған жоқ, - дейді кәсіпорын өкілі. Айта кетелік, Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеуге жабылмас бұрын өнім қорын жасап үлгерді. Тұтынушылардың сұранысына сай АИ-92 маркалы жанармайдың 45 мың тоннасы мен АИ-95 маркалы бензиннің 2 мың тоннасы дайындалды. Болжам бойынша, бұл көлем бір айға жетуі тиіс. Сондықтан кәсіпорын басшылығы сұйытылған бағаның өсуіне жөндеу жұмыстарының қатысы жоқ деп пайымдайды. Сарапшылардың ойынша, жанармай бағасының үнемі құбылуына Ресей мен Қырғызстан «кінәлі». Өйткені бұл мемлекеттерде бензин бағасы едәуір қымбат болғандықтан, көршілес елдердің жүргізушілері біздің елден жанармай алуды құп көреді. Еуропаға бағыт алған транзиттік көлік иелері де – отандық бекеттердің тұрақты тұтынушылары. Оған қоса, кейбір кәсіпорындар мен жанармай сату компаниялары өзімізден бұрын өзгелерді жарылқауды құп көреді. Себебі көршілеріміз бір литр бензин үшін көбірек төлейді. Мәселен, Қырғызстанда жанармайдың бір литрі 250 теңге тұрады. Ресейде де 240-260 теңге аралығында саудаланады. Мұнай сервистік компаниялар Одағының директоры Нұрлан Жұмағұлов Қазақстан мен іргелес жатқан мемлекеттердегі баға бірдей болған кезде ғана отандық өнімнің бағасы тұрақты болады деген пікірде.

- Қазіргі уақытта Қазақстан көршілес мемлекеттер үшін жанармаймен қамтудың негізгі көзі болып отыр. Отандық компаниялар сұраныс зор болғандықтан бағаны өсіруден еш қысылмайды. Сол себепті алдағы уақытта да жанармайдың бағасы тұрақты бола қоюы екіталай. 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ жанармай нарығы құрылады. Сол кезде ғана баға өзгеріссіз болуы мүмкін. Ал оған дейін қазақстандық жанар-жағармай бекеттердегі Қырғызстан мен Ресейдегі бағаны «қуып жетеді», - дейді Н.Жұмағұлов. Соған қарағанда ел аузында сұйытылған отынның құны 200 теңгеге дейін жетеді дегенге саятын сөздің «жаны» бар. Бұл ретте ел билігі 2015 жылы жанар-жағармай нарығын реттеуден бас тартқанын еске салған жөн. Қазіргі таңда жанармай саудасы еркін нарыққа шығарылды. Яғни, жанармайға белгіленетін бағаны өндірушілер мен сатушылардың өздері шешеді. Қарапайым тұтынушыларға сол бағаға келісуден басқа амал жоқ.

 

Суретті түсірген – Есенжол Исабек.

 


Количество показов: 2188

Возврат к списку