Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022
101
Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022
95
Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022
102
Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022
130
Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022
95
Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022
101
Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022
96
Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022
108
Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022
208
Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022
230
Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022
255
Абай тағылымы
08:58 13.08.2022
212
Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022
200
Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022
224
Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022
244
Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022
249
Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022
306
Аспан перзенті
10:07 11.08.2022
301
«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022
310
Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022
332
«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022
306
Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022
296
Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022
325
Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022
324
«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022
304
Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022
343
Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022
329
Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022
419
Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022
405
Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022
401
Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022
394
«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022
418
Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022
399
Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022
415
Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022
498
Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022
543
Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022
494
Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022
547
Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022
516
Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022
491
Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022
539
Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022
502
Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022
512
Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022
584
Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022
643
Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022
570
Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022
590
Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022
595
Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022
565
Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022
576
Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022
542
Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022
568
Алтын аға
10:30 04.08.2022
619
Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022
632
Әнші арманы
09:57 02.08.2022
641
«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022
823
Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022
625
Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022
655
Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022
636
Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022
654
Ертістің Павлодар өңірінде отандық ғылым саласын дамытып, жас ғалымдарға жол көрсетіп жүрген ғылым қайраткерлерінің бірі де бірегейі – Әбілхан Қарақаев. Ол – Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының техника ғылымдарының докторы, ҚР-ның жоғары аттестациялық комиссиясының профессоры, ING-PAED IGIP инженерлік ЖОО халықаралық оқытушысы, Торайғыров университетінің құрметті кафедра меңгерушісі, Халықаралық Ақпарат академиясының академигі. Әбілхан Қосмұрзаұлы жақында тағы бір мәртебелі марапатқа – ҚР машина жасау және көлік Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшесі, академик атағына ие болды. Жуырда ғалым ағамызбен сұхбаттасудың сәті түсті.
- Әбілхан Қосмұрзаұлы, еліміздің Тәуелсіздігі сіз үшін несімен құнды?
- Биыл – еліміз үшін елеулі жыл. Ата-бабамыз аңсап өткен Тәуелсіздікке 30 жыл толды. Қазақ халқының өшкені жанып, жетпіс жылда ұмыт бола бастаған құндылықтары жаңғырды. Ең бастысы, мемлекеттік тіл – қазақ тілі тұғырына қонды. Тарихтың ақтаңдақ беттері ашылып, қиын-қыстау кезеңдерде босып кеткен елдің етек-жеңі жиылып, атамекенге көш түзелді. Осының бәрі отыз жыл бұрын төрге озған тәуелсіздігіміздің арқасы. Кеңес одағы ыдырағанда құлдырап кеткен елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының қалпына келуі, халықтың тұрмысы жақсарып, саяси жағдайдың тұрақты болуы – егемен елдің бақыты.
- Туған жер, өскен ортаңыз туралы қысқаша айтып берсеңіз...
- 1940 жылы 29 наурызда Қарақалпақстанның Мойнақ ауданы Үрге ауылында балықшы отбасында дүниеге келдім. 1959 жылы Шымбай қаласындағы орыс мектебін күміс медальмен аяқтап, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесіне оқуға түстім. 1965 жылы «Іштен жанатын қозғалтқыштар» мамандығын алып, жолдамамен Павлодар индустриалды институтына ассистенттік жұмысқа жіберілдім. Осылайша алғашқы еңбек жолым басталды. Бүгінгі күнге дейін осы университеттің қабырғасында 50 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келемін.
- Ғылым жолына қалай келдіңіз?
- 1972 жылы Н.Э.Бауман атындағы МЖТУ-нің аспирантурасын бітіргеннен кейін «05.04.02-жылу қозғалтқыштары» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациямды қорғап, техника ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болдым. Осы жылы іштен жанатын қозғалтқыштар кафедрасын басқару маған сеніп тапсырылды. 1974 жылы «Іштен жанатын қозғалтқыштар» арнайы мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 2001 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің профессоры атандым. 2002 жылы Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің диссертациялық кеңесінде докторлық диссертациямды қорғадым. 2003 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иелендім. Келесі жылы «Көлік» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағына ие болдым. Осының бәрі көп жылдар бойы көз майын тауысып, ғылым кенін қазғаным үшін берілді.
- Ғылымның қай бағытын зерттеу нысаны етіп алдыңыз?
- Менің ғылыми қызметім дизельдік отын жүйелерінің жаңасын әзірлеуге және әрі қарай жетілдіруге бағытталған. Нақтылай айтқанда, отынды бүрку үрдістерінің теориясын және тұтас ортаның белгіленбеген қозғалысын дамытуға негізделді. Әртүрлі дизельдерге арналған гидравликалық және гидромеханикалық форсункаларды әзірлеумен, жасаумен, зерттеумен, енгізумен және одан әрі жетілдірумен айналыстым. Дизельдердің конструктивтік, техника-экономикалық және экологиялық көрсеткіштерін, отын жүйелерінің және дизельдердің техникалық деңгейі мен ресурсын арттыру мақсатында жұмыс істедім. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарымның нәтижесі, ішкі және сыртқы нарықтағы өзектілігі, ғылыми жаңалығы, тәжірибелік құндылығы, шынайылығы, негізділігі, инновациялылығы және рентабельділігі КСРО, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының 107 авторлық куәліктерімен және патенттерімен расталды. Оның ішінде ҚР-ның 26 патенті, 16 алдын ала және 36 инновациялық патенті бар.
- Ғылыми жаңалығыңыз өндіріске енгізіліп, іске асырылды ма?
- 1972 жылы жылу қозғалтқыштарындағы саңылаусыз қақпақты су сіңбейтін бүріккімен (бездренажная форсунка с глухим колпаком) зерттеулер жасауға кірістім. Сол уақыттан бері жүргізілген зерттеулер нәтижесінде өнертабысымның ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы проблемаларды шешетіні дәлелденді. Атом энергетикасы мен биологиялық жүйелердегі мәселелерді шешуге мүмкіндік бар. Жоба бойынша Павлодар облысының 6 шаруашылығында 48 трактор мен бульдозерде, Алтай қозғалтқыштар зауытында арнайы сынақтар жүргізілді. Дәлелденген пайдалы техникалық шешімдерді өндіріске енгізуге асығу қажет. Өнертабысымды өндіріске енгізу үшін Қазақстан мен Орта Азияда әзірге баламасы жоқ зауыт салынуы керек. Қыруар қаражатты қажет ететін жоба арқылы мыңдаған жұмыс орындарын ашуға болады. Торайғыров университеті жанынан отын жүйелері бойынша проблемалық зертхана құрып, инновациялық өнеркәсіптік өндірісін қолға алу қажет. Нәтижесінде ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие, қосымша құны жоғары, импорт алмастырушы, бәсекеге қабілетті дизель отыны жүйелерінің өндірісіне жол ашылар еді.
- Өнертабыстарыңыз қаншалықты қолдау тапты? Ғылыми-зерттеу жұмыс-тарыңызға қызығушылық танытқандар көп пе?
- Өнертабыстарымның қолдау табуы жаңа бастамаларға шабыттандырады. Мәселен, 2013 жылы өнертабыстық жұмысқа 17 өтініш білдіріп, сол жылдың өзінде барлық өтініштеріме оң жауап алып, инновациялық патенттер мен авторлық куәліктерге ие болдым. Ғылыми жобаларыма ҚР Қорғаныс министрлігі (Әскери-ғылым орталығы, Бас штабтың Қару-жарақ департаменті қызығушылық танытты. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы, ҚР Ауыл шаруашылығын механикаландырудың ғылыми-өндірістік орталығы, Қазақстан фермерлерінің ұлттық федерациясы, Павлодар облысының неміс кәсіпкерлерінің орталығы, Қазақстандық бауманшылар-түлектер форумы, Ярославльдегі дизель аппаратурасының зауыты, Қазақстанның, Ресей Федерациясының, Өзбекстанның, Қарақалпақстанның, МЖТУ-дің және басқа да жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мамандары ашылуы қажет деп есептейді.
- 2014 жылы 576 жоба қатысқан республикалық инновациялық бизнес-жоспарлардың «Инновациялық форсаж» байқауында бас жүлдеге ие болдыңыз. Жұлдызды сәтіңіз есіңізде ме?
- ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агентттікпен бірлесіп жаңа технологиялық идеяларды, халықтың инновациялық белсенділігін және инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау мақсатында Республикалық «Инновациялық форсаж» бизнес-жобалар байқауын ұйымдастырды. Айтулы жоба ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жаңа технологиялар саласындағы әлеуметтік маңызды бастамаларды анықтау және қолдау мен бизнес жоспар бойынша инновациялық жобалардың авторлары мен инноваторларды оқытуға бағытталған жоба 4 кезеңде өтті. Іріктеу кезеңінен соң қатысушылардың бизнес-жобаларды жасау арқылы бизнес-жоспарлау қабілеті сыналды. Жартылай финалға өткен байқау қатысушылары өздерінің бизнес-жобаларын қорғап, 5 үздік жоба іріктелді. Соңғы кезеңде ұсынған жобаны таныстырып, қорғап шығу қажет еді. Бұл сыннан да сүрінбей өтіп, ақшалай сертификатпен (7,5 млн теңге) марапатталдым. Бұл зияткерлік және инженерлік ойларымның батылдығының бір дәлелі болды.
- Ол жобаңыздың артықшылығы неде еді?
- Күрделі мәселелердің шешімі мүмкіндігінше қарапайым болуы тиіс. Кез келген механизатор жылу моторларында қолданатын тетіктерді оңай пайдаға асыра алатын өнертабыстарды ауыл шаруашылығында және басқа салаларда әбден қолдана алады. Менің жасаған жобамның зерттеу нысаны – іштен жанатын қозғалтқыштар және жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарындағы саңылаусыз қақпақты су сіңбейтін бүріккімен (бездренажная форсунка с глухим колпаком) зерттеулер жасау барысында 1 гектар егіндік жерде 2 литр дизельді отын үнемделетіні байқалды. Тіпті бұл құрылғыға сай жабдықталған дизель отынды трактормен Павлодар облысының егістік жерлерін бір рет жыртып шыққанның өзінде 2 млн 272 мың литр немесе 2 млн кг дизель отыны үнемделеді. Бір кг жанармайдың жануы үшін 15 кг ауа керек, яғни 15 кг ауа ластанады. Ендеше біз қаншама ауаны ластанудан сақтап қаламыз.
- Сонда сіздің жобаңыз отынды үнемдеумен қатар экологияны қорғауда да маңызды болып отыр ғой?
- Әрине, менің жасап шығарған құрылғымды қолданғанда мотордың міндеті мен түріне қарай пайдаланылған газдың түтіні 40 пайыздан 2-3 есеге кемиді. Сондықтан осы өнертабысым жанармайды үнемдеп қана қоймай, материалдық, энергетикалық және еңбек шығындарын азайтып, еңбек гигиенасын, экологиялық және өрт қауіпсіздігін нығайтып, ауаның ластанбауына оң әсер етеді.
- Жарты ғасыр бойы оқу-әдістемелік жұмыстарды дамыта жүріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналыстыңыз. Осы ересен еңбекке деген қажыр-қайратты қайдан алдыңыз?
- Жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, оқу-әдістемелік жұмыстарды дамытумен қатар ғылыммен де кеңінен айналыстым. Зерттеу жұмыстарымда жанармай-дизель жүйесін жетілдіріп, оқу үрдісіне осы технологияларды енгізуге тырыстым. Осы бағытта 300-ден астам ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жобаларды жүзеге асырдым. Ғылым жолында 3 монография, 20 оқу құралы жарық көріпті. Қазіргі уақытта студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етемін. Ғылымнан қуат аламын.
- Ғылымға бет бұрған жастарға не айтар едіңіз?
- Жастар ғылыми еңбегінің жемісін көруді қаласа, еңбекқор, табанды болуы керек. Республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысып, бақтарын сынап, алға ұмтылуы қажет. Фирдоуси айтқандай, «Игі мақсатқа тура жүрген жетеді». Сондықтан алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылған жастар сол талпынысы арқылы шыңдала түседі. Ал ғылыммен алаңсыз айналысу үшін мемлекет тарапынан барынша қолайлы жағдай жасалуы керек. Студенттердің шәкіртақысын, оқытушылардың еңбекақысын арттыру арқылы ғылымнан басқа ештеңеге алаңдамайтындай жағдай жасалса, жас ғалымдарымыз биік-биік шыңдарды бағындыра алады. Тәуелсіз еліміздің болашағы - жастардың қолында!
- Әңгімеңізге рахмет!
Торғын ОРАЗАЛЫ.
Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022
101
Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022
95
Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022
102
Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022
130
Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022
95
Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022
101
Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022
96
Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022
108
Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022
208
Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022
230
Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022
255
Абай тағылымы
08:58 13.08.2022
212
Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022
200
Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022
224
Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022
244
Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022
249
Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022
306
Аспан перзенті
10:07 11.08.2022
301
«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022
310
Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022
332
«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022
306
Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022
296
Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022
325
Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022
324
«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022
304
Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022
343
Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022
329
Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022
419
Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022
405
Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022
401
Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022
394
«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022
418
Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022
399
Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022
415
Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022
498
Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022
543
Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022
494
Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022
547
Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022
516
Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022
491
Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022
539
Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022
502
Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022
512
Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022
584
Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022
643
Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022
570
Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022
590
Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022
595
Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022
565
Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022
576
Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022
542
Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022
568
Алтын аға
10:30 04.08.2022
619
Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022
632
Әнші арманы
09:57 02.08.2022
641
«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022
823
Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022
625
Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022
655
Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022
636
Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022
654