«Жасай бер, өнер ордасы!»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

«Жасай бер,   өнер ордасы!» 16.11.2021

«Жасай бер, өнер ордасы!»

Жұма күні павлодарлықтар И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның 75 жылдығына арналған «Жасай бер, өнер ордасы!» атты мерекелік концертін тамашалады. Өнер ордасының мерейлі мерекесі Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтті. Жиналған жұрт филармония құрамындағы оркестрлер мен ансамбльдерінің ән мен күй шашуына шаттанып, үкілі арулардың мың бұралған биіне тәнті болды.

Ертіс-Баян жұрты мұндай кәсіби шығармашылық ұжымдардың өнерін әбден сағынған сыңайлы. Кешке жұрт көп жиналды. Дегенмен, санитарлық сақтық шаралары да қатаң сақталды. Мерекелік концертке облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының директоры, Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы, ҚР Еңбек сіңірген артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Павлодар облысының Құрметті азаматы Шахимардан Әбілов және басқа да өнер иелері қатысты.

- Облыстық филармонияның 75 жылдығы Қазақстан Респуликасының 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Осы жыл ішінде филармония еліміздің көрнекті өнер қайраткерлерімен және шығармашылық ұжымдарымен бірлесіп, ерекше концерттер, мерекелер ұйымдастырды. Елімізге белгілі өнер майталмандары Ермек Серкебаев, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев секілді басқа да өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттер көрермен есінде. Биыл 75 жылдық мерейтойды ерекше жетістіктермен қарсы алып отыр. Өнер ұжымының барлық қызметкерлерін осы айтулы мерейлі датамен шын жүректен құттықтаймын, - деді Әбілқайыр Бақтыбайұлы. Аймақ басшысы өзінің құттықтау сөзінен кейін аймағымыздың мәдени-рухани дамуына айрықша үлес қосып жүрген өнер майталмандарын марапаттап, филармония ұжымына қажетті аспаптар мен құрал-жабдықтар сатып алуға 7,5 млн теңгенің сертификатын тарту етті. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ербол Айтбаев «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және камералық хор артисі Гүлмира Әлжанова мен симфониялық оркестр артисі Александр Мастабаев облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі джаз оркестрінің артисі Кира Шейкина мен «ЛАД» орыс ұлт аспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі Оксана Петрушкинаға тағылды. Сонымен қатар, симфониялық оркестрдің артисі Константин Арсланов пен дәстүрлі әнші Сәуле Мүсіповаға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Ал Нұр-Сұлтаннан келген белгілі эстрада жұлдызы Жеңіс Сейдоллаұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың сәлемін жолдап, мерекелік құттықтау хатын оқып берді. Қазақ операсының биік шыңы, Ертіс-Баян өңірінің мақтанышы Шахимардан Әбілов ағамыз да тамаша сыйлықпен келіпті. Жерлестеріне Естайдың «Қорлан» әнін тарту етті. Марапаттаулар мен құттықтаулардың соңы филармония өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Тілеуберді САХАБА.

 


Количество показов: 461

Возврат к списку