Жеке кәсіп ашудың жолдары қандай?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

07.10.2021

Жеке кәсіп ашудың жолдары қандай?

Бүгінде бизнес бастап, кәсіпті кеңейтуді қалайтын тұрғындар банкке бара қалса, бірқатар кедергі кесе-көлденең шығады. Қаржылық институттар кепілге қояр мүлікті талап етіп, несиені жоғары пайыздық мөлшерлемемен береді. Сондықтан кей азаматтар бастапқы идеясынан бас тартып жатады. Мұндай жағдайда мемлекеттік бағдарламаларға иек артқан жөн. Сол тұста жеңілдетілген несие, тіпті миллиондаған қайтарымсыз қаржы алу мүмкіндігі пайда болады. Ол үшін қайтпек керек? Жеке кәсіпті ашудың амалдары қандай? Бұл мәселе облыстық «Saryarqa samaly» газетінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында өткен «Онлайн желі» барысында талқыланды. Шараның қонағы - облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Дархан Ермағамбетов көптің көкейіндегі сауалдарға жауап берді.

Тілші сауалы:

- Дархан Нұрлыбекұлы, алдымен кәсіп ашуды қалайтын тұрғындарға арналған мемле-кеттік бағдарламалар туралы айтып өтсеңіз...

Дархан ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Жеке ісін бастауға ниетті тұрғындарға «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында қаржылай және қаржылай емес көмек көрсетіледі. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпкерлік негіздерін үйрету, сервистік қызмет көрсету, кеңес берумен айналысса, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттік гранттар алуға, инфрақұрылымды жүргізуге қатысты құжаттарды қабылдайды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры несие алған кәсіпкерлерге субсидия, кепілдік беру мәселелерін қарас-тырады. Яғни, бұл бағдарлама бірнеше бағытты бір-ақ қамтиды. Сондықтан, бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына қатысуға ниет танытатын азаматтар қатары қалың.

Тілші сауалы:

- Бұл ретте мемлекеттік грант алуға асық тұрғындар саны көп болар...

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Дәл солай. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы жаңа бизнес идея ұсынған азаматтарға 2-5 млн теңге көлемінде қайта-рымсыз қаржы беруді көздейді. Жыл сайын шамамен 150 өтініш қабылданып, арнайы құрылған комиссия оның әрқайсысын сараптан өткізеді. Айталық, биыл 21 жоба мақұлданып, оларды іске асыруға мемлекеттік қазынадан 102 млн теңге бөлінді.

Малика, Павлодар қаласы:

- Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысудың белгі-ленген нақты уақыты бар ма? Өтінішті қашан және қалай тапсыруға болады?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Мемлекеттік грант конкурсы жылына екі рет ұйымдастырылады. Биыл бөлінген қаражат толығымен игерілді, сол себепті енді өтініштер қабылданбайды. Ал келесі жылы бірінші және үшінші тоқсанда өтетін байқауға қатысып, бағыңызды сынауға мүмкіндік бар. Өтініштерді қабылдаудың нақты мерзімі алдын ала жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен @uppir_pavlodar парақшасында жарияланады. Бизнес жобаны, жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама мен грант сомасының 10 пайызын қосымша қаржыландыру мүмкіндігін растайтын құжатты qoldau.kz порталына жүктеу қажет. Бұған дейін құжаттардың барлығын қағаз жүзінде тапсыруға тиіс болса, биылдан бастап өтініштер электронды түрде қабылданатын болды. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеуге әрі аталмыш портал арқылы комиссия мүшелері қойған бағаны көруге мүмкіндік береді.

Әлия РҮСТЕМОВА, Аққулы ауданы:

- Қайтарымсыз қаржы байқауы барысында көпбалалы аналарға қандай да бір жеңіл-діктер қарастырылған ба?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының талабы бойынша, қатысушылар грант сомасының 10 пайызын қалтасынан шығаруы тиіс. Яғни, жобасын жүзеге асыруға 5 млн теңге қаржы алса, өзі де кемінде 500 мың теңге инвестиция салуы керек. Бірақ бұл талаптың әлеуметтік осал топ өкілдеріне және жастарға қатысы жоқ. Көпбалалы аналарға жасалған жеңілдік - осы.

Бағдат, Екібастұз қаласы:

- Мен 2018 жылы «Бастау» бойынша оқудан өтіп, сертификат алған едім. Сол сертификатпен келесі жылы мемлекеттік гранттар конкурсына қатыса аламын ба?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Бұған дейін конкурсқа қатысуға ниетті тұрғындар «Бастау», «Бизнес-Кеңесші» курстарынан өтуге міндетті еді. Оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификат құжаттар тізімінде белгіленді. Бірақ осы жылдың ортасынан бастап мемлекеттік гранттар конкурсына кәсіпкерлік негіздері сабақтарынан өтпеген азаматтар да қатыса алады. Ал «Еңбек» бағдарламасы бойынша шамамен 600 мың теңге көлемін-дегі грантты алуды қалайтындар жоғарыда аталған курсттардың сертификатын қоса тапсыруы тиіс.

Тілші сауалы:

- Кейбір тұрғындар қаржылай қиындықтарға, басқа да себептерге байланысты қайтарымсыз қаражатты бизнес бастауға жұмсамай жатады. Оларға қатысты қандай да бір шаралар қолданыла ма?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Грант сомасын игеруге 18 ай уақыт беріледі. Егер осы уақыт аралығында кәсіп ашуда қиындықтар туындаса, кәсіпкер басқармаға ескертуі тиіс. Арнайы комиссия жағдайды қарастырып, мерзімді ұзартуы мүмкін. Алайда кей азаматтар грант сомасын жеке мақсатына жұмсап, ешқандай кәсіп түрін ашпайды. Мұндай жағдайда ауызша және жазбаша түрде ескерту жасаймыз. Алған соманы ерікті түрде қайтарудан бас тартса, сотқа жүгінуге тура келеді. «Даму» қоры және басқарма тарапынан әр теңгесінің тиімді пайдаланылуы бақыланады.

Мөлдір ТӨЛЕУОВА, Павлодар қаласы:

- Мен биыл колледж бітірдім, бірақ мамандығым бойынша жұмыс істегім келмейді. Маникюр студиясын ашуды қалаймын. Еңбек өтілім болмаса да, грант немесе жеңілдетілген несие ала аламын ба?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Алдымен жеке кәсіпкерлік немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашқаныңыз дұрыс. Заңды тұлға ретінде ресімдеуден өткен соң ғана мемлекеттік бағдарламаларға қатыса аласыз. Мәселен, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 600 мың теңгеге дейін грант немесе 20 млн теңгеге дейін шағын несие алуға мүмкіндік бар.

Азамат, Тереңкөл ауданы:

- Бүгінде несие алып, бизнес ашайық десек, банктердің барлығы бірдей кепілзат сұрайды. Ал ауылдағы мүлікті мүлде есепке алмайды. Сонда қайтпек керек? Ауыл жастарына арналған, кепілсіз несие беретін бағдарлама бар ма?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Өкінішке қарай, кепілсіз несие бағдарламалары жоқ. Десе де, «Атамекен-Павлодар» микроқаржы ұйымына өтініш берсеңіз әбден болады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан ашылған бұл ұйым елді мекендегі жылжымайтын мүлікті кепілдікке алып, оны жоғары бағалайды. Ауыл азаматтары жергілікті жердегі кәсіпкерлер палатасына барып, өтініш беріп, 7,2 млн теңгеге дейін несие ала алады.

Мақсат, Екібастұз қаласы:

- Осыдан біраз уақыт бұрын «Zhas-Halyk.Ertis» бағдарламасы бойынша жастарға кепілсіз несиелер берілетінін естіп едім. Қазіргі кезде бұл бағдарлама бар ма?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Павлодар облысының әкімдігі мен «Halyk Bank» АҚ елімізде алғаш болып арнайы бағдарламаны қолға алып, жастарға 5 пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға дейін кепілсіз зат беруді бастаған еді. Өтініштер өткен жылдың қазан айынан осы жылдың наурызына дейін қабылданып, шамамен 35 жоба мақұлданды. Бұл ретте жобалар екінші деңгейлі банк есебінен қаржыландырылғанын атап өткен жөн. Оларды іске асыруға 400 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылды. Әзірше бұл бағдарлама тоқтады. Әрі қарай жалғасын табар-таппасы - банк құзыретіндегі мәселе.

Тілші сауалы:

- Екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге несиені жоғары пайыздық мөлшерлемемен береді. Оны төмендетудің амалы бар ма?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Екінші деңгейлі банктер несиені кем дегенде 15 пайыздық мөлшерлемемен беретіні рас. Бұл кәсібін жаңадан бастаған тұрғындардың қалтасына айтар-лықтай салмақ салады. Тіпті, мұндай несие тиімсіз болып, соның салдарынан бизнес өкілдері табыстан қағылып, тақырға отыруы әбден мүмкін. Осы орайда кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында субсидиялау тетігі қарастырылған. Бұл кәсіпкер несиені қанша пайызбен алса да, оның тек 6 пайызын төлейтінін білдіреді. Қалған бөлігін мемлекеттің өзі өтейді. Бағдарламаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, қарыз сомасы 20 млн теңгеге дейін болса, субсидиялауға қатысты шешімді банк бір апта аралығында қабылдайды. Егер несие сомасы 7 млрд теңгеге дейін болса, «Даму» қоры 2-3 апта дересінде субсидия беру туралы өтінішті қарастырады. Атап өтер маңызды жайт, өткен жылы пандемияға байланысты «Бизнестің жол картасы-2025» бағдар-ламасындағы салалық шектеулер алынып тасталды. Яғни, кез келген бағыттағы кәсіпкерлік нысаны субсидияға иек арта алады.

Тілші сауалы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолда-уында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын ұзарту туралы тапсырма берген болатын. Аталмыш бағдарлама Павлодар облысында қалай іске асуда?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- «Қарапайым заттар экономикасы» халықтың күнделікті тұрмысында қажет тауарларды шығаратын кәсіпорындарды қаржылай қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, 10 млрд теңгеге дейінгі несиені 6 пайыздық мөлшерлемемен береді. Соңғы 2 жыл аралығында барлығы 201 жоба қолдау тапты. Биылдың өзінде 45 жоба мақұлданды. Сондықтан бұл бағдарлама біздің аймақта сәтті жүзеге асып жатыр деуге болады.

 

«Онлайн желі» барысында байқағанымыздай, тұрғындар тарапынан мемлекеттік гранттар конкурсына қатысты сұрақ көп. Кей тұрғындар жеңілдетілген несиені алудың жолдарын, қарыздың бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігі барын біле бермейді. Тікелей эфир барысында осы және өзге де мәселелерге қатысты нақты жауап берілді. Бизнес бастаудың тиімді тетіктері алдағы уақытта да газет бетінде көтеріледі. Сондықтан, сауалдарыңыз болса, редакциямызға жолдауды ұмытпаңыздар, оқырман қауым!

«Онлайн желіні» жүргізген - Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суретті түсірген - Тілеуберді Сахаба.

 


Количество показов: 819

Возврат к списку