Желтоқсан көтерілісі: беймәлім деректер

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  101

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  96

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  103

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  130

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  95

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  101

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  96

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  108

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  208

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  230

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  255

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  213

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  200

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  224

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  244

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  249

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  306

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  302

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  310

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  332

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  306

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  296

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  325

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  324

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  304

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  343

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  329

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  419

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  405

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  401

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  394

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  418

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  399

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  415

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  498

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  543

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  494

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  547

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  516

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  491

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  539

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  502

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  512

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  584

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  643

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  570

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  590

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  595

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  565

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  576

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  542

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  568

Алтын аға
10:30 04.08.2022  619

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  632

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  641

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  824

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  626

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  655

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  636

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  654

Желтоқсан көтерілісі:  беймәлім деректер 30.07.2022

Желтоқсан көтерілісі: беймәлім деректер

Бұл мақаланың жазылуы да, келтірген фактілердің қамтылып, баяндалуы да Желтоқсан көтерілісіне байланысты осыған дейін айтылып немесе жазылып келген дүниелердің көбіне ұқсамайды. Олай болатын жөні де бар. Өйткені 1993-1995 жылдары Конституциялық сотта баспасөз хатшысы болып істеген едім. Ал сол уақытта 1986 жылғы мәселемен дендеп айналысқаным да мәлім. Сол жағдайды пайдаланып, көптеген құжаттарды өз көзіммен көрген едім. Көп дүниеге тікелей куәгер болғаным себепті, нақты деректермен баяндайын.

 

Себеп пен салдар

Бүгінде Желтоқсан көтерілісіне себеп болған нендей жағдай еді деген сұрақтар жиі қойылады. Меніңше КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының сол кездегі Қазақстан басшысын ауыстыру туралы ұйғарымынан туған нара-зылық мәселесінің бір жағы ғана. Елдегі шетін жағдайлар оған дейін де қордаланып қалған еді. Өйткені, республикамыздың егемендігі ол кезде тек сөз жүзінде ғана болатын. Оған Орталықтың Қазақстан шекарасын бірнеше рет өлшеп-пішкенін айтсақ та жеткілікті. 1960 жылы тың өлкесі құрылғаннан кейін оның біраз бөлігін РСФСР құрамына береді деген лақап шықты. Бұл жағдай республика жастары мен студенттердің іштей наразылығын туғызды. Одан кейін Шымкент облысының мақта өсіретін үш ауданы Өзбекстанға өтіп кетті. Мұны да тұрғылықты халық жақсы көре қойған жоқ. Ал 1979 жылғы Целиноград оқиғасын да халқымыз әлі ұмыта қойған жоқ. Елдің көзін бақырайтып қойып, неміс автономиясын құрайық деу орталықтың нағыз кеудемсоқ әрекеті болатын. Қазақстан табиғи байлығы ең мол өлке бола тұра, дамыған өнеркәсіпті республикалардың шикізат базасына айналды. Бұған қоса, жергілікті халықтың 70 пайызға жуығы ауылды жерлерде тұрды, жұмыссыздық көбейіп, тұрмыс деңгейінің төмендеуі елдің көңіл-күйіне әсер етпей қойған жоқ. Инфляцияның бой көтеруі ең алдымен көпбалалы отбасылар мен жастарға ауыр тиді. Экономист Ерлан Арынұлының сол кездегі есебі бойынша Қазақстандағы әрбір көпбалалы отбасыларға шаққандағы табыс мөлшері 30 дан 80 сом аралығында болды. Бұл өмір сүруге қажетті деңгейден әлдеқайда төмен еді. Жұмыссыздық және әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі салдарынан жастар 70-80 жылдары қалаға қарай ағыла бастады. Онда оларды қымбатшылық пен тұрмыстың қолайсыз жағдайы күтіп тұрды, жолы болғандар бар-жоғы шағын отбасылы жатақханаларға орналасты. Мысалы, 1985 жылы республика бойынша ауылдан келген студенттердің төрттен үші ғана жатақханамен қамтамасыз етілді. Әсіресе, Алматыдағы жағдай мәз емес еді. Ондағы студенттердің 57,7 пайызы ғана жатақханаға орналаса алды. Желтоқсан көтерілісі қарсаңында «еңбектен тыс табыс» дегенмен күрес пайда болып, соның салдарынан тек қана Алматыдағы пәтер жалдап оқып жүрген үш мыңдай студент баспанасыз қалды. Ең бастысы, бір ғана ұлттың басым көпшілігінен тұратын одақтас елдердің билік органдарымен салыстырғанда біздің республика басшылығы көп ұлттан тұрды. 1920-1986 жылдар аралығында бірен-саран қазақ болмаса ел партия ұйымына орыс пен еврей, поляк пен грузин және армян, ұйғыр жетекшілік етті. 1985 жылдың дерегі бойынша Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінде қазақтар үлесі- 36 пайыз, орыстар 40,8 пайыз болды. Кеңес үкіметі жылдарында республиканың бірде-бір өкілін коммунистер мен халық сайлаған жоқ, оларды Орталық тағайындап, іс-қимылын өздері бақылап отырды. Ақыры Қазақстанда шексіз билікке ие болған және Орталық мүддесін қорғайтын Г.Колбиннің кезегі келгенде халықтың шыдамы түгесілгендей еді. Наразылық бұрқ ете түсіп, бітеу жараның аузы ашылды да кетті.

Жүйе мен жаза

Жастардың алаңға шығу себептері әртүрлі. Олардың кейбіреулері мұнда талай жылдар бойғы шовинистік кеудемсоқтыққа өкпе-наразылығын білдіргілері келсе, басқалары «ұлттық намысты қорғау» ұранына еліктей аттанды.Шеру саяси сипатта өтті және ол басқа халықтарға соның ішінде орыстарға қарсы бағытталмады. 17 желтоқсанның кешіне дейін шеруге қатысушылар шектен шықпады, ешбір заңды бұзбады. Осы арада ерекше айта кететін бір жәйт, алаңда қазақ жастары басым болғанымен, олардың қатарында орыс, украин, ұйғыр және басқа ұлттардың өкілдері де болды. Оны сол кездегі ішкі істер органдары тіркеген тізім де растайды. Оқиғаның ушығуына, оның тым ауыр сипат алуына деген басты кінәні саяси айтыстан қашқақтаған, нақты жағдайда бліксіздік танытқан партия мен үкімет органдарының шенеуніктеріне арту керек. Соның салдарынан құқық қорғау органдары мен милицияға қара күш қолдануға рұқсат берілді. Ақыры оқиға кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. Бұлардың ішінен Алматының соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық тәртіп бойынша 99 жас сотталды, екі адам ату жазасына тартылды. Тек қана Желтоқсан оқиғасына байланысты Қарағанды университетінен 25 студент комсомолдан шығарылып, 11-і университеттен қуылды. Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті Қ.Рысқұлбеков түрмеде қаза тапты. Студент қыз Л.Асанова жұмбақ жағдайда көз жұмды. Мұндай қайғылы мысалдар аз емес. Жазалау шараларын сонда кімдер жүзеге асырды? Ішкі істер министрлігі штабының бас инспекторы Еркін Әлиұлы Өтегеновтің Конституциялық сотқа берген түсініктемесінен: «... МХК мен ІІМ дайындаған фотоальбом бойынша оқиғаға қатысушыларды анықтау біздің топқа жүктелді. Топ қалалық ішкі істер басқар-масының ғимаратында орналасты. Фотоальбомдар барлық аудандық ішкі істер бөлімдеріне таратылды, ал біздің топ нәтижені дереу ІІМ мен республика прокуратурасына жеткізіп тұрды. Жұмыстың түрі мынадай еді: милиция қызметкерлері кәсіпорындарды, мекемелерді және оқу орындарын аралап, азамат-тарға фотоальбомдарды ұсынды. Мұндайда тек қана жариялылықты пайдаландық. Іздеген адамдарды тапқан сайын фотоальбомдарға белгілер қойылып, олар ІІМ-де ұйымдастырылған штабқа жеткізілді.

... Егер сол кездегі оқиғаға баға беретін болсақ, мен мынаны айтар едім. Көптеген адамдар соның нәтижесінде қызмет бабындағы мансапқа жетті. Негізгі кінә үкімет пен партияға артылды.» (Конституциялық сот және Желтоқсан туралы іс, 8-том, 137-бет). Зейнеткер Николай Петрович Ловгиннің еске түсіруінен: «Қазақстанның МХК органдарында мен 1987 жылдың мамырына дейін тергеу бөлімінің бастығы болып қызмет істедім. Сол кезде МХК-ның төрағасы В.М.Мирошникпен арақатынасымыз шиеленісіп кеткеннен кейін мен 1986 жылдың наурызында жасымның келуіне байланысты аталмыш органнан шығару жөнінде рапорт бердім. Бірақ «мені шығару» 1987 жылдың мамырына дейін созылып кетті. Өйткені, орнымды басатын адам таба алмады, ал дәлірек айтсақ, өз орынбасарым қазақ жігіті С.Мырзалинді тағайындағылары келмеді. Ақыры менің орныма сонау Украинадан ешкімге белгісіз Закриевскийді алып келді. Біліп отырған боларсыздар, біліктілік пен кәсібилікті қажет ететін істен ұлттық кадрларды ғана емес, түпкілікті қазақстандықтардың өздері аластатылды. Барлығы-мызға Алматыдағы оқиғаны ұйымдастырған ұлтшылдарды табу жөніндегі тапсырма берілді. Алайда, ол табылмады, өйткені Қазақстанда ондай ұйымдар атымен жоқ болатын. Егер менің пікірім бірдеңеге жарайтын болса, онда 1986 жылғы 16 желтоқсандағы астанадағы оқиғаның басты кінәлілері деп КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшелері мен соны басқарып отырған М.Горбачев деп санаймын. Олар істің байыбына бармай, теріс шешім қабылдады, біздің интернационалдық республикамызға қайдағы бір Колбинды жіберді. Мен қатардағы коммунист ретінде өзімнің және көптеген жолдастарымның пікірін білдіремін. Бұрынғы басшылардың шала шешімдерінің салдарынан біздің жастар жазықсыз жазаланды» (Конституциялық сот және желтоқсан туралы іс, 8-том, 100-бет). Осы жағдайды сол кезде 1985 жылдың желтоқсанынан 1987 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болып істеген Марат Шорманов былайша еске түсіреді: «Бұл оқиғаны қазір ой елегінен өткізіп отырсам, 17 желтоқсан күнгі шеру демократиялық сипатта, заңды өтті және ол сол кездегі КСРО мен Қазақ КСР Конституцияларының нормаларынан асқан жоқ. Оқиға жөніндегі қалыптасқан қоғамдық пікірге қосыламын. Жаппай тұтқындау мен ұрып-соғу, жоғары оқу орындарынан, партия мен комсомолдан қуғындау, шеруге қатысушыларға қарсы жұмысшылар жасағын құру мен оларды қазақ жастарына қарсы қою, әскерлерді жазалаушы ретінде пайдалану - бәрі Конституцияға және заңға қарсы әрекеттер деп санаймын» (Конституциялық сот және желтоқсан туралы іс, 8-том, 273-бет). Конституциялық сотқа кейбір халық соттарының берген түсінік-темелерінде олар оқиғаның басынан бастап өздерін жастарды әкімшілік жауапқа тартуға нұсқау алғандарын мойындады. Ондай нұсқауды республика Жоғарғы Төрелік сотының бұрынғы төрағасы, ал сол кездегі Әділет министрінің орынбасары И.А.Тетеркин берген. Жоғарыда келтірілген мысалдар партия шенеуніктерінің қолшоқ-пары болған, қуғын-сүргін мен жазалауды мүлтіксіз жүзеге асырып отыратын сол кездегі құқық қорғау органдарының жұмыс әдісін сипаттап береді. Мұндайды тек 1937 жылмен салыстыруға болар еді. Енді жазықсыз жапа шеккендер, сотталған, түрлі дәрігерлік «сынақтан» өткен, қорланып намыс-тары тапталған жандар өмірінен деректер берейік. Шымкент облысы Бөген ауданы, Ақжол ауылының тұрғыны, зейнеткер Ақпал Молданазарованың сол кездегі Конституциялық сотқа жазған арызынан үзінді: «Менің қызым Кенжегүл Молданазарова - Алматы дәрігерлік институтының студенті. 1986 жылдың 18 желтоқсаны күні көшеде келе жатқан кезінде солдаттар «торына түсіп», басынан қатты соққы алды. Ауруханада қызымды дұрыс қарамай, тез шығарып жіберген. Ол алаңға өзінің немере сіңлісі, байланыс техникумының студенті Анар Бәдіренованың қайда екенін білуге барған. Анар да соққыға ұшыраған. Қызым Арыс, Шымкент ауруханаларында емделгенімен, нәтиже шықпады. Сосын оны Ташкентке алып бардық. Ондағы зерттеу кезінде басына қатты соққы тигендіктен миына қан құйыла бастағаны белгілі болды. Операция үстінде Кенжегүл дүние салды. Қызымның өліміне кінәлі қанішер солдаттар мен милиция қызметкерлері және соларға бұйрық беріп, жастарды жазалаған басшылар жауапқа тартылуы тиіс. Мұны мен ана ретінде өтінемін» (Конституциялық сот және желтоқсан оқиғасы туралы іс, 9-том, 265-бет.). Көздеріне қан ұялаған жендеттер қолдарына кімнің түскенін де ажыратып жатпады. Ұйғыр жігіті Абайдолла Рузиевтің сол кездегі басынан кешкенін ешкімге де тілемей-ақ қояйық. «17 желтоқсанда мені тұтқындады да 15 сөткеге жауып тастады. Осы 15 күн ішінде тергеушілер небір сұрақтар қойып, менің қайдағы бір қылмысқа қатыстылығымды айтып, ұрып-соғумен болды. Шағын камераға 30-дан артық адам әрең сыятын еді. Онда сыз тартып, суық болды. Ақыры мен ауырып қалдым. 15 күннен соң жұмысқа оралдым. Бірақ 1987 жылдың қаңтарында мені қайта шақырып, түрмеге жауып тастады. Тергеушілер Сафонов пен Бейсалиев менің әскери курсанттарға қол жұмсағаным жөнінде түсінік беруімді талап етті. Көнбеген едім, олар ұрып-соғуға көшті. Қорлыққа шыдай алмай, өз «кінәмді» мойындадым, сөйтіп бес жылға кесіліп, айдауға кеттім. Әкем дүниеден ерте кетіп, үйде шешем үйелмелі-сүйелмелі 7 баламен қалды. Алатыны - бар-жоғы 75 сомдық зейнетақы. Айдауда жүргенде ең бір қиын жерде болдым, тайганың 50-60 градустық аязы табанымнан өтіп, арқамнан шыққандай болды» (Бұл да сонда: 10-том, 78-бет). Алматы оқиғасының жаңғырығы басқа қалаларға да жетті. Барлық жерлерде студенттер мен жастар жиналып, ұлттық мәселені жоққа шығарып отырған Орталықтың өктем саясатына қарсылық білдірді. Оған жауап ретінде жергілікті билік органдарды жазалау әрекетіне көшті. Сондай жапа шеккендердің бірі целиноградтық Асқар Сағынаев Конституциялық сотқа былай деп жазды: «Алматыдағы оқиға туралы естіген соң, біз қазақ студенттері, Г.Колбиннің атына қарсылық хат жаздық. Жоғары оқу орындарының студенттері қол жинауда белсендәілік танытты. Сол үшін бізді ұстап, соттады. Мені бірден «есі» дұрыс емес деп тапты. Күштеп «емдей» бастады. Сегіз ай бойы олар жүйкеге әсер ететін дәрілерді беріп, осылайша менің «саяси көзқарасыммен» күресті.

...Кейіннен мен Жоғарғы соттың шешімі бойынша ақталдым, өйткені менің іс-қимлымда еш қылмыс жоқ деп тапты. Әйтсе де бұл толық ақталу емес. Өйткені, дәрігерлер анықтаған «дерт» әлі де алынған жоқ. Тоталитарлық жүйенің жандайшаптары улаған менің денсаулығымды кім қалпына келтіреді? Олар осы күнге дейін адам құқығын таптағандарын, сау адамды ауру қылғандарын, мойынсұнбағандарды басып-жаншығанын еске алғылары келмейді. Қазір мен институтты тәмамдадым, отбасылы, балалы-шағалы болдым. Бірақ сонау аязды күндері тапталған ар-намысым кейде түн ұйқымды төрт бөледі. Біздің қазіргі билік органдары сол кездегі оқиғаға саяси баға беруге батылы бара ма екен?» (Конституциялық сот және желтоқсан оқиғасы туралы іс, 10-том, 66-бет). 1993-1994 жылдарғы Консти-туциялық сотқа жазылған осындай хаттардағы оқиғаларды талдап қарайтын болсақ, онда жазалау әдістерінің бір-бірімен ұқсастығын байқаймыз. Сол кезде бұқаралық ақпарат құралдары бұл туралы неге жазбаған? Оның себебі айдан анық. Егер шындықты адамдар білетін болса, онда «бір топ бұзақы маскүнемдер мен нашақорлардан басқа Қазақстанның еңбеккерлері пленум шешімдерін бірауыздан мақұлдады» деген жалған ақпар иесі – ТАСС-тың өтірігі шығар еді. Сонымен бірге ойдан шығарған ақпараттарды таратуға қатысқан Соломенцев пен Колбиннің беделі түсер еді. Олар үшін ең қорқыныштысы осы болатын. Бірақ бір нәрсе айқын: алаңға шыққан жастардың қимылын билеп-төстеушілер бәрібір қылмыс деп жариялады. Осыдан барып олар жастарды соққыға алды. Қазіргі күнге дейін қанша адам тұтқындалғанын ешкім айта алмайды. Өйткені құқық қорғау органдарының құжатта-рында «келісім» жоқ Олардың жаттанды жауабы: «Сақтауға деген шектеулі мерзімнің бітуіне байланысты барлық құжаттар кезінде өртелінген». Прокуратураның дерегі бойынша тұтқындалғандар – 2400, Ішкі істер органдарында – 2336, ал МХК-да 2212 адам дейді. Осыларды Парламент комиссиясының деректерімен салыстырғанда 3115 адам болады. Оқиға кезіндегі ең қорқынышты да қауіпті нәрсе биліктің халықтар арасына сына қағуында. Істің байыбына барудың орнына бір халық түгелдей ұлтшыл деп жарияланды. Содан соң олар студенттердің, ғылыми қызметкерлердің, жұмыс-шылар мен басшылардың ұлттық құрамын, аралас некелердің сандарын мұқият есептей бастады. Мұның бірде-бірі достықты нығайтуға бағытталған шаралар емес еді.

Сараптама сыры

Желтоқсан оқиғасы Балтық жаға-лауындағы және басқа республикаларда демократиялық процестердің дамуына себепші болды. Осыдан кейін егемендікке жаппай жол ашылды. Одақтас республикалар бірінен кейін бірі тәуелсіз дамуға бет бұрды. Сонымен бірге Бакуде, Вильнюсте, Ферғанада, Тбилисиде, Ригада қанды оқиғалар болды. Онда да тоталитарлық режим мен ресей танкілерінің қанды іздері қалды. Осыдан-ақ бостандық пен тәуелсіздік оңайға түспейтінін аңғаруға болады. Ақырында салтанатты сәт те туды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында көтеріліске қатысқандар ақталды. Қазақстанның тәуелсіздігі де сол жылдың 16 желтоқсанында жариялануы да кездейсоқ емес. Мұның тарихи заңдылығы бар. Бұл көтеріліске қатысқандардың ерлігін мойындау. Мұны желтоқсан қаһармандарының халық жадында мәңгі сақталатынының себебі деп білу керек. Тәуелсіздік алғаннан кейін бір жылдан соң Конституциялық сот Желтоқсан қөтерілісіне байланысты сот ісін қозғауға мәжбүр болды. Оған бірден-бір себеп сол көтеріліске қатысқандарға жазалау шараларын қолданғандары үшін МХК, ІІМ, Прокуратура, Жоғарғы сот тіпті Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесін жауапқа тарту жөніндегі жапа шеккендердің көптеген арызы еді. Бұл іс қоғам мен халық ара-сында керемет назар аударушы-лықты туғызды. Біріншіден, қазақ жастарының ашық наразылығын аяусыз жазалау әдістерінің толық құпиясы ашылуы тиіс еді. Сол жылдары жапа шеккендердің саны, мемлекет қайраткерлерінің ролі, жастардың батылдығы мен ұлт зиялыларының қорқақтығы туралы қауесеттер тарап кеткен-ді. Екіншіден, 1993 жылы Ресейдің Конституциялық соты КОКП Орталық Комитетінің қызмет бабындағы билікті асыра пайдаланғаны жөнінде іс қозғай бастады. Компартияның қызмет бабында жазалаушы орган екенін Желтоқсан көтерілісі басылып-жаншылысымен алаңға шыққан жастарды жаппай аяусыз жазалау шараларынан, қазақ халқына негізсіз тағылған ұлтшылдық айдары мен оларды қудалау саясатынан аңғаруға болатын. Сот ісінің ерекшелігі мен айырмашылығы КОКП Орталық Комитетінің, сондай-ақ МХК–ның нұсқауларына заң тұрғысында баға берілуінде еді. Сарапшы ретінде шақырылған біздің заңгер ғалымдар осы іске байланысты Конституциялық сот қойған сауалдарға толық жауап берді. Мысалы, олар 1986 жылғы 18 жел- тоқсанда КОКП Орталық Комитеті саяси Бюросы қабылдаған алғашқы құжатты жан-жақты зерттеді. Мәскеу бірден бұл оқиғаға саяси баға беріп қоймай, шеруге қатысқандарды жазалаудың алғашқы шараларын белгілеп те үлгерді. Комиссия жұмысына тартылған заңгерлер жоғарыда сөз болған құжаттың Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясына қаншалықты сай екенін тексергенде, партия өзі құрған режимге қауіп-қатер төнген сын сағатта қоқан-лоққыға көшетіні байқалды. Сөйтіп, тоталитарлық режим көп дәріптейтін демократия мен Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін Конституция бірден аяққа басылды. Сарапқа алынған осы құжаттың машинкаға басылған екі беттік парағы егеменді мемлекеттің Негізгі заңы деп аталатын 62 беттік Қазақ КСР-ы Конституциясы пәрменінен асып түсті. Біріншіден, КОКП Орталық Комитетінің қаулысы былай қарағанда қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алуға бағытталған әсер қалдырады. Алайда, заңды қамтамасыз ету міндеті мен құқықтық тәртібін қорғау Қазақ КСР Конституциясының (4-баптың 3-тармағы, 75-баптың 4-тармағы, 118-баптарына сай) саяси партиялардың емес, мемлекет пен оның органдарының қызметіне жатады. Екіншіден, ғажап шапшаң-дықпен (бір тәуліктің ішінде) алаңда болып жатқан оқиғаға бұзақылар мен тонаушылар жасап жатқан ұлтшылдар әрекеті деген құқықтық баға беріп, Саяси Бюро алаңда болған адамдардың ары мен намысын, адамгершіліктерін аяққа таптады. Әдетте, мұндай айыпты тек қана сот беретінін біле тұра, Саяси Бюро соған әдейі барды деуге негіз бар. Сотқа дейін айып тағу Қазақ КСР Конституциясының 55-бабында айтылған «жеке тұлғаны сыйламау, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау — барша мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және лауазымды қызметкерлердің міндеті» деген қағиданы тікелей бұзу болып табылады. Желтоқсан оқиғасына осылайша асығыс баға беру, сондай-ақ, Қазақстан Компартиясы орталық Комитеті менобкомдардың шешім-дерін көптеп тарату соттарға тікелей қысым жасауға әкеліп соқтырды. Бұл сол кездегі республиканың Негізгі заңында айтылған «сот-тар мен халық заседательдері тәуелсіз және тек қана заңға бағынады» деген 155-бапты бұзды. Ал ол уақытта соттар мен заседательдердің бәрі партия мүшесі болғанын ескерсек, онда олар коммунистік тәртіпті бұлжытпай сақтай отырып, Конституция баптарынан гөрі Желтоқсан көтерілісіне баға беріп үлгерген Саяси Бюроның нұсқауын орындағаны айдан анық. Үшіншіден, Саяси Бюро Қазақ КСР Конституциясына сәйкес, Қазақстанға мемлекеттік субъект ретінде қараудың орнына, саяси құйтырқыға барып, «Алматыда коменданттық сағат енгізу» жөнінде шешім шығарды. Соның дәлелі ретінде КОКП Орталық Комитетін, қажет жағдайда жергілікті жерлерде жазалау шараларын қолданатын орган екенін әшкерелейтін, сол кезде санаулы ғана адамдардың қолына тиген бір құжатты келтірейік. Құжат «КОКП Орталық Комитеті саяси Бюросының 1986 жылғы 18 желтоқсандағы 45 мәжілісінен үзінді» деп аталады. Ол Саяси Бюроның мәжілісі аяқталысымен Г.В.Колбиннің өзіне деген шифротелеграмма арқылы жіберілді. Онда Алматыдағы жағдайға байланысты шаралар туралы айтылған. Бұлар 6 тармақтан тұрады, оның төртеуі ұсыныстық, ал қалған екеуі нұсқау ретінде жолданған. Талдау үшін біз екеуін келтірейік. «2-тармақ. Жағдай шиеленіскен кезде әскери құрылымдарды пайдалана отырып, Алматыда коменданттық сағат енгізу қажет деп санаймыз. Орталық Комитеттің Саяси Бюросы мәжілісіндегі пікір алмасуды ескере отырып, Алматыда коменданттық сағатты енгізу үшін қажетті шараларды қысқа мерзім ішінде жүргізу жөнінде КСРО Қорғаныс министрлігіне тапсырма берілсін». «4-тармақ. Қала халқы болған оқиға жөнінде жедел түрде ақпаратпен қамтамасыз етілсін. бұл оқиға кейбір адамдардың ұлттық пиғылымен байланысты деген түсініктеме жүргізілсін». Жастар мен студенттерді, көптеген зиялыларды жаппай жазалау жөніндегі мәселенің қайдан шыққаны осыдан-ақ белгілі болды. Шектеусіз өкілетті нұсқау алған құқық қорғау мен сот органдары дереу «іске кірісті». Кінәлілер болмаса да, құқық қорғау органдары оларды «тапты» және «істерін» сотқа дейін жеткізді. Мұндай жағдайда ІІМ, МХК мен прокуратураның қызметкерлері жоғарыдан түскен нұсқауларды бұлжытпай орындап, шеруге шыққандарды жаппай қамай бастады, асығыс жағдайда тергеу жүргізілді. Негізінен Қазақ КСР-ның қылмыстық кодексінің 60, 65-баптары бойынша жаттанды қаулылар шығарылды. Мысалы, сол кездегі жоғары Соттың төрағасы Т.Айтмұқанбетов: «Желтоқсан оқиғасына қатысқандар жөніндегі істі тек қана ұлты қазақ соттар ғана жүргізеді, олар ешқандай аяушылдыққа, тергеуді қайта жүргізуге, әсіресе оларды ақтауға жол бермеулері керек», деген нұсқау берді. Ол кезде жазалау шаралары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Колбиннің, Әкімшілік-құқықтық бөлімнің меңгерушісі Ефимовтың қатаң бақылауында болатын. Тергеу нәтижелерінің барысын оларға Жоғарғы сот төрағасы тікелей жеткізіп отырды. Сол жылдардағы Қазақ КСР-ның Конституциясында да, басқа да заң актілерінде төтенше жағдайды енгізу, арнайы құралдарды пайдалану, соның ішінде коменданттық сағатты енгізу көзделмеген еді. Мұндай шешімді тек қана мемлекеттің ең жоғарғы органы – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі немесе оның Президиумы қабылдауға құқылы болатын. Алайда осы мәселені шешу үшін Жоғарғы Кеңес те, оның Президиум Мәжілісі де шақырылмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен оның Президиумы дәрежесін анықтайтын 1978 жылғы республика Конституциясының 97 және 106-баптары аяққа таптал-ғаны бірден көзге ұрып тұр. Сонымен, әскерді пайдалану мәселесі қаншалықты заңға сай келеді? Әдетте бұл жағдай соғыс болған кезде елдің егемендігін, мемлекеттік шекара және елдің аумағы мен қорғанысын қорғаумен байланыстырылады. Ондай мәселелер 1977 жылғы КСРО Конституциясының 73-бабының 8-тармағына, 121-бабының 15-тармағына сәйкес, КСРО Жоғарғы Кеңесі мен оның Президиумының құзырында болатын жағдай. Алайда болған оқиға бүкіл елдің немесе республиканың мемлекеттік қауіпсіздігіне, террито-риялық тұтастығына, билік пен басқару органдарының заңды құрылымдарына қауіп төндірген жоқ. Бұл жағдайда әскерді пайдалану заңды белінен басу болып табылады. Төртіншіден, аталған қаулыда көзделген шаралар сөз, баспасөз, митинг пен көше шерулері және бұқаралық жиындар туралы айтылған 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясының 48-бабының 1-бөлігіне сай келмейді. Әсіресе, бұл газеттер, радио мен телевизия арқылы халыққа біржақты ақпарат беру, болған оқиғаны бұрмалап көрсету жөніндегі өктемдік нұсқаулардан байқалады.Билік тарапынан құқық қорғау органдарына, ерікті халық жасақшыларына, әскери құрылымдарға азаматтар топтап жиналатын жерлерге патрульді күшейту жөнінде нұсқау түсті. Яғни өкіметтік күштер әкімшілік жазаға тарту мен тұтқындауға, шеруге шыққандарды тінтуге, оларды қуып таратуға, республиканың басқа аймақтарынан келушілер үшін әкімшілік органдар Алматыны жабуға нұсқау берді. Ал бұл сол кездегі республика Конституциясына қайшы заңсыздық еді. Бесіншіден, республикадағы қазақтар мен басқа ұлттарды әдейі бір-біріне қарсы қою және қандай да болсын ұлттық көріністердің алдын алу шараларын жүргізу жөнінде нұсқау алу, институттардағы студенттердің,ұстаздардың ұлттық құрамын анықтау мен басқару органдардағы ұлт кадрларына күдікпен қарау түрлі жазалау шараларын іске асыруға мүмкіндік тудырды. Интернационализм ұранын көтеру, шын мәніндегі республикадағы негізгі ұлт- қазақтардың құқығын шектеуге апарды. Ал Қазақ КСР Конституциясының 32 бабында республикада ұлт пен ұлыстың ерекшелігіне қарамастан, барлық азаматтар тең құқылы делінген. Саяси бюроның қаулысында белгіленген шаралары 1978 жылғы республика Конституциясында жазылған: «Қандайда болсын азаматтардың тікелей немесе жанама түрде қүқықтарын шектеу, олардың ұлыс пен ұлт белгісі бойынша тікелей немесе жанама түрде артықшылықтарын белгілеу, сондай-ақ, ұлыс пен ұлттардың араздығын тудыру немесе оларды елемеушілік заң бойынша жазаланады» дейтін 34-баптың 3-бөлігін қасақана бұзуға әкеліп соқтырады. Алтыншыдан, Қазақ КСР-ы Консти-туциясының 68 бабын Саяси Бюроның өрескел бұзуы. Ол бапта «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы – егеменді, социалистік мемлекет» делінген. Яғни, дербес, тәуелсіз мемлекет дәрежесіне сай Қазақ КСР аумағына әскер енгізуге Саси Бюроның еш құқығы болмаған. Өйткені, Қазақ КСР-ы аумағында болып жатқан оқиғалар республиканың ішкі мәселесі, көршілес республикалардың ешқайсысына қауіп-қатер төндіріп жатқан жоқ. 1978 жылғы Конституцияның 78 бабының 3 тармағы бойынша «мемлекеттік тәртіп пен азамат-тардың құқығы мен бостандығын қорғау» Қазақ республикасының өз құқығына жататын мәселе делінген.

Соттан шыққан лаң

Оқырмандардың көбі сараптама қорытындысымен танысқаннан кейін Консти-туциялық сот қандай шешім шығарды деуі мүмкін. Ол үшін іріктеліп қүрылған соттың құрамына назар аударайық. Сол жылдардағы Президенттің кеңесшісі Қ.Сүлейменовтың қолынан шыққан тізімсол күйінде парламентке түст. Оның құрамында бір академик, екі профессор, үш заң ғылымының кандидаты, қалғандары түрлі қызмет атқарған тәжірибелі мамандар болатын. Президент әкімшілігінен келген тізімді Мәжіліс депуттары көп талқыға салмай бекіте салды. Осылайша, республиканың жоғары сот билігінде Конституциялық сот пайда болды. Оның құзырында қаралатын мәселелер өте өзекті еді. Ол азаматтардың конституциялық қүқығын қамтамасыз етуге, Ел президентінің қол қойған заңсыз Жарлығы мен заңының күшін жоюға, Парламент пен премьер-министрдің заңсыз шешімдерін жоюға және осы аталған лауазымдарды биліктентайдыруға құқылы болатын. Сот билігінің жоғары бақылаушы органы болып саналатын Конституциялық сот басқа өркениетті елдердегідейөзіне тиісті заң бойынша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Ата заңында көрсетілгендей елдің тұрақты, демократиялық және өркениетті дамуын қамтамасыз етуі тиіс болатын. Іс жүзінде олай болмай шықты. Мысал үшін, бұрынғы 12 шақы-рылған Жоғарғы Кеңес талқыға салған жаңа Конституция жобасын еске түсірейік. Құжат барлық соттарды біріктіруді көздеген болатын. Іле -шала барлық ақпарат құралдары құжат жобасын дайындаушыларға қарсы жаппай «шабуылға шығып», әлемдегі ең «әділ, ізгілікті» сотты тұншықтыруда» деп байбалам салды. Конституциялық сот құрамы да бұл науқанға белсене араласып, қоғамда қалыптасып бара жатқан осындай сәтті пайдаланып, республика жұртшылығы бізді «жаппай қолдауда» деп жар салды. Конституциялық сот төрағасының орынбасары И.Рогов осы сәтті пайдаланып, абырой-атақ жинау үшін әйгілі Желтоқсан оқиғасына байланысты іс қозғауға мұрындық болды. Алғашқы сот мәжілісі ұзаққа созылмады, көптеген фактілердің жетіспеуіне байланысты ол кейінге шегірілді. Кейінге шегірілу бір жылға созылды. Осы уақыт ішінде сот ішінде дау-дамай пайда болды. Сот екі топқа бөлініп, құқықтық мәселелерді қарауда дәрменсіздік танытты. Бұл кезде сот төрағасының орынбасары Игорь Рогов та Желтоқсан мәселесінен қашқатай бастады. Ақыры 1995 жылдың басында Желтоқсан мәселесін қараған Конституциялық сот бұл «іс сотта қаралуға жатпайды» деп оны мұрағатқа тапсырды.Сот құрамында әйгілі Желтоқсан көтерілісі кезінде қазақ жастарын түрлі жазалауға қатысқан Жоғарғы сот құрамында Л.Башаримова, КазГу-дегі заң факультетінде С.Ударцев пен В.Малиновскийлердің болғанын және оған қоса қазақ судьяларының анттан тайқып кеткенін ескерсек, бұдан басқа нәтиже күту мүмкін емес еді. Депутаттар мен қоғам мүшелері Конституциялық соттың шығарған шешімдері басқа соттар үшін үлгі болады деген сенімде боды. Өкінішке орай, көпшілік жұрттың үміті ақталмады. Ғылыми атаққа ие болған сот мүшелерінің шығарған шешімдер сапасы ойдағыдай болмай шықты. Қазақстанның мемлекетшіл және патриоты болмаса да Рогов бастаған КазМу-дың үш мұғалімдері (С.Ударцев, В.Малиновский, А.Нурмагамбетов) биліктің сүйемелдеуімен Жоғары сот билі-гінің шыңына оп-оңай шықты. Содан болар, бір жерде басы айналған қой сияқты олар саяси шектеу мен жауапкершілікті сезбейтін болды. Көптеген сарапшылар мен саясаткерлер кезінде (1986 ж) Желтоқсан көтерілісшілерін қуғын-сүргінге ұшыратуға қатысқан адамдар қалайша республиканың Жоғары сот құрамына мүше бола қалды және оларды кімдер ұсынды деген сұрақтың жауабын осы күнге дейін ала алмай жүр. Олар шығарған күмәнді шешімнің салдарынан демократиялық жолмен сайланған Жоғарғы Кеңес таратылып, еліміздің дамуы кері бағытқа түсті. Сол кезде республика Жоғарғы Кеңесінің конституциялық заң және адамдар құқығы жөніндегі Комитет төрағасының орынбасары С.Жүрсімбаев «Советы Казахстана» газетінде (1994 ж. 11.11.) былай деп жазған болатын: «следует признать, что не оправдались надежды широких слоев общественности, связанная с введением института Конституционного суда. Призванный быт судебным органом нового типа, он постепенно превращается в элемент административного государственного учреждения, более того, выступает как политизированный орган». Автор одан әрі былай дейді: «Сот бір жыл бойы істерді қарамай, тек қана қаулы шығарумен шектелуде. Олар кезекті істі тоқтатып немесе сот ісінен алып тастаумен айналысуда. Соттағы дағдарыстың белгісі айқындала және айшықтала түсті». Екінші бір жарияланымда («Панорама» N46, 1994 ж.) былай делінген: Конституциялық сот мүшелері он ай бойы бірде бір істі аяқтамай, тікелей міндеттерін орындаудың орнына өзара қысастықпен айналысуда, бір біріне соғыс жариялап, диссертация қорғаумен және ...ата заңға қарсы әрекет жасаумен шұғылдануда. Мұндай асыра сілтеушілік шалғайдағы артта қалған шаруашылықта емес, заңды қатаң сақтауды міндетіне алған жоғары сот жүйесінде орын алғаны кімді болсын бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Келеңсіз жағдайдың белең алып бара жатқанында оған тосқауыл қойып, сот жұмысын мақсатты бағытқа бұрудың орнына, сот төрағасы М.Баймақанов «болған іс болды, бояуы сіңді» деп, бей- жай отыра берді. Ал соттың өз міндетін қалайша атқаруда деген сұрақ қойылатын болса, сол жылдары мамандар мен заңгер ғалымдар Конститу-циялық сот қараған істердің оның құзырына жататынына күмән келтіре бастады. Мысалы 1993 жылдың қарашысында қаралған ең аз тұтыну бюджеті туралы істі алайық. Ал енді біраз уақыт өткеннен кейін осы іске байланысты Конституциялық сот шешімі Қазақстан халқының әл-ауқатын көтерді ме деген сұрақ қойсақ, тұрғындардың бәрі де «жоқ» деп жауап беретіні хақ. Қандай бір, соның ішінде Конституциялық соттың шешімімен экономиканы көтеру мүмкін емес. Бұл қағида бес жастағы балаға да түснікті жайт. Тағы да бір мысал. 1993 жылы Конституциялық сотқа Жоғары партия мектебінің бұрынғы оқытушысы Г.Лупаревтен Президент Н.Назарбаевтың менеджемент, экономика және болжау Қазақ институтын құру жөніндегі Жарлығын тексеру туралы талап -арызы түсті. Бұл талап- арызды тексеру сот мүшесі К.Жалмұқамбетовке жүктелді. Конституцияның қағидаларына қайшы келетін құқық нормаларының бұзылмағанын дәлелдеп сот мүшесі талап арызды И.Роговқа қайтарды. Рогов болса бұл талап -арызды басқа сот мүшесі О.Ықсановқа берді. Ықсанов та президент Жарлығының ешбір заңға қайшы келмейтінін дәлелдеп, құжатты Роговтың өзіне қайтарды. Бұдан әрі іске құқық қорғау тұрғысынан қараудың орнына, Рогов жұмыссыз қалған Г.Лупаревтың көңілін қалайда жықпаудың амалын іздеп, «аты-шулы» сот процессін өткізуді жоспарлап, істі өз қолына алды. Сот процесі кезінде сот мүшелері басым дауыспен өз әріптестері К.Жалмұқанбетов пен О.Ықсановтардың дәлелдерін толықтай жақтап шықты. Осы іске байланысты мынадай сұрақтар туындайды. Сот процессін өткізуге байланысты қанша қаржы желге ұшты, қанша адамдар нақты іспен айналысудың орнына, бос сандалумен уақыт өткізді. Осының бәрі еліміздегі салық төлеуші-лердің есебінен атқарылғанын сот мүшелері біле ме екен? Әрине, сол кезде Конституциялық сот мүшелеріне әртүрлі қысым жасалынды, өкінішке орай, олардың бәрі бірдей оған шыдай алмай, ант пен абыройдан тайқып кеткендер де болды. Ал осындай қысымға төтеп беріп, сот анты мен азаматтық борышын өтеген судьялар Сабыр Қасымов пен Григорий Кимдер небір құпиялы деректердің көзін ашып, Конституциялық соттың қарауына ұсынды. Алайда, дайын материалдарды қарап, тиісті шешім шығарудың орнына Конституциялық сот топ-топқа бөлініп өзара қырқысумен айналысып кетті. Мұның артында сот төрағасының орынбасары Иван Роговтың біліксіздігі мен кәсіби мамандығының төмендігі және «достар тобының мүддесін» қорғаудағы өзімшілдігі байқалды. Нақтылап айтсақ, сот мүшелері С.Ударцев пен В.Малиновскийлер заңсыз түрде«табыс табу» үшін, сотта істері бола тұра олар Г.Лупаревпен бірге КИМЭП те лекция оқыды. Айтпақшы, Г.Лупарев сотқа түскен тағы да бір талап- арыздың авторы атанды. Арыздың мәнісі соттың ең жас мүшесі Ж.Бәйішевті Жоғарғы Кеңес Конституциялық сот құрамына ұсынғанда дұрыс сайламады деген айып тағып, оны сот мүшелігінен аластатуға тырысты. Ж.Бәйішевтің тағы бір «кінәсі» ол сот процесі кезіндегі пікірлері сот басшылығының ойымен сәйкес келмейтіні және оның Желтоқсан оқиғасын қарау процесіндегі дәлелдері өте өткір және бұлтартпайтын шындық болатын. Осылайша, үш жылдай жұмыс істеген сот өз әріптесін соттан аластату үшін аты-шулы сот процесін бастауға дайындала бастады. Осы процесс кезінде сот екі топқа жарылып, сот мүшелері арасындағы алауыздық шектен шықты. Мұндай жағдай сот басшылығының дәрменсіздігінен болды. Конституциялық соттың бар жоғы үш жылдай қауқарсыз жұмысына сараптама жасаған мамандар оның қоғам үшін еш нәтиже бермегенін, заң ғылымында еш із қалдырмағанын басып айтты .Көптеген сауалдар осы күнге дейін жауапсыз қалуда, енді сотты үн-түнсіз таратып жібергені қалай, деген сұрақ көпшіліктің көкейінде осы күнге дейін жүр. Бұл арада ешкімді кінәлауға болмайды. Қай бір сот жүйесі үшін олардың негізгі ұстанымы елдің Конституциясы мен заңдары және Құқық болуы тиіс. Өкінішке орай, бұрынғы Конституциялық сот өз беделін арттыруды құқықтан емес, шым-шытырық саяси ойыннан іздеді. Олар ойсыз ойыннан от шығатынын ескермеді. Сот саяси ойыннан пайда табам деп жүріп, мемлекет пен қоғам мүддесін естерінен шығарып алды. Өкінішке орай, бүгінде біздің қоғамда Конституцияның негізгі баптарын ескермеуі үйренішті жағдайға айналды. Олар қандай бір күмәнді табысқа жету үшін негізгі заңның баптарын аттап өтуге әрдайым дайын тұратынын аңғартты. Осындайда, дана бабаларымыздың «жаман әдет, жастарды тура жолдан тайдырар» деген нақылын келтіре кеткенді жөн санаймын. Әрине, жаңа Ата заң қазіргі біздің қоғамға өте-мөте қажет. Бүгінгі қолданыстағы Конституцияға түбірлі өзгерістер енгізу уақыт талабы. Ал Конституциялық сотқа келетін болсақ, Президент пен Парламенттің және соттардың, әсіресе шектен шыққан біздің күштік құрылымдар, әкімшіліктер мен министрлердің Консти-туцияның баптарын бұлжытпай орындауы үшін демократиялық қоғамда Конституциялық соттың болуы өте қажет. Ата заң бойынша президенттен бастап қарапайым азаматтарға дейін баршамыздың құқығымыз тең екенін түсінетін кез келді. Ата заңды құрметтемесек, онда бүкіл еліміз бен халқымыздың құқығын ескермегеніміз. Мұның арты қылмыс екені барша жұртқа мәлім болар деймін.

 

Мейрам БАЙҒАЗИН, Нұр-Сұлтан қалалық ардагерлер, кеңесінің мүшесі Қазақстанның Құрметті журналисі.


Количество показов: 770

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  101

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  96

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  103

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  130

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  95

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  101

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  96

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  108

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  208

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  230

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  255

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  213

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  200

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  224

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  244

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  249

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  306

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  302

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  310

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  332

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  306

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  296

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  325

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  324

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  304

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  343

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  329

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  419

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  405

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  401

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  394

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  418

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  399

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  415

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  498

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  543

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  494

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  547

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  516

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  491

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  539

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  502

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  512

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  584

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  643

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  570

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  590

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  595

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  565

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  576

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  542

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  568

Алтын аға
10:30 04.08.2022  619

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  632

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  641

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  824

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  626

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  655

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  636

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  654