«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
88
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
87
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
92
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
93
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
89
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
93
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
87
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
82
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
89
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
97
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
86
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
80
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
79
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
80
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
85
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
92
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
171
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
80
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
77
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
81
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
84
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
89
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
79
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
197
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
77
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
82
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
74
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
80
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
79
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
71
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
80
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
78
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
81
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
73
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
77
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
116
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
468
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
344
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
586
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
677
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
526
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
571
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
537
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
523
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
590
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
523
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
552
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
565
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
517
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
533
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
649
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
668
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
650
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
629
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
665
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
728
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
643
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
623
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
630
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
647
Ауыл мен қаладағы жолаушыларды мазалайтын өзекті мәселелердің бірі – елді мекендердің арасын жалғайтын автобустың болмауы әрі облыс орталығындағы қоғамдық көліктің аздығы. Соның салдарынан ауылдағы ағайын қалаға жетуі үшін бағасы удай такси қызметін пайдалануға мәжбүр. Ал қалалықтарға аялдамада автобусты ұзақ уақыт күтуге тура келеді. Оның өзі адамға лық толы. Облыстық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың кезекті отырысында жұртшылықты алаңдатып отырған осы және өзге де жайттар талқыланды.
Облыстық мәслихат жанындағы экономика мен бюджет, экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың отырысы барысында күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Алдымен облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жақында ғана басшы болып тағайындалған Ержан Тоқтарханов қазынаға түскен қаржы көлемі туралы есеп берді. Ержан Қалымбекұлының сөзінше, осы жылдың төрт айында жергілікті бюджетке камералды бақылау жұмыстарын, құзырлы органдардың мәліметтерін саралау нәтижесінде қосымша 851,9 млн теңге түсті. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Есесіне Салық және Экология Кодекстеріне өзгерістер енгізілуіне байланысты жергілікті қазына қомақты сомадан қағылып қалады.
- Биылға белгіленген жоспар бойынша, қоршаған ортаға кері әсер еткені үшін облыстық бюджетке төленетін ақы 14 млрд 409 млн теңге болуы керек. Алайда жыл басынан бері тек 7 млрд 255 млн теңге берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млрд 958 млн теңгеге аз. Ал жыл соңына дейін бюджетке 5,6 млрд теңге түспей қалуы мүмкін. Оның ішінде 4,7 млрд теңгенің төленбеуіне Қазақстан электролиз зауыты, Қазақстан алюминий, Еуроазиаттық энергетикалық корпорация, Қазхром компанияларына кешенді экологиялық рұқсаттың берілуі себеп болып отыр. Соның негізінде бұл салық төлеушілерге нөлдік коэффицент белгіленді, - деді Е.Тоқтарханов. Бюджетке аударылуы тиіс міндетті төлемнің көлемі азайғанмен, кәсіпорындарға қойылатын экологиялық талаптар күшейтілгенін атап өткен жөн. Осы орайда облыстық мәслихат депутаты Ирина Чидунчи бұған дейін зауыттар төлейтін салықтардың сомасы жалпы бюджетке түсіп, ортақ мақсаттарға жұмсалса, енді тек экологиялық шараларға бағытталатынын атап өтті. Облыстық мәслихат депутаты Фуат Сатыбаев салыққа қатысты басқа мәселені көтерді. Депутаттың сөзінше, міндетті төлемдерге қатысты енгізілген соңғы өзгерістер шаруаларға оңайға соқпайын деп тұр.
- Ауыл шаруашылығы саласында кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер жерді пайдаланғаны үшін төлеуі тиіс салық көлемі бірден 40-45 есеге көбейді. Айталық, бұған дейін 300-400 мың теңге төлесе, енді 13-14 млн теңгені бюджетке аударуға міндетті болады. Мұндай сома шағын шаруашылықтарда қайдан болсын?! Ертіс ауданындағы 68 кәсіпкер осы мәселені көтеріп, дабыл қағып отыр, - деді Ф.Сатыбаев. Депутат Болат Аманжолов көлік салығын есептеуде, оны төлеуде әлі күнге дейін қиындықтар барын тілге тиек етті. Облыстық мәслихат өкілдері көтерген бұл өзекті жайттар алдағы уақытта егжей-тегжейлі қаралатын болды.
Одан соң мәслихат депутаттары жолаушылар тасымалы мәселесін талқыға салды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нариман Омар соңғы уақытта бұл бағыттағы жұмыстың сылбыр жүріп жатқанын жоққа шығармады.
- Қазіргі уақытта кейбір ауыл-аудандарға автобус тұрақты түрде жүрмейді. Жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерге аз адамды діттеген жерге жеткізу тиімсіз болып тұр. Сондықтан субсидия төленетін, әлеуметтік маңызы бар маршруттар санын арттырмақ ойымыз бар. Қазір 82 бағыт болса, алдағы уақытта оған тағы 29 бағытты қосуды жоспарлап отырмыз, - деді Н.Омар. Бірақ депутат Болат Аманжолов мұнымен мәселе толық шешілмей-тінін кесіп айтты. Сондықтан жауапты басқарма кешенді жоспар дайындап, депутаттар алдына қазіргі проблемалар мен шешу жолдарын ұсынуы тиіс екенін атап өтті.
- Біз ауылдарды аралап, жұртшы-лықпен жүздескен кезде жолаушылар тасымалы тақырыбы жиі қозғалады. Тұрғындардың автобустардың жүру жиілігіне, қызмет көрсету сапасына көңілі толмайды. Жылдың ортасына жетсек те, бюджетте бекітілген субсидияны әлі күнге дейін ала алмай жүрген кәсіпкерлер де бар. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты күшейту керек, - деді Б.Аманжолов. Ал депутат Фуат Сатыбаев облыс орталығындағы үлкен айналма жол маңындағы өндіріс орындары мен цехтарда жұмыс істейтін тұрғындардың базынасын жеткізді. Айтуынша, қаланың шетіндегі бұл ауданда қоғамдық көліктердің жүрмеуі айтарлықтай қиындықтар тудырып отыр. Депутаттар Усолка шағын ауданынан жету де қиын екеніне баса назар аударды. Нариман Омар бұл мәселелер қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесе қарастырылып, шешілетініне сендірді.
Сонымен қатар, тұрақты комис-сиялардың отырысы барысында қоршаған ортаны қорғау мәселесі сөз болды. Алдымен тексеру комиссиясы тобының басшысы Бақытгүл Бегалимова облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына бұған дейінгі жылдары бөлінген 5 млрд 742 млн теңге қаражаттың қанша-лықты тиімді жұмсалғанын атап өтті. Оның сөзінше, бюджеттік қаржыны тиімсіз жоспарлау, игеру, заңнама талаптарының сақталмауы сынды фактілер анықталды. Бірнеше нақты мысалдарды да келтірді. Мәселен, тексеруші орган басқарма облыстық экология департаментіне құны 64 млн теңге болатын зертхана құралын негізсіз алып берді деп есептейді. Себебі, бұл мақсатқа қаржы орталық органнан бөлінуі тіис еді. Оған қоса, бұл құралмен жұмыс істейтін білікті маман әзірше жоқ. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева арнайы кешеннің алынуы қоршаған ортаны қорғау шараларына оң әсерін бергенін алға тартты.
- Бұған дейін экология депар-таментінде болған зертхана толығымен ескіріп, тиісті мониторинг жұмыста-рының жүргізілуіне кедергілер келтірді. Соның салдарынан су ресурстары, топырақ, ауадағы көрсеткіштер дұрыс есептелген жоқ. Бұл өз кезегінде мемлекеттік бюджетке қоршаған орта үшін төленетін эмиссияның толық көлемінде түспеуіне алып келді. Заманауи құралды қолдану бұл олқылықтардың орнын толтырып, жұмыстың тиімділігін арттыруға көмектеседі, - деді Ә.Қабылтаева. Осы орайда Әйгерім Жаңбыртайқызы алдағы үш жылда қоршаған ортаны қорғау мақсатында 45 млрд теңге бөлу қарастырылып отырғанын хабарлады. Бұл сома ауаны жақсарту, жануарлар мен өсімдік әлемін қорғау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау сынды бағыттарға жұмсалады. Өз кезегінде депутаттар киік, елік, суқұзғындардың санын реттеу, қырдағы жануарларды азықпен қамту, аңшылықпен айналысатын шаруашылықтардың жұмысын бақы-лауға қатысты бірқатар ұсыныс айтты. Жиын соңында облыстық мәслихат мүшелері қаралған мәселелердің барлығы мәслихат сессиясы барысында тағы талқыланатынын еске салып, жұмысты жетілдіруді жүктеді.
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.
Сурет газет мұрағатынан алынды.
«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
88
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
87
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
92
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
93
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
89
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
93
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
87
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
82
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
89
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
97
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
86
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
80
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
79
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
80
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
85
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
92
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
171
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
80
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
77
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
81
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
84
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
89
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
79
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
197
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
77
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
82
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
74
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
80
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
79
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
71
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
80
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
78
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
81
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
73
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
77
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
116
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
468
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
344
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
586
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
677
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
526
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
571
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
537
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
523
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
590
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
523
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
552
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
565
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
517
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
533
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
649
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
668
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
650
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
629
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
665
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
728
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
643
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
623
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
630
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
647