" /> Жобаларда «шикілік» көп

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Жобаларда «шикілік» көп 26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп

Баянауыл ауданында орталықтандырылған су құбырларын тарту мәселесі өткір тұр. Жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу барысында ауданның тау-тасты аймақ екені ескерілмей қалған. Соның салдарынан бірнеше жобаны келесі жылға шегеруге тура келіп отыр.

Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталды. Қанат Сәрсенұлының айтуынша, ауданның 15 415 тұрғыны коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуы керек болса, бүгінде 9763 адам вакцина қабылдады. Бұл ретте Жаңатілек, Торайғыр ауылы тұрғындарының белсенділігі төмен. Аталмыш елді мекендерде екпе алған азаматтардың саны 50 пайызға да жетпейді. Есесіне аудан тұрғындары халық санағына белсене қатысуда. Осы уақытқа дейін ауданның барлық дерлік ауылында тіркеуден өту аяқталды. Бірнеше күн дересінде Майқайың кенті мен аудан орталығында үй-үйді аралау ісі соңына жетеді. Брифинг барысында көпшілікті толғандыратын мәселелерге ерекше мән берілді. Солардың бастысы – таза ауызсумен қамту. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлығы 4 жоба басталған болатын. Десе де, тамыз айында Күркелі ауылындағы құрылыс жұмыстары жобаның «шикі» болуы салдарынан тоқтады. Сәтбаев ауылында осы жылы басталған су құбырларын тарту ісі келесі жылы жалғасады. Осыдан бірнеше жыл бұрын аудан орталығында желілерді тарту шаралары барысында жобадан тыс қалып қойған 222 үйдің тұрғындары қараша айының соңына дейін игілікке қол жеткізуі тиіс. Сол сияқты 10 елді мекенде кешенді блок-модуль іске қосылады. Бұл ретте Қанат Кәрімов сумен қамтуға қатысты өзекті мәселелердің барын бүгіп қалмады.

- 2018-2019 жылдары жауапты мамандар жобалық-сметалық құжат-тамаларды кабинеттен шықпай дайындаған сияқты. Олай демеске лаж жоқ. Мәселен, жобаларда топырақ 1,2 санатты, яғни құм, балшық деп көрсетілген. Ал іс жүзінде Баянауылдың жері 6,7 санатқа – тау-тасты өңірге жатады. Осындай олқылықтың салдарынан біраз жұмыс тұралап тұр. Кейбір жобаны қайта түзетуге жіберуге тура келді, - деді аудан басшысы. Баянауылда жол мәселесі де күрмеулі. Ендігі ретте бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңмен шешілуде. Айталық, осы жылы «Нұрлы жол» бағдарла-масы аясында Бірлік ауылына кіреберіс 7 шақырым жол жөнделді. Қарашат пен Жайманың, Қаражар мен Южное ауылдарының арасын жалғайтын жолды ретке келтіру ісі де басталды. Олар келесі жылы аяқталуы тиіс. Аудан басшысы журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде елдің аузында жүрген аэродромның «тағдырына» тоқталды. Белгілі болғандай, 15 қазан күні аудандық әкімдік бұл нысанды Қарағанды қаласындағы авиациялық оқу-жаттығу орталығына 10 жылға сенімді басқаруға берген. Алдағы уақытта мұнда ұшқыштар үшін тәжірибелік сабақтар жүргізіледі.

- Бұл келісімнен ұтарымыз мол. Атап айтқанда, бюджеттен нысанды күтіп-ұстауға, қызметкерлерге жалақы төлеуге қаржы бөлінбейді. Жаңа жұмыс орындары құрылып, ғимарат мақсатты түрде пайдаланылады. Сондай-ақ, тиісті рұқсатқағаздарды алып, шағын авиацияны қабылдау тетіктері қарастыры-лады, - деді Қ.Кәрімов. Тұрғындарды ұялы байланыс, интернетпен қамту мәселесі де оң шешім тауып келеді. Жақында Қаражар, Лекер, Ақши ауылдарында ұялы байланыстың мұнаралары орнатылса, Бірлік, Егіндібұлақ, Жүсіпбек Аймауытов, Жұмат Шанин, Қаратомар, Жаңатілек елді мекендерінде 3G желісі тартылды. Қазіргі уақытта Торайғыр, Ақсаң мен Мәшһүр Жүсіп ауылдарында ғана жаһандық желіге қосылу қиындық тудырып тұр. Жергілікті биліктің айтуынша, жыл соңына дейін мұндағы мәселелер де шешілуі тиіс.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 417

Возврат к списку