Жол картасын құру қажет

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Жол картасын  құру қажет 18.11.2021

Жол картасын құру қажет

Бүгінде жергілікті ғалымдардың тың жобаларын қаржылай қолдауға бағытталған арнайы бағдарлама жоқ. Сондықтан түрлі саланы саралауға ден қойған зерттеушілер көп жағдайда республи-калық сайыстарда бақ сынап, гранттар иеленуге тырысады.

 

Облыстағы кейбір ірі өндіріс орындарының әріптестік байланыс орнатуға бейілді болмауы да теорияны тәжірибемен ұштастыруға кедергі келтірмей қоймайды. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Торайғыров университетінде болып, ғалымдардың жобалары мен лаборато-риялық зерттеулердің нәтижелерімен танысты. Алдымен аймақ басшысының назарына ғалымдарының бизнес жобалары және ғылыми әзірлемелері ұсынылды. Олардың қатарында тримарандар мен жеке қорғаныс құралдарының өндірісі және тағы да басқа көптеген жоба бар. Жергілікті IT-мамандар әскери кафедра үшін арнайы компьютерлік бағдарлама да дайындады.

- Әрине, симулятор тәжірибелік сабақтарды толығымен алмастыра алмайды. Десе де, студенттерге қажетті білімді дәріс сабақтарында ғана емес, жастарға қызықты ойын арқылы беруді ұйғардық. Мұндай жағдайда студенттің қызығушылығы оянып, берілетін ақпаратты жақсы қабылдайды, - дейді университеттің әскери кафедрасының бастығы Болат Токин. Әбілқайыр Сқақов кітапханада да болды. Жақында кітапхана қазақ тіліне аударылған әлем әдебиетінің жауһарларымен толықты. Жалпы, мұнда 126 атау бойынша 15 мың кітап пен оқулық түсті. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің зертханасында осы саладағы жетістіктер таныстырылды. Олардың шаруаларға ұсынып отырған жобалары қатарында мүйізді ірі қараны биотехнология арқылы тез арада көбейту әдісі де бар. Осылайша, ғылыми қызметкерлер сүт өнімділігін арттыруды көздеп отыр. Ал Computer Science факультетінің базасында IT-мектептің жобасы көпшілік назарына ұсынылды. Мұнда ақпараттық технологиялар мамандарын 14 жастан бастап даярлау мүмкіндігі бар.

- Біз оқу мерзімі 2 айдан 12 айға дейін жалғасатын арнайы курстарды қолға алуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыста «Жаңа мамандықтар атласы» мен ірі кәсіпорындардың сұранысы ескеріледі, - деді факультет деканы Дария Әбікенова. Аймақ басшысы «Өлкетану» универ-ситетінің кітап көрмесімен, жаратылыс-тану ғылымдары факультетінің зертханасымен де танысты. Кейін облыстың жас ғалымдарымен тілдесті. Әбілқайыр Бақтыбайұлы бүгінде ғылыми ой-таным экономикалық дамудың негізі екенін еске салып, мемлекеттік органдар, бизнес және ғылыми қауымдастықтың бірлесе еңбек етуі маңызды екенін атап өтті.

- Біз бизнес, ғылым және биліктің синергиясына ұмтылуымыз керек. Сондықтан әріптестікке мүдделі болып, бір-біріміздің сұранысымызды қалыптастыру қажет. Қазір мемлекеттік басқару жүйесін трансформациялау міндетін қойып отырмын. Әйтсе де, тек мемлекеттік аппаратқа қатысты көзқарасты өзгертумен нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Трансформация барлық деңгейде жүру керек. Кездесуге қатысушылар ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған өңірлік бағдарламалардың жоқтығына ерекше мән берді. Қазіргі таңда зерттеулер немесе әзірлемелері бар ғалымдар өз жұмыстарын қаржыландыру үшін республикалық деңгейде ғана сайыса алады. Кейбір өндіріс орындарының университеттермен әріптестік орнатуға бейілді болмауы тағы бар. Кездесу барысында іскерлік ұсыныстар да айтылды. Солардың бірі дәрі-дәрмек өндірісіне қатысты болды.

- Біз Павлодар облысындағы дәрілік өсімдіктердің репродукциялық әлеуетін зерттеу жобасын аяқтап жатырмыз. Бұл зерттеулер өңірімізде мұндай өсімдіктердің 192 түрі барын көрсетті. COVID-19-ға қарсы препараттардың кейбірін өңіріміздегі жабайы өсімдік-тердің түрінен жасауға болатынын анықтадық. Бұл саланы дамыту жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құруға, еліміздің фармакологиялық нарығын дәрілік шикізатпен қамтуға оң ықпал етері анық, - деді биология ғылымдардың кандидаты Виктор Камкин. Кездесу соңында Әбілқайыр Сқақов жергілікті атқарушы органдар мен жоғары оқу орындарының тиімді әріп-тестігін орнату мақсатында Жол картасын әзірлеу қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер мен ғалымдардың арасындағы диалогты белсенді ету үшін салалық басқармаларды тиісті факультеттер мен кафедраларға бекітуді ұсынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Количество показов: 491

Возврат к списку