Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  143

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  296

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  391

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  368

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет 15.09.2022

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі авто- жолдардың сапасына қатысты сын білдіріп, бұл саланы кешенді түрде жаңғырту керектігін айтты. Сонымен қатар, ол арнайы комиссия құруды және жол құрылысы кезінде жіберілген барлық заң бұзушылықтарды мұқият тексеруді тапсырды. «Биыл елімізде 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 600 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылап, жолдың сапасына айрықша назар аудару керек» деді Президент. Осы орайда, облыстағы автожолдардың сапасы жайлы «Saryarqa samaly»-ның Instagram-дағы парақшасында «Онлайн желі» ұйымдастырдық. Тікелей желі қонағы – «Әділдік жолы» РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалының директоры Нұргүл Қайырденова.

- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес», - деп атап өтті. Жалпы, біздің өңірдегі жолдардың сапасы қалай? Кепілдіктегі жолдарға тексеру жүргізілуде ме?

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жолдардың сапасының төмендігін атап өтті. Сапасыз жолдар бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін елімізде автожолдардың 95 пайы-зының жағдайы жақсаруы керек. Оған әрбір қазақстандық азамат атсалысуы керек деп ойлаймын. Біз де, «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі өз үлесімізді қосып, жауыр болған мәселенің тәуір болғанын қалаймыз. Сол себепті, ағымдағы жылдың 15-інші тамызынан 15-інші қыркүйекке дейін еліміз бойынша «Әділдікті талап ет!» атты республикалық науқан басталғанын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлаған едік. Өзіміздің сайтымыз ашылды - «Adildik.kz». Call-орталығымыздың нөмірі: 14-63. Осы акция басталғалы сайтымызға өңіріміздің әр аудандарынан, қалалардан жол мәселесіне қатысты көптеген өтініштер, шағымдар келіп түсіп жатыр. Неге десеңіздер, жыл сайын жолдарға миллиардтаған ақша бөлінгенімен, сапасы сын көтермейтіні бәрімізге мәлім. Жолдың сапасымен мақтана алатын елімізде ауыл, аудан, облыс жоқ деп айта аламыз. Ащы болса да шындық. Сапасыз жолдар адамдардың өміріне қауіп төндіріп, жол апаттарына әкеп соғуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, жол мәселесі бүгінде тауар тасымалымен айналысатын бизнес қауымдастығының өзекті проблемасы болып отыр. Ал транспорт жүйесі - ұлттық экономика үшін аса маңызды инфрақұрылым. Бұл мәселеге облыс шеңберінде қарайтын болсақ, Павлодар облысындағы автожолдардың сапасы, жағдайы жаман деп айта алмаймыз. Жалпы, қанағаттанарлық. Облыс бойынша жолдардың 83 пайызы жақсы деп есептеледі. Біздің қоғамдық бірлестік облыс деңгейіндегі жолдарға, оның ішінде қазіргі уақытта кепілдікте тұрған жолдардың сапасын тексеріп, бақылау жүргізіп шықты. Бұл шара кепілдікте тұрған жолдардың сапасы сын көтермей, бұзылып жатса, мердігер компанияға қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында өтті. Жалпы облыс бойынша қазіргі уақытта 277 мыңнан астам шақырым жол кепілдікте тұр. Барлық жолдарды жүріп өтпесек те, әр ауданда, әрбір ауылда ел азаматтары, қоғам белсенділері бар. Сол азаматтармен хабарласып, аудан бойынша кепілдікте тұрған жолдар туралы мәліметтерді алмасып, кері байланыс орнаттық. Олар жолдардың қазіргі жағдайын видеоға түсіріп, біздің сайтымызға жіберіп жатады. Қазір республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен ауылішілік жолдардың барлығы тұрғындардың ерекше назарына алынуда. Тексеру жұмыстарының нәтижесі мен тұрғындардың видеосына сүйеніп отырып, облыстағы кепілдікте тұрған жолдардың жалпы жағдайы жақсы деп айтуға болады.

- «Әділдікті талап ет!» акциясы жергілікті тұрғындармен кері байланыс орнатуға үлкен мүмкіндік берді. Облыс тұрғындары қоғамдық істерге белсенді ме?

- Бұл баршамызға ортақ мәселе болған соң, өңіріміздің әр ауданынан түсіп жатқан хаттар легі толастар емес. Қазіргі уақытта «Adildik.kz» сайтына тек Павлодар облысынан ғана 70-тен астам шағым, өтініштер келіп түсті. Науқан барысында біздің облыс тұрғындары елге қатысты мәселелерге атүсті қарамай, оның шешілуіне атсалысуда. Азаматтар жолдардың сапасын, жалпы жағдайын фотоға, видеоға түсіріп, бізге жолдап жатыр. Әрбір өтініш біздің назарымызға ілініп, әр хатта жауап беріледі. Түскен өтініш, шағым бойынша қоғамдық бірлестік мүшелері құзырлы органдарға тиісті хаттамалар жолдауда. Сонымен бірге, сапасыз жолдарды төсеген мердігерлік ұйымға хат жазып, «мемлекеттік сатып алу» порталы арқылы тендерға қатысты барлық ақпаратты шығарып, тексеру жүргіземіз. Сондай-ақ, қоғам белсенділері, ел азаматтары жауыр болған мәселені тәуір қылмақ ниетпен өздерінің ашық пікірін білдіріп жатады. Жуырда облысқа белгілі тележурналист Есенбек Санатұлы Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, аталмыш елдімекеннің жолдарын түсірген болатын. Жол мәселесі бұл ауыл тұрғындарының жанайқайына айналғалы қашан. «Жол азабын жүрген білер» дейді ғой қазақ. Баянауыл мен Ұзынбұлақты қосатын 41 шақырымдық жолда тұрғындар көліктерінің дөңгелегін ауыстырудан шаршағанын айтады. Бұл мәселеге қатысты Есенбек Санатұлымен хабарласып, видео-роликты алдырып, өзімнің әлеуметтік парақшаларым арқылы аудан әкімі Серік Батырғожиновқа ресми хат жаздым. Аудан әкімі кері байланысқа шығып, сыни мақалама өзінің ресми жауабын берді. Осы үшін Серік Барлыбайұлына алғыс айтамыз. Әкімнің айтуынша, Ұзынбұлақ ауылындағы жол мәселесі келесі жылы өз шешімін табады. 2023 жылы бұл мақсатқа ел қазынасынан 1,9 млрд теңге қаражат бөлінген. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Сонымен қатар, аудан әкімі өзге де елді мекендердегі жол саласына қатысты ақпараттарымен бөлісті. Басқа аудандардың әкімдері де осылай жылдам кері байланысқа шығып, мәселені ушықтырмай, халыққа ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізулері тиіс. Үлгі боларлық іс!

- Облыс тұрғындарынан 70-тен астам шағым-өтініш келіп түскенін айттыңыз. Өңіріміздің қай ауданынан хаттар көп жолданды?

- Акция барысында Екібастұз қаласының, сондай-ақ, Баянауыл ауданының азаматтары белсенділік танытты. Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінің тұрғындары өздері тұрып жатқан елді мекендегі жолдарды видеоға түсіріп, проблемаларды ашық қозғауда. Олар сапасыз жолмен қатар, жол белгілерінің жетіспеушілігін, жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың жоқтығын айтты. Сондай-ақ, Екібастұз қаласының Ақкөл ауылдық округінде де бұл мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Қыркүйек айының басында жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша ауылға бардық. 85 жылдық тарихы бар, әулиелер қоныстанған киелі мекендегі күрмеулі мәселелердің бірі 85 шақырымдық жол болып отыр. Қасиетті елді мекенде туған жеріңе кіндігімен байланған аталарымның алтын күмбезді кесенелері баршылық. Алайда зиярат ету үшін апаратын жол жоқ. Ішкі туризм жолдан басталады. Талай адамдардың тағзым ете баратын жері ғой бұл. Тарих ғылымдарының докторы Ж.Артықбаевтың жазбаларына көңіл аударсақ: «Ақкөл-Жайылма – ұлан-байтақ қазақ жерінің орталық бөлігіне орналасқан әдемі аймақ. Ақкөлді жергілікті қазақ қариялары Әулиекөл деп те атайды және ортағасырлық шежіре деректері мен тарихи жазбалардан бұл аймақ туралы аздаған мәліметтер кездеседі. Соларға қарап отырып Ақкөл-Жайылманың қазақ тарихындағы орны Баянаула, Қарқаралы, Ұлытау сияқты тарихи орталықтардан бір де кем емес екенін аңғарамыз», - делінген. Бірақ, бүгінгі күні осындай тарихи маңызы бар бұл елді мекеннің жағдайы мәз емес. Халықты толғандырып, алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі - жол мен ауызсу! Жергілікті тұрғындар «Екібастұз қаласына әкім болып келгендердің бәрі жол мәселесін шешуге уәде бергенімен, уәде орындалмай, тек сөз жүзінде қала береді» деп ашынуда. Сондай-ақ, олар аудан орталығы, болмаса қалаға барып келу үшін жол бойы екі рет доңғалақтарын ауыстыратынын, көліктерін жөндеуге кемінде 300- 400 мың теңге ақша жұмсайтынын айтты. Онымен қоса, Ақкөл ауылының топырағы сазды болғасын, бұл елді мекенде тұщы су да жетіспейді. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының 2 мердігерлік ұйымы ауылға су құбырларын өткізіп, орталықтандырылған су жүйесін орнатқан еді. Бірақ, тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмапты. Небары 3-4 ай шамасында су құбыры істен шығып, бүгінгі күні ауыл тұрғындары тамшы суға зәру болып отыр. Себебі, мердігерлер су құбырын тарту барысында көптеген кемшіліктер жіберген. Онымен қоса, жобалық-сметалық құжаттарда да жетіспеушіліктер көп. Салдарынан суға деп бөлінген 300 млн-нан астам ақша «суға кетті». Бүгінгі таңда су да жоқ, ақша да жоқ. Дегенмен, «судың да сұрауы бар» екенін ұмытпаған абзал. Онымен қоса, 2 жыл бұрын ғана төселген ауылдың кіре беріс жолы көңіл көншітпейді. 2020 жылы жергілікті ауыл әкімдігі 8 шақырымды құрайтын ауылдың кіре беріс жолына «СОТИС-БИ» ЖШС-мен 19 млн теңгеге орташа жөндеу бойынша келісімшартқа отырған. Бірақ жолдың екі шақырымдай жері ғана механикаландырылған тегістеу арқылы іргетасы 40-70 фракциялы қиыршық таспен төселген. Келісімшарт бойынша мердігерлік компания жолдарға 5 жыл көлемінде кепілдік береді. Алайда бүгінгі күні бұл жолдың жағдайы өте нашар. Осы және өзге де мәселелердің төңірегінде жауапты мемлекеттік органдарға хаттар жолданып, материалдар әзірленді. Болашақта бұл мәселелер шешіліп, ел экономикасының дамуына жетелейтін даңғыл жолдар салынатынына сенеміз.

- Сапасы сын көтермейтін жолдарды салған мердігерлік компанияларды не күтеді?

- Егер де сараптама жүргізіліп, санитарлық-техникалық талаптар орындалмаған жағдайда мердігерлік ұйымның үстінен қылмыстық іс қозғалады. Ал кепілдігі бар жолдардың бұзылуы анықталса, мердігер мекемелер өз қаржысына қайта қалпына келтіреді. Мәселен, қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша жолдардың сапасына қатысты бес қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұдан бөлек, Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округінің әкімдігі 2021 жылы «EZR contrasteaction Group» ЖШС-мен ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жалпы құны 87млн теңгеден астам қаражатты құрайтын 32 келісімшартқа отырған. Ал, Береговой ауылдық округінің әкімдігі жоғарыда көрсетілген мердігермен 124 млн теңгені құрайтын сомаға келісімшарт жасасқан. Прокуратурамен тексеру барысында жолдардың дұрыс салынбағаны, тек ұсақ тас төселіп, битумның құйылғаны, ал асфальттың төселмегені анықталды. Нәтижесінде Тереңкөл ауданы Бобровка және Береговой ауылдық округтерінің әкімдері Р.Умаров пен Р.Кұланбаевқа қатысты ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша орындалмаған жұмыстар үшін, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою фактісі, сондай-ақ, мердігердің эскроу-шотына бюджет қаражатын негізсіз аудару бойынша тәртіптік істер қаралып, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен қос әкімге «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

- Облыстағы қандай жолдарға тексеру жүргіздіңіздер? Сондай-ақ, алдағы уақытта қай ауданға шығуды жоспарлап отырсыздар?

- Жақында Ертіс ауданы бойындағы республикалық маңызға ие автожолдың жағдайын көріп қайттық. Ақтоғай ауданына дейінгі аралықта тексеру жүргіздік. Ақсу қаласына қарасты Алғабас, Қызылжар, Ребровка, Әуелбек ауылдық округтерінің жанымен өтетін жолдың сапасына назар аудару қажет. Президентіміз айтқандай: «жолдар жамау-жамау, құрақ көрпеге ұқсайды». Сонымен қатар, Павлодар ауданы бойынша да тексеру жұмыстарын жүргіздік. Жалпы, мұндай рейдтік іс-шаралар тек акция барысында ғана емес, жыл бойы жалғасады. Егер тұрғындардан өтініш келіп түсіп жатса, кез келген ауданға жұмыс сапарымен аттануға даярмыз.

- Сапасыз жолдардың салынуына не себеп? Елімізде құрылыс материалдары, техника да жеткілікті сияқты. Қара жолға қаражат та аз бөлінбейді. Десе де, осы жол мәселесінде «әттең-айымыз» әлі көп...

- Негізінен, жолдарды жасап жатқан - өзіміздің мердігерлік ұйымдар. Сол жолдармен жүретін де өзіміз. Тендерді жыл сайын белгілі бір-екі компания ұтып алатыны да ешкімге құпия емес. Жолдарға миллиард-
таған қаражат бөлінгенімен оның сұрауы болмай тұр. Мұндай жағдайдың қайталанып келе жатқанына көптеген жыл болды. Осының бәрін ретке келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдап, заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Әйтпесе, Жаңа Қазақстанға ескі жолдармен жете алмайтынымыз аян. Сондықтан, алдымен мерді-герлердің жауапкершілігін арттырып, жолдар-
ға берілетін кепілдік мерзімін ұзарту керек. Мемлекет басшысы: «Қазақстанда жол құрылысына қажетті материалдың бәрі бар. Бірақ отандық өндірістің әлеуеті толық қолданылмай келеді. Мысалы, елімізде битум өндіретін үш зауыт бар. Соған қарамастан, жыл сайын 200 мың тонна битум жетіспейді. Құрылыс қарқынды жүрген кезде оның бағасы 3-4 есеге шарықтап кетеді. Мәселен, бір тоннасы 90 мыңнан 350 мың теңгеге дейін қымбаттайды» деп атап өткен болатын. Осындай жағдайды тудырғандарды неліктен қылмыстық жауапкершілікке тартпасқа? Себебі, жол салынатын мерзімде құрылыс материалдарына қолдан жасалған «тапшылық» та теріс әсер тигізеді. Сондықтан, ең бірінші мемлекет тарапынан жол саласына қажет құрылыс материалдарына шекті баға бекітілу керек.

                                    Түйін:

Жол – ел экономикасының күретамыры. Транзиттік әлеуетімізді дамыту үшін өңірлердегі көліктік инфрақұрылымды жетілдіре түсуіміз керек. Сондай-ақ, жол тораптарын дамытуда индустриалды-инновациялық тың жобалар енгізу қажет. Жаңа жобалар келешегі - кемел, әлеуметтік-экономикалық инфра- құрылымды құруда, сонымен бірге осы бағытта инвесторларды тартуға айрықша септігін тигізбек. Нәтижесінде, көлік инфрақұрылымы саласындағы бұл серпіліс еліміздегі өңдеуші өнеркәсіпті және бәсекеге қабілетті бизнесті дамытудың сенімді негізі болмақ.

«Онлайн желіні» жүргізген – Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

 


Количество показов: 633

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  143

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  296

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  391

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  368

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498