Жолаушылар Тасымалдайды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Жолаушылар  Тасымалдайды 09.09.2021

Жолаушылар Тасымалдайды

Осыдан біраз уақыт бұрын Ертіс ауылындағы автобус паркі қаржылық қиындықтарға тап болды. Соның салдарынан аудан орталығының ішінде жолаушылар тасымалын тоқтатуға тура келді. Бұған жергілікті жұртшылықтың қаймығып қалғаны рас. Бірақ араға көп уақыт салмай, аталмыш мәселе «Business Ertis» өңірлік бағдарламасы көмегімен оң шешімін тапты. Қоғамдық көлік қызметін ұсынатын жаңа кәсіпкер іске кірісті.

Ертіс үлкен ауыл болғандықтан, елді мекен ішінде жаяу қатынау оңай емес. Әсіресе, балалар мен зейнеткерлерге мектеп, дүкен, ауруханаға жету ауыртпалық салып жатады. Ауыл ішінде қоғамдық көліктің жүруі сап тыйылған соң жағдай қиындай түсті. Осыны ескерген жергілікті кәсіпкер Жанар Ибрагимова өз қызметін ұсынуды жөн деп шешті. Бірақ оның қалта-сындағы қаражат тек бір шағын автобусты сатып алуға жететін болды. Сол себепті «Қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның көмегіне жүгініп, 6 пайыздық мөлшерлемемен несие алды. Бұл қаражатқа тағы бір шағын автобус сатып алып, 1 тамызда жолаушылар тасымалына кірісті.

- Біздің ауыл үлкен, сондықтан аудан орталығының ішінде қаты-найтын жеке қоғамдық көлік қажет-ақ. Өкінішке қарай, аудандағы автобус паркі банкротқа ұшырап, қызметін әрі қарай жалғастыра алмады. Сондықтан жолаушылар тасымалымен айналысу туралы ой келді. Бұл бағыттағы кәсіпкерлік отбасымызға жат емес. Осыдан біраз уақыт бұрын аудан орталығында көлікке техникалық қызмет көрсету орталығы мен автобөлшектерді сату дүкенін ашқан едік. Шағын автобустарды жөндеуде қиындық болмайтынын ескеріп, бизнестің жаңа бағытын игеруге кірісіп кеттік, - дейді Ж.Ибрагимова.

Ертіс аудандық нақты экономика секторы бөлімі қоғамдық көлік қамтуы тиіс бағыттарды белгілеп берді. Сол бойынша шағын автобустар күніне алты рейс жасайды. Жолақы – 80 теңге. Оқушылар бұл соманың тең жартысын, яғни 40 теңге төлейді. Ал әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдері тегін қатынайды.

- «Business Ertis» өңірлік бағдар-ламасы шағын және орта бизнес өкілдеріне зор қолдау көрсетіп отыр. Әсіресе, «Ауыл» деген арнайы бағытының ашылып, елді мекен-дердегі кәсіпкерлерге қаржылай, қаржылай емес көмектің көрсетілуі көңіл қуантады. Мемлекет тарапынан төмен пайыздық мөлшерлемемен несие берілмеген жағдайда жолаушылар тасымалымен айналыспай-
тын едік. Жалпы, «Қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның атына заты сай. Дәл осы қордың көмегімен бірнеше жыл бұрын ассенизаторлық көліктер алғанымызды айта кеткен жөн. Бүгінде аудан тұрғындарына су сору жұмыстары бойынша да қызмет көрсетеміз, - дейді кәсіпкер.

Осылайша, Ертіс ауданындағы Ибрагимовтар әулеті көліктің түр-түріне қатысты отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отыр. Бастысы, тұрғындарды алаңдатқан қоғамдық көлік мәселесін шешіп, тұрғындарды діттеген жерге жеткізіп келеді. Оған қоса, жаңадан екі жұмыс орнын ашып, ауылдастарды тұрақты табыспен қамтыды.


Бетті әзірлеген - Құндыз Қабылденова



Количество показов: 1015

Возврат к списку