Жолдардың күтімі талапқа сай ма?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Жолдардың күтімі талапқа сай ма? 14.10.2021

Жолдардың күтімі талапқа сай ма?

Биыл облыс аумағындағы автомобиль жолдарының көп бөлігі жөндеуден өтуде. Жөндеу бір бөлек, талапқа сай болуын бақылау - маңызды іс. Қыстыгүні жолдардың қар құрсауында қалмауы да – басты назарда.

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Арслан Айдархановтың мәліметінше, облыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 5507,9 шақырымды құрайды.

- Биыл жергілікті маңызы бар 3845,1 км автомобиль жолын күтіп-ұстауға 1 117,9 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл іске 29 мердігер тартылды. Олар әзірге 335 тонна жанар-жағармай (жоспардың 67 проценті), 7000 тонна көктайғаққа қарсы материалдар (93,3 процент) дайындады. Иелігінде 262 арнайы техника бар, - дейді А.Айдарханов. Жыл басынан бері қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілген. Атап айтсақ, 1,1 мың шаршы метр аумақта жолдағы шұңқырды тегістеу шаралары қолға алынып, 62 жол белгілері қойылған. Облыстық маңызы бар Ақтоғай-Шолақсор бағытындағы жолдың 55-56 шақырымында қар ұстайтын қалқандар қойылып жатқан көрінеді. Әйтпесе, жыл сайын аталған аумақ қар құрсауында қалып, көлік қозғалысын тежейтін-ді. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалының басшысы Ақылбек Қабылдин қысқа барынша дайындалып жатқандарын жеткізді.

- Облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1662,8 км құрайды. Оның 268 шақырымы – І дәрежелі, 574,5 шақырымы – ІІ дәрежелі, 819,78 шақырымы – ІІІ дәрежелі жолдар. Қала берді, 29 көпір және жол айналмаларының, 610 су өтетін құбырлардың жағдайына жауап береміз. Қысқы маусымда жолдарды күтіп-ұстауға 7 ДЭУ және
5 ДЭП мекемелері жұмыл-дырылған. Жасыратыны жоқ, былтыр техниканың жеткіліксіздігі салдарынан мердігерлер қар құрсауында қалған кейбір учаскелерде проблемалар болды. Оны шешу мақсатында мердігерлерге қатарға жаңа техникаларды қосу керектігі айтылды. Бұдан бөлек, жергілікті жердегі ауыр техникалары бар азаматтармен келісімшарттар жасалуда. Қатарға қосымша 30 техника қосылады деп күтілуде, - дейді А.Қабылдин. Аймағымызда жыл сайын қар құрсауында қалатын учаскелер бар. Ақтоғай-Шолақсор бағытындағы тас жолдың жағдайын айттық. Ақтоғай ауданына қарасты Мүткенов ауылы маңындағы жол да ақ ұлпаның астында қалатыны рас. Ақылбек Қабылдиннің айтуынша, «Дендра» ЖШС аталған учаскедегі (Ленин-Ертіс-Русская Поляна авто-жолының 79-84 шақырымы) 18 гектар жерге терек пен қарағаш тұқымдарын еккен. Жаңа әдіс жабындау (мульчирования) деп аталады. Тың амал алдағы уақытта мәселені жояды деп күтілуде. Қысқы маусымға қажетті материалдар кестеге сай дайындалып жатқан көрінеді. Әзірге қорда 211 тонна көмір қажетті мөлшерден (9 процент), 1225 тонна тұз (41 процент), 1423 текше метр құм (26 процент), 37,3 мың литр бензин (35 процент), 34,3 тонна дизель отыны бар. 236 дана уақытша жол белгілері толығымен дайын тұр. Қолда бар техниканың әзірлігі 74 процентті құрайды. 138 техниканың 24-і жөндеуден өтуде.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ.

 


Количество показов: 509

Возврат к списку