Журналистика – жүрек қалауы

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  101

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  96

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  103

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  130

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  95

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  101

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  96

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  108

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  208

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  230

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  255

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  212

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  200

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  224

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  244

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  249

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  306

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  301

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  310

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  332

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  306

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  296

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  325

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  324

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  304

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  343

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  329

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  419

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  405

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  401

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  394

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  418

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  399

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  415

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  498

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  543

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  494

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  547

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  516

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  491

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  539

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  502

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  512

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  584

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  643

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  570

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  590

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  595

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  565

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  576

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  542

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  568

Алтын аға
10:30 04.08.2022  619

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  632

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  641

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  824

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  626

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  655

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  636

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  654

23.06.2022

Журналистика – жүрек қалауы

Сергей Горбунов

Туған күні: 20 сәуір, 1950 жыл

Туған жері: Павлодар қаласы

Негізгі мамандығы: металл жонушы, механикалық шеберхана түлегі.

Еңбек жолы: Журналистік саладағы қызметін қалалық «Строитель» газетінен бастап, әр жылдары облыстық «Звезда Прииртышья» газеті, Қазақ телеграф агенттігі редакцияларында еңбек етті. Содан соң ширек ғасыр бойы «Казахстанская правда» республикалық газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды.


горбунов.jpg

Журналистиканы таңдауының себебі:

- Мен Павлодар қаласындағы мектептің 7-сыныбын бітірген соң әкем сияқты құрылысқа араласып, демалыс уақытында бригадада ағаш ұстасы болып жұмыс істедім. Бірақ болашақта құрылысшы емес, журналист болуды армандадым. Сол арманның жетегімен 10-сыныпта оқып жүрген кезімде облыстық «Звезда Прииртышья» газетіне «Торчат только пеньки» деген алғашқы мақалам жарияланды. Оны Ертістің арғы бетінде шабылған, кесілген ағаштарды көріп, ашынғаннан жазған едім. Алайда Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсерде қабылдау комиссиясына көрсететін сүбелі шығармашылық жұмыстарым болған жоқ. Сондықтан Павлодарға қайтып келіп, механикалық шеберханада металл жонушының курсынан өтіп, сол шеберханада бір жылдан астам уақыт еңбек еттім. Екі жыл Отан алдындағы әскери міндетімді орындап келген соң да осы шеберханаға оралып, жұмысымды жалғастырдым. Металлдардан әр түрлі бұйымдарды жасау ұнады. Десе де, «Журналист боламын» деген балалық арман бәрінен биік тұрды. Сөйтіп, күндердің күнінде облыс орталығында шығатын «Строитель» деген салалық басылымнан шақырту түсіп, баспасөз саласында алғашқы кәсіби қадамым жасалды. Оқушы кезімде құрылыста жүріп көрген-түйгенім, металл жонушы ретінде жинаған азды-көпті тәжірибем сол газеттегі жұмысымның барысында көп көмегін тигізді. Меніңше, адам бала күнгі арманына жеткізетін жолынан жаңылмауы керек. Сол кезде еңбек бақытын сезінеді.

Салауат Темірболатұлы

Туған күні: 13 маусым, 1975 жыл

Туған жері: Павлодар ауданы,
Үміт апа ауылы

Негізгі мамандығы: тіс дәрігері,
Павлодар медициналық училищесінің түлегі

Еңбек жолы: Телеарнадағы жұмысын жергілікті «КТК-7» арнасында бастап, кейін облыстық радио мен «Ирбис» телеарнасында еңбек етті. 25 жыл бойы «Хабар» агенттігінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі болды. Қазіргі уақытта «Наша жизнь» газетінің тілшісі. Сондай-ақ, блогерлікпен, өлкетанумен айналысады.

салауат.jpg
Журналистиканы таңдауының себебі:

- Менің журналистикаға келуімнің өзі қызық болды. Ағаларым медицина саласының өкілдері болғандықтан, бастапқыда мен де әскери медицина академиясына оқуға түсіп, әскери қызметшілерді емдейтін дәрігер болуды қаладым. Бірақ оған жол түспей, Павлодар қаласындағы медициналық училищенің стоматология бөліміне құжаттар тапсырдым. Бастапқыда жедел жәрдем станциясында санитар болып жұмыс істедім. Студент кезімде Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада кіші медициналық қызметкер болдым. Бір күні Павлов көшесі бойымен жұмыстан келе жатқанымда кенет жаңбыр жауып, күркелердің біріне қарай тығылдым. Ол жерде екі жігіт тұр екен. Әңгіме барысында «Сенің дикцияң жақсы, біздің арнаға тележүргізушінің конкурсына келсеңші» деген ұсыныс айтты. Бұған дейін мектеп қабырғасында жүргенде «Пионерская правда», Павлодар аудандық «Нива» газеттеріне ара-тұра мақала жазғаным болмаса, журналист боламын деп ойламаппын. Бірақ тележурналист қызметіне қызығушылық пайда болып, конкурсқа барып, одан сәтті өттім. Осылайша, «КТК-7» арнасында тілшілік қызметім басталды. Одан соң облыстық радио мен «Ирбис» телеарнасында еңбек еттім. Бұл қызметтердің барлығын облыстық ауруханадағы жұмысыммен қатар алып жүрдім. Кейін республикалық «НТК», «Хабар» телеарналарында журналистік жолымды жалғастырдым. Қайда жұмыс істесем де репортаждар дайындау барысында медициналық білімімнің пайдасын көрдім. Біріншіден, денсаулық тақырыбын қаузаған кезде тереңінен бойлауға мүмкіндік берсе, екіншіден адамдармен сөйлесуде, спикермен сұхбат жүргізгенде олардың психологиясын түсінуге көмектесті. Сондықтан екеуі екі бөлек сала болғанмен, менің өмірімде бір-бірімен тығыз ұштасып жатыр.

Мұрат Әбілмәжит

Туған күні: 24 қазан, 1967 жыл

Туған жері: Ақтоғай ауданы

Негізгі мамандығы: энергетик, Павлодар индустриалды институтының түлегі
Еңбек жолы: Бұқаралық ақпарат саласындағы қызметін облыстық «Saryarqa samaly» газетінде бастап, кейін облыстық радиода еңбек етті. Бүгінде «Ertis» телеарнасының шеф-редакторы.

IMG_0283.JPG

Журналистиканы таңдауының себебі:

- Мектепті тәмамдап, қолыма аттестат алған тұста елде электр энергетикасы саласы мамандарына сұраныс жоғары болды. Сондықтан, көп ойланбастан дәл осы мамандыққа таңдауым түсті. Оқуымды сәтті аяқтап, дипломдық жұмысты қорғап, мамандығым бойынша үш жыл жұмыс істедім. Кейін кеңестік одақ тарап, тоқырау болған тұста тұрақты жұмыстан қағылып, басқа салаларда нәпақа табуға тура келді.
2002 жылдың қаңтар айында манеж-дердің біріне футбол тамашалауға бардым. Спорттың бұл түріне бала кезден бастап қызығамын. Сол ойынның барысында облыстық «Saryarqa samaly» газетінің бас редакторы Мұхит Омаров аймақтың басты басылымында екі тілде «ГОЛ+» деген спорт қосымшасы жарыққа шығатынын айтып, маған осы қосымшаға материалдар жазуға қолқа салды. Оған дейін журналистикамен мүлде байланысым болмаған мен әу баста тартынғаным рас. Әйтсе де, өзім тұрақты түрде бақылайтын футбол туралы жаңалықтарды неге қағаз бетіне түсірмеске деген ой келді. Сол тұста «Ertis» футбол клубына жаңадан тағайындалған Дмитрий Огайдан сұхбат алудың сәті түсті. Сөйтіп, осыдан тура 20 жыл бұрын Мұхит Мүрсәлиұлының қолдауымен «Saryarqa samaly» газетінде журналистік жолым басталды. «ГОЛ+» қосымшасын бір жарым жыл жүргізген соң облыстық радиоға, одан соң телеарнаға ауыстым. Электр энергетикасы саласынан бұқаралық ақпарат құралдары бағытына бет бұрғаныма еш өкінген емеспін.

Айдана Дүйсен

Туған күні: 31 мамыр, 1996 жыл

Туған жері: Аққулы ауданы, Малыбай ауылы

Негізгі мамандығы: Агроном, Торайғыров университеті

Қазіргі қызметі: облыстық «Halyq radio»-сының редакторы.

IMG_0223.JPG

Журналистиканы таңдауының себебі:

- Бала кезімнен шығармашылыққа жақын болып өстім. Сондықтан болар, мұғалімдер журналист болуыма жол сілтеді. Алайда болашағымды бұл саламен байланыстыра алмадым. Қалам-қағаз, диктофон мен микрофон ұстап жүргенімді елестете де алмайтынмын (күліп). Сондықтан 11-сыныпта ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын уақытта биология пәнін таңдап, Торайғыров университетінің агроном мамандығына оқуға түстім.
Бірақ өмір ағысы қайтадан журналистика саласына алып келді. Университет қабырғасында 3-курста білім алып жүргенде облыстық «Halyq radio»-сы жүргізушілерге кастинг жариялағанын естіп, құрбыларымның кеңесімен сынаққа қатыстым. Сыннан өтуге келген кілең журналистер мен қазақ тілі мұғалімдерінің арасында менің ғана мамандығым бөлек болды. Дауыспен жұмыс жасау, тікелей эфир жүргізу сынды кезеңдерден сүрінбей өттім. Соның нәтижесінде 2017 жылы жұмысқа қабылдады. Студент бола жүріп, радиода алғашқы қадамдарымды жасадым. Агроном мамандығын аяқтап, қолға диплом алған соң бірден білімімді журналистика мамандығы бойынша жалғастырдым.
Бүгінде облыстық радиода «Жастар жалыны» атты авторлық бағдарламам бар. Сондай-ақ, «Әнім шарықта», «Тілек тайм», «Халық сөзі» бағдарламалары мен жаңалықтарды жүргіземін. Шыны керек, төрт жыл бойы мүлде басқа саланы меңгергеніммен, алғашқы қызмет орнымдағы алдыңғы буын аға-апалардың көмегімен «Журналистика» деп аталатын үлкен өмірлік мектептен өттім. Радионың тәжірибелі, білімді де білікті қызметкерлері бар білгенімен бөлісті. «Агрономсың» деп өзектен тепкен емес. Керісінше, бауырына тартып, журналистік жолда өз бағытымды табуға көмектесті. Әлі күнге дейін қолдау көрсетіп келеді.

Әріптестермен тілдескен – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА, Айдана БОРАНБАЕВА.

Количество показов: 498

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  101

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  96

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  103

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  130

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  95

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  101

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  96

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  108

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  208

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  230

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  255

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  212

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  200

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  224

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  244

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  249

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  306

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  301

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  310

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  332

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  306

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  296

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  325

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  324

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  304

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  343

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  329

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  419

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  405

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  401

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  394

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  418

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  399

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  415

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  498

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  543

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  494

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  547

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  516

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  491

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  539

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  502

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  512

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  584

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  643

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  570

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  590

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  595

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  565

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  576

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  542

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  568

Алтын аға
10:30 04.08.2022  619

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  632

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  641

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  824

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  626

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  655

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  636

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  654