Жылумен қамтуда қиындық болмайды

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  271

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  258

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  262

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  258

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  267

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  255

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  294

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  295

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  291

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  317

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  306

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  318

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  304

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  332

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  331

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  428

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  389

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  392

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  472

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  484

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  415

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  475

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  462

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  420

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  475

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  422

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  653

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  552

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  566

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  543

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  550

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  541

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  484

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  538

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  567

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  668

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  590

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  662

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  656

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  653

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  639

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  668

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  637

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  724

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  766

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  762

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  719

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  709

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  724

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  741

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  929

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  956

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  841

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  726

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  820

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  738

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  788

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1011

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1006

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  960

Жылумен қамтуда қиындық болмайды 27.09.2022

Жылумен қамтуда қиындық болмайды

Екібастұз қаласындағы жылу-электр станциясының қондырғылары мен қала ішіндегі желілер тозып тұр. Ақсу қаласындағы жаңа қазандықтың әзірше іске қосылатын түрі жоқ. Осындай жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерге қарамастан, жалпы алғанда Павлодар облысы жылыту маусымына дайын. Электр мен жылу энергиясының көлемін одан әрі арттыру үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

 Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

 Қуатты еселейтін тың жобалар

Сенбі күні ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов өңірімізге жұмыс сапарымен келіп, аймақтағы станциялардың алдағы жылыту маусымына дайындық барысын пысықтады. Алдымен ведомство басшысы биыл «тығырыққа» тірелген Екібастұздағы жылу-электр орталығына барды. Бұған дейін акционерлер қондырғылар мен желілердің әбден ескіргенін алға тартып, коммуналдық меншікке тегін қайтарып беруге әзір екенін мәлімдеген еді. Осы жылы қаржының аздығы салдарынан қазандықтарды жөндеу жұмыстарының кестеден кешігіп жатқаны тағы бар. «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесиннің сөзінше, түйткілдер болғанымен, кеншілер шаһарында жылыту маусымы 20 қыркүйекте басталып кетті. Бүгінде әлеуметтік нысандар орталық желілерге кезең-кезеңімен қосылуда.
- Бүгінде станциядағы қазандықтардың 46 пайызы, жылу құбырларының 88 пайызы тозған. Сондықтан жылыту маусымының қиындықсыз өтуі үшін 4 қазандықпен бір турбогенераторды жөндеу жоспарланған еді. Бүгінде негізгі жұмыстар аяқталды. Тек екі қазандықтың жөндеуі қаржылай қиындықтарға байланысты тұралап қалды. Бірақ келесі аптада қайта жалғасып, резервке қойылады, - деді В.Лесин.
Министр жұмыстарды жедел атқару керек екенін еске салып, станцияны мемлекет меншігіне беруге қатысты ойын білдірді. Сондай-ақ, Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың тапсырмасымен Екібастұздағы жылу-электр орталығындағы жағдайды саралау мақсатында құрылған ведомствоаралық топ бұл жайтты да назарға алатынын алға тартты.
- Бұл – қыс таяп қалған уақытта талқылайтын мәселе емес. Алдымен жылыту маусымын ойдағыдай өткізіп алу керек. Содан соң ғана облыстық әкімдік пен акционерлер бұл жайтқа қатысты ортақ байламға келе жатар, - деді Б.Ақшолақов. Ведомство басшысы Б.Нұржанов атындағы ГРЭС-1 станциясына да барды. Кәсіпорын басшысы Ержан Ертаев жыл сайын электр энергиясын өндіру көлемі артып жатқанын атап өтті.
- Былтыр станцияда 22,8 миллиард килоВатт электр энергиясы өндірілді. Мұндай көрсеткіш 1986 жылдан бері болмаған еді. №1 энергоблокты қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң елдегі ең көп электр энергиясын өндіретін орталыққа айналамыз. Жобаның жалпы құны - 162 миллиард теңге. 2023 жылдың желтоқсанында энергоблок іске қосылған соң қуаттылық 4 мың килоВаттқа дейін жетеді, - деді Е.Ертаев. Құрылыс жұмыстары барысында 500 жұмыс орны ашылды. Ал станция пайдала-нуға берілгеннен кейін барлығы 1443 адам жұмыс істейтін болады. Ал ГРЭС-2 орталығында №3 энерго-блоктың құрылысы қолға алынды. Бұл жоба 2025 жылы станцияның қуаттылығын 1600 МВт дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Болат Ақшолақов облыс орталығындағы Павлодар мұнай-химия зауытының жұмы-сымен де танысты. Аталмыш кәсіпорын полимерлі битумды жыл он екі ай бойы шығаратын жаңа циклге көшуді көздеп отыр. Зауыттың бас директоры Қуаныш Бишімовтің сөзінше, жаңа өндіріс дайын өнім көлемін 50-60 мың тоннаға дейін арттыра түседі.
- Битумды қыста да шығарып, сақтап, сұраныс артатын көктем-күз аралығында сатылымға қоймақ ой бар. Осылайша, еуропалық сапада модификацияланған битум өндіруге болады, - деді Қ.Бишімов.
Министр бұл бастаманы құптап, жаңа әдіске ауысу арқылы нарықтағы мұнай өнімдерінің тапшылығын азайтуға болатынын атап өтті. Сонымен қатар, Болат Ақшолақов «Нефтехим ЛТД» ЖШС кәсіпорнында болып, онда арнайы қоспа шығаратын жаңа құрылғының жұмысымен танысты. Ол Еуро-5 сапасымен жоғары октанды бензин алу үшін қолданылады. Кәсіпорын басшысы Олег Тимошовтың айтуынша, қондырғы сағатына 15 тонна мұнайды өңдейді.

 Жұмысшылар да, жалақы да аз


 Болат Ақшолақов өңірдегі бірқатар өндіріс орнын аралаған соң Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында аймақ жұртшылығымен жүздесті. Министр алдымен атқарылар істер мен жоспарланған жұмыстарға тоқталды.
- Павлодар облысы электр энергиясын өндіру бойынша елімізде бірінші орын алады және республиканың барлық электр энергиясы көлемінің шамамен 40 пайызын қамтиды. Облыста жылу энергиясының ірі көздері бар. Сондықтан қыс кезінде жылумен қамтуда қиындық туындамауы тиіс. Қатты отынды дайындайтын ірі кеніштер, мұнай өңдейтін зауыт та жүйелі жұмыс істейтінін ескерсек, көмір мен жанар-жағармай өнімдерін жеткізу ісінде де іркіліс болмауы керек, - деді министр. Осы орайда Болат Ақшолақов жыл соңына дейін АИ-80, 92, 93 маркалы жанармайдың, дизель отыны мен сұйытылған газдың бағасы мемлекет тарапынан реттелетінін еске салды.
- Күзгі дала жұмыстарын уақытылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілере 423 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді. Оның бір тоннасының бағасы – 222 мың теңге, литрдің бағасы – 184 теңге. Бұл бөлшек саудадағы бағадан 15-20 пайызға арзан. Оның ішінде Павлодар облысы үшін 23 мың тонна дизель отыны қарастырылды. Қазіргі уақытта дизель отынының басым бөлігі шаруаларға жеткізілді, - деді министрлік басшысы. Кездесу барысында тұрғындар, жанар-жағармай саудалаумен айналысатын кәсіпкерлер министрге көкейде жүрген сауалдарын жолдады. Бұл ретте екібастұздықтарды «Биыл қыста «қатып» қалмаймыз ба?» деген сауал мазалайтыны анық байқалды. Болат Ақшолақов жылу-электр орталығы кеншілер шаһарын жылумен қамтуға қауқарлы болатынын атап өтті. Акционерлер де соған уәде беріп отыр. Ал жылдар бойы жиналып қалған күрмеулі мәселелер кезең-кезеңмен шешіледі. Ал облыс орталығындағы тұрғындар жылу желілерінің тозуына алаңдаулы. Министрмен кездесуге келген көпшілік қыс кезінде құбырлар жарылып қала ма деген қауіп барын жасырмады. Жиынға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук Орталық-Азия электр энергетикалық корпорациясымен бірлесе жасалған жол картасына сәйкес, 24 шақырым желіні жаңартуға қатысты жоба әзірленген атап өтті. Республикалық бюджеттен тиісті сома бөлінсе, бір-екі жыл дересінде құбырлардың алғашқы бөлігі толығымен жаңарады. Жанар-жағармай бекеті желісінің өкілі Руслан Садықов министрге бірнеше сұрақ жолдады. Олардың қатарында дизель отыны мен газ тапшылығы бар. Кәсіпкердің айтуынша, күзде шаруалардың жұмысы қыза түсетінін ескере отырып, қыркүйек-қазан айларында қосымша 1500 тонна отын бөлген дұрыс. Сол сияқты қараша-желтоқсан айларына бөлінетін 500 мың тонна газ кей кездері жетпей қалып жатады. Солтүстікте қыстың қаһарлы болатынын ескерсек, газдың кейбір түрлері жарамай қалады.
- Сұйытылған газды қосымша бөлуге болады. Қазан айында Ақтөбедегі мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылуына байланысты «Тенгизшевройл» компания-сынан шамамен 20 мың тонна бутан мен пропан алмақ жоспар бар. Бірақ газ сыртқа заңсыз сатылмауы тиіс. Сондықтан биржа қатысушыларына қойылатын талап күшейеді. Әр жанар-жағармай бекеті газды өзінің қуаттылығына қарай ғана алатын болады, -
деп ескертті министр. Павлодар қаласының Нияз есімді тұрғыны облысқа газ тарту мәселесін қозғады. Қыс кезінде баспаналар, әлеу-меттік және кәсіпкерлік нысандар газ арқылы жылытылса, әлдеқайда тиімді болар еді. Алайда мұндай жоба жақын күндері іске аса қоймас.
- Бірінші кезең аясында Көкшетау, Петропавл қалалары газбен қамтылады. Павлодар, Семей және Өскемен – екінші кезеңнің жобалары. Десе де, солтүстік шығыстағы шаһарларды газбен үздіксіз қамту үшін мол ресурс керек. Оның бір бөлігін Ресейден алу, тағы бір бөлігін өзіміздің кен орындарынан табу жоспарда бар. Қазір барлау жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ мұның барлығы көп уақытты алады әрі қомақты қаржыны қажет етеді, - деді министр. Жанар-жағармай бекеттерінің тағы бір топ өкілі Павлодар мұнай-химия зауытында кезінде жұмыс істеп, кейін жойылған автомобильге бензин құю пункттерін қайта жаңғыртуды сұрады. Себебі шағын жанармай құю станцияларына аз көлемдегі отынды теміржол арқылы тасымалдау ыңғайсыз әрі тиімсіз. Болат Ақшолақов қазіргі уақытта павлодарлық кәсіпорынның алдында автомобильдер арқылы жанармайды шығару міндеті тұрғанын айтты. Тек инфрақұрылымды бір жолға қою үшін қомақты инвестиция керек. Сонымен қатар, энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлері техникалық қауіпсіздік талаптарын қайта қарау, қызмет-керлердің жалақысын көтеру, мамандар тапшылығын жою мәселелерін көтерді.
- Қызметкерлер айлығы аз, әлеуметтік қолдауы жоқ жұмыста ұзақ уақыт еңбек етпейді. Бүгінде цехтардағы мамандар тапшылығы 30 пайызға дейін жетеді. Сондықтан жүктеменің барлығы бұрыннан істеп жүрген тәжірибелі мамандарға түседі. Бұл мәселені талай жылдан бері көтеріп келе жатқанымызбен, әлі шешімі жоқ. Бұлай жалғаса берсе, электр энергетикасы саласында қызмет ететін білікті маман қалмай қалады, - дейді ардагерлер. Министрдің сөзінше, жалақыны арттыру үшін алдымен тұрғындар мен өнеркәсіптік орындар төлейтін тарифті көтеру керек. Бірақ оны бірден ұлғайту мүмкін емес. Шілде айында қаралған тарифте 20-30 пайызы жалақыны өсіруге бағытталған. Сондықтан бұл жағдай кезеңімен шешіледі.
- Ал жастарға келер болсақ, алдағы уақытта энергетика саласына бөлінетін оқу гранттарының санын арттыру көзделген арнайы бағдарлама әзірленуде. Сол бағдарламада жас мамандарды баспанамен қамту жағдайы да қамтылған. Екі ай көлемінде жаңа жобаны назарларыңызға ұсынатын боламыз, - деп жауап берді Б.Ақшолақов. Тұрғындармен кездесуден соң министр Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, журналистердің сұрағына жауап берді. Тілшілер қауымы Екібастұздағы ескі, Ақсу қаласындағы жаңа қазандықтардың жайына қатысты сауалдарын жолдады.
- Жылумен қамтуға жауапты екі қазан-дықтың да жағдайын жақсы білеміз. Тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бір анығы, алдағы жылыту маусымында екі қала жылумен толыққанды қамтылады. Оған алаңдауға еш негіз жоқ, - деп қысқа қайырды ведомство басшысы. Болат Ақшолақов біздің өңірге жұмыс сапары соңында облыстың жылыту маусымына дайындығын жоғары бағалап, кәсіпорындар мен жергілікті билік назар аударуы тиіс басты мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, жаңа жобалардың жүзеге асуына министрлік тарапынан қолдау көрсетілеріне сендірді.

 Суретті түсірген - Константин Шелков.

Количество показов: 662

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  271

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  258

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  262

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  258

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  267

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  255

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  294

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  295

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  291

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  317

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  306

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  318

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  304

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  332

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  331

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  428

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  389

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  392

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  472

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  484

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  415

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  475

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  462

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  420

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  475

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  422

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  653

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  552

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  566

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  543

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  550

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  541

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  484

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  538

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  567

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  668

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  590

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  662

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  656

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  653

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  639

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  668

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  637

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  724

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  766

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  762

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  719

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  709

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  724

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  741

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  929

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  956

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  841

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  726

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  820

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  738

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  788

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1011

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1006

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  960