Ақын жайлы жинақ

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

12.01.2021

Ақын жайлы жинақ

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәбит Дөнентаевтың есімі мен шығармашылығы біраз уақыт ескерусіз қалғаны рас. 
Негізі, қаламгердің алғашқы жинағы 1915 жылы Уфада «Уақ-түйек» деген атаумен екі бөлім болып шықты. Бірақ қазір бұл 
кітаптарды кітапханалардан кездестіру қиын. Сондықтан, қаламгердің көп еңбегі оқырман ойынан шығып, ұмыт бола бастады. Ал әдеби еңбегі көле-гейлене бастаған қаламгерді қайта «тірілтіп» осындай кітап шығару әдебиетсүйер қауым үшін қуанышты жаңалық болғаны анық. Кітапты құрастырып, дайындаған - филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Зейнуллина мен өңірлік журналистика саласының ардагері Сая Молдайып. 
«Себепсіз салдар жоқ» демекші, аталмыш еңбектің жарық көруі кездейсоқ емес. 2013 жылы Дөнентаевтың 120 жылдық мерейтойының қарсаңында «Saryarqa samaly» газетінің журналистері Семейге барып, ақын зиратының аяқасты болғаны туралы мақала жазып, мәселе көтерген еді. Нәтижесінде сол кездегі «АстанаТемір-жолСу» АҚ-ның президенті Қуат Есімхановтың ұйымдастыруымен ақын туған ауылдың тұсына белгітас орнатылды. Семейдегі зираты қалпына келтіріліп, ақынды еске алу асы берілді. 
Бұған дейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті Семей және Павлодар ғалымдарымен бірлесіп, ақынның 120 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өткізіп, кітабын шығару жөнінде уәде еткені есімізде. Игі іс жалғасын тауып, Е.Бекмаханов атындағы ғылыми орталық қызметкері Қарлығаш Төлеубаева Семей, Алматы мұрағаттарынан С.Дөнентаевтың өткен ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген еңбектерін, газет-журналдардың фотокөшірмесін әкелді. Нәтижесінде университеттің ғылыми-баспа орталығында бір кітап құрастырған, бірақ ол оқырман қолына жете қойған жоқ. «Ұлы дала дарыны -  Сәбит Дөнентаев» атты кітапқа сол кезде жинақталған материалдар енгізіліп отыр. Сонымен қатар, ақын шығармашылығын жан-жақты зерттеген Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Дихан Әбілев сынды жазушылардың пікірлері топтастырылды. Бұдан бөлек, ақынның ертеде жарияланып, кейін ұмытыла бастаған туындылары мен қызы Сәулет Дөнентаеваның естеліктері енген. Сол секілді, тұлғаның 125 жылдығына орай өткен ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасаған Айтмұхамет Тұрышев, Айман Зейнуллина, Сейфитдин Сүтжанов, Серік Елікбай сынды әдебиетші ғалымдардың зерттеу еңбектері, тарихшы-өлкетанушы Дәурен Аяшиновтың мұрағаттардан тапқан тың деректері және өлкенатуншы Қаршыға Шаяхметов, Көгершін Шакарқызының естеліктері енгізілді. 
Осы орайда кітаптың жарыққа шығуына қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған Ақсу қала-сының әкімі Балғабай Ыбыраев пен қалалық мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев екенін атап өткен жөн.

Тілеуберді САХАБА

Количество показов: 301

Возврат к списку