Ғалымның атын хаты шығарар

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Ғалымның атын хаты шығарар 21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар

Облысымызда Мәшhүр Жүсіп бабамыздан қалған мұраның ағартушылық дарындығын дәріптеу мақсатында ақынның туған жері Ескелді мекенінде «Мәшһүр Жүсіп мұрасының жаңғыруы» атты республикалық ғылыми конференциясы өтті.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

ХХ ғасырдағы ұлы Абайдың ізбасары, даңқы алты Алашқа мәлім Мәшһүр Жүсіп есімін білмейтін адам кемде-кем. Ғұлама ғалым ретінде ол талғамы бөлек терең білімге ие. Тіл, философия, жаратылыстану, медицина, дін бағыттарымен қатар өлең, поэма, әңгіме, шежіре, педагогика, публицистика саласында жазған шығармашылық мұралары жан-жақтылығымен қашанда оқ бойы алда.

Академик Қ.Сәтбаевтың Баянауыл мемо-риалдық музейі мен М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің ұйымдастырылуымен өткен конференцияның мақсаты - М.Ж.Көпеев бабамыздың құнды қолжазбалары мен ғылыми еңбектерін, өмір жолын, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілері жинақтарын, шежіре мен айтыс, жинақтаған тарихи жырларын өскелең ұрпаққа насихаттау. М.Ж.Көпеев шығармашылығының бағалы мұраларын кең ауқымда зерттелуіне жол ашу - негізгі мақсат-міндеттің бірі.

«Ғұламаның бізге қалдырған мол мұрасын зерттеп, келешек ұрпаққа мирас ету – азаматтық парызымыз» деп конференцияның алғы сөзін Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова бастады. Ол өз сөзінде шараға қатысушылар мен Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан келген қонақтарға алғысын білдірді.

Сирек кездесетін қолжазбалар мен алуан түрлі басылымдардың түпнұсқалары – құнды жәдігер. Бұл тарихтан сыр шертетін көне басылымдарды сақтап қалу мен қалпына келтіру жұмыстары тұратын «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» мамандары конференция барысында өз ұсыныстарымен бөлісті. Реставрация және конвервация бөлімінің жетекшісі Сырым Ботабектің айтуынша, заманауи технологиямен жабдықталған орталық мұрағаттар мен мұражайлардағы түпнұсқасы бар құнды жәдігерлерді реставрациялау маңызды. Қағаздағы жазуға жарық, ылғал, бөлме температурасының әсері тиетіндіктен, уақыт өте келе музейде немесе халық қолында белгісіз күйде қалып жатқан сирек қолжазбаларды сақтап қалудың шешімі – реставрация.

Осы мақсатта конференцияға «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» арнайы «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрмені ұсынды.

- Біз бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» атынан Мәшhүр Жүсіп атамыздың конференциясына орталықта сақталған «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрмемізді қоса алып келдік. Бұл көрмеде ерте орта ғасыр мен тоғызыншы ғасырлардан бастау алатын құнды еңбектер жинақталған. Бұл еңбектердің маңыздылығы түпнұсқалығы мен құндылығы жағынан тек Европа елдерінде ғана бар жәдігерлер мен сирек кітаптар болып табылады, - дейді тарихшы, сарапшы маман Мұхамеддияр Аңкабай. Ол 1074 жылы жарық көрген Махмұд Қашқари ұсынған дөңгелек әлем картасын конференцияға арнайы әкелгенін айтып өтті.

Аталған шара барысында Мәшһүр Жүсіптің шөбересі, М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің меңгерушісі Әсет Пазыловтың «Алты Алашқа жайылып кеткен атым» және «Степной провидец Машхур Жусуп» атты жаңа кітаптардың тұсауы кесілді. Әсет Пазыловтың айтуынша, Мәшһүр Жүсіпті жалпы ғалым, ақын, философ деп жатамыз. Алайда әулиелігі жеке-дара қалып жатады. Сол себепті де, ғалымның болжағыштығы бар, шежірешілігі мен тұлғатануы, хандығы туралы жөнінде айтып, ғұмырнамасынан сыр шертіп, әулиелік қырын баяндауды мақсат қылған екен. Бұл кітаптарда жиналған еңбектердің барлығы Мәшһүртану естеліктері мен архивтерден алынған құжаттар негізінде жазылған.

- Бүгін мына Ескелді жеріндегі мұражайда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұраларын жаңғырту жөнінде үлкен іс-шаралар өтіп жатыр. Мұның бастауы Павлодарда «Көне ғасыр күмбірі» атты жыршы-термешілер байқауымен басталған болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген термешілер ғұлама ғалым бабамызды жырлап, Мәшһүр Жүсіптің образдары мен өзге де қырларын ашты. Қазіргі уақытта «Мәшһүр Жүсіп мұрасының жаңғыруы» атты конференция өтті. Баянауыл ауданының Құрметті азаматтары Мұрат Рахметов, Қорабай Шәкіров ағаларымыз ең алғашқы мүсіндер қалай жасалды, одан кейін мұражай қай кезде құрылды деген сынды сауалдарға байланысты құнды мәліметтер берді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласынан келген меймандарымыз өз баяндамаларын таныстырды. Сондықтан да бүгінгі іс-шара өз мақсатына жетті деп ойлаймыз. Мәшһүр Жүсіп мұраларын зерттеу мұнымен тоқтамақ емес, - деп шара соңын Мәшһүртанушы, Торайғыров университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Айтмұхамет Тұрышев қорытындылады.

Артына мәңгі өшпес рухани мұра қалдырған Мәшһүр Жүсіп бабамыздың құнды еңбектерінің бізге және келер ұрпаққа берері мол екені анық.

Ескелді шатқалы,

Баянауыл ауданы.


Количество показов: 437

Возврат к списку