Қара шаңырақ кенженікі ғана емес

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес 23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес

«Қазақтың танымында қара шаңырақты үйдің кенже ұлы ғана басуы керек деген түсінік бар. Бірақ, қатып қалған қағида емес, қалыптасқан дәстүрге де жатпайды. Себебі, қазір кенжелердің барлығы бірдей қара шаңырақты иеленіп, қартайған әке-шешенің көңілін тауып, жағдайын жасап отыр деп айта алмаймыз».

Редакциямызға телефон шалған Ерлан Сыдық есімді оқырманымыз осылай деп пікірімен бөлісті. Өзін Павлодар қаласының тұрғынымен деп таныстырған ол газетімізде кенже баланың рөліне қатысты басылған мақалаларды оқып шығыпты. Оқырманымыз әрі қарай ойын былайша сабақтады:

«Бұл - негізі әрбір отбасының әлеуметтік жағдайына қарай реттелетін мәселе. Содан кейін ұлдардың бастапқыда меңгерген мамандықтарына және істейтін жұмыстарына байланысты. Мәселен, бір отбасында екі ұл бар делік. Үлкенінің оқыған мамандығы бойынша ауылдық жерде, кішісі меңгерген мамандығына қарай қалалық жерде қалып қойды. Ондай жағдайда ата-ана қара шаңырақтың «кілтін» үлкеніне ұстатуға тура келеді. Себебі, дәл қазіргідей нарықтық заманда қара шаңырағым иен қалды деп, істеп жүрген жұмысын тастап, ауылға тартып кететін жігіт жоқ деуге болады. Ал жасы келген үлкендердің дені кейінгі қалған ғұмырларын кіндік қаны тамған қара мекенде өткізуді армандайды. Сондықтан, қара шаңырақ кенже ұлға тиесілі деп кесіп айтуға қарсымын. Қазір қолға үлкен ұл мен келінді қалдырып, тату-тәтті өмір кешіп жатқан отбасылар айналамызда да жеткілікті. Бұл жерде босағаға бұйырған келінге де көп нәрсе байланысты. Кенже ұл қара шаңырақта қалғысы келгенімен, ондай қарапайымдылықты қаламайтын келіндер көп. Сондықтан, қартайғанда келіннің қабағына қарап отыруды қаламайтындар ондай ұл мен келінге еншісін бөліп беріп, бөлек отауға шығарып жіберуге асығады. Ал жалғыз ұл болса, амал жоқ, не көрсе де бір шаңырақ астында көруге тура келеді. Бұл – бір.

Екіншіден, Алла барлық отбасына шекесі торсықтай ұл бере бермейді. Кілең қыз өсірген ата-аналар үшін «қара шаңырақты кенже басуы керек» деген түсінік жүрмейді. Олар қартайғанда бөлек үйдің түтінін тұтатып кеткен қыздарының қайсысы жағдайын жасай алады, соның қолына кіреді. Одан басқа таңдау қалмайды. Міне, осындай жағдаймен жастары келгенде қыз бен күйеудің босағасын паналауға мәжбүр болады.

Біздің бір жақын апамыз бен жездеміздің шаңырағына бір атұстар бұйырмады. Кейін жездеміз ауыр науқастан қайтыс болды. Апамыздың қыздардың қолына өтуден басқа амалы қалмады. Бүгінде бес қыздың үйіне кезек барып, күнін өткізіп жатыр. Балалары кішірек кезде көп ағайындарымыз ұл бала асырап ал деген ақыл-кеңес берді. Бірақ, ол кеңестерінің бірін де құптаған жоқ. «Өзгенің баласы ешқашан өзіңнің туғаныңдай болмайды» деп отыратын. Бір ағайынның ұлын қолына салған күннің өзінде, есейген шағында ол туған әке-шешесін тауып кетсе, асырап-баққан адамға одан асқан ауыр соққы болмас.

Жалпы, басты мәселе шаңыраққа кімнің емес, қалай ие болғанында ғой. Себебі, қанша перзент өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып жіберіп, шошайып жалғыз қалып қойған әке-шешелер де бар. Алла ондай перзенттен сақтасын. Қазақ: «Бала бер, бала берсең сана бер» дегенді осындайда айтқан болса керек».

Жазып алған – Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 555

Возврат к списку