Қаржыландыру көлемі ұлғайды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Қаржыландыру көлемі ұлғайды 26.08.2021

Қаржыландыру көлемі ұлғайды

Биыл мемлекеттік қазынадан әлеуметтік-экономикалық маңызы бар салаларға қарастырылатын қаражат көлемі еселене түсті. Соның нәтижесінде жылдар бойы шешімін күтіп, қордаланып қалған мәселе-лердің түйіні тарқай бастады. Бұл ретте ауылдық аймақтарды өркендету, Екібастұз қаласын кешенді дамытуға айрықша көңіл бөлінбек.

 

Кеше облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов күн тәртібіндегі басты мәселе коронавирустық инфекцияға қарсы күрес екенін атап өтті. Аурудың алдын алып, ем-домды дер кезінде көрсету үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанымен, медициналық ұйымдардың жүктемесі азаймай тұр.

- Соңғы аптада сырқатқа шалдыққандар саны 12 пайызға өсті. Төсек-орындардың жүктемесі 40 пайыздан асады. Осы уақытқа дейін аймақта 38 мыңнан астам адам қауіпті індетпен ауырды. Бұл - облыстың әрбір 20-сыншы тұрғыны деген сөз. Кейінгі кезде екпе алған азаматтар саны да азайды. Осыдан бір ай бұрын тәулігіне 6,5 мың адам вакцина қабылдаса, бүгінде 1,5 мың тұрғын екпе алуда. Жалпы, вакцина алуы тиіс 450 мың павлодарлықтың 262 мыңы бірінші, 213 мыңы
екінші компонентті қабылдады. Пандемияны жеңудің жалғыз жолы екпе екені белгілі. Сондықтан облыс тұрғындарын белсенділік танытуға шақырамын, - деді Ә.Сқақов. Айта кетейік, биыл денсаулық саласын қаржыландыру көлемі 2,7 есеге көбейіп, барлығы 7 млрд теңге бөлінді. Сол сияқты соңғы үш жылда білім беруге бөлінген қаржы екі есеге артты. Ал оқу орындарын жөндеуге қарастырылған қаражат 12 есеге ұлғайды. Айталық, биыл 56 мектепті қайта жаңғыртып, барлығы 1082 орын болатын екі мектеп пен екі қосымша ғимаратты пайдалануға беру жоспарда бар. Сондай-ақ, білім беру мекемелерін қауіпсіздік жүйелерімен қамтуға 600 млн теңге бөлінбек. Аймақ басшысы Ә.Сқақов экономиканы ілгерілетуге бағыт-талған жұмыстарға да тоқталды.

- Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында шамамен 38 млрд теңгеге 1 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 6 млрд теңгеге жуық несие берілді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттар саны екі есеге артты. Сонымен қатар, «Бастау» бағдарламасының түлектеріне шағын несиелер беру мақсатында облыстық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлінді, - деді облыс әкімі. Бұл ретте Екібастұз қаласын кешенді дамытуға да қазынадан қомақты қаражат жұмсалатынын атап өту керек. Кеншілер шаһарының 2025 жылға дейінгі дамуын көздейтін жоспарда 119 шара қамтылған. Оларды іске асыру үшін 955 млрд теңге керек. Аталған соманың 65 млрд теңгесі республикалық, 33 млрд теңгесі облыстық бюджеттен бөлінетін болады. Қалған 87 пайызы - жеке инвестиция. Яғни, мемлекеттің 1 теңгесіне 8 теңге жеке қаржы тартылады. Соның есебінен жаңа нысандар, көпқабатты үйлер салынып, инженерлік желілер мен жолдар жөнделмек. Ауылдағы ағайынның мәселе-лері де шет қалмайды. Мәселен, инфрақұрылымды жақсарту үшін 91 жоба жүзеге асуда. Елді мекендердегі тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, жергілікті жердегі бюджеттерден қаржы қарастыру жоспарланып отыр. Өз кезегінде аудан-қала басшылары жобалық-сметалық құжаттарды уақытылы дайындап, атқарылуы тиіс жұмыстардың жүйелілігін сақтауы тиіс. Сонымен қатар, 7 мың гектардан астам суармалы алқап пайдалануға беріліп, тауарлы сүт фермалары, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу нысандары іске қосылмақ. Депутат Александр Терентьев жылу маусымына дайындық барысын сұрады. Әбілқайыр Бақтыбайұлының айтуынша, Дачный, Усолка шағын аудан-дарындағы жылу мәселесін шешуі тиіс ЖМ-42 жылу магистралінің құрылысы қыркүйек айында аяқталады. Сондай-ақ, 30-40 жыл бойы жөндеу көрмеген ЖМ-31 магистралін қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Соның нәтижесінде жылу құбырының диаметрі кеңейіп, орталық көшедегі жаңа нысандардың желіге қосылуына мүмкіндік туады.

- Өткен жылы қысқа мерзімді техникалық аудит жүргізіліп, жаңа жылу магистралін салуға қатысты шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ұзақ мерзімді жоспар әзірленуде. Бұл жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді шешуге оң әсер беруі керек. Монополист компаниялармен бірге әбден ескірген аула ішіндегі желілерді жаңартуға қатысты бағдарлама дайындалып жатыр, - деді Ә.Сқақов. Сонымен қатар, жиын барысында 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет нақтыланды. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчуктың айтуынша, кіріс көлемі 657 млн теңгеге ұлғайды.

- Мектептер үшін 300 млн теңгеге 140 мыңнан астам кітап сатып алу керек. Богатырь-Қаратай бағыты мен Ғабдыл Уахит хазірет кесенесіне апарар жолды жөндеуге 553 млн теңге, ет бағытындағы шаруашылықтарға 500 млн теңге, сүт бағытындағы қожалықтарға 1 млрд теңге субсидия төленуі тиіс. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 24 жобаны жүзеге асыруға 230 млн теңге қажет, - деді И.Назарчук. Облыстық мәслихат депутаттары аталмыш ұсыныстарды бірауыздан қолдады. Сөйтіп, қазынадағы нақтыланған қаражат көлемі 362 млрд 800 млн теңгені құрады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 883

Возврат к списку