Ауылда іргелі істер бар

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Ауылда іргелі  істер бар 25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар

Май ауданы Кеңтүбек ауылындағы мектеп ғимараты жарамсыз болып, жылдар бойы қаңырап бос тұрған еді. Сондықтан балалар оқу орнының жанындағы қосымша ғимаратта білім алуға мәжбүр болды. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында білім ордасының бұрынғы ғимаратын жөндеу жұмыстары басталды.

VNB_3549.JPG

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Май ауданындағы үш ауылға барып, ауданда спорт секцияларын жан басына қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мен елді мекендердегі инфрақұрылымды қалпына келтіру барысын бақылады.

Аймақ басшысы жұмыс сапарын аудан орталығы – Көктөбе ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен бастады. Бүгінгі таңда аталмыш спорт мектебі және оның ауылдық бөлімшелеріндегі секцияларында күрес, үстел теннисі, футбол және басқа да спорт түрлері бойынша 600-ге жуық бала жаттығады. Былтыр мұнда жүгіру жолы мен толық көлемді футбол алаңы жөнделген болатын. Қазіргі уақытта балалар ғана емес, ересектер де жаттығады.

Әбілқайыр Сқақов ауылдық жерлерде шаһарлардағы тәжірибе бойынша спорт секцияларын жан басына қаржыландыру жүйесін енгізу қажеттігін атап өтті. Алайда бұл жобаны іске асыру үшін білікті мамандар қажет.

- Қазіргі кезде мемлекет тарапынан балалардың спортпен шұғылдануы үшін қажетті қаражат қарастырылып отыр. Жаттықтырушылар мен спорт нұсқаушыларына осындай оңтайлы жағдайлар туралы айтып, олардың басым бағыттарын түсіндіру керек. Сол кезде ғана үйірмелер саны көбейіп, спортпен шұғылданатын жеткіншектер саны көбейеді. Бұл өз кезегінде жас спортшыларды жаттықтыратын мамандардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. - деді Ә.Сқақов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы аудан орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан екіпәтерлі үйлерді қарап, тұрғын үй құрылысының сапасын бақылауды тапсырды.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы жұмыс сапары барысында Кеңтүбек ауылында 20 жылдан астам уақыт бос тұрған Жалтыр орта мектебіне барды. Осы уақыт аралығында балалар жақын жердегі қосалқы ғимаратта білім алған. Биыл «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаржы бөлініп, бос тұрған ғимаратты жөндеу жұмыстары басталды. Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің елді мекендегі спорт залын жөндеу жұмыстары да жүргізілуде.

Аймақ басшысымен кездескен жергілікті тұрғындар көптен бері бос тұрған ғимаратты қалпына келтіру ісі қолға алынып, ауыл ішіндегі жеті көшенің жолына асфальт төселуі елді мекеннің дамуына оң ықпал етерін тілге тиек етті.

VNB_3622.JPG

Сонымен қатар, Ә.Сқақов Малайсары ауылында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жергілікті мектеп түлектерінің есебінен орнатылған шағын футбол алаңында болды. Алаңда ауыл балалары жүгіріп, футбол ойнап жүр.

- Ауылдар осы іспетті мемлекет қаржысының, жергілікті қауымдастықтың, ауылдан шыққан жомарт жандардың демеушілік қаражатының есебінен де дамуы тиіс. Бюджеттен әлеуметтік нысандар мен ауылдық инфрақұрылымдарды жөндеу жұмыстары қаржыландырылса, тұрғындар мен мүмкіндіктері бар азаматтар туған ауылын абаттандырумен, көгалдандырумен, балалар және спорт алаңдарын орнатумен айналысса, жақсы болар еді. Бұл бәріне үлгі болуы тиіс, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы «AgroExport-Pavlodar» шаруашылығының өкілдерімен де тілдесті. Аталмыш қожалық мал шаруашылығымен айналысып, таза, асыл тұқымды малды жеткізу бойынша операторлық қызметтер көрсетеді. Биыл кәсіпорын өз қажеттіліктері үшін 1000 бас ірі қара мал мен басқа шаруаларға 1200 бас ірі қара әкелді.

Бұл ретте шаруашылық өкілдері аналық мал басын көбейту жоспарымен бөлісті. Ірі қара санын арттыру үшін жем-шөп қоры мол болуы керек. Кәсіпкер бұл мәселені шешу үшін қосымша шабындық жерлерді жалға алуға ниетті. Әбілқайыр Сқақов фермерлерге қолдау көрсетіп, шетелден мал жеткізу аясында серіктестікпен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Количество показов: 750

Возврат к списку