" /> «Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс! 23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!

Бүгінде ауылдық жерлердегі кітапханалар мен мектептердің кітап қоры өте аз. Сондықтан, ауыл кітапханаларын заманауи кітаптармен және баспа өнімдерімен байыту мәселесіне Үкімет тарапынан назар аударылуда. Жақында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ауылыма - кітап» атты республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Аталған жоба аймағымызда қалай жүзеге асырылуда? Осы орайда өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрия Көбенованы әңгімеге тарттық.

- Нұрия Қалымқызы, «Ауылыма - кітап» атты республикалық қайырымдылық акциясының басты мақсаты қандай?

- Бұл акцияның басты мақсаты – ауыл кітапханалары мен білім мекемелерін қажетті кітаптармен қамту, кітаптар қорын жетілдіру. Сол арқылы ауыл жастарын кітап оқуға баулу. Қазір ауылдық жерлерде балалар мен жастардың дамуына, өнер-білім үйренуіне жан-жақты жағдай жасалуда. Осы ретте кейінгі ұрпақтың кітап, газет оқу мәдениетін дамыту мен рухани тұрғыда кемелдену мәселесін де назардан шығарып алмауымыз керек. Яғни, кітапқұмар жастарымыз қалаған туындысын өзі тұратын елді мекеннің кітапханасынан тауып оқуына мүмкіндік болуы керек. Міне, аталған жобаның көздегені – осы. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен қолға алынған. Аймақтарда өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселері облыстық білім беру басқармасымен бірлесе жүзеге асыруда. Сонымен қатар, жергілікті жерлердің әкімдіктері де үлес қосуы тиіс.

- «Ауылыма - кітап» республикалық қайырымдылық акциясына қандай мекемелер және қандай азаматтар қатыса алады?

- Аталған жоба шеңберінде еліміздегі 18 министрлік әр облыстың мұқтаждығын ескере отырып, шалғайдағы ауыл мектептері мен кітапханаларына жаңа кітаптар алуына қолдау көрсетеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, акцияны қолдауға ниет білдірген кез келген ұйым, мекеменің және жеке адамдардың қатысуына мүмкіндік бар.

- Біздің өңірде қандай мекемелердің қолдауымен қанша кітап жиналды? Жиналған кітаптар алдымен қандай ауылдарға жөнелтіледі?

- Біздің облысқа ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен алынған кітаптар келіп, оны Екібастұз және Ақсу қалаларының, Баянауыл, Май, Аққулы, Ақтоғай, Успен, Ертіс және Железин аудандарының білім бөлімдеріне тапсырдық. Сонымен қатар, кітап сыйлау акциясын Торайғыров университеті, Павлодар педагогикалық университеті, Инновациялық Еуразия университеті және Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының Павлодар облысы бойынша филиалы қолдап жатыр. Жалпы, 600-ден астам кітап жиналды. Аталған ұйым-мекемелер ұсынған әдебиеттерді Железин ауданына қарасты Моисеев негізгі мектебіне жеткіздік. Мектеп директоры Алма Қасымқызы осы жобаның арқасында кітапхана қоры айтарлықтай толығып қалғанын жеткізіп, мектеп ұжымы мен оқушыларының алғысын жеткізді.

- Біздің облыс бойынша қандай ауыл мектептері мен кітапханаларында кітаптар тапшы?

- Мұндай сауалмен облыстық білім беру басқармасы айналысады. Қазір біздің қолымызда ондай ақпарат жоқ. Дегенмен, акция бойынша келген кітаптар облыстың барлық аудандары мен ауылдарына жіберіледі. Келесі кезекте Павлодар мен Шарбақты аудандарына қарасты елді мекендерге жеткізу жоспарлануда.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Әңгімелескен – Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 363

Возврат к списку