Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз? 23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?

Ақпараттық технологияның дамыған уақытында жас жеткіншектердің өміріне қауіп төндіріп тұрған құбылыстардың бірі – кибербуллинг. Мұны қарапайым тілмен түсіндірсек, бір адамды ғаламтор арқылы кемсітіп, психологиялық соққы беру. Ресми мәліметтерге жүгінсек, соңғы алты айдың ішінде елімізде кибербуллинг қысымына шыдамаған 193 бала өз-өзіне қол жұмсаған болса, оның 105-і қайғылы жағдаймен аяқталған. Ендеше, өрімдей жастың өмірін өксітіп алмаудың амалы қандай? Бұл мақсатта ата-аналар мен ұстаздар және құқық қорғау орындары қалай әрекет еткен жөн? Тақырыпты «Алаңның» талқысына салдық.

Саягүл ШЕГІР, Павлодар қаласындағы №19 орта мектептің педагог-психологі:

Саягүл Шегір.jpg

- Бұрын бұл тақырып аса өзекті болмағанымен, соңғы жылдары маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Кибер-шабуылдың құрбанына балалар ғана емес, ерексек адамдар да айналуы мүмкін. Ал көзге көрінбейтін виртуалды шабуылдың құрығына оқушылар мен студенттер өте тез ілінеді. Бұған жол бермеудің жалғыз амалы – балаларды әлеуметтік желіден алыс ұстау. Өкінішке қарай, ата-аналар ешқандай қажеттілік болмаса да, балаларына қос-қостан ұялы телефон әперіп қояды да, оны бақылап отыруды естен шығарады. Ал ақыл-есі әлі толыспаған жеткіншектің кім-көрінгеннің арбауына алданып, айтағына еріп кетуі оңай.

Жалпы, смартфон телефондарының бала денсаулығына кері әсері шаш-етектен. Ең алдымен есте сақтау қабілетін нашарлатады, танымдық қабілетін төмендетеді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билеп, жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Содан олардың көбі ашушаң әрі тез шаршағыш болып өседі. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтіні дәлелденді.

Қайыржан ӘЛМАҒАМБЕТОВ, Педагогикалық шеберлік орталығының менеджер әдіскері:

Қайыржан Әлмағамбетов.jpg

- Ата-аналар мен мектеп мұғалімдеріне мұндай жағдайдың алдын алуға сеп болатын бірнеше кеңес ұсынамын: баланың көңіл-күйінен, жүріс-тұрысынан қандай да бір өзгеріс байқалатын болса, бірден бақылауға алып, мән-жайды анықтау керек. Ал баланың кибер-алаяқтардың шабуылына ілінгенін білетін болсаңыз, бірден ата-анасына және мектеп әкімшілігіне хабарлаған дұрыс. Егер мектеп өз тарапынан көмек бере алмаса, арнайы мамандардың кеңесіне жүгінген абзал.

Балаларды кибербуллингтің шабуылынан құтқаратын екінші амал – олардың ақпараттық-технологиялық сауаттылығын арттыру. Біріншіден, оқушыларға смартфонның пайдасы мен зиянын түсіндіріп, қандай мақсатта қолдану ережелерін үйрету керек. Екіншіден, жеке парақшасына әртүрлі хаттар мен фотосуреттер және сілтемелер келген жағдайда не істеу керек деген кеңес берілсе. Әсіресе, ата-аналар балалары қандай сайттарды қолданып, әлеуметтік желіде қандай адамдармен пікір алмасатынын біліп отырған дұрыс деп ойлаймын.

Жанар БОЛАТХАН, көпбалалы ана:

Жанар Болатхан.jpg

- Біз балаларымыздың қатарынан кем болғанын және заманауи трендтерден қалып қойғанын қаламаймыз. Әлеуметтік желінің алаяқтарынан қашанғы қорқып жүре береміз?! Балаларға ұялы телефон ұстауға мүлдем тыйым салу мүмкін емес. Бастауыш сыныпты айтпағанда, одан ересектерінің барлығы қоғамдағы саяси оқиғалардан құлағдар болғысы келеді, жаңалық көргісі келеді. Сонымен қатар, ақпараттық технологияның мүмкіндігін білім алу жолында пайдаланғысы келеді. Ал студент болған жастар үйге айында, жылында бір келетіндіктен, оны да бақылай алмаймыз.

Сондықтан, ғаламтордағы қаскөйлердің ісіне Үкімет назар аударып, азаматтарды кибербуллингтен қорғайтын арнайы заң қабылдау керек деп ойлаймын. Содан кейін балаларды бөтен әрекетке итермелейтін фейк-аккаунттардың авторы қолға түскен жағдайда бірден жазып, аты-жөні жалпақ жұртқа жария етілсе. Екінші сүйенетініміз - мектеп психологтары мен инспекторлары. Яғни, барлық жауапты мамандар тізе қосып ғаламтор арқылы ұйымдастырылатын қылмыстың алдын алуы керек деп ойлаймын.

«Алаңды» үйлестірген – Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 372

Возврат к списку