COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

COVID-19: Оқушылар  денсаулығы -  әрдайым басты назарда 23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда

Қазір ата-аналар қауымы мектепте оқитын балаларының денсаулығы үшін алаңдап отыр. Коронавирус індеті оқушылар арасында да жиі тарауда. Өңірде осы себепті карантинге жабылған сыныптар да бар. Күз мезгілі басталғалы тұмау, ЖРВИ сынды сырқат түрлері де өршуде. Мектептердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сұрақ көп. Оқырмандардың сан сауалын ескере отырып, облыстық «Saryarqa samaly» газеті Instagram-дағы парақшасында «Онлайн желі» ұйымдастырды. Шараға Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті білім беру және тәрбие нысандарын бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Әбешев Ғизат Ерланұлы қатысып, көпті толғандырған сұрақтарға жауап берді.

онлайн1.jpg

Тілші сауалы:

- Бүгінде мектептегі оқу офлайн түрде жүргізілуде. Десе де, білім сапасы бар да, оқушылар денсаулығы - бөлек мәселе. Облыста мектеп жасындағы қанша бала коронавирус жұқтырған?

Ғизат Ерланұлы:

- 17 қыркүйектегі жағдай бойынша аймағымызда 75 мектепте 137 сынып карантинге жабылған. Жалпы саны 138 бала КВИ жұқтырған. Сонымен қатар, 39 мұғалім коронавируспен ауыруда.

Тілші сауалы:

- Коронавирус жұқтырған оқушылардың ішінде ауыр жағдайдағы бала бар ма?

Ғизат Ерланұлы:

- КВИ-мен ауырып жатқан балалардың денсаулығын облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары бақылайды. Ем-шараны дәрігерлер жүргізетіндіктен, балалардың жағдайын осы басқарма білуі тиіс. Жалпы, коронавирус ересектерге қарағанда балалар арасында жеңіл түрде өтеді. Яғни, балалар үлкендерге қарағанда індеттен тез айығады.

Тілші сауалы:

- Облыста карантинге жабылған сыныптар қандай мектептерде тіркелген?

Ғизат Ерланұлы:

- Карантинге жабылған сынып-тардың дені облыс орталығындағы білім ошақтарында орналасқан. Павлодар қаласындағы 31 мектепте тіркелген. Екібастұз қаласында карантинге жабылған сынып саны – 18, Ақсуда 7 мектептегі сыныптың оқушылары карантинге жіберілді. Сонымен қатар, аудандар ішінде Май, Успен, Аққулы, Железин, Тереңкөл, Ертіс, Павлодар және Баянауыл аудандары бар. Көп жағдайда орта және жоғары сынып оқушылары індет жұқтыруда. Ал бастауыш сынып арасында вирус көп кездеспейді.

Тілші сауалы:

- Мектептерде карантиндік талаптардың сақталуын кім қадағалайды?

Ғизат Ерланұлы:

- Ең бірінші кезекте мектеп басшылығы жағдайды қатаң бақылауға алуы тиіс. Мұғалімдер мен оқушылар мектеп ішінде маскалық режимді, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауы керек. Күн сайын білім ошағына келген оқушылардың және ұстаздардың денсаулығы толық тексерілуі қажет. Дезинфекциялық шаралардың дұрыс жүргізілуін де мектеп әкімшілігі бақылайды.

Тілші сауалы:

- Мектеп толығымен карантинге жабылуы үшін қанша бала КВИ-мен ауыруы тиіс?

Ғизат Ерланұлы:

- Облыста карантинге жабылған мектеп жоқ. Тек сыныптар ғана бар. ҚР Бас санитарлық дәрігердің №36 қаулысына сәйкес, бала-бақшадағы бір топта немесе мектептегі бір сыныпта бір жағдай тіркелсе, сол оқушы білім алатын топ немесе сынып 14 күнге карантинге жабылуы керек. Мектептегі оқушылар екі ауысымда оқитынын білесіздер. Бір ауысымда оқитын оқушылардың 30 пайызы қауіпті кеселмен ауырса, сол ауысымдағы балалардың барлығы карантинге жіберіледі. Бір ауысым карантинге кетсе, екінші ауысымдағы оқушылар сабақтарын жалғастыра береді. Егер екінші ауысымдағы балалардың да 30 пайызы КВИ жұқтырса, мектеп толығымен карантинге жабылады. Яғни, мектеп толығымен карантинге жабылу үшін оқушылардың 60 пайызы КВИ-мен ауыруы керек.

Рауан, Павлодар қаласы:

- КВИ-дің симптомсыз түрімен ауырып қалған бала неше күн сабаққа қатыстырылмайды?

Ғизат Ерланұлы:

- КВИ-дің жеңіл түрімен ауырып қалған бала 14 күн карантинде болады. Сыныптағы өзге оқушылар да 14 күн үй бақылауына алынады. Екі апта өткеннен кейін ғана балалар сабаққа оралады.

Талғат, Павлодар қаласы:

- Егер мектепте мұғалім КВИ-мен ауырып қалса, сынып карантинге жабыла ма?

Ғизат Ерланұлы:

- Сабақ барысында мұғалімнен коронавирустық инфекция шықса, сынып карантинге жабылмайды. Себебі мұғалім балалармен жақын байланыста болмайды. Бір сыныптан екінші сыныпқа ауысып жүргендіктен, балалардың ол кісіден індетті жұқтыру қаупі төмен. Сабақ барысында маскалық режим де қатаң сақталады. Сондықтан сынып карантинге жабылмайды. Ал балабақшада тәрбиеші ауырып қалса, топ міндетті түрде карантинге жіберіледі. Себебі тәрбиеші тікелей балалармен жұмыс істейді.

Тілші сауалы:

- Амбулаторлық деңгейде емделетін оқушыларға 14 күн үйде болу көп емес пе? Ата-аналар балалар 4-5 күннің ішінде жазылатынын айтады.

Ғизат Ерланұлы:

- Бала 3 күннің ішінде жазылып шықса да, 14 күннен кейін ғана мектепке бара алады. Сынып та 14 күннен кейін ашылады. Мұндай шешімді еліміздің бас санитарлық дәрігері қабылдаған. Ата-аналар осы талапқа бағынуы тиіс. Бала 3-4 күннің ішінде жазылса да, індет белгілері 14 күн өтпей, ағзадан шықпайды. Осыны ескеру керек.

Сабина, Екібастұз қаласы:

- Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мектептерде тексеру шараларын жүргізе ме?

Ғизат Ерланұлы:

- Аудандық-қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мен бөлімдері індет тіркелген мектептерді толығымен тексеріп, санитарлық талаптың сақталуын қадағалайды. Маскалық режим, әлеуметтік арақашықтық талаптарын тексереді. Оқушының індетті қалай жұқтырғанын да бақылауға алады. Мектеп кіреберісінде фильтрдің болуы, бөгде адамдардың мектепке кіру не кірмеуін де тексереді. Мұндай жұмыстар тоқтатылған емес.

Тілші сауалы:

- Облыста карантин талаптарын бұзған мектептер бар ма?

Ғизат Ерланұлы:

- Қазіргі уақытта карантин талаптарын бұзған мектеп тіркелген жоқ. Тексеру барысында осы бағытта құқықбұзушылық анықталмады. Мектеп басшылығы балалардың денсаулығын сақтау мақсатында өздеріне жүктелген міндетті дұрыс орындап келеді.

Марат, Аққулы ауданы:

- Сабақ барысында оқушының дене қызуы көтерілсе, не істеу керек?

Ғизат Ерланұлы:

- Мұғалім сабақ барысында оқушының ауырып қалғанын көрсе, дереу мекептегі медбикені шақырады. Оқушыны медициналық бөлімшеге апарып, жағдайын тексереді. Сосын баланың ата-анасына хабар беруі керек.

Тілші сауалы:

- Облыста коронавируспен ауырып жатқан балалар індетті қалай жұқтырған?

Ғизат Ерланұлы:

- Көп жағдайда балалар туысқандарынан, ата-анасынан, яғни байланыста болған адамдардан жұқтырған. Сол себепті ата-аналарға үйде тазалық шарасын көп сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес береміз.

Жанайдар, Павлодар қаласы:

- Балам Назарбаев зияткерлік мекебінде білім алады. Білім ошағында бірнеше сынып жабылғанын естідік. Қызымның денсаулығы үшін алаңдап отырмыз. Баламызды қашықтан оқыта аламыз ба?

Ғизат Ерланұлы:

- Қашықтан оқыту мәселесін біздің департамент шешпейді. Бірақ ата-ана өздігінен ондай шешім қабылдай алмайды. Мамандар өңірдегі мектептердегі эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылап отыр. Статистика күн сайын жүргізіледі. Қазіргі уақытта Назарбаев зияткерлік мекебінде бір сынып карантинге жіберілді.

Мереке, Шарбақты ауданы:

- Биыл ұлым 1-сыныпқа барды. Денсаулығы кішкентайынан әлсіз. Сыныбында жөтеліп жүрген балалар көп. Баламды үйден оқыта аламын ба?

Ғизат Ерланұлы:

- Бұл мәселені мектеп әкім-шілігімен шешкен дұрыс. Қаулыда ондай талап қарастырылмаған. Мектептер штаттық режимде жұмыс істегендіктен, қашықтан білім алуға рұқсат берілмеген.

Тілші сауалы:

- Облыста коронавирус жұқырған балалардың ішінде дельта-штаммен ауыратындар бар ма?

Ғизат Ерланұлы:

- Өңірде мұндай штамм тек ересектер арасында ғана тіркелген. Балалар арасында дельта-штамм анықталған жоқ.

Сәуле, Железин ауданы:

- Балаларды қауіпті індеттен қорғауда сынып іші күніне неше мәрте тазалануы тиіс?

Ғизат Ерланұлы:

- Сынып ішінде дезинфекциялық шаралар күніне екі мәрте жүргізіледі. Ал мектепте тазалық шаралары да кестеге сәйкес, күн сайын жүргізілуі қажет. Бұл талаптың орындалуы - мектеп басшылығының жауапкершілігінде.

Серік, Май ауданы:

- Мектепке жөтеліп, түшкіріп келген балалар үйлеріне қайтарылуы керек пе? Әлде үйге жіберу үшін міндетті түрде дене қызуы болуы тиіс пе?

Ғизат Ерланұлы:

- Балада жөтел, түшкіру сынды симптомдар болса, міндетті түрде үйге жіберілуі керек. Бұл ретте сынып жетекші оқушының ата-анасына жедел түрде хабар берген абзал. Мұғалім «балада дене қызуы жоқ» деп, сабаққа қатыстырса, талап бұзған болып саналады.

Тілші сауалы:

- Дене қызуы көтерілген бала үйге қалай жіберіледі? Ата-аналарға хабар беріле ме әлде дәрігер шақырыла ма?

Ғизат Ерланұлы:

- Ең бірінші мектеп ішіндегі медбике медициналық бөлімшеде оқушының денсаулығын тексереді. Сынып жетекшісі баланың ата-анасына хабар береді. Одан кейін учаскелік дәрігерлер ем жүргізеді.

Ақерке, Ақсу қаласы:

- КВИ-дің симптомсыз түрімен ауыратын балалар үйден ем қабылдай ма? Олар неге стацио-нарға жатқызылмайды?

Ғизат Ерланұлы:

- Коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған бала амбулаторлық деңгейде емделеді. Себебі вирустың бұл түрі ағзада жеңіл өтеді. Учаскелік дәрігер баланың денсаулығын 14 күн бойы бақылайды. Ал стационарға симптомды вирус түрін жұқтырған балалар жатқызылады. Мұндай індет ағзада ауыр өтетіндіктен, балалар стационарға жатқызылады.

Талғат, Аққулы ауданы:

- Стационардағы балалар 14 күн ем ала ма?

Ғизат Ерланұлы:

- Симптомсыз вирус жұқтырған балалар ғана амбулаторлық деңгейде 14 күн бақылауда болады. Оның ағзасында індет жеңіл түрде өтеді. Ал стационарға жағдайы ауыр деңгейдегі балалар жатқызылады. Сол себепті олардың емделу мерзімі 14 күннен асып кетуі мүмкін. Оның нақты неше күн емделетінін тек дәрігер ғана шешеді.

Әсем, Ақсу қаласы:

- Тұмаумен ауырып қалған балалар да 14 күн үйден емделуі керек пе?

Ғизат Ерланұлы:

- Тұмау мен коронавирус - екі түрлі дерт. Тұмау жұқтырған бала 14 күн үйде емделмейді. Оның неше күн емделетінін учаскелік дәрігер денсаулығына байланысты шешеді. Бала бір аптаның ішінде емделіп, мектепке бара алады. Бәрі жағдайына байланысты.

Жансая, Баянауыл ауданы:

- Сабақта отырған баланың КВИ немесе тұмау жұқтырғаны қалай анықталады?

Ғизат Ерланұлы:

- Мектепке келген оқушылар күнде таңертең фильтр арқылы денсаулықтарын тексертеді. Баланың дене қызуы, жалпы жағдайы бақыланады. Егер сабақ барысында баланың температурасы көтерілсе, мектептегі медбике шақырылады. Әр білім ошағында медициналық бөлімше бар. Бала ата-анасы келгенше, сол бөлімшеде болады. Әке-шешесімен бірге учаскелік дәрігердің қабылдауына барады. Мамандар жедел түрде ПТР-сараптамасын жүргізіп, қандай індет екенін анықтайды.

Тілші сауалы:

- Бала ағзасында КВИ алдымен тұмау болып көрінуі мүмкін бе?

Ғизат Ерланұлы:

- Әрине. КВИ-мен ауырып қалған соң, індет ағзада 3 күннен кейін анықталуы мүмкін. Мұндай індет түрі симптомсыз деп аталады. Учаскелік дәрігер жағдайды толық бақылап, қажетті ем жүргізеді. Баланың ағзасында вирус нақты анықталған кезде ғана сыныбы карантинге жабылады. Ал тұмау жұқтырған кезде сыныптағы қалған оқушылар сабақтарын жалғастырады.

Жансерік, Павлодар ауданы:

- КВИ-мен ауырған баланың ағзасы 14 күннің ішінде індеттен арыла ма?

Ғизат Ерланұлы:

- Егер бала симптомсыз вирусты жұқтырса, 2 аптаның ішінде індеттен жазылып шығады. Ал симптомды вируспен ауыратын балалар стационарда одан да ұзақ мерзім емделеді.

Арман, Павлодар қаласы:

- Бала сабаққа кіргізілмеуі үшін дене қызуы неше градус болу керек?

Ғизат Ерланұлы:

- Баланың дене температурасы 37 градус болса, сабаққа кіргізілмейді. Бірден ата-анасына хабар беріліп, үйіне жіберіледі. Ары қарай баланың денсаулығын учаскелік дәрігер немесе мобильді топтың мамандары бақылайды.

Тілші сауалы:

- Мектеп немесе сынып карантинге жабылған соң неше күннен кейін ашылуы керек?

Ғизат Ерланұлы:

- Сынып карантинге жабылған соң, 14 күннен кейін ғана ашылады. Бір сыныптағы барлық оқушы 14 күн үйде болады. Екі апта аяқталған соң ғана сабаққа қайта оралады.

Тілші сауалы:

- Осы 14 күн ішінде үйде карантинде отырған балалар да ауырып қалуы мүмкін ғой. Бұл жағдайда сыныптың ашылу уақыты тағы созыла ма?

Ғизат Ерланұлы:

- Сынып алғашқы бала ауырып қалған күннен бастап карантинге жабылады. Әлгі оқушы 14 күннен кейін сауығып шыққан соң, сынып ашылады. Ал сыныптағы өзге балалар карантинге шыққаннан кейін 3 немесе 5 күннен кейін ауырса, толық емделіп шыққан соң, қатарға қосылады. Яғни, олар 14 күн емделеді. Ал сынып ашыла береді.

Сәуле, Шарбақты ауданы:

- Балаларды коронавирусқа қарсы вакцина алауға міндет-тейді деген ақпарат естідік. Бұл қаншалықты рас?

Ғизат Ерланұлы:

- Қазіргі уақытта балаларға салынатын КВИ-ге қарсы екпе алынған жоқ. Арнайы қаулы да шығарылмады. Жалпы, әр балаға вакцина салу кезінде міндетті түрде ата-ананың рұқсаты сұралады. Әке-шешесі рұқсат етпей, ешкім балаларға екпе сала алмайды. Сондықтан жалған ақпаратқа сенбеңіздер.

Тілші:

- Сізге «Онлайн желіге» қатысып, оқырмандарымыздың сауалына жауап бергеніңіз үшін алғыс айтамыз.

Түйін:

«Онлайн желі» шарасы кезінде оқырмандардан 60-тан астам сауал түсті. Кейбір сұрақтардың мазмұны ұқсас және тақырыпқа сай келмегендіктен жарияланбады. Оқырмандар көкейде жүрген сауалдарына тұшымды жауап алды деген ойдамыз.


«Онлайн желіні» жүргізген – Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 387

Возврат к списку