Елді ұйытқан имандылық ордасы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы 25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы

Биыл облыстық Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің ашылғанына - 20 жыл. Содан бері бұл ғибадат үйі Ертіс-Баян өңірінің ең үлкен рухани-ағарту орнына айналды. Орта Азиядағы ең көрікті әрі сәулетті мешіттерінің қатарынан орын алып, шеттен келген туристердің де таңданысын оятты.

Тілеуберді САХАБА

Ал қасиетті Құран мен азан үні әуелеген мешіт ауласы бүгінде қала тұрғындары үшін серуендеп, балаларын ойнататын демалыс аймағына айналып үлгерді.

Адам баласына жақсы мен жаманды, арам мен адалды үйрететін және қоғамға адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін орындардың бірі – мешіт. Мәшһүр Жүсіп орталық мешітіне де күніне жүздеген адам келіп, ондағы имамдар мен ұстаздардың ақыл-кеңестерін тыңдап, еңселерін тіктеп кетіп жатады.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің құрылысы 1999 жылы басталып, оған ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп, алғашқы іргетасын қалаған. Содан кейін құрылыс жұмысы екі жылға жалғасып, 2001 жылдың қыркүйек айында ашылды. Ғибадат үйінің алғашқы имамы - Жұмабай қажы Ықылас. Ол орталық мешітті 2001-2009 жылдар аралығында басқарды. 2009 жылы Жолдас қажы Қоспақұлы келіп, 2011 жылға дейін қызмет етті. Ал, 2011-2018 жылдар аралығында Нариман қажы Исенов басқарса, 2018 жылы бас имамдық міндетті қайта Жолдас қажы Қоспақұлы қолға алды.

- Біздің облыстағы мешіттердің ең көнесі облыс орталығындағы «Ақмешіт» мешіті. Ол 1905 жылы ашылып, 1925 жылы Кеңес билігінің пәрменімен жабылып қалады. Одан кейін 1944 жылы «Бижан» мешіті салынған екен. Жалпы, Тәуелсіздік алғанға дейін жергілікті мұсылман жамағаты үшін осы «Бижан» мешіті ғана қызмет көрсеткен болса, ел Егемендік алғаннан кейін «Ақмешіт» қайта ашылды. Еліміз жеке шаңырақ құрғаннан бастап жергілікті халықтың жүрегі дінге бұрылып, ғибадат үйлеріне көп келетін болды. Әсіресе, жастар жағы Алланың ақ жолына түсіп, мешіттеріміз жамағатқа толды. Тіпті, жұма намазы уақытында қаладағы бірнеше мешітке адам сыймай қалатын жағдайға жеттік. Сондықтан, жергілікті тұрғындардың өтінішімен және облыс әкімдігінің қолдауымен бүгінгі орталық мешіт салынды, - дейді Жолдас қажы Қоспақұлы.

Мәшһүр Жүсіп мешітіне содан бері екі рет күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, 2015 жылы ғибадат үйінің ішкі бөлігіне және асханасы қайта жаңарған болса, өткен жылы ауласы қайта құрылып, қосымша ғимараттар салынды.

- Жалпы, бүгінгі күнге дейін қызмет еткен имамдардың барлығы мешіт жұмысының бір жүйеге түсуіне ықпал етіп, өз қолтаңбаларын қалдырды. Мысалы, Жұмабай қажының тұсында асханада жабдық өткізу мәселесі бір жүйеге түсті. Атап айтар болсақ, сол кезден бастап қонақтарға етті турап тарту үрдісі қалыптасты. Ал Нариман қажының тұсында ас мәзірі қайта құрылып, жабдық және дұғалық астарына салынатын тағам түрлерінің тізімі бекітілді. Яғни, жабдыққа той сияқты аста-төк тамақ алып, дастарқан жасауға тыйым салынды. Сонымен қатар, ол кісінің тұсында баспасөз орталығы ашылып, ақпараттық-насихат жұмысы жанданды. «Әбу-Ханифа» қоры құрылып, имамдарға тұрақты айлық беріле бастады. Ал одан кейінгі кезекте «Зекет» қорының жұмысы күшейіп, «Ел үлесі – пәтерге» жобасын қолға алдық. Осы жобаның арқасында көптеген мұқтаж жандар баспаналы болды. Біз жамағатпен әрдайым біргеміз. Ай сайын қайырымдылық шараларын өткізіп, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға материалдық көмек беруді дәстүрге айналдырдық, - дейді Жолдас қажы Қоспақұлы.

Бүгінде Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің жалпы сыйымдылығы 1,5 мың адамды құрайды. Ғибадат үйінде үлкен үш асхана, кітапхана, неке бөлме, ерлер мен әйелдер сыныбы, құран оқу бөлмесі, баспасөз орталығы жұмыс істейді. Болашақта жеке студия ашып, уағыздарды мешіт жанындағы «mazhab.kz» сайтының әлеуметтік парақшасы арқылы таратуды қолға алмақшы. Яғни, алдағы уақытта мешіт жамағаттарына имамдардың уағыздарын тікелей эфир арқылы тыңдау мүмкіндігі болады деген сөз.

 

2001 жылы шаһарымызда бой көтерген зәулім мешіттің ашылу салтанатына белгілі қоғам қайраткерлері, елге танымал ақын-жазушылар қатысып, жергілікті азамат-тарға алғыс айтып, ақ баталарын беріп еді. Соның бір-екеуін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Тарих қатпарынан

Әбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы, сол кездегі ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Аспаннан Алланың шарапатты нұры түсіп, Рахманның шарапатты тамшысы тамып тұрған мынау шапағатты күнде жақсы шаруаның басы-қасында бастарымыз қосыла қалыпты. Ортамыз толсын, тілектеріміз қабыл болсын. Кәрі Ертістің жағасында күннен-күнге жасарып жатқан көрікті қаланың көркін одан сайын асыратын, рухымызды аспандатып, пейілімізді оңға бастайтын мұндай сәулетті ғимараттың бітуі, Құдай үйі-құтхана мешіттің біздің ортамызды толтыруы бәрімізге деген әрі заманның, әрі жаратушының жақсылығы деп түсініп тұрмыз. Бұл - бәрімізді қатты тебірентетін оқиға. Оның сыры көп. Соның ішінде мұндай игілікті істің тарықтырып та, талықтырып жеткен Тәуелсіздігіміздің он жылдығында бітуі өте ғанибет іс болды. Осындай істің іс болып тұруына қайрат еткен барша қауымға, жекелеген азаматтарға, мұндай игілікті істің басы-қасында болып, ойдағыдай ұйымдастыра білген біздің ардақты азамат бауырларымызға шын жүректен алғыс айтып, бас иеміз. Біздің Тәуелсіздігіміздің туын ұстаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев баршамызға барымызды бағалауға, жоғымызды түгендей білуге, кешегі кемшіліктерді түзетіп, болған қиянаттардың зардаптарын түзеуге шақырып келе жатқанын білесіздер. Бүгін мынау Ертіс жағасында еңсесін көтеріп тұрған, болашағымызға ескерткіш болатын сәулетті ғимарат соған лайық жауап болды деп есептейміз.

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА, Қазақстанның Халық жазушысы, сол кездегі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-   Аса қадірлі жақсылардың көзіндей ағаларымыз, апаларымыз, бауырларымыз, ел азаматтары! Халқымыздың тарихына есімдері алтын әріппен жазылып қалған, ұрпақтарымызға өнегелі өмірі әркез ұлағат болатын қасиетті өңірде Алла үйінің осыншалық сәулетті түрде бой көтеруіне құтты болсын, қайырлы болсын айтқым келеді. Бұдан он-он бес жыл бұрын біз осындай сәтке жетеміз деген ой түсімізге де кірмеген еді. Бұл біздің тәй-тәй басқан азаттығымыздың салтанаты екенін әрқайсымыз сезініп қана қоймай, айта жүруіміз керек. Қазір байлыққа араны ашылған, билік үшін бауырымен бәсекелескен бақталастар, ұятты ұмытқандар, Құдайдан қорықпайтындар, дінін сатқандар көбейіп жатыр. Осындай заманда шындық пен адалдықты өміріне ту етіп өткен аруақты ақын Мәшһүр Жүсіп бабамыздың есіміндегі мешіттің киелі Кереку топырағында ашылуы – бұл аймақтағы рухани тазалықтың, адамгершіліктің, халыққа қуаныш әкелген жарқын істердің басы болғай деп тілеймін.

   

2001 жыл, қыркүйек.


Количество показов: 634

Возврат к списку