Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын 18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын

Ел Тәуелсіздігін тұғырлы, егемендігімізді баянды етуде қаламгерлердің еңбегі зор. Қаламмен өрілген тың туындылары арқылы ақын-жазушылар қазақ әдебиетінің дамуына олжа салып келеді. Олардың қатарында Кереку-Баян өңірінің сөз өнерін серік еткен шығармашыл қауымы да бар.

Торғын ОРАЗАЛЫ

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен Павлодарда «Қаламнан туған қасиет» атты әдеби жиын өтті. Оған Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Бақыт Беделхан және Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы қатысып, жергілікті ақын-жазушылармен кездесті.

IMG_3636.JPG

Облысқа ат басын тіреген қабырғалы қаламгерлер алдымен ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада орналасқан Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының кеңсесінде болып, өңір әдебиетін дамыту бағытында атқарылған жұмыстармен танысты. Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет облыстық филиалдың жұмысын оң бағалады.

– Алыстағы сіздерге провинция деп қарамаймыз. Талай ғұламалар шыққан Ертіс-Баян өңірінен қазақ әдебиетінің бойына қан жүгіртетін жастар қаулап келе жатыр екен. Әдебиетке жас толқын, жаңа күштің келуі қуантады. Кез келген бастамаларыңа өз тарапымыздан қолдау білдіруге әзірміз. Жергілікті қаламгерлерді қолдап отырған облыс басшылығына алғысымды білдіремін, - деді Ұлықбек Оразбайұлы.

Жиында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Арман Қанидың сиясы кеппеген сериялы жинақтары – «Туған жер төсінде», «Кереку жырлары», «Замандастар» кітаптарының және жазушы, сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғалымбек Жұматовтың «Антивирус» сатиралық жинағының тұсаукесер рәсімі жасалды. Жаңа кітаптардың авторлары еңбектерінің жарыққа шығуына қаржылай қолдау көрсеткен жомарт азаматтарға алғыс білдірді.

Жиында Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет ақын Бағдат Дүйсеновке («Ар мен Ай» өлеңдер жинағының авторы), ақын, өлкетанушы Бейбіт Бөженге («Өлеңдерім — өмірбаяным», «Ел – тұғыр» кітаптарының авторы), ақын, драматург Қуаныш Шармановқа («Сиялы сыр», «Дәріс дәптерлері», «Төрт өрім» кітаптарының авторы), ақын, аудармашы Айбек Оралханға («Алты аңғар» кітабының авторы), ақын, сатирик Алпысбай Хонжға («Әріпті соттау» кітабының авторы) және ақын Еламан Қабділәшімге («Өмірқос», «Өлеңбаян» кітаптарының авторы) «Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі» куәлігін тапсырды.

***

Осы күні Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде «Жазушы Рамазан Тоқтаров және бүгінгі әдебиет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жазушының музей қорында сақталған жеке тұтынған заттары, домбырасы және қолжазбалары «Әдебиет алыбы» атты көрмеге қойылды. Музей директоры Ербол Қайыров құрметті қонақтарды өңір әдебиеті мен мәдениетінен мол мағлұмат беретін жәдігерлер және құнды деректерге толы рухани орданың жұмысымен таныстырды.

Өңірдің жас қаламгерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел шарасында Ұлықбек Есдәулет Рамазан Тоқтаров жайлы естеліктерімен бөлісті.

DSC_9718.JPG

- Рамазан Тоқтаровпен кездесіп, таныспас бұрын ол кісіні «Бақыт», «Ертіс мұхитқа құяды» кітаптары арқылы, шығармашылығы арқылы жақсы таныдым. Ол кісіні жазушылар Рамзай деп атайтын», - деп, жазушы туралы әдемі естеліктер тиегін ағытты. Ұлықбек Есдәулет «Рамзай» деген естелігінде Рамазан Тоқтаров туралы кеңінен жазған.

Жиын барысында Рамазан Тоқтаров есімін Павлодар қаласындағы көшелердің біріне беру туралы ұсыныс айтылды. Облыстық бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі «Сарыарқа самалы» газетінде қызмет еткен. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Рамазан Тоқтаров – «Ертіс перзенті», «Бақыт», «Ертіс мұхитқа құяды», «Тұлпардың сыны», «Жердің үлгісі», «Ғасыр наны», «Сусамыр», «Таңбалы жарғақтың құпиясы», «Бақыт құлдықтың ақыры» романдарының, өзге де сүбелі шығармалардың авторы. «Абай жұмбағы» кітабы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған. Әдебиет алыбы атанған жазушы Рамазан Тоқтаровқа 2002 жылы Павлодар қаласындағы өзі қызмет еткен облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакциясы ғимаратында (қазіргі «Ертіс Медиа» ЖШС) мемориалдық тақта орнатылған болатын.


Количество показов: 412

Возврат к списку