Еселі еңбек иесі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Еселі еңбек иесі 25.09.2021

Еселі еңбек иесі

Бүгін сырлас досымыз, ақылшы ағамыз, су шаруашылығы саласының білгір маманы Күлжанов Төлеген Мұқатайұлы 60 жасқа келеді. Алпыс – асқаралы белес. Сол белеске досым өзіндік терең ақыл-ойы мен шығармашылық шабытының, адамгершілік қасиеті мен ар-ожданының, игі істері мен қажыр-қайратының арқасында абыроймен көтеріліп отыр.

Жақын досым Күлжанов Төлеген Мұқатайұлына арналған осы мақаламда оның өмірбаяны мен адами қадір-қасиеттері туралы қысқаша айтып берсем деймін. Бұларды Төлегеннің үлесі мен еселі еңбегі туралы айналасында жүрген жандар, әрине, жақсы біледі. Сонымен бірге оны енді танитын жандарға да пайдалы әрі қызықты болады деп ойлаймын. Оған қоса мұнда сөз болатын дүниелер газеттің жас оқырмандарына ой салып, өскелең ұрпақты ынталандырады, сондай-ақ, Күлжановтар әулетінің жастарын әрі мақтаныш, әрі жауапкершілік сезімге бөлейді деп ойлаймын. Себебі қоғамда жауапкершілік пен қызметтік аманатты ақтап, достық пен туыстық қарым-қатынасты сақтайтын жандардың ғибратты ғұмыры туралы мысалдар мен шабыт сыйлайтын оқиғалары көп болуға тиіс.

Төлеген Мұқатайұлы - тәжірибелі өндіруші, мемлекеттік және жеке сектордағы көптеген жауапты лауазымдарда ел игілігі үшін жұмыс істеген жоғары азаматтық жауапкершілігі бар маман. Қазақстан Республикасының су пайдаланушылары, су тұтынушылары және су көлігі қауымдастығының сарапшысы. Жоғары кәсібилігі, өндірістегі үздік жетістіктері және заманауи өндіріс индустриясын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Тау-кен ісінің үздігі» Құрмет белгісімен марапатталған.

Өндірістік және басқарушылық тәжірибесі мол. Қазақстанның барлық өңірінде кәсіпорындармен және ұйымдармен іскерлік байланыс орната білді. Әріптестер мен сала мамандары арасында лайықты бедел мен құрметке ие.

Досымның үздіксіз еңбек өтілі 35 жылды құрайды, оның 22 жылын су және жер ресурстары саласына арнаған. Қарап тұрсақ, 35 жыл дегеніңіз – тұтас дәуір.

Төлеген Мұқатайұлы Баянауыл ауданының Біржанкөл ауылында 1961 жылы 25 қыркүйекте дүниеге келген. 1986 жылы жұбайы Үміт Теміршотқызымен отау құрған. Биыл шаңырақ көтергендеріне 35 жыл толып отыр. Осы тұста олардың Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылындағы орта мектепте 1 сыныптан бастап бірге оқығанын айта кету керек. Содан бері кездескен қуаныш пен бақытты кездерде бірге шаттанып, қиындық пен сынақ сәттерін бірге еңсеріп келеді. Бүгінде екі бала тәрбиелеп, төрт немересінің қызығын көріп отыр.

Төлегеннің жиен ағасы – белгілі гидротехник, Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі Сұлтан Момынұлы Баянауыл өңірінен шыққан алғашқы министр еді. Сол кісінің ақыл-кеңесі мен қажыр-қайраты бозбала Төлегеннің су шаруашылығына деген қызығушылығын оятып, болашақ мамандығын таңдауына ықпал етті. Баянның жас өркенін жиен ағасының, әсіресе, «Ертіс-Қарағанды» каналының құрылысы туралы әңгімелері қатты әсерлендірді. Бұл – Қаныш Сәтбаевтың тікелей жетекшілігімен аймақтың экономикалық және экологиялық жүйесіне жаңа дем бітірген жоба болатын.

Төлеген 1984 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «гидромелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұл білім ордасының сол жылдары осындай қажетті мамандық бойынша сапалы мамандар даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді.

Еңбек жолын 1984 жылы Семей қаласында бастады. Оның одан кейінгі бүкіл қызмет жолы Ертіс өзенімен байланысты болды. Ол алғаш рет ПМК-129 «Семсовхозводстрой» тресінде еңбекке шынықты. Еңбек жолын өндірістік-техникалық бөлімнің маманынан бастап, кейін осы кәсіпорынның бас механигі болды.

Су шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті жанындағы Семей облысының су шаруашылығы жүйелері басқармасында жұмыс істеді. Осы басқарманың «Кубань» учаскесінің бастығы бола жүріп, 1990 жылға дейін мелиорация жобаларымен айналысты.

Өндірісте қол жеткізген жетістіктері үшін Семей қаласының су ресурстары комитетінің Су шаруашылығы жүйелері басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды. Кейін Павлодар облысы әкімдігінің жер пайдалану және су шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары лауазымында еңбек етті. Сондай-ақ төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасында жұмыс істеді.

Төлегеннің жеке секторда да айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар. Кәсіпкерлік қызметпен де табысты түрде айналысқан. Мысалы, «Павлодартұз» ААҚ президенті лауазымында Қазақстан аумағында ғана емес, Ресей Федерациясында да азық-түлік, техникалық тұз, өнеркәсіптік тұтыну үшін тұз сатумен айналысқан.

Онымен бірге «Ай-Су» концернінде еліміздің және Павлодар облысының су шаруашылығына байланысты объектілерді салу бойынша жобаларды бірге іске асырдық.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар өзен порты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымында еңбек етуде. Ертіс өзені аумағындағы арналарды, Усолка өзенінің, Баянауыл ауданындағы Ащысу өзенінің арнасын тереңдету және тазарту жөніндегі жобаларды іске асыруға, Тюлька өзені арнасын қайта жаңартуға қатысты.

Өз мансабының барлық лауазымдарында ол жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, үлкен жауапкершілік танытты.

Қоғамдық жұмыстарға, қаланың мәдени-ағартушылық өміріне белсене қатысады. 2018 жылы Күлжановтар әулеті Павлодар облысы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында үшінші орын алды. Қаз КСР Халық әртісі Жабай Тоғандықовқа арналған шығармашылық кештің бастамашысының бірі болды.

Жұмыстан бос уақытында Төлеген Мұқатайұлы немерелерімен шүйіркелесіп, бірге еңбек еткен достарымен кездеседі, мақалалар жазады.

Мысалы оның Кеңес және Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, Қазақ КСР еңбек сіңірген гидротехнигі, Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі болған Сұлтан Момынұлы Сәрсембаев туралы жазған «Өзендерді кері ағызған» атты мақаласы Қазақстан тарихының ұлттық порталы «e-history.kz» сайтында жарияланды.

Досым әр жылдары республиканың су шаруашылығы саласындағы танымал тұлғалармен және ардагерлермен кездесіп, пікірлес болды. Олардың бірқатарын атап өтсек: гидроресурстарды кешенді пайдаланудың ірі мамандары мен сарапшыларының бірі Жақсылық Ысмағұлов; Қазақ КСР еңбек сіңірген гидротехнигі, 1981 жылдан 1990 жылға дейін Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақбаев; ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Анатолий Рябцев; аты аңызға айналған, есімі Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың тағдырымен тығыз байланысты тұлға Леонид Баталов. Құрылысының барлық кезеңдерінде, канал құрылып, топыраққа алғаш күрек салынған сәттен бастап жұмыс істеді. Экскаваторшыдан бастап, кейін 35 жыл бойы кәсіпорынды үздіксіз басқарды. «Ұлы Ертіс – Великий Иртыш» су пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы Жанайдар Рамазановты, «Ай-Су» Концерні» ЖШС басшысы Зоя Литвинованы, «Ай-Су» Концерні» ЖШС бас инженері Кәкім Саринді құрметпен еске алады. Бұл азаматтар ҚР «Құрметті су маманы» атағына ие болған.

Досымның әкесі – Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Мұқатай ата мен Тұрмыс анамызды айтпай өтуге болмайды. Олар Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп, білім алып жатқан 8 бала мен 17 немересін еліне елеулі, халқына қалаулы азамат етіп тәрбиелеп өсірді. Үлкен әулеттің дана ақсақалы мен қамқор анасы бүгінде арамызда болмағанымен, олардың үлкен ұлын мақтан тұтарына сенімдімін.

Барлық замандастарымның ортақ ойын түйіндей келе, Төлеген Мұқатайұлы сияқты жақсы адамның, адал азаматтың, нағыз кәсіпқой маманның досы болу біз үшін үлкен мәртебе екенін айтқым келеді. Оны өзгелерден әрдайым ерекшелеп тұратын бірнеше қасиет бар: ол достарын бағалап, төңірегіне адамгершілігі мол, достыққа адал, мәрт әрі рухы мықты, жақсы-жайсаңдарды жинай біледі.

Су ресурстарының тапшылығы және оны ұтымды пайдалану мәселелері теңізге шыға алмайтын біз үшін әрқашан өзекті бола береді. Сондықтан су саласындағы мамандар мен өмірін халық шаруашылығының осы саласына арнаған адамдардың маңызы ерекше. Мерейтой иесін тағы да құттықтай отырып, оған амандық, зор бақыт және жан жылуын тілейміз! Біз сені мақтан тұтамыз!

Достардың, әріптестердің және барша жақын жандардың атынан Төлеген Мұқатайұлын 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Ұзақ өмір, зор денсаулық, сарқылмас қуат тілеймін

 

Қонақбай СӘПЕНОВ, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, «Ай-Су» корпорациясының президенті.


Количество показов: 416

Возврат к списку