Есімі - елдің жадында

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Есімі - елдің жадында 21.09.2021

Есімі - елдің жадында

Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынғалы жоғалып бара жатқан асыл мұралар жаңғырып, ұмыт бола бастаған есімдер елмен қайта қауышып жатыр. Елге еңбегі сіңген азаматтарға ескерткіштер ашылып, олардың есімдерін өміршең ету жолында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Музыкалық колледж – балаларға арналған мектеп интернат кешенінде ҚазКСР Халық әртісі Рүстембек Омаровтың шығармашылық мұрасы кабинетінің ашылуы осы игі бағдарламаның бір тамаша көрінісі болды. Салтанатты шараға республикалық «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдері, өнертанушылар қатысты. Біртуар тұлғаның Алматы қала-сында тұратын қызы Қарлығаш Рүстембекқызы шараны тікелей эфир арқылы тамашалады.

Музыкалық колледждің топтық сабақ беру кабинеті ethno fusion стилінде жабдықталып, көрнекті домбырашы, виртуоз, ҚазКСР Халық әртісі Рүстембек Омаровтың өмірі мен шығармашылық мұрасы жинақталған бірегей заманауи кабинетке айналып отыр.

Біртуар өнер қайраткерінің мәдени-рухани мұрасы кеңінен қамтылған кабинетте Рүстембек Омаровқа қатысты мол тарихи деректер сақталған. Өнер майталманының музыкалық мұрасымен интерактивті түрде, QR код арқылы танысуға мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар әр өңірдің күйшілік мектебі туралы толық мағлұмат беретін қазақ күй өнерінің интерактивті картасы орнатылған.

Қазақ КСР халық әртісі, күйші-домбырашы Рүстембек Бейсенұлы Омаров 1919 жылы 7 қыркүйекте Павлодар облысы Лебяжье (қазіргі Аққулы) ауданының Шарбақты ауылында туған. Домбыра тартуды әкесінен үйренген. 1934 жылы А.Жұбановтың жетекшілігімен құрылған халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейін домбыра тобының концертмейстері және жеке домбырашы қызметін атқарады. 1937-39 жылы қазіргі Санкт-Петербург қаласындағы музыкалық училищеде оқиды. Ұлы Отан соғысына қатысқан Рүстембек Омаров 1946 жылы Алматы консерваториясында білімін жалғастырады.

Шығармашылық қызметін ұстаз ретінде консерваторияда, домбырашы ретінде Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде қатар жүргізеді. Ә.Есқалиев, Қ.Ахмедияров сынды күйші-домбырашыларды тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. Рүстембек Омаров – қазақ халқының күй мұрасын, әсіресе, Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жетік меңгерген шебер күйші. 1976 жылы Қазақстанның халық әртісі атанған. Күйші-домбырашы Рүстембек Омаров 1988 жылдың 6 маусымында дүниеден өткен.

Музыкалық колледж директоры Серік Сыздықовтың айтуынша, күйші-домбырашы Рүстембек Омаров атындағы кабинеттің ашылуы – өңіріміз үшін елеулі оқиға.

- Қарлығаш Рүстембекқызы біртуар тұлғаның 100 жылдық мерейтойына келгенде мәдени нысандарға Р.Омаров есімін беру туралы ұсыныс айтқан болатын. Кабинетті жабдықтау үшін Алматы қаласына арнайы сапар ұйымдастырылып, ауқымды жұмыс атқарылды. Өнер қайраткерінің өмірбаяны, фотосуреттері, барлық құжаттарының көшірмесі, белгілі музыка зерттеушілері, ғалымдардың пікірлері, өз орындауындағы күйлері QR код жүйесінде беріліп отыр. Сонымен қатар қазақ күй өнері мектебінің интерактивті картасы орнатылды. Арнайы код арқылы қажетті ақпаратты алуға болады. Колледждің үш жүзден астам шәкірті сабақ барысында еркін пайдалана алады, - дейді Серік Сыздықов.

Салтанатты шарада республикалық байлаулардың жеңімпазы, жас дарын Әмір Қайыр Рүстембек Омаровтың төлтуындысы «Жастық шақ» күйін орындаса, «Қаған» этно-фьюжн тобы (жетекшісі – Рысгүл Сабекова) Ерасыл Нұрбектің «Шашу» күйімен шашу шашты.

Торғын ОРАЗАЛЫ.


Количество показов: 469

Возврат к списку