Індеттің беті қайтып келеді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Індеттің беті қайтып келеді 25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді

Сәрсенбі күні Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысып, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады. Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынып жатқан шаралар мен вакциналау қарқыны жөнінде айтып, БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Аймағымызда соңғы бір аптаның ішінде коронавирус жұқтырушылардың саны азайған. 13 қыркүйектен бастап қауіпті кесел 1,5 есеге кеміген. Өткен тамыз айымен салыстырғанда науқастар аз тіркелуде. Айзада Құрманованың айтуынша, облыста жалпы саны 45027 адам коронавируспен ауырған. Науқастардың 93,5 пайызы немесе 42087 адам емделіп шыққан.

- Жұқпалы аурулар стацио-нарында КВИ-ден 811 адам емделуде. Төсек-орын жүктемесі 41,7 пайызды құрайды. Жан сақтау бөлімінде 83 науқас жатыр. Жүктеме 41,5 пайызды құрайды. Бүгінде 1567 адам амбулаторлық деңгейде емделуде. Емханаларда 160 мобильді бригада жұмыс істейді. Жыл басынан бері мамандар 95 мыңнан астам шақыртуға барып, үйдегі науқастарға көмек көрсеткен. Аудандағы ауруханаларда жоспарлы емдеу шарасы қайта жүргізілуде. Ал облыстық ауруханада тұрғындар ортопедия және кардиология бағыттары бойынша стационарлық ем ала алады. Сонымен қатар, психикалық денсаулық орталығының қызметі қайта жанданды. Жүкті әйелдер мен балаларға көмек көрсетуге арналған төсек-орындар қалыпқа келтірілді. Өңірде 394 өкпені жасанды тыныс алдыру құрылғысы бар. Оттегімен қамтамасыз ету нүктелерінің саны 1,5 мыңға жуықтайды. 11 оттегі станциясы, 11 компьютерлік томография, 82 рентген құрылғысы бар. Сонымен қатар, 109 реанимобиль сатып алынды, - деді А.Құрманова.

Айзада Амангелдіқызының сөзінше, облыста ПТР-сарапта-масын жүргізетін 8 зертхана бар. Мұндағы мамандар тәулігіне 4 мыңнан астам адамға сараптама жасайды. Стационарларда дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті.

Облыста коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың кем дегенде 60 пайызы екпенің екі компонентін салдыруы тиіс. Өңірде аталған көлемнің тек жартысы орындалған.

- Аймағымызда 750 мыңнан астам адам тұрады. Ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін 450 мың 412 адам КВИ-ге қарсы вакцина алуы керек. Бүгінде екпенің алғашқы компонентін өңір тұрғындарының 65,3 пайызы алды. Ал екінші дозаны 57,5 пайызы қабылдаған. Қыркүйек айында екпенің алғашқы компонентін салдырған адамдардың саны 25 мыңға көбейді. Ал екінші дозаны қабылдағандардың саны 30 мыңға артты, - дейді А.Құрманова.

Бүгінде екпе салдыру бойынша Успен ауданының жұртшылығы ерекше белсенділік танытып, көш бастап тұр. Сонымен қатар, Железин, Ертіс, Павлодар аудандарының тұрғындары да екпе егу науқанына белсенді қатысуда. Облыста 167 екпе егу бөлімшесі, 67 арнайы бригада жұмыс істеуде. Шалғайдағы ауылдарда жылжымалы меди-циналық кешендер қызмет көрсетуде.

Қазіргі уақытта өңір жұртшылығы екпенің 3 түрін салдыра алады. Оның ішінде ресейлік «Спутник V», отандық «QazVac» және қытайлық «Vero Cell» екпелері бар. Жыл соңында америкалық «Pfizer» препараты жеткізілмек.

Айзада Амангелдіқызы өңірде 6556 бизнес субъектісі «Ashyq» жобасына қатысу үшін QR-код алғанын мәлімдеді. Бүгінде 213 қатысушы көш бастап тұр. Сонымен қатар, 1558 қатысушы QR-код қолданбағаны үшін бір аптаға жобадан шеттетілді. Қазір талапқа бағынбағандар арасында мониторинг топтары түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

- «Ashyq» жобасына қосылған 326 нысанда сары және қызыл түсті мәртебесі бар 1675 адам кіргізілмеді. Оның ішінде 1451-і – облыс тұрғыны. Жеке тұлғаларға қатысты 225 әкімшілік хаттама толтырылды, - деді А.Құрманова.

Өңірде 176 мониторинг тобы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 6636 рейд шарасына қатысып, 40 мыңнан астам нысан жұмысын тексерген. Нәтижесінде 297 нысан иесі әкімшілік айыппұл арқалаған.

Баспасөз конференциясында журналистер қауымы вакцина алу бойынша жалған құжат жасату фактілеріне қатысты сұрақ қойды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы бұл бағыттағы құқықбұзушылық саны әзірге белгісіз екенін, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

- Коронавирусқа қарсы вакцина алу жөнінде жалған құжат жасау фактілері бойынша қылмыстық іс екі ұйым бойынша қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Шешімді сот шығаратын болады. Қазір құқықбұзушылыққа барған медицина қызметкерлері вакцина салудан босатылып, басқа жұмысқа тартылған, - деді ол.

Айдар Сейітқазинов бұған дейін вакцина алу жөнінде жалған құжат жасатқан тұрғындардың екпе ала алатынын мәлімдеді. Ол үшін медициналық мекемеге жүгінсе болғаны.

Естеріңізге сала кетейік, павлодарлық дәрігерлер вакцина салу жөнінде 200-ден астам жалған құжат жасап, сатқан деген дерек пайда болған. Аталмыш іс бойынша мекеме меңгерушісі, жалпы тәжірибе дәрігері және 2 медбике күдікке ілінді.


Количество показов: 398

Возврат к списку